Тоқсандық, жылдық баға қою
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді.
Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі.
Білім алушыларға қойылады
|
Сипаты
|
Әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балы
|
Жинақталған балдар саны мен оқу жетістігі деңгейлері(жоғары,орта,төмен).
|
Тоқсандық жиынтық бағалаудың балы
|
Балл қою кестесіне сәйкес жинақталған балдар саны
|
Тоқсандық баға
|
Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес қоиылады.Білім алушылар 50%тоқсандық бағаны бөлім/ортақ тақырыптрдың қортындысы бойынша,50% тоқсадық жиынтық бағалау қортынлдысы бойынша жинайды.
|
Жылдық баға
|
Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес қоиылады.Білім алушылар 50%тоқсандық бағаны бөлім/ортақ тақырыптрдың қортындысы бойынша,50% тоқсадық жиынтық бағалау қортынлдысы бойынша жинайды.
|
Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері «2-ден» «5-ке» дейінгі бірыңғай баға шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың ашықтығын, салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың бірдей түсінігін қамтамасыз етеді
Баға
|
Сипаты
|
1-сынып бойынша балдың пайыздық мазмуны
|
2-11(12)сыныптардағы балдың пайыздық мазмұны
|
<2>
|
Қанағаттанғысыз
|
0%-20%
|
0-39%
|
<3>
|
Қанағаттанарлық
|
21%-50%
|
40%-64%
|
<4>
|
Жақсы
|
51%-80%
|
65%-84%
|
<5>
|
Өте жақсы
|
81%-100%
|
85%-100%
|
Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жинақталады. Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады:
- тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы белгіленеді;
- тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленеді.
Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.
29% + 45% = 74%
Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық бағасымен анықталады.
Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады.
Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық арақатынаспен анықталады. Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша бағаға ауыстырылады.
37,6% + 42,5% = 80,1%
Дөңгелектелген мәні 80% тең5>4>3>2>
Достарыңызбен бөлісу: |