Макро- микроэлементтердің тірі организмдерге əсері
Адамның ағзалары химиялық элементтерді əртүрлі концентр- лейді, яғни микро- жəне макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда əркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек жəне бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тəн болып табылады жəне онда концентрациясы жоғары болады. Мыса- лы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе, қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде жəне тағы басқаларда жиналады.
Ағзада микроэлементтер байланысқан жəне бос ионды түрінде де кездеседі. Кремний, алюминий, мыс жəне титан бас миы
10–1427
145
ұлпаларында нəруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Сутек жəне оттек – макроэлементтері су молеку- ласын түзетіні белгілі, ал ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су маңызды еріткіш жəне ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында жəне биологиялық сұйықтықтарда əркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5%- дан 90%-ға дейінгі аралығын құрайды. Ендеше су ресурстарының құрамын зерттеу, үнемі бақылау жəне мемлекет тарапынан қорғау іс-шараларын жүргізудің тіршілік үшін маңызы бар деуге болады.
Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фос- фор – нəруыздың, нуклеин қышқылдарының жəне ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нəруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот
15 – 20%, сутек 6,5 – 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек сутек жəне оттек көмірсулардың жəне липидтердің (май- лар), ал, фосфор фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте жəне қан сұйықтығында концентрленеді. Сүйек ұлпасындағы фосфордың негізгі мөлшері – 600 г. Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85%-ын құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді ал табиғатта кальций, хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапатиттер құрамында кездесетіндігі бел- гілі. Кальций де негізінен сүйек жəне тіс ұлпаларында концентрле- неді. Натрий жəне хлор жасуша аралық, ал калий жəне магний жа- суша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий жəне калий фторид түрінде сүйек жəне тіс ұлпаларында, магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады.
Тірі ағзаға қажетті тіршілік металдары деп аталатын металдардың жалпы сипаты бойынша шамамен, салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады: кальций – 1700 г, калий – 250г, натрий – 250 г, магний – 42 г, темір – 5 г, мы- рыш – 3 г, мыс – 0,2 г, марганец, молибден, кобальт – барлығы шама- мен, 0,1 г. Ересек адамның денесінде 3 килограмға дейін минералды тұздар бар, бұл мөлшердің 5/6 бөлігі сүйек ұлпаларына тиесілі. Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) жəне көптеген микро- элементтер ағзада биолиганд – аминқышқылдармен, нəруыздармен, нуклеин қышқылдарымен, гормондармен, дəрумендермен жəне тағы басқалармен комплекс түрінде кездеседі. Мысалы, темір ионы
комплекс түзуші ретінде – гемоглобин, кобальт – В 12 дəруменінің, магний – хлорофилл құрамына кіреді. Сонымен қатар, ағзада биологиялық маңызы жоғары басқа да элементтердің көптеген биокомплекстері бар.
Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне əр түрлі аурулар əсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальций- лі алмасу бұзылады да, ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасу бұзылуының əсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да, маг- ний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро- жəне микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық орны əртүрлі болып келеді. Макроэле- менттер – ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық жəне қышқыл-негіздік құрамын реттеушілер. Микро- элементтер қан жасалу, тотығу-тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді əсер етушілер. Макро- жəне ми- кроэлементтер – кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий жəне крем- ний, сүйек жəне тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Микроэлементер ферменттер, гормондар, дəрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді де, зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттар- ды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мы- салы, кадмийдің бүйректегі жəне молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ва- надий жəне хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді. Əртүрлі микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аурулар белгілі. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. Адам ағзасындағы биогенді элементтер концентрациясы өмір сүрудің тепе-теңдігін сақтайды (химиялық гомеостаз). Бұл баланс элементтің жетіспеушілігіне не- месе артық болуына байланысты бұзылады жəне əр түрлі аурулар туады.
Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері жəне қатынасы жайындағы мəліметтерді сот медициналық сараптама жасау істеріне пайдаланады. Мысалы, этил спиртінің қатынасында алкогольді улану жағдайында бауырда кальцийдің мөлшері көбейіп, натрий мен калий
азаяды. Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний жəне т.б. элементтері жетіспесе, адам денсаулығына үлкен зардап келуі мүмкін. Сонымен қатар, ағзаға биогенді элементтердің тек қана жетіспеушілігі емес, артық мөлшері де зиян, өйткені бұл кез- де химиялық гомеостаз бұзылады. Мысалы, тағамда марганец артық мөлшерде болса, плазмада мыстың мөлшері көбейеді, ал бүйректе азаяды. Тағам құрамында молибденнің мөлшері көбейсе, бауыр- да мыстың мөлшері көбейеді. Тағамда мырыш көбейсе, темірі бар ферменттердің белсенділігі төмендейді. Сондықтан да тіршілікте маңызды болып саналатын минералды компоненттердің концентра- циясы сəл ғана көбейсе олардың аз мөлшерінің өзі де улы болып табылады деуге негіз бар.
Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен, 400 мг магний керек. Қаңқаның мықтылығы оның құрамындағы элементтер фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ Д витамині оның арақатынасын рет- теп отырады. Фосфор нерв клеткаларының қызметі үшін де керек, сондай-ақ, ол – күш-қуат көзі. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына əсер етеді. Адам ағзасында 250 – 300 г NaCl болады, тамақпен 10 – 15 г күнделікті қайта толықтырылып отырады. На- трий хлоридінің артық мөлшері ішкі ағзаларға (бауыр, бүйрек) əсер ететіндігі зерттелген. Ал Жамбыл облысындағы тұз бассейндері кендерінің (Ресей ғалымдарының зерттеулері бойынша барлығы 54 тұз бассейндері бар екендігі келтірілген) осы уақытқа дейін ашық болуы, желдің əсерінен тозаң түрінде аймаққа таралуы экологиялық ахуалының нашарлығын көрсетеді деуге болады.
Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс – денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемогло- бинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші – адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нəтижесінде жа- суша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген
ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакция- сын жылдамдатады. Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тəуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни оларда əр түрлі тұздар тас- тар түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың жəне қоректің сапасына байланысты екендігі түсінікті. Демек, об- лыс көлемінде халықтың денсаулығының төмен көрсеткіштері олар- ды қоршаған табиғат ортасына, экологиялық сипатына тікелей бай- ланысты деуге болады. Жоғарыда айтылған элементтердің тəуліктік нормасын зерттеудің нəтижесінде мынадай қорытынды жасалады: ересек адамдар үшін микроэлементтердің тəуліктік мөлшері: алюми- ний – 49,01 мг, бром – 0,821 мг, темір – 1,1-30 мг, йод – 0,2 мг, кобальт – 0,05-0,1 мг, марганец – 5–7 мг, мыс –2-3 мг, молибден – 0,15 – 0,3 мг, никель –0,63 мг, рубидий – 0,35-0,5 мг, фтор – 2-3 мг, мырыш–10–15 мг. Əрине, бұл көрсеткіштер адамның жас ерекшеліктеріне бай- ланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін марганецтің мөлшері тəулігіне 5-6 мг. Жас балаларға марганецтің мөлшері ересектерге қарағанда, көбірек қажет бола- ды. Сондықтан да соңғы жылдары микроэлементтер жайлы зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Микроэлементтердің негізгі физиологиялық – биохимиялық қасиеттері бойынша, Қазақстанда П. Р. Загриценко, Ж. Қалекенов, Қ. Кенжеев, Ж. Мамутов жəне К. Сағатов, ал Ресейде Я. В. Пейве, М. Я. Школьник, П. А. Вла- сюк, О. К. Кедров – Зихман сияқты ғалымдар зертеу жұмыстарын жүргізген.
Қоректік зат, оны пайдалану барлық тірі организмге тəн қасиет. Қоректену нəтижесінде ағзада көптеген биологиялық, химиялық жəне физикалық үрдістер, яғни көбею, өсу, даму, еңбек ету, т.б. жағдайлары болады. Адамның денсаулығы дұрыс болып қалыпты
өмір сүру үшін ең қажеттісі – қоректік заттың мөлшері, сапасы, ағзаға ену мөлшері міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Əрбір қоректік заттың энергетикалық балансын сақтау ең басты шарт бо- лып табылады. Қоректік заттың құрамындағы əртүрлі бөліктерінің мөлшері, сапасы (белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, макро жəне микроэлементтер, витаминдер) саны белгілі ретпен бір- біріне тығыз байланыста болатындығы анықталған. Төменде ағзаға қажетті кейбір негізгі қоректік заттардың мөлшерлері келтірілген.
кесте
Достарыңызбен бөлісу: |