ТӨтенше жағдайлар кезіндегі радиациялық жағдайларды бағалау әдістері



Дата26.02.2016
өлшемі64.09 Kb.
#27269
УДК 339.18 (075.8)
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Сералиева У.О., Байдосова А.А., Асильбекова К.Б.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
Төтенше жағдай кезінде кездесетін аса қауіпті жағдайлардың бірі радияция мен химиялық заттардың адамға зиянды әсері. Оқу орындарында бұл факторларға көңіл бөліп айтылуда.

Радиациялық және химиялық жағдайды бақылаудың мақсаты мен міндеті: радиоактивті химиялық зақымдану ошағының қарқынын, олардың құрылыс обьектілерге әсерін, азаматтық қорғаныс күштері адамдарға жедел жәрдем беру, зақымдану ошағына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

Радиациялық және химиялық жағдайды бақылау үшін барлау тобының берілген мәліметтерімен бағалайды.

Радиациялық және химиялық жағдайды бақылауға бастапқы мәліметтерге мыналар жатады: жарылыстың уақытысы мен орны, түрі мен қуаттылығы, қатты әсер ететін улы заттың түрі мен мөлшері, адамдардың қорғану деңгейі, сәулелену мөлшері, ауа райының мәліметтері.

Халықты зақым ошағында қорғауға радиациялық жағдайды бақылау қорытындысы бойынша дұрыс шешім мен нақты ұсыныс пен нұсқау беруге үйретеді.

Типтік есептерді шығару, радиациялық жағдайды бақылау.

1. Ядролық жарылыс және АЭС апатынан кейінгі радиация деңгейін әр түрлі уақытта анықтау. Есепті шығару үшін N 1 таблица және төмендегі формуланы қолданамыз.

Р1 = Р1 – К1

Pt - ядролық жарылыс және АЭС апатынан кейінгі белгілі уақыттағы

радиация деңгейі.

Kt- радиоактивті заттардың ыдырау уақытының коэффициенті.

Есеп. Ядролық жарылыс сағат 3.00 болды, сағат 6.00 радиация деңгейі 5,3 р/с

Ядролық жарылыстан кейін 1 сағаттағы радиация деңгейін анықтау керек.

Р1 -?

Шешуі: 1) t2 –t1 =6.00 - 3.00 = 3.00 сағат

2) N1 - таблица бойынша

3) формула бойынша

АЭС апаттан кейінгі радиация деңгейін Kt мәнін табу үшін Nl-ші

таблицадағы бөлшектің бөліміндегі санды аламыз.

2. Ядролық жарылыстың (апаттың) уақтысын анықтау.

Бір нүктедегі радиация деңгейін екі рет өлшеп барып анықтау.

Есеп. Радиация деңгейін сағат 10-да (t1) және сағат 11-де (t2 ) өлшенді, t1-гі радиация деңгейі Р1 = 50 р/с, ал t2-гi радиация деңгейі Р2= 30 р/с

Шешуі: N2 - таблица бойынша ядролық жарылыстың 2-ші рет өлшеуге

дейінгі өткен уақытты анықтау.



3) N2 ші - таблица бойынша t = 3,0с жарылыстың екінші рет өлшеуге дейін. Сонымен ядролық жарылыс сағат 8.00 болды.

3. Зақымданған аймақта адамдардың қанша мөлшерде (М) сәуле қабылданғанын анықтау.

Формула бойынша



Рорт - орташа радиация деңгейі



Кәл- әлсіреу коэффициенті N3 - таблица бойынша табамыз.

t- зақымданған аймаққа келген уақытты анықтау.

Есеп. Ядролық жарылыстан екі сағаттан соң зақымданған аймаққа кіру,

шығу уақтысы 6 сағаттан кейін, сондықтан сәулелену уақтысы

Шешуі:


Ркір, Ршық - зақымданған аймаққа кіргендегі және шыққандағы радиация деңгейі 1 сағаттағы радиация деңгейі белгілі болғандықтан, радиация деңгейін Pкіp, Р шық табу үшін келесі формуланы қолданамыз.



4. Адамдардың зақымданған аймаққа келу мүмкіндігінің ұзақтығын анықтау.

Құтқару тобы зақымданған аймаққа ядролық жарылыстан 2 сағаттан кейін, яғни радиация деңгейі 30р/с болғанда келіп жетті. Теміржол плотформасында егер берілген мөлшер 40 рад. Болса, келу мүмкіндігінің ұзақтығын анықтау қажет.( tM).

Шешуі: tкip= 2сағ. Ядролық жарылыстан кейін, Ркір = 30р/сағ., Мбер= 40 рад., N5 таблица бойынша коэффициентті табамыз.



Егер ядролық жарылыстан кейін кіру уақтысы 2 сағат болса, онда N5 таблица бойынша tM - 4,06 сағат болады.

АЭС апат болған ауданда: Кәл= 1,0, tM = ?

Шешуі: N6 таблица бойынша



а

N6 таблица бойынша егер апаттан кейін кіру уақтысы 2 сағат болса, онда tM = 4,00 сағат болады.

5. Бұрын алған сәуле мөлшерінен қалдық сәуле мөлшерін (Мк) анықтау, %. Есеп. Құтқару тобы 4 апта бұрын 10 рад. (Мб1) сәуле мөлшерін алса, бүгін 125 рад. Сәуле мөлшерін алды. (Мб2). Жалпы сәулелену мөлшерін анықтау қажет (Мж).

Шешуі: Мж = Мб2 + Мк ; Мк = Мб1 * К = 10 * 0,5 = 5рад. К - түзету коэффициенті, N7 таблица бойынша Мж = 125 + 5 = 130рад.

6. Жалпы алған сәуле мөлшерін радиациялық шығынды анықтау.

Есеп. Құтқару тобы (40 адам) құтқару жұмысы кезінде жалпы 150 рад.

Алды, жалпы радиациялық шығынды анықтау қажет.

Шешуі: N8 таблица бойынша шығын 15% болса, онда 40-100 % х-15% х = 6 адам шығын болады.

Радиациялық жағдайды бақылау

Авариядан кейін (taв) радиациямен зақымданған ауданда t1 уақытынан

кейін әлсіреу коэффициенті (Кәл) қорғаныс ғимараттарында мектеп оқушылары мен құтқару командасы қалды.

Құтқару командасы t2 уақытынан кейін радиациямен зақымданған аймақта құтқару және басқа да жұмыстарға кірісті.

Мектеп оқушылары t3 уақытынан кейін ара қашықтығы R қашықтығындағы жерді Vкм/сағ. Жылдамдықпен жүріп, қауіпсіз жерге көшірілді. Кестеде қажетті мәліметтер берілген:

1. Орналасқан аймақта t1 уақытынан кейін радиация мөлшері Р1 t2 уақытынан кейін Pt2, t3 кейін Pt3;

2. Құтқару және басқада жұмыс істеу уақыты tж.

Орындау керек:

1. Оқушылар мен құтқарушылардың сәуле алу мөлшерін (Мж) және радиациялық шығын болу мүмкіндігін анықтау (Ш %).

2. Ядролық жарылыстан кейін 1,5 айдан соң (6 апта) қалған мөлшерді анықтау;

3. Қорытынды жасау, радиациядан қорғануда практикалық ұсыныс жасау;

4. Алынған мәліметтерді кестеге толтыру.

Мысалы: қажетті мәліметтер.

Шешуі:




10. Оқушылар арасында Мж < 100 болғандықтан шығын болмайды. Құтқару тобында (Ш%) шамамен 72% (N8 таблица) N5 таблица бойынша құтқару тобының шығын болу мүмкіндігінің уақтысын табуға болады. (Тм).

Мбер = 100 - Мқ.ғ.(қ.тобы) =100 - 6,7 93,3 рад., өйткені қорғаныс ғимаратында құтқару тобы (Мқ.ғ) 6,7 рад- сәулеленген.



Резюме

Вышенаписанный материал, используя результаты оценки химической разведки (обстановки), дает возможность принимать правильные решения, нужные и полезные советы и рекомендации, при химическом заражении людей и местности.


Above — mentioned material with using of results of appreciation of radiational and chemical intelligence gives a chance to choose right decision, necessary and useful advices and recommendations on radiational and chemical poisoning of people and locality.
Әдебиеттер:

1. Шубин Е.П. - Гражданская оборона. Учебник для ВУЗов. М., 1991г.

2. Атаманюк Е.Г. - Гражданская оборона. Учебник для ВУЗов. М.; 1986г.

3. Таблицы по оценке радиационной и химической обстановки методом прогнозирования.

4. Соловьев Б.В. с соавт. - Методические указания по цоенке радиационной и химической обстановки. Чимкент - 1989г.

5. Р.Х.Хафизов, А.Б.Найзабеков - Методические указания по оценке радиационной и химической обстановки Чимкент 2000г.



Фамилиясы, аты-жөні: Сералиева Ұлбосын Орынбасарқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы:

Жұмыс орны: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,Байтұрсынов көшесі 13

Телефоны, факс, E-mail: 8-7252-21-14-27. 87029830866

Баяндама тақырыбы: Төтенше жағдайлар кезіндегі радияциялық жағдайларды бағалау әдістері.

Секциясы: Педагогика.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет