Топырақтану оқулық


Шөгінді жыныстардың үгітілуі



бет43/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   140
Топырақтану

Шөгінді жыныстардың үгітілуі


Шөгінді жыныстар жердің беткі қабатында ең көп таралған, сондықтан олар топырақ түзілу процестеріне кеңінен қатысады.


Шөгінді жыныстар туынды (екінші) жыныстар болып санала- ды. Олардың құрамында бастапқы жыныстар мен кристалдардың бөліктері ғана емес, массивті кристалдық, метаморфтық жыныстардың үгітілуінен пайда болған тұрақты минералдар да бар. Шөгінді жыныстардың үгітілу ерекшеліктері, ең алдымен, олардың құрылымына жəне химиялық құрамына тəуелді болады. Мысалы, конгломераттар жəне брекчилер негізінен бастапқы минералдардың қалдықтарынан құралады, туынды минералдар тек үгітілу кезінде пайда болған цементтеуші заттардың құрамында кездеседі. Осын- дай жағдайда шөгінді жəне бастапқы жыныстардың үгітілу процестерінде үлкен айырмашылықтар болмайды.
Бастапқы жыныстардың үгітілуінен пайда болған əктастардың, сазды сланецтердің жəне саздардың үгітілуі процесінде физи- калық түрде ұсақтанады жəне жыныс құрамына енетін кейбір мине- ралдардың өзгеруіне байланысты химиялық құрамын да өзгертеді.
Үгітілуге ұшыраған əктастың өзгеру процесін қарастырайық. Оның құрамында көмір қышқыл кальций, каолин, кремний қышқылы, кварц, темір, алюминий жəне марганец гидраттары жəне аз мөлшерде фосфаттар, сульфаттар, хлоридтер тағы басқа қосылыстар бар. Минералдардың үлкен бөлігі химиялық өзгерістерге ұшырамайды. Мысалы, хлоридтердің, сульфаттардың, фосфаттардың бір бөлігі суда ериді жəне өзгеріссіз алып кетіледі. Гидратталған металл тотықтары жəне кремний қышқылы суда іс жүзінде ерімейді, жы- ныс олармен басқа минералдардың еруі нəтижесінде қанығады. Каолин – тұрақты минерал. Ол микроорганизмдермен жартылай ғана бұзылады. Сондықтан жыныс бұл минералмен де қанығады. Оның бойындағы көмір қышқыл кальций-кальциттің мөлшері күрт
өзгереді. Бұл тұз ауадағы көмір қышқылымен жəне сумен реакцияға оңай түседі.
CaCO3 + H2O + CO2 = Ca(HCO3)2
Нəтижесінде суда еритін тұз – екі көмір қышқыл кальций түзіледі. Əктас осы реакцияның нəтижесінде кальциттен айыры- лады, сонымен қатар ол салыстырмалы түрде алғанда саз, крем- ний қышқылы, темір тотығы, алюминий тотығы сияқты ерімейтін тұрақты минералдармен қанығады. Əктастың түсі ақшылдан сұрлауға, қызылдауға жəне бозғылтқа дейін өзгеріп отырады. Оның үгітілген түйіршіктері жұқа бөлшектерден тұрады. Міне, осы себепті əктастық жыныстарда, үгітілу процесінде, сазды топырақтар түзіледі (6-кесте).



  1. кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет