«Топырақтар географиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Топырақ құнарлығының түрлері



бет8/16
Дата09.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Топырақ құнарлығының түрлері.

Топырақтың құнарлылығын табиғи, потенциалды, жасанды және тиімді құнарлылық деп жіктейді.

Табиғи құнарлылық – табиғи топырақ түзілуi барысында табиғи өсімдік жамылғысы астында пайда болған топырақ қасиеті. Топы­рақтардың табиға құнарлылығы уақыт аралығында салыстырмалы түрде шамалы ғана өзгереді және ол тұрақты шама болып табылады. Сонымен бipгe түзілуі әртекті топырақтардың құнарлылықтары да әртүрлі болады (1 сурет), ал бip топырақтың құнарлылығы био-логиялық қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар өсімдіктер үшін әр түрлі. Мысалы, шалғынды-глейлі топырақтарда шалғындық өсімдіктер жақсы өседі, ал шыршалар мен қарағайлар өліп қалады немесе өте нашар өседі. Өте ұсақ құмдарда қарағайлар жақсы, ал шыршалар мен емендер нашар өседі.

Потенциалды құнарлылық топырақтағы қоректік элементтердің қолдануға болатын немесе болмайтын формада болатын жалпы қорымен анықталады.

Ж
асаңды құнарлылық топырақты өндегенде, тыңайтқышты сепкенде, әртүрлі дақылдар өсіргенде, құрғатқанда, суландырғ
анда жасалады.

Табиғи, жасанды, потенциалдық құнарлылық бip-бipiмeн өзара тығыз байланысқан, ceбeбi өсімдіктерді ылғалмен және қорекпен қамтамасыз ету табиғи топырақтың қасиеттеріне тәуелді.

Өнімділік мөлшерімен өлшенетін тиімді немесе нағыз құнарлылық ic жүзінде табиғи және жасанды құнарлылықпен өрнектеледі және ғылым мен техниканың даму дәрежесіне едәуір тәуелді. Бұл жағдайда құнарлылық үздіксіз өседі, ceбeбi қоректендіру элементтepiнiң және топырақтағы ылғалдылықтың потенциалдық қоры толық пайдаланылатын болады.

Топырақ құнарлылығын, өнімділікті жоғарылату үшін егін шаруашылығында және агрохимияда су мен қоректік элементтердің максималды қорын қамтамасыз ететін, сонымен қатар орта реакциясын қалыпты ұстау мен өсімдік өcyiнe ықпал ететін аэробты және анаэробты реакциялардың қажетті жылдамдығын қамтамасыз ететін әдістер құрастыру қажет. Сонымен қатар зиянды үрдістерді: улы заттар пайда болуын, топырақты өндеу кезінде олардың тығыздалып қалуын, арамшөптер басып кетуін, зиянды микроағзалардың көбеюін баяулату немесе тоқтату қажет.

Топырақ құнарлылырының кеми беру заңы және оны сынау.

XVIII г. Аяғының өзінде жыл сайын еселеп жұмсалатын еңбек пен шығынға қарамай өнім жыл сайын азая беретіні байқалған. Осындай бақылаулар негізінде француз экономист А. Тюрго «Топы­рақ құнарлығының кеми бepyi» заңын ашты, ол алдымен буржуазия экономистері арасында үлкен қолдау тапты.

Осы заң және Мальтус теориясы негізінде халықтың орналасуы тіршілік қажеттіліктерінің өсуімен тез жүріп жатыр, соған байланысты жаппай аштық болатыны және халық санын шектеу қажет екені туралы теориялар бұрын да, қазір де ұсынылып келеді.

В.Р. Вильямс (1949) көрсеткендей, А. Тюрго заңындағы айтылған құбылыс өсімдіктер тіршілігінің бip факторын өзгерткен кезде орын алуы мүмкін екенін агрономиялық көзқарас тұрғысынан дәлелдеді. Ол Гельригель тәжірибесін пайдалана отырып вегетациялық ыдыста арпа өніміне топырақ ылғалдылығының әсер етуін бақылады:

Топырақ ылғалдылығы, толық ылғал сыйымдылығы, % - 1, 5, 10, 20, 30, 40, 60, 80, 100.

Өнім (дц/г ыдыс) 1, 63, 146, 190, 217, 227, 197, 0.

Толық ылғал сыйымдылығының әpбip 10 % өнімнің жоғарылауы 124, 43, 44, 27, 10, 15, 98.

Басқаша айтқанда, ауылшаруашылық өндіpici бip деңгейде жүргізілгенде, «топырақтың құнарлылығының кеми беру заңының» әcepi байқалады. Бipaқ, өсімдіктер тірішілігінің бірнеше факторларына әсер ету кезінде бұл «заң» расталмайды. Оны В.Р. Вильямс М. Вольнидің вегетациялық тәжірибесін пайдалана отырып көрсетті, онда ылғалдылық, қоректік элементтерінің мөлшеpi және жарық түcyi өзгертілді. Тәжірибе негізінде диаграмма жүргізілді (2 сурет); одан байқалатыны тіршіліктің осы үш факторына әсер еткен кезде, өсімдік өнімі барлық кезде өciп отырады. Демек «топырақ құнарлығының кеми беру заңы» табиғи заң емес, тек ауылшаруашылық өндірісін дұрыс жургізбегендіктің салдары.

Топырақтардың тиімді құнарлылығы топыраққа кешенді және бағытталған әсер кезінде тоқтаусыз жоғарылауы мүмкін.

Д .Н. Прянишниковтың (1940) топырақтардың құнарлылығы және өндірістік пайдаланылуы туралы еңбегінің мәні ауыл шаруашылықта минералдық тыңайтқыштарды қолданудың тәсілдерін құрас­тыру мен оны пайдалануды насихаттауда болды. Ол өнімділіктің жоғарылауы едәуір мөлшерде тыңайтқыштарды еңгізумен байланысты екенін көрсетті. Топырақтардың құнарлылығын жоғарылатуға алғашкы қадам XVIII г. Аяғында – XIX г. Басында жасалған. Жыл сайынғы өнімді екі еселеу үшін 100 жылдан аса уақыт керек болса, Д.Н. Прянишников зерттеулер нәтижесінде тыңайтқыш қолдану арқылы оған 30 жылда жетуге болатынын дәлелдеді. Тыңайтқыштар poлi мынандай фактімен де дәлелденді: Германия бірінші дуние жүзілік соғыс кезінде тыңайтқыш шығармағандықтан соғыстың төртінші жылы өнімдері 75 жыл бұрынғы өнімдегідей төмендеп кетті.

Қазіргі кезде Д.Н. Прянишниковтың көзқарастары кеңінен тараған. Ауыл және орман шаруашылықтарын химияландыру астық тұқымдастар өнімділігін, техникалық дақылдардың және орман өнімділігін жоғарылатуда маңызды тізбектің бipi болып табылады.


Топырақтар сапасын олардың қасиеттері мен құнарлылығы

бойынша бағалау.

Топырақтар құнарлылығы әртүрлі болатындықтан, өсімдіктерді өcipy үшін олардың қайсысы қолайлы қайсысы қолайсыз екенін білу керек. Бұны топырақтарды бip-бipiмeн, олардың қасиеттерін және өсімдіктер өнімін салыстыра отырып, басқаша айтқанда салыстырмалы бағалау жүргізе отырып жасауға болады.

Мұндай бағалау бip немесе бірнеше биологиясы ұқсас дақылдардың дамуын анықтайтын, өте маңызды қacиeттepi бойынша жақын топырақтарды бipiктipy жолымен, яғни агроөндірістік топтар бойынша орындалуы мүмкін. Бағалау нәтижесінде салыстырмалы түрдегі топырақтардың үлкен топтары мен олардың жуық сапасы қандайда бip ауылшаруашылық дақылдарды өcipy бойынша ұсыны-стармен бipге көрсетіледі.

Heгізгі дақылдардың өнімділіктерімен тығыз байланытағы то­пырақ қасиеттерінің салыстырмалы бірліктерінде (балл бойынша) өрнектелген құнарлылығын сапасы бойынша бағалау топырақтар­ды бонитеттеу (лат. Bonitos жақсылық) деп аталады.

Топырақтарды бағалау ауылшаруашылық дақылдары мен орман ағаштары түрлерінің өcyi үшін өте маңызды объективті белгілер мен қасиеттерге негізделеді.

Бағалау үшін алынған топырақ қасиеттері өсімдіктер өcyi үшін тура немесе жанама әсер ететін болуы мүмкін, сондықтан топы­рақтарды бонитеттеу кезінде оның маңызды қасиеті – құнарлылығы көрсетіледі.

Бонитеттеу немесе топырақтарды сапалық бағалау, жеке дақылдар немесе олардың топтары үшін жасалған бонитеттеу кестесі түрінде келтірілоеді. Мұндай кестелердің құрастырылу дұрыстығын өсімдіктер өнімділігі баллдары және топырақтар қасиеттері бойын­ша алынған баллдарды салыстыру арқылы тексеріледі. Баллдар өзгерісінің сипаты бірдей болуы керек. (6 кесте).

Біздің елде 100-балдык ашық және жабық шкалаларды қолданады. Ашық шкалада 100 балл деп орташа өнімділікті топырақтар касиеттері, жабығында – өніміділігі жоғарғы топырақтар қасиеттері алынады.

Топырақты сапалық бағалау нәтижелерін жерлерді тіркегенде, жер үлескілерін немесе зонаның өнімділігін, дақылдардың жоғары өнімділігін анықтағанда, топырақтардың құнарлығын жоғарылататын әдістерді құрастыруда және басқа мақсаттарда пайдаланады.

Т
опыра
қтардың құнарлылығын жоғарылату әдістері әртүрлі және олар ауылшаруашылық және орман дақылдарының өcyiн шектейтін жағдайларды жоюға бағытталған. Бұл үшін топырақтық-климаттық зоналар бойынша топырақтарды тиімді өндеу үшін арнаулы машиналар кешені таңдалады.

Эрозия қарқынды жүретін аудандарда топырақтарды аудармай жырту қолданылады; ылғалдылығы жоғары жерлерде топырақтар­ды плантажды терең өңдеу басым. Барлық зоналарда егістіктерге, питомниктерге және орман дақылдарына, ал соңғы кездерде ормандарда да тыңайтқыштарды енгізу кеңінен қолданылады. Гербицидтер мен арборицидтер бағалы ағаштардан қоректік элементтер мен ылғалды алып қалатын керексіз өсімдіктерді жоюға мүмкіндік бе-реді.

Гидротехникалық мелиорация, құрғату ылғалданған топырақтар­дың құнарлылығын күрт жоғарылатуды қамтамасыз етеді. Орманда кәpi, шipiгeн ағаштарды кесу топырақтардағы биологиялық үрдістерді тездетеді. Тұқым тектерін таңдау қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты аралас ормандар отырғызу, топырақтағы қоректік элементтердің көбеюіне септігін тигізеді, физикалық қаси-еттерін жақсартады.

Орман төсенішінің ыдырауын реттеу бойынша жиi қолданылатын тәсілдер: жинау, тазалап әкету, қопсыту. Бұл тәсілдерді дұрыс пайдаланған кезде топырақтардың құнарлылығы жоғарылайды.

Ормансыз жерлерде ауыспалы eгicтік, топырақтарды зоналық ерекшеліктері бойынша жүйелеп өңдеу, тыңайтқыштар себу, батпақтанған жерлерді құрғату, құрғақ зоналарлы ылғалдандыру, су және жел эрозияларымен күресу шаралары және т.б. арқылы топы­рақ құнарлығын жоғарылатуға болады.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Топырақта және топырақ түзуші тау жыныстарда химиялық элементтердің мөлшері. Топырақтың валдық химиялық құрамы.

  2. Топырақтың профилінің бойында химиялық элементтердің дифференциациясы.

  3. Топырақтың макро- және микроэлементтері. Биогендік элементтер. Ауыр металдар.

  4. Топырақтың радиоактивтілігі.

  5. Топырақтың сіңіру қабілеттілігі және топырақтың ТСК.

  6. Топырақтың қышқылдығы, сілтілігі.

  7. Топырақтың тотығу-тотықсыздану процестері.

  8. Топырақтың органикалық заты және топырақ құнарлығының қалыптасуында оның маңызы.

  9. Топырақ органикалық заттың көздері.

  10. Топырақтың арнайы және арнайсыз органикалық заттары. Топырақ гумусы сәуле энергиясының аккумуляторы. Гумустың фракциялық және топтық құрамы, оның топырақ қасиеттеріне әсері. Топырақтың гумус жағдайының көрсеткіштері. Топырақтың дегумификациясы-маңызды экологиялық мәселелердің бірі.

  11. Топырақтың құнарлығы, факторлары және элементтері. Топырақ құнарлығының жерді игеру кезіндегі өзгерістері, оның жаұқсарту жолдары.

Ұсынылатын әдебиет

Мирзадинов Р.А. және басқалары. Топырақтану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 276 б.

Никольский Н.Н. Почвоведение. - М., 1963.

Почвоведение/Под ред. А.С. Фатьянова. – М.,1972.

Почвоведение/Под ред. И.С. Кауричева. – М., 1969, 1975, 1982.

Почвоведение/Под ред. А.А. Роде. – М., 1972.

Почвоведение/Под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова.-М.,1988.

Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения.- М.,1999.

Тулеугалиева С.С. Краткий курс лекций по почвоведению.- Семипалатинск,2008.

  1. Топырақтың жүйелілігі және жіктелуі. Топырақтың географиялық таралу заңдылықтары.

Мақсаты: астыда келтірілген негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны бойынша білімдерді игеру:

  1. Топырақтың жүйелілігі және жіктелуі.

  2. Жер бетінде топырақтың географиялық таралу задылықтары және қоршаған ортаның экологиялық факторларымен байланысы.

  3. Топырақтардың көлденен зоналылығы.

  4. Топырақтардың тік зоналылығы.

  5. Интразоналдық топырақтар және олардың ерекшеліктері.

  6. Дүние жүзінің топырақ жамылғысы. Тропикалық, субтропикалық, суббореалдық, бореалдық, полярлық белдеулердің топырақтары. әлемнің топырақ ресурстары.

1.Топырақ түрлері мен зоналары туралы түсінік. Топырақтың табиғаттағы алуандығы.

Табиғатта топырақ - топырақ түзілу факторларының өзара тығыз байланыстары нәтижесінде пайда болады және дамиды. Топырақ түзілуіне ықпал ететін факторлар тұрақты болған кезде, борпылдақ тау жыңыстарындағы үрдістердің жылдамдығы және бағыттарына байланысты органикалық заттардың келуі, синтезі және ыдырауы, сулық, ауалық, жылулық және қоректену режимі бойынша ерекшеленетін топырақтар пайда болады.

Табиғатта әр фактордың әcepi топырақ түзілу факторларының қандай тіркесте болуына байланысты уақыт аралығы мен кеңістікте өзгеріп отырады. Факторлардың уақыт аралығына өзгеруі кезінде топырақ эволюциясы жүреді: топырақ түзілу үрдістері өзгереді, топырақ бip күйден басқасына ауысады. Факторлардың кеңістікте өзгepyi, мысалы құрылыкта, алуан түрлі топырақтардың пайда бо­луына алып келеді. Ауданы 3-5 га кішкене аумақта 200-ге дейін то­пырақ түpi болуы мүмкін, ал Қазақстанда 700-ден астам топырақ түpi кездеседі.

Табиғаттағы топырақтар алуандығын пайда болуы мен түзілуіне, маңызды қасиеттері мен құрамына байланысты бірнеше топқа бөлу­ге болады. Бұлай жіктеу топырақ классификациясы шешетін мәселелер.

Топырақ классификациясы.

Классификация сөзі латынныц екі сөзінен шыққан classis — дәреже топ, және facio - жасаймын. Бipiншi генетикалық классификацияны 1879 жылы В.В. Докучаев ұсынды, ол 1886 жылы баспадан шықты. Қазіргі классификация В.В. Докучаевтың ілімi (1954) негізінде құрастырылды, онда адамның шаруашылық ic-шаралары әсерінен пайда болған топырақтартың қасиеттері мен құрамы ескеріліп, таксономиялық бірліктердің өндірістік ерекшеліктері мен оларды ұтымды пайдалану ғылыми жүйеге келтірілді. Қaзipгi классификацияның неізгі бірлігі топырақтың үлкен топтарын біріктіретін, ондағы табиғи шарттардың ұқсастығы мен нақты топырақ түзiлy үрдістері айқын байқалатын генетикалық тип.

Топырақ тeгi кешенді жергілікті ерекшеліктермен анықталады, олар: аналық жыныс, грунт суларының құрамы, ежелгі топырақ түзілу ерекшелігі, әр элементтердің шайылу сипаты және топырақ кескіннің даму дәрежесі.

Топырақ түpi топырақ түзілудегі бip немесе бірнеше үрдістер тіркесінің білінyi бойынша анықталады. Түр тармақтары - жоғары горизонттың механикалық құрамы бойынша, ал разряд - аналық және астыңғы жыныстар бойынша анықталады.

Классификация негізінде КСРО топырақтарының номенклатуралық тiзiмi жасалды. Ереже бойынша құрастырылатын топырақ атауларын топырақ номенклатурасы деп атайды. Ол үшін халық қойган атаулар қолданылады: шым, солод, қара топырақ, тақыр және т. б. Көптеген топырақтарды түсіне қарай - күрең топырақ, сұр топырақ, құба топырақ, географиялық орналасуына байланысты - оңтүстік, солтүстік, құрамына қарай - аз, көп, терең, қабатты; көpiнyiнe байла­нысты - қатты, орташа, шамалы деп атайды. Топыраққа атау бергенде бірінші орынға генетикалық жағын, екінші орынға - топырақтың жоғарғы горизонт құрамын және ең соңғы орынға - аналық жыныс атауы және оның механикалық құрамын қояды. Номенклатуралық топырақ тiзiмi топырақты картографиялауда пайдаланылады.

2. Жер бетінде топырақтың географиялық таралу задылықтары және қоршаған ортаның экологиялық факторларымен байланысы.

Топырақтың географиялық таралу задылықтары жер бетінде табиғи жағдайлардың таралуымен анықталады. Бұл ұсыныс топырақ географиясының келесі маңызды бөлімдерінің дамуының негізінде жатады: көлденен зоналдылық туралы ілім, тік зоналдылық туралы ілім, топырақ-климаттық фракциялар және провициялар туралы ілім, топырақ жамылғысының біртектес еместігі және құрылысы туралы ілім.

В.В. Докучаев алғашқы Орыс жазығында топырақтардың еңдік-зоналдық таралуын зерттеді, бұнда солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп бір-бірін тундра, күлгін, сұр орман, қаратопырақ, күрең және құба жартылай шөлейт топырақтары ауыстырады. Топырақтар географиясының жалпы заңдылықтарын дәлелдеуде советтік ғалымдарымен (К.Д. Глинка, Л.И. Прасолов, И.П. Герасимов, В.А. Ковда және т.б.) докучаевтік топырақтану тұжырымдамаларының негіздерінде құрастырылған әлемдік карталары маңызды болды.

Топырақ біртектесеместіктердің генезисы, құрамы, формалары және агрономиялық маңызы туралы ілім топырақ жамылғысының құрылысы туралы ілім деп аталады. Осы ілімнің негізі болып элементарлық топырақ ареалы (ЭТА) түсінігі көрсетіледі. Элементарлық топырақ ареалы – топырақ жамылғысы топырақтың бір разрядыен крсетілген территорияның кіші участкісі. ЭТА негізгі сипаттамасы – генезисын, құрамын, қасиеттерін, морфологиялық бағасын және құнарлық деңгейін ашатын классификациялық атауы. ЭТА мөлшері бойынша кіші контурлы (1 га кіші), орташа контурлы (1-20 га), ірі контурлы (20 га жоғары) болып бөлінеді. ЭТА формалары әртүрлі: негізінен изоморфты (салыстырмалы домалақ): ұзыңдығы мен енінің қатысы 2 төмен, созылған – 2-5, сызықты – 5 жоғары, тармақты және қалақты.

Топырақ жамылғысының құрылысы.

Топырақ жамылғысының құрылысы (ТЖҚ) – ЭТА заңдылық бірлестігі. ТЖҚ сипаттық параметрлері: құрамы (компонеттілігі), күрделілігі (аралдардың кеңістік аусуының жиілілігі), контрасттылығы (ареалдардың арасында генетикалық және агрономиялық айырмашылықтардың дәрежесі). Жер бедерінің ерекшеліктеріне, жыңыстардың қасиеттеріне және басқа жағдайларға байланысты ЭТА әртүрлі микро-, мезо- және макрокомбинацияларды түзуі мүмкін және топырақ жамылғысының нақты құрылысын құрастырады.

Микрокомбинациялар кіші (бірлік және ондық метрлер) ЭТА, жиі микро-жер бедерлерімен байланысты, сипатталады.

Мезокомбинациялар – мезо- жер бедерлерімен немесе топырақ түзуші жыңыстардың кеңістік аусуымен байланысты ірі ЭТА немесе микрокомбинациялардың аусуы.

Макрокомбинациялар – макро- жер бедерлерімен қамтамасыз етілген мезокомбинациялардың аусуы.

3. Топырақтардың көлденен зоналылығы.

Қазіргі көзқарастар бойынша, құрлық топырақ жамылғысында көлденен топырақ-климаттық белдеулер бөлінген, олар негізінен климаттың термиялық ерекшеліктерімен (полярлық, бореалдық, суббореалдық, субтропикалық, тропикалық) қамтамасыз етілген. Әр бір белдеуге топырақ түзілуінің ұқсас термоэнергетикалық режимдерімен топырақ типтері тән болады.

Топырақ-климаттық белдеулері топырақ-биоклиматтық облыстарға бөлінеді, олар анықталған атмосфералық ылғалдану режимімен және өсімдік жамылғысының типтерімен сипатталады. Келесі облыстарды ажыратады: ылғалды (экстрагумидты және гумидты) ормандық, тайгалық немесе тундралық өсімдік жамылғысымен; ауыспалы (субгумидты және субаридты) далалық, ксерофиттық-ормандық және саванналық өсімдік жамылғысымен; құрғақ (аридты және экстрааридты) жартылай шөлейт және шөлейт өсідік жамылғысымен.

Топырақ-биоклиматтық облыстардың топырақ жамылғысы біртектілеу, бірақ бір неше зоналдық және интразоналдық топырақ титерінен тұрады. Әр бір топырақ-биоклиматтық облысында 2 немесе 3 топырақ зонасы бөлінеді.



Топырақ зонасы - 1 немесе 2 зоналдық топырақ типтерінің және оларға сәйкес интразоналдық және ішкі зоналдық топырақтардың ареалы.

Топырақ зона тармағы - топырақ зонасының бөлігі, онымен бір бағытта созылған, территориясында анықталған топырақтың зоналдық типтерінің тармақтары таралған.

Топырақ фациясы – топырақ зонасының бөлігі, басқа бөліктерден топырақтардың температуралық режимі және ылғалданудын мерзімдік барысы бойынша ерешеленеді.

Топырақ провинциясы – топырақ фациясының бөлігі, топырақ жамылғысының оролитологиялық қасиеттері және құрылысы бойынша топырақ аймақтары мен аудандарына бөлінеді.

Топырақ аймағы – топырақ провинциясының бөлігі, жер бедері мен топырақ түзуші жыңыстардың ерекшеліктерімен қамтамасыз етілген топырақ қоспаларының анықталған типімен сипатталады.

Топырақ ауданы – топырақ аймағының бөлігі, топырақ жамылғысының бір типті мезоқұрылысымен сипатталады. Топырақ аймақтары сапалық ерекшеленеді: топырақ жамылғысының құрамы мен құрылысы бойынша; топырақ аудандары тек аймаққа қасиетті топырақтардың тегі, түрлері және әр түрліктерінің саналық қатысы бойынша ерекшеленеді.

3. Топырақтардың тік зоналылығы.

Әр бір тау мемлекеті анықталған топырақтардың тік зоналдылығының құрылысымен сипатталады. Таулы облыстарда, жазықтармен салыстырғанда, биоклиматтық жағдайлар мен топырақтардың генетикалық типтерінің жоғары алуандылығы бар екені В.В. Докучаевпен және басқа да ғалымдармен дәлелденді.мысалы, суық ылғалды шалғындар альпиялық тау-шалғындық топырақтарымен, суық далалар мен шөлейттер тауларда кең таралған, ал жазықтарда кездеспейді. Бірақ, жалпы, топырақтардың тау типтері жазықтардағы топырақтар сияқты сондай сияқты эколого-генетиалық топытарға жатқызылады.



4. Интразоналдық топырақтар және олардың ерекшеліктері.

Зоналдық топырақтар биоклиматтық зонаға сипатты топырақ түзілу жағдайлары бар автономдық ландшафтарда кең таралған топырақтар (қаратопырақтар, күрең, құба және т.б.). Интразоналдық топырақтар – зона ішіндегі топырақтардың басқа барлық типтерін кіргізеді, олар шекті таралған және топырақ түзуші жыңыстардың ерекшеліктері, ылғалдану жағдайлары және т.б. басымды әсерінен дамиды (шалғын топырақтары, кебірлер, сортаңдар және т.б.).

5. Дүние жүзінің топырақ жамылғысы. Тропикалық, субтропикалық, суббореалдық, бореалдық, полярлық белдеулердің топырақтары. Әлемнің топырақ ресурстары.

Топырақ жамылғысы өндіріс, көлік, қала және ауыл шаруашылық құрылыс қызметінің негізі. Ақырғы кездері топырақтың көптеген алаңы рекреациялық мақсатта, қорық және қорғалатын территорияларды құрастыруда пайдаланады. Осының барлығы егістік алаңдардың қысқаруына әкеледі. Бірақ, сонымен бірге, халық санының өсуі тағамдар өндірісінің ұлғаюын шақырады. Оны қамтамасыз ететіндер: ауыл шаруашылық өндірісінің технологияларын жетілдіру, топырақ құнарлығын жоғарлату, мәдениеттердің өнімділігін өсіру, егістіктердің алаңдарын кеңейту. Қазіргі уақытта бір адамды толық тағамдармен қамтамасыз ету үшін 0,2-0,3 га жыртылған жер қажет. Қазіргі уақытта егістікке жарамды алаңдардың жартысы қолданылады. Шөпті ландашафтар – табиғи жайылымдар 32 млн. км2 алып жатыр. Ормандармен 40,5 млн. км2 жамылған. 2 млн. км2 қалалар, өндіріс кәсіпорындары, жолдар, электротасымалдау және құбырғалар трассалары алып жатыр. Кейбір дамыған елдерде егістікке жарамды жерлердің алңы жалпы алаңнан 70 % алады, дамуы төмен мемлекеттерде, мысалы, Африкада және Оңтүстік Америкада өнделуге жатқызылған 36 % топырақ (1 кесте).



№ 1 кесте. Егістікке жарамды әлем топырақтарының қазіргі пайдалануы және даму болжамы (Н.Н. Розов және М.Н. Строганова мәліметтері бойынша, 1979)

Топырақтардың географиялық белдеулері және топтары

Қазіргі кездегі өнделудегі алаңдар

Тиімді өнделетін алаңдар

млн. км2

% топырақ тобының алаңынан

% әлемдік топырақ жамылғысынан

млн. км2

% топырақ тобының алаңынан

% әлемдік топырақ жамылғысынан

Тропикалық

Тұрақты ылғалды ормандардың топырақтары (қызыл және сары ферралиттік)

1,9

7,4

1,4

6,1

23,6

4,5

Мерзімдік-ылғалды ландшафтардың топырақтары (қызыл, саванналық, қара тығыз )

2,2

12,6

1,7

5,9

33,9

4,3

Жартылай шөлдер және шөлдер топырақтары

0,1

0,8

0,1

1,0

7,7

0,7

Барлық белдеу бойынша

4,2

7,2

3,2

13,0

23,0

9,5

Субтропикалық

Тұрақты ылғалды ормандардың топырақтары (қызыл және сары ферралиттік)

1,3

19,7

1,0

1,7

25,8

1,7

Мерзімдік-ылғалды ландшафтардың топырақтары (қызыл, саванналық, қара тығыз )

2,2

25,6

1,6

3,2

37,2

2,4

Жартылай шөлдер және шөлдер топырақтары

0,8

7,6

0,5

1,1

10,4

0,8

Барлық белдеу бойынша

4,3

16,8

3,1

6,0

42,8

4,9

Суббореалдық

Жапырақты ормандар мен прериялардың топырақтары (құба орман және т.б.)

2,0

3,4

1,5

2,2

36,7

1,7

Дала ландшафтарының топырақтары (қаратопырақтар, күрең)

2,5

31,6

1,9

3,0

38,0

2,2

Жартылай шөлдер және шөлдер топырақтары

0,1

1,3

0,1

0,3

3,8

0,2

Барлық белдеу бойынша

4,6

21,0

3,4

5,5

15,0

4,1

Бореалдық

Қылқанжапырақты және аралас ормандардың топырақтары (күлгін, шымды-күлгін)

1,3

8,4

1,0

2,0

13,0

1,5

Мұздық-тайга ландшафтарының топырақтары

-

-

-

0,1

1,2

0,1

Барлық белдеу бойынша

1,3

5,4

1,0

2,1

8,8

15

Полярлы

Тундралық және арктикалық ландшафтардың топырақтары

-

-

-

-

-

-

Әлемдік құрлық бойынша барлығы (мұздықтарсыз және сусыз)

14,4

-

10,8

26,6

-

19,9

1 кесте бойынша, өнделген жерлердің ең үлкен массивтері суббореалдық белдеудің топырақтарына келеді. Жапырақты ормандар мен прериялардың топырақтары (сұр орман, қою топырақтар) 33 % жыртылған, дала топырақтары – 31 %, суббореалдық шөлдер мен жартылай шөлдердің топырақтары да – 2 % жалпы алаңнан. Жалпы суббореалдық белдеудің жыртылған жерлердің мөлшері әлемдік топырақ жамылғысынан 3,4 % құрайды.

Субтропикалық және тропикалық белдеулер жақсы өнделген. Бореалдық белдеудің егістік өнделуі жоғары емес, тек шымды-күлгін және күлгін топырақтардың қолдануымен шектеледі.



Полярлық белдеудің топырақтары егіншілікте пайдаланбайды.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет