«Топырақтар географиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



бет3/16
Дата09.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

3. Топырақтың қалыптасуында гранулометриялық құрамының маңызы. Топырақтың биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттеріне механикалық құрамының әсері.

Топырақтың механикалық құрамы топырақ пайда болуына және оның ауыл шаруашылықты пайдалануына әсер етеді. Топырақтың механикалық құрамынан органикалық және минералдық қосылыстардың айналуымен, қозғалуымен және жинақталуымен байланысты көптеген топырақ түзілу процесстерінің қарқындылығы ірі дәрежеде анықталады. Нәтижесінде бірдей табиғи жағдайда әр түрлі механикалық құрамы бар жыңыстарда бірдей емес қасиеттері топырақтар қалыптасады.

Топырақтың механикалық құрамы оның су-физикалық, физика-механикалық, ауа, жылу қасиеттеріне, тотығу-тотықсыздану жағдайларына, гумустың, күлді элементтер мен азоттың жинақталуына жоғары әсерін көрсетеді.

Топырақтың механикалық құрамына байланысты оны өндеу жағдайлары, дала жұмыстарының мерзімі, тыңайтқыштардың нормалары, ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктердің орналасуы өзгереді. Құмды және құмайт топырақтар өндеуге жеңіл жатады, сондықтан оларды басынан бастап жеңіл атады, жақсы су өткізгіштігімен және қолайлы ауа режимімен анықталады, тез жылынады. Бірақ, олардың теріс қасиеттерінің тізімінде төмен су сыйымдылығы көрсетіледі, сондықтан құмды және құмайт топырақтарда ылғалды аудандарда да өсімдіктер ылғалдылықтың жетіспеуінен зардапқа шегеді. Жеңіл топырақтар гумсупен және өсімдіктердің қорек элементтерімен кедей болып келеді, аз сіңіру қабілетімен көрсетіледі, жел эрозиясына тез ұшырайды.

Ауыр құмбалшықты және балшықты топырақтар жоғары байланыстылығымен және су сыйымдылығымен ерекшеленеді, қорек заттармен жақыс қамтамасыз етілген, гумус бай болады. Осы топырақтардың өнделуі жоғары энергия шығымын қажет етеді, сондықтан оларды ауыр деп атайды.

Ауыр құрылыссыз топырақтар қолайсыз физикалық және физика-механикалық қасиеттермен көрсетіледі. Олар әлсіз су өткізгіштік, жеңіл батып кететін, қыртыс түзетін, жоғары тығыздығы бар, жабысқақ болып келеді, қолайсыз ауа және жылу режимімен сипатталады. Осындай топырақтар ауыл шаруашылықта пайдалануға қолайсыз.

Құрылыссыз және әлсіз құрылысты топырақтардың арасында ең жақсы қасиеттердің кешенімен жеңіл құм балшықты және орташа құм балшықты топырақтар анықталады.

Қолайлы құрылысымен қара топырақтар таралған дала аудандарында механикалық құрамы бойынша бағалы топырақтар – ауыр құм балшықты және балшықты, ылғалдылықты мол қорын құрастыруға қабілетті.

Топырақтардың механикалық құрамы топырақ түзуші жыңыстан құаланған тұрақты қасиеті. Топырақтың дұрыс пайдалануы оның қасиеттерін жақсартады. Құрылыссыз құмды топырақтардың қасиеттерінің толық жақсартылуы балшықтау жолымен, ал балшықты топырақтардың – құмдану жолымен органикалық тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде қолдануда мүмкін болады.


  1. Топырақтардың минералогиялық құрамы. Біріншілік және екіншілік минералдар және олардың маңызы. Әртүрлі топырақ түзуші тау жыныстарының, топырақтың минералогиялық құрамы. Топырақтардың құнарлығында және түзілу процесінде минералдардың ролі.

Топырақ түзуші жыңыстар мен топырақтың құрамында біріншілік және екіншілік минералдар кіреді. Біріншілік минералдар магмалық жыңыстарды құрайды, ал борпылдақ жыңыстар мен топырақтарда алғашқы жыңыстардың үгілуінің қалдық материалдары болады. Екіншілік минералдар климаттық және биологиялық факторлардың әсерінен біріншіліктерден пайда болады.

Біріншілік минералдар негізінен 0,001 мм ірі бөлшектермен көрсетілген, ал екіншілік – 0,001 мм кіші. Топырақтарда біріншілік минералдар басымды болады, тек ферралиттік топырақтарда екіншілік минералдар біріншіліктерден көп болады.



Біріншілік минералдар. Жыңыстар мен топырақтарда ең таралған біріншілік минералдар кварц, далалық шпаты, амфиболалар, пироксендер және слюдалар, бұлар магмалық жыңыстардың негізгі массасын құрайды. Ф.У. Кларк бойынша магмалық жыңыстардың орташа минералогиялық құрамы келесі (№ 2 кесте):

№ 2 кесте. Магмалық жыңыстардың орташа минералогиялық құрамы

(Ф.У. Кларк бойынша)

Минералдар

Мөлшері, %

Далалық шпаты

59,5

Кварц

12,0

Амфиболдар (мүйіз қоспалары) және пироксендер

16,8

Слюдалар

3,8

Басқалары

7,9

Біріншілік минералдар үгілуге әр түрлі тұрақты, сондықтан олардың топырақ түзуші жыңыстар мен топырақтарда магмалық жыңыстардан салыстырмалы мөлшері өзгеше. Мысалы, борпылдақ жыңыстарда үгілуге тұрақты кварцтың (SiO2), мөлшері жоғары (40 – 60 % және жоғары). Екінші орында далалық шпаттар (20 % дейін), тағы да механикалық мықты, бірақ химиялық үгілуге тұрақтылығы төмен. Кварц пен далалық шпаты ірі дәнді, себебі олардың үгілуі баяу жүреді. Олар құмды және шаңды бөлшектерде жинақталады.

Амфиболалар, пироксендер және слюдалардың көбі жеңіл үгіледі, сондықтан олар борпылдақ жыңыстар мен топырақтарда аз мөлшерде кіші кристаллдар түрінде болады.



Біріншілік минералдардың маңызы жаңжақты:

- олардың мөлшерінен (ерекше ірі дәнді фракциялары) топырақтың агрофизикалық қасиеттері байланысты,

- олар өсімдіктердің күлді қорек элементтерінің резервтік көзі және екіншілік минералдардың пайда болу көзі.

Екіншілік минералдар. Топырақтар мен жыңыстарда ең таралған екіншілік минералдардың, біріншілік минералдар сияқты, құрамы алуансыз. Жай тұздардың минералдары, гидрототықтар мен тотықтардың минералдары, балшықты минералдары ажыратылады.

Жай тұздардың минералдары біріншілік минералдардың үгілуінде және топырақ түзілу процессінің нәтижесінде пайда болады. Бұл тұздарға кальцит СаСОз, магнезит MgC03, доломит [Са, Mg] (С03)2, сода Na2CO3, гипс CaS04х2H20, мирабилит Na2S04 • 10Н2О, галит NaCl, фосфаттар, нитраттар және т.б. жатады. Осы минералдар топырақта жоғары мөлшерде құрғақ климат жағдайында жинақталу мүмкін. Олардың сапалық және сандық құрамы топырақтардың тұздану дәрежесі мен сипатын анықтайды.

Гидрототықтар мен тотықтардың минералдары – бұл кремний, алюминий, темір, марганец гидрототықтары, біріншілік минерадардың үгілуінде аморфты формада гидратталған жоғары молекулярлы гельдер түрінде пайда болады және кристалдық құрылысымен тотықтар мен гидрототықтарға біртіндеп дегидратация мен кристаллизация арқылы айналады. Кристаллизацияға топырақтың жоғары t 0С, қатуы, құрғатылуы, тотығу жағдайлары қабілетті.

Ескірген кремний гидрототығы (SiO2хnН20) қатты гельге – опалға (SiO2хnH20) 2-ден 30 %-ға дейін су мөлшері бар айналады, одан кейін, суды жоғалтып, - халцедон және кварцтың SiO2 кристаллдық формаларына. Марганец гидрототығы минералдар пиролюзит МпО2, псиломелан mMnO • МпО2 • nH20 түрінде кристаллдарды түзеді.

Жартылай тотықтардың гидраттары (А1203 • nH20, Fe203-nH20) кристаллизацияда екіншілік минералдарды түзеді: бемит А120320, гидраргилит (гиббсит) А1203 • ЗН20, немесе А1(ОН)3, гематит Fe2O3, гетит Fe2O3 • Н20, гидрогетит Fe203 • ЗН20). Осы минералдар көп топырақтарда аз мөлшерде кездеседі. Гетит және гиббсит фераллитты топырақтарда мол кездеседі.

Жоғары дисперсті аморфты қосылыстарға тағы да гумус заттары, жанар тау туфтары, аллофан (А1203 • SiO2 • nH20) жатады. Аморфты заттардың мөлшеріне және табиғатына топырақтың көп қасиеттері байланысты. Гумус заттар мен жартылай тотықтарға құрылыс түзуде ерекше роль беріледі. Аморфты жартылай тотықтар өзінің үлкен бетінің арқасында фосфорды көп сіңіреді, оны өсімдіктерге жеткіліксіз болдырады.



Балшықты минералдар жалпы химиялық формуласы nSiO2•Al2O3•mH2O екіншілік алюмосиликаттар және оларға сипатты nSiO2:Al2O3 молярлық қатысы 2 ден 5 дейн өзгереді.

Балшықты минералдар біріншілік минералдардың (гидрототықтар, тұздар) үгілуінен шыққан жай өнімдірінен синтез нәтижесінде пайда болады, олар тағы да биогендік жолымен өсімдік қалдықтарының минерализация өнімдірінен пайда болуы мүмкін.

Кең таралған балшықты минералдарға монтмориллонит, каолинит, гидрослюдалар, хлориттер, аралас қабатты минералдардың топтары жатады. Бұл минералдар табиғи балшықтардың құрамына кіріунен балшықты минералдар атауын алады.

Балшықты минералдардың жалпы қасиеттері:

- қабатты кристалдық құрылысы,

- жоғары дисперстілігі,

- сіңіру қабілеттілігі,

- химиялық байланысқан судын болуы.

Бірақ минералдардың әр бір тобының өзіне ерекше қасиеттері және топырақ құнарлығында маңызы болады.

Монтмориллонит тобының минералдары. Бұл топқа монтмориллонит және оның әр түрліктері жатады – нонтронит, бейделлит, сапонит және т.б. 4SiO2•Al2O3•nH2O химиялық формуласымен. Молярлық қатысы SiO2: А12 O3=4.

Монтмориллонит тобының минералдары ең жоғары дисперсті. 60 % коллоидты бөлшектерден және 80 % 0,001 мм кіші бөлшектерден тұрады. Ерекше құрылысы мен дисперстілігі катиондарды сіңіру жоғары сыйымдылығын қамтамасыз етеді. У Монтмориллонитте ол 80 – 120 миллиграмм-эквивалентке (м-экв.) / 100 г тең болады.

Берілген топ минералдарының су-физикалық қасиеттері аз қолайлы. Оларда өсімдікке жеткіліксіз судын көп мөлшері болады. Монтмориллониттың максималды гигроскоптылығы 30 % жетеді. Ылғалды жағдайда күшті ісінеді, құрғақ жағдайда – тығызданып, жарылып кетеді, өте жабысқақ болады, әлсз су өткізгіш, қыртысты түзеді. Гумин қышқылдарымен минералдар суға тұрақты агрегаттарды түзеді. Сондықтан, монтмориллонит тобының минералдарымен бай топырақта, гумустың жоғары мөлшеріне қарамай, су-физикалық қасиеттері едәуір жақсарады.

Каолинит тобының минералдары (каолинит, галлуазит, диккит, накрит) SiO2 : AI2O3 = 2 қысаң қатысымен сипатталады, 2SiO2•Al203•nH20 химиялық формулаға сәйкес. Борпылдақ қыртыс пен топырақтарда аз мөлшерде кездеседі, ферраллиттық топырақтардан басқасында, бұнда каолинит – негізгі балшықты минерал. Каолинитың топырақта кездесуі - оның негіздермен кедейліктің көрсеткіші.

Гидрослюдалар (гидромусковит, гидробиотит және т.б.) топырақтарда кең таралған. Гидрослюдалар – өсімдіктер үшін калийдың маңызды көзі. Калийдың иллит типті гидрослюдаларда мөлшері 6 – 7 %. Гидрослюдалар негізінен слюдалар мен далалық шпаттардан пайда болады.

Топырақтарда балшықты минералдардың арасында жиі хлориттер кездеседі. Хлориттер темір, магний, сирек хром, никель болатын алюмосиликаттар болып анықталады. Пайда болу жағдайына байланысты олар біріншілік минералдар болуы мүмкін. Топырақтарда кең тарлағандар аралас – қабатты минералдар. Олардың кристалдық торында әр түрлі минералдардың қабаттары ауысады: монтмориллонит иллитпен, вермикулит хлоритпен және т.б.

Топырақ топырақ түзуші жыңыстың минералогиялық құрамын құалайды, топырақтың түзілуі минералдардың қозғалуымен, бұзылуымен, синтезімен жалғасады, бірақ олардың минералогиялық құрамы қатты өзгермейді.

Бірдей минералдар топырақтың әр түрлі типтерінде және әр түрлі минералдар топырақтың бір типінде болуы мүмкін. Бұл заңдылық аналық жыңыстардың әр түрлі құрамымен және жасымен, балшықты минералдардың мүмкін өзара айналуымен анықталады.



Өздік бақылаудың сұрақтары:

  1. Топырақтардың және топырақ түзуші жыңыстардың минералогиялық және механикалық құрамы. Бірінші реттік және екінші реттік минералдар.

  2. Топырақтардың және топырақ түзуші жыңыстардың минералогиялық және механикалық құрамы. Механикалық элементтер, олардың жіктелуі және қасиеттері.

  3. Топырақтардың және топырақ түзуші жыңыстардың минералогиялық және механикалық құрамы. Механикалық құрамы бойынша топырақтар мен жыңыстардың жіктелуі. Механикалық құрамының маңызы.

Ұсынылатын әдебиет

Мирзадинов Р.А. және басқалары. Топырақтану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 276 б.

Никольский Н.Н. Почвоведение. - М., 1963.

Почвоведение/Под ред. А.С. Фатьянова. – М.,1972.

Почвоведение/Под ред. И.С. Кауричева. – М., 1969, 1975, 1982.

Почвоведение/Под ред. А.А. Роде. – М., 1972.

Почвоведение/Под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова.-М.,1988.

Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения.- М.,1999.

Тулеугалиева С.С. Краткий курс лекций по почвоведению.- Семипалатинск,2008.
3. Топырақтың морфологиясы мен құрылысы. Топырақтың физикалық, физика-механикалық қасиеттері. Топырақтың су, ауа, жылу режімі.

Дәрістің мақсаты: астыда келтірілген негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны бойынша білімдерді игеру:

  1. Топырақ профилінің құрылысы. Топырақтың генетикалық горизонттары, олардың диагностикасы және символикасы.

  2. Топырақ құрылысы. Топырақтың профиль құрылысының типтері, олардың топырақ – экологиялық жағдайларымен байланысы.

  3. Топырақтың морфологиялық қасиеттері.

  4. Топырақтың физикалық, физика-механикалық қасиеттері. Топырақта мекендейтін ағзаларға топырақтың жалпы физикалық қасиеттерінің әсері.

  5. Топырақтың ылғалы, су қасиеттері. Гидрологиялық константалары. Топырақ ылғалдың түрлері.

  6. Топырақтың ауасы, ауа қасиеттері, ауаның мөлшері. Топырақтың аэрациясы.

  7. Топырақтың температурасы. Топырақтардың жылу режімін реттеу әдістері.

1. Топырақ профилінің құрылысы. Топырақтың генетикалық горизонттары, олардың диагностикасы және символикасы. Топырақтың профиль құрылысының типтері, олардың топырақ – экологиялық жағдайларымен байланысы. Топырақтың морфологиялық қасиеттері.

Топырақтың морфологиясы туралы негізгі мәліметтер В.В. Докучаевпен және С.А. Захаровпен өнделген болды.

Топырақтың негізгі морфологиялық қасиеттері:


  • Топырақ кесіндісінің құрылысы;

  • Топырақ және оның бөлек горизонттарының қалындығы;

  • Топырақтың түсі;

  • Топырақтың механикалық құрамы;

  • Құрылысы,бітімі, жаңа түзілімдер, қосындылар.

Топырақ кескіні – топырақ түзілу үрдістерінің біртектілігіне байланысты біріктірілген топырақ горизонттарының жиынтығы. Топырақ кескінінің құрылысы біртіндеп, белгілі заңдылықтар бойынша, біреуі келесісіне ауысып отыратын, жекеленген топырақ горизонттарының молрфологиялық белгілерімен анықталады.

Көптеген топырақтар кескіндерінің құрылысы, егер оларға жоғарыдан төмен қарай қараса, салыстырмалы түрде бір типті: жоғарыда орман төсенешінің, шымды құрайтын өсімдік қалдықтарының кішігірім қабаты, тереңіректе әртүрлі дәрежеде қарашірікпен немесе қарашіріндімен боялған горизонт, ал оның астында, аналық жыныс пен ортадағы өтпелі горизонт қалыптасқан.

Топырақ кескінінің қалындығы мен тереңдігі, топырақ түзілу типі мен топырақ түзілуіне кететін уақытқа тәуелді және де кең ауқымда өзгеруі мүмкін. Топырақ кескіні қалың болған сайын, құнарлығы жоғары болады. Топырақ кескінінің құрылысы мен қалындығы топырақ түзілу үрдістерінің бағыты мен сипаты туралы тағлумат береді, сол арқылы пайдалану жолдары (топырақтарды өңдеу жүйелері, тыңайтқыш қолдану қажет пе жоқ па, өсірілетін дақылдар, ормандардың тұрақтылығ мен өнімділігі) бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сол себепті топырақ кесікінінің жазбасын жазу топырақты картографиялауда, дақылдарды өсірудің агротехникалық шараларын құрастыруда, нақты шаруашылық жүргізу тәсілдерінде маңызды орын алады.

Топырақ кескінін сипаттау үшін оның жекеленген горизонттарының жазбасы жазылады.



Горизонттарды белгілеу.

Әрбір горизонтқа әріптік белгі беріледі. В.В. Докучаев ұсынған және совет ғалымдары дамытқан әріптермен белгілеу жүйесі (латын шрифті) кеңінен қолданылады. Әріптермен генетикалық горизонттар, ал қосақталған әріптер мен әріпті – цифрлы индекстермен – өтпелі горизонттар мен горизонт бөлігі белгіленеді:

Т – шымтезекті, органогенді горизонт;

А – топырақтағы органиқалық заттардың биогендік жиналу горизонты; әдетте қарашірікті, қарашірікті-аккумулятивті, шымды қабат деп аталады;

А0 – орман төсенеші, шым қабаты;

Ажыр – топырақтың жырту қабаты;

А1 – күлгін, оранның сұр және солодтанған топырақтардың қарашірікті, шымды, қарашірікті-аккумулятивті, қарашірікті-эллювиальды горизонттары, түсі сұр немесе қара;

Аэ – эллювиальдық немесе шайылу горизонты, шымдалған, солодтанған; түсі ақшылдау, ақшыл және ақ болады;

В – аналық жыңысқа өтпелі, иллювиальды немесе шайылу горизонты, шымды,орманның сұр, күрең және басқа топырақтарда кездеседі, қара топырақтарда қарашірікті өтпелі горизонт;

G – тұрақты ылғалды топырақтар мен батпақты топырақтарға тән глейлі горизонт;

С – аналық борпылдақ тау жынысы;

Д – төсеніш тау жынысы;



Сонымен бірге әріптік индекстер қолданылады:

д – глейленген горизонт;

с – суда еритін тұздар жиынтығы,

г – гипс жиынтығы;

цифрлық индекстер: 1, 2, 3 және т.б.

Өтпелі горизонттарды немесе екі үрдіс жүретін горизонттарды белгілегенде екі сәйкес әрптер қояды. Горизонттарды бөліктерге бөлу үшін морфологиялық белгілердің біреуінің өзгешілігі жеткілікті, мысалы: түсі немесе механикалық құрамы және т.б. горизонттарды бөліктерге бөлу қажеттілігі топырақ жазбасын жазу кезінде анықталады. Сонымен қатар, ішінде екі немесе одан да көп топырақ түзілу үрдістері жүретін өтпелі горизонттарды да бөледі, мысалы, шымдылау топырақтардағы шымданудан иллювиальдыға (АаВ), орманның сұр топырақтарындағы аккумулятивті қарашірікті горизонттан шымдануға (А1Аа) өтпелі горизонт.



Горизонттар жазбасы. Генетикалык горизонттардың шекараларын аныктағаннан кейін, жоғарғы және төменгі шекаралар тереңдігін жазады. Мысалы, А - 45-12 см. Кейде генетикалық горизонттың қалындығын бірден есептеп шығарады, мысалы А, —:— . одан кейін горизонт белгісін қойып тағы 6ip рет әр горизонт немесе гори­зонт бөлігінің толық жазбасын береді.

Әр генетикалық горизонттың жазбасын келесі тізбек бойынша береді: түci, механикалық құрамы, структурасы, құрылымы, қосылыстары, жаңа түзілімдері және 6ip горизонттан екіншісіне өту сипаты. Далалық жағдайда топырақтың ылғалдылығын көрсетеді және 10 % тұз қышқылы ерітіндісімен әсер ету арқылы, карбонаттардың шымырлау тереңдігін анықтайды.

Топырақтар жазбасымен бipre, көбінеce, олардың әр алуан қосылыстары мен қасиеттерін сапалық анықтау жүргізіледі, мысалы карбонаттардың, тотыққан темірдің, суда еритін зиянды тұздардың бар немесе жоқ екені анықталады.

Топырактың түci - маңызды морфологиялық белгісі. Топырақ атауы кебінесе жоғарғы горизонттардың түсімен беріледі: қаратопырақ, орманның сұр топырағы, күрен топырақ және т.б. Топырақтың түсіне қарай, алғашында, генетикалық горизонттарды бөледі, өйткені, олардың түci сонда жүретін көптеген реакцияларға, үрдістер пайда болып жатқан және қозғалыстағы қосылыстардың түстерінің өзге-pyiне тәyeлдi.




Мысалы, темірдің шығарылуынан горизонт ақшыл түске боялады, органикалық қосылыстардың сумен бipre eнyi горизонтты сұр немесе құба түске бояйды. Екі валентті темір мен фосфордың қосылыстары (вивианит) топыраққа көбінесе көгілдір немесе көкшіл сұр түс береді, ал кальций карбонатының жинақталуы, бұған дейін құба түстегі горизонтқа ақшыл немесе қуқыл сары түс береді. Темір қосылыстары горизонттарға әртүрлі сарғыш, қызғылт түс береді.

Топырақ түci мен бояуларының белсенділігі алуан түрлі. Го­ризонттардың боялуы біркелкі, таңдакты, ала, шұбар және т.б. болуы мүмкін. Бұл топырақ түзілу үрдістерінің қарқынына және де заттардың топырақ горизонттарында таралуының біркелкі еместігіне байланысты.

Барлық алуан түстердің ішінен топырақтың боялуына әсер ететін қосылыстарды үш топқа бөледі:

а) горизонттарға қара түс беретін органикалық және шірінді заттар; б) топырақты қызыл түске бояйтын темір тотығының қосы­лыстары; в) топыраққа ақ түс беретін кальций, кремний, каолин қосылыстары. Осы үш топ қосылыстарының негізінде С.А. Захаров (1925) топырақ түсінің стандартты үшбұрышын құрастырды (1 сурет). С.А. Захаров үшбұрыш бояуларының ұқсастығы мен қарқынын қарастыра отырып, түстердің төрт қатарын бөліп көрсетті.



Біріншісін, қара мен ақ түс араласқанын, сұр деп атайды, оған қара, күңгіртсұр, ақшыл және ақ түстер кіреді. Екіншісін, қара мен сары араласқанын құба деп атайды, оған қара, күңгірт құба, құба, ашық құба және сары түстер кіреді. Үшіншісін, қара және қызыл түстер араласқанын, күрең деп атайды, оған қара, күңгірт-күрең, күрең, ашық-күрең, коңыр және қызыл жатады. Төртіншісін, қызыл және ақ түстер араласқанын, сары деп атайды, оған қызыл, қызғылт сары, сары, ашық сары және ақ түстер кіреді. Бұдан басқа ашыққұба мен ақ түстер араласқандағысын қуқылсұр түсті де бөледі.

Горизонттар жазбасын жазған кезде, алғашында, топырақ түcтepi аталады. Kөбінece біp сөзбен түсті сипаттау мүмкін болмайды, онда eкi сөзді біріктіріп пайдаланады. Ондай жағдайда бірінші орынға реңкті, ал екінші орынға негізгі түсті қояды, мысалы сұрғылт-құба, ашық-күрең.

Топырақ түci, әcipece далалық жазба кезінде, кесінді қабырғасына жарық түсуіне, күннің қай уақыты екендігіне, ылғалдылыққа бай­ланысты өзгеруі мүмкін, мысалы, ылғалды топырақтың түci құрғақ топыраққа қарағанда күңгірттеу. Құрғақ топырақтың негізгі түсін көрсету үшін топырақ жазбасына ылғалды топырақтың суретін салып, ал бөлшектерін түсті қарындаштармен бояйды.

Топырақ салмағының пайыздық өлшеммен берілген әртүрлі мөлшердегі бөлшектерінің қатынасын топырақтың механикалық құрамы деп айтады.

Топырақ жазбасын жазу кезінде топырақ горизонттарының ме­ханикалық құрамы бойынша біртектілігін немесе алалығын көрсетеді, линзалардың, кіші қабатшалардың, тілшелердің, кесектердің, уақ қиыршық тастардың болуын, басқа механикалық құрамдағы шөгінділерінің шөгу тереңдігі мен қалындығын бeлгiлeйдi.

Қатты карбонатталған топырақтардың механикалық құрамын анықтаған кезде, микроагрегаттарды бұзу үшін 5-10% тұз қышқылыньщ ерітіндісін қолданады.



2. Топырақ құрылысы.

Топырақтың структуралылығы деп топырақтың бip-бipiмен өзара коллоидтық қосылыстармен желімденген, ал кейде жай физикалық күштермен сығылған, жеке бөлшектерден тұратын структуралық кесекшелерге ыдырау кабілетін айтады. Структурасы деп қопсытқан кезде топырақтың белгілі формадағы агрегаттарға ыды-рауын айтады. Топырақ структурасы топырақ түзілуі кезінде жүретін әртүрлі үрдістердің әсерлерінен пайда болады, олар eкi үлкен топтарға бөлінеді: а) топырақтардың агрегаттарға механикалық бөлінуі және б) суға төзімді структураның пайда болуы.

Топырақтың агрегаттарға механикалық бөлінуі ылғалдану, кебу, қату және қызу үрдістерінде, өсімдіктердің тамыр жүйелерінің дамуы әсерінен, топырақтардағы құрт-құмырсқалардың және олардың құртарының тіршілігі кезінде жүреді. Топырақ кесекшелерінің бөліну дәрежесі жоғарыдан төменге қарай азаяды - бұл аталған фак-торлардың әcepi көбінесе топырақтың жоғарғы горизонттарында байқалады. Тереңдеген сайын тамырлардың саны және топырақтың агрегаттарға бөлінуіне ықпал ететін барлық факторлардың әcepi азаяды, кесекшелердің мөлшері біртіндеп үлкейе бастайды да, топырақта призма тәрізді структураның пайда болуына ықпал ететін сызаттар пайда болады. Тек қана жоғары ылғалдылыктағы топырақтарда, қата бастаған су қабаттарының әсерінен горизонталды структуралар басым болады.

Физикалық әсер етудің нәтижесінде пайда болған кесекшелер суға төзімсіз. Суға төзімсіз структуралы топырақтар ылғалданған кезде epin кетеді, кепкен соң қабықшамен жабылады. Бірақ, табиғатта физикалық ұсақталу үpдici суға төзімді структураның пайда болуымен жалғасады. Суға төзімді кесекшелердің пайда болу үpдici топырақ коллоидтарының әсерінен жүреді, олар золь түрінде то­пырақ сызаттарымен жылжуға кабілетті жэне кесекшелерге сіңеді.

Сосын, коагуляция арқасында қайтымсыз топырақ гельдеріне өтеді. Қайтымсыз гельдермен желімденген кесекшелер судың әсерінен ыдырамайды, ceбeбi суда ерімейтін қосылыстармен желімденген. Кесекшелердің бepiктігi әртүрлі және ол негізінен сол горизонттағы катиондарға тәуелді.

Натрий, калий және сутегімен каныққан коллоидтармен желімденген кесекшелер суға төзімсіз, каныққан кальций және магний коллоидтарымен желімденген кесекшелер біршама беріктey, темірмен каныққандары олардан да берік. Коллоидтардың топырақта жылжитынына және коагуляциялануына 80-120см және одан да төмен тереңдікте, топырақ кесекшелерінің қырларында пайда болатын жылтыр лакталған кесекшелер болуы арқылы көз жеткізуге болады. Басқа теңдес жағдайларда кесекшелердің суға төзімділігі органикалық заттар мен олардың механикалық құрамына тәуелді. Шірінді қышқылдары мен олардың тұздарының мөлшері көп кезінде беріктігі жоғары болады. Саздақ топырақтарда, жеңіл саздақ топырақтарға қарағанда олар көптеу және беріктеу, ал құмдауыт топы­рақтарда әлдеқайда берік. Әдетте құмдақ топырақтардың структу­расы айқындалмаған.

Структуралық агрегаттардың формасы мен мөлшерлерінің ара қатынасына қарай структураның үш типін ажыратады: куб тәрізді - бұл структуралық агрегаттардың биіктігі, ені және ұзындығының мөлшері бірдей жоғарғы горизонттар, ол жеңіл механика­лық құрамды топырақтарға тән; призма тәрізді - агрегаттар биіктігі ұзындығы мен енінен үлкен, саздақ және сазды топырақтарда, жер бетінен біршама тереңдікте қалыптасады; жалпақ агрегаттар (плита тәріздес) - ұзындығы мен ені биіктігінен әлдеқайда үлкен және плиталардан, қабыршақтардан және т.б. тұрады, су - физикалық және химиялық қасиеттері нашар, құнарлылығы төмен горизоттарда қалыптасады. Олар шымды, глейлі және солодтанған горизонттарда қалыптасады. Топырақ структурасы типтерінің шегінде мөлшерлеріне қарай топырақтар тектер мен түрлерге бөлінеді (1 кесте). Структуралардың тeктepi мен түрлері әртүрлі жағдайларда пай­да болады, сол себепті сол немесе басқа структуралық агрегаттар формасы әртүрлі топырақ горизонттарына тән болды. Кесекшелі түйіршікті структура көптеген топырақтардың жоғарғы горизонтта­рына тән.

Жаңғақты-ұсақ призмалы топырақтар жер бетінен біршама тереңдікте орналасқан горизонттарда пайда болады, кесек және призмалы топырақтар терең горизонттарда басым.

Топырақ структурасын жазбаға түсіргенде көбінесе әр түрді, кейде структура типін көрсететін екі сөзді қолдануға тура келеді, мысалы кесекті-түйіршікті, жаңғақты-призмалы. Бірінші сөзбен структурасы азын, екінші сөзбен - басымын белгілейді.

Топырақ структурасының жазбасын түсіруде оның формасы мен мөлшерін жатқа білу керек. Структуралық кесекшелердің мөлшері топырақтың сулық, ауалық және қоректік қасиеттерін айкындайды. Негізінде кeceктi немесе түйіршікті структурасы бар топырақтар ең жақсы қасиеттерге ие.

Мұндай топырақтардың кесектерінің ішінде ылғал болады, ал беттерінде, микроағзалардың тіршілігі арқасында қоректік элементтер пайда болады; кесекшелер арасында өcin жатқан тамырларға керекті aya оттегіci бар. Структуралық кесекшелердің бұзылуы жаңбыр тамшыларының әсерінен екі және үшвалентті катиондардың орнын бірвалентті катиондар басуы және органикалық заттар мөлшерінің азаюы арқылы жүреді.

Топырақ структурасын қалыптастыру мен қалпына келтіру ic-шараларына топырақтың бетін қорғау, органикалық тыңайтқыштарды енгізу, әкпен қанықтыру, тереңдетіп жырту жатады.







Түйіршікті, дұрыс емес дөңгелек формалы, бeттеpi аэробты дөңге­лек бедерлі

3. Ipi түйіршікті

4. Түйіршікті

5. Кіші
тұйіршікті


50-30

30-10


10-0,5

Шаңды

6. Шаңды

0,5 кіші

қырлары мен қабырғалары жақсы айқындалған

Жаңғақ тәріздес - шамамен дұрыс формалы, беттеpi салыстырмалы түрде тeгic, қабырғалары үшкір.

Ipi жаңғақты Жаңғақты

Кіші жаңғақты

10

10-7


7-5

Дәнекті - біршама дұрыс форма­лы, кейде дөңгелектеу, сызықты және біркелкі, кейде тегіс және жылтырақ

Ipi дәнекті

Дәнекті


Кіші дәнекті

5-3

3-1


1-0,5

II түpi - призма тәріздес структура. Қыры және қабырғасы жақсы

айқындалған



Баған тәріздес - дұрыс форма­лы, дөңгелек басты және жалпақ негізді, тегіс жақсы айқындалған бүйір қырлы

Ipi бағанды

Бағанды


Жұқа бағанды

50 және одан

үлкен


50-30

30 және одан



кіші

Призмалык - беттepi жазық және қабырғалары үшкіp

Ipi призмалық Призмалық

Ұсақ призмалық Жұқа призмалық



50-30

30-10


10-5

5 аз


III түрі - қалкқан тәpiздi структура

Плита тәріздес - қатпарлы

19. Сланецті

5 улкен

дәнекерлігі жақсы немесе

20. Плиталы

5-3

нашар жетілген горизонтал

21. Пластиналы

3-1

жазықты

22. Жапырақты

1 кіші

Қабыршақты - салыстыр-

23. Қабық тәріздес

3 улкен

малы кішігірім, кейде

24. Ipi қабыршақты

3-1

иілген жазықтық және жиі

25. Ұсақ қабыр-

1 кем

сүйір қабырғаларымен

шақты




Топырақтардың бітімі топырақтың тығыздық дәрежесін және байланысуын, топырақ бөлшектерінің орналасуын және бос жерлерді капиллярлық аралықтарды, каналдарды, ұяшықтарды сипаттайды. Тығыздығы бойынша топырақтардың келесі бітімдерін бөліп көрсетеді: шашыраңкы - топырақ күректен сырғып түcin қалады; борпылдақ - топырақ кесекшелерге белініп шашылады, пышақ топыраққа жeңiл кіреді, тығыздау - топырақ шашылады немесе ipi кесектерге, пластинкаларға жеңіл бөлiнeдi, пышақ біраз күшпен кіреді, тығыз - топырақ кесектері күшпен сынады, күректен ipi кесек күйінде түседі де кесектерге бөлінеді, пышақ 5-6 см тереңдікке үлкен күшпен кіреді; ете тығыз немесе тұтасқан - топырақ бөлінбейді деуге болады, күрек үлкен күшпен 1 - 2 см тереңдікке, ал пышақ - 2-3 см тереңдікке дейін кіреді.

Топырақ бітімінің байланыстылығы бойынша ажыратылуы: қатты байланыстағы - күрекке өте қатты жабысады және қиындықпен түседі; орташа байланыстағы - күректі сілкігенде жеңіл түседі; на­шар байланыстағы - күрекке жабыспайды.



Топырақ бітімін кеуектері бойынша ажырату (С.А. Захаров бойынша, 1925)

Кеуектер диаметрі, мм

Өте кіші кеуекті (кеуектер дөңгелек). 1-ден кем

Кеуекті (мысалы лесс) 1-3

Губка тәрізді (куыстардың жиі орналасуы) 3-5



Тесікті 5-10

Ұяшыкты (жауын құрттарының, тамыр жолдары жиі) 10-нан улкен

Каналды (жауын құрттарының, тамыр жолдары жиі) 10-30

Түтікті 30-дан жоғары

Топырақтың бітімі структуралық агрегаттар арасындағы құыстар мөлшері бойынша төмендегідей бөлінеді:

Жарық сызатты, мм

Кіші сызатты 3-тен кем

Сызатты 3-тен - 10-га дейін

Саңылаулы 10-нан үлкен

Топырақтардың далалық жазбасында топырақ бітімі кеуек­тер мен сызаттардың мөлшері мен тығыздығына байланыстыра көрсетіледі.

Қосындылар - топырақ қабатына механикалыкқ түрде еніп кеткен денелер, олар белсенді топырақ түзілу үрдістеріне қатыспайды, көбінесе олар тастар, малта тастар, уақ қиыршық тастар, таскөмір (орман топырақтарында).

Жаңа түзілімдер дегеніміз топырақтың химиялық сіңіру қабілеттілігінің нәтижесінде және топырақ түзілу үpдici барысында пайда болған бөлшектер жиынтығы. Шығу тегіне байланысты оларды биологиялык, органикалық-минералдық және минералдық деп бөледі.

2. Топырақтың физикалық, физика-механикалық қасиеттері. Топырақта мекендейтін ағзаларға топырақтың жалпы физикалық қасиеттерінің әсері.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет