2.3 Бұзауды уыздану кезеңінде азықтандыру ерекшеліктері (0-15 күн)
Бұзаудың әртүрлі кезеңде салмақ қосуы көрсеткішін жоспарлағанда өсетін малдың және шаруашылықтың экономикалық жағдайдары ерекшеліктерін есепқе алады.
Малдың жоғары өнімділігі және азықты тиімді қабылдауы, тек ғылыми негізделген нормаға сүйене отырып азықтандыруға байланысты.
Төлдің нәрлі заттарды қажет етуі оның жас ерекшелігіне, тұқымына, тірі салмағы мен тәуліктік өсіміне байланысты. Төлді толық рационды азықтармен азықтандырғанда қажетті қоректі заттардың шоғырлану мөлшерін әр 1 кг құрғақ заттың есебімен есептеген жөн. Ғылыми негізде жасалған норма бойынша 2—3 айлық бұзауға берілетін құрғақ заттың мөлшері әр 100 кг тірі салмағына шаққанда 1,8—2,2 кг; 4—6 айында — 2,4—2,9; 7—12 айлығында — 2,4—3,0 кг, 13-—18 айлығында — 2,1—2,5; 19—28 айлығында — 1,8—2,2 кг болғаны жөн.
Жас малдарды бағыттап өсіргенде олардың энергетикалық мұқтаждығын 1 кг құрғақ зат есебімен анықтайды. Мысалы 2—3 айлық ұрғашы бұзаулар рационынан, 1 кг құрғақ затында 1,8—1,4 азық өлшемі немесе 13,6—10,5 МДж энергиясы, ал.4—6 айлықта .1,1—0,9 азық өлшемі, 9,1—7,2 МДж АЭ; 7—12 айлықта — 0,85—0,81 азық өлшемі, 7,1—7,2 МДж АЭ; 13—18. айлықта — 0,82—0,82 азык, өлшемі, 7,2—7—8 МДж АЭ; 19—28 айлық болса — 0,81—0,92 азық өлшемі, 7,8—8,8 МДж АЭ шоғырлануы тиіс.
Жас малдарды нормамен азықтандырғанда протеин мөлшерін де еске алады.
Протеиннің жетіспеуі жас малдардың өсу қабілетін және дене мүшелерінің дамуын тежейді, ал протеин нормадан артық болса оны тйімді пайдалану коэффициенті кемиді.
Протеиннің қажеттілігі 1 азық өлшеміне шаққанда 3 айлық бұзауға — 120—130 г; 4—6 айында 117—110 г; 7—9 айында 100—105 г; 27—28 айында — 110 г болуы керек. Рационда қолайлы мөлшерде шикі протеин де болуы қажет. Рациондағы протеиндердің шоғырлану мөлшерімен қатар олардың сапасы да ескеріледі. Протеин сапасының ең негізгі көрсеткіші бұл олардың мес қарындағы ыдырау қасиеті. Сондықтан қазіргі уақытта протеиннің сапасын нақты қорытылатын (алмасу) протеин мөлшері арқылы анықтайды.
Нақты қорытылатын протеинге аш ішек бөліміне түсетін мес қарында пайда болатын (синтезделетін микробтық белок және мес карында ыдырамаған) азық протеині жатады.
Протеиннің сапасы олардың кұрамындағы амин қышқылдарына, әсіресе лизин және метионин қышқылдарына байланысты. Жас малдардың рационы көмірсумен (клетчатка, қант, крахмал) қадағаланады. 2—3 айлық бұзауларға клетчатка мөлшері рацион құрамындағы құрғақ заттың 6—12 процентінен, 3—6 айында — 18; 7—9 айында — 20; 9—1.2 айында — 22; 13—24 айында — 24 проц.-нен аспауы керек. Тұқымдық ұрғашы төддердің қантты кажетсінуі 3 айында рацион құрамындағы құрғақ заттын 15—16; 6 айында — 6-5—9; 13—24 айында — 6,5—8,5; 24—26 айында 7—9 процентін құрайды.
Қант — протеин қатынасы 0,8:1 болғаны тиімді.
Май мөлшері рационың құрғақ зат құрамында алғашкы айында 24,4 процент болып, 6 айлығында 5,4 процентке кемиді.
Өсе келе төлдін протеинді қажетсінуі азаяды, ал минералдық заттар мен витаминдерді қажетсінуі арта түседі. Бұл жас төлдер өсімдік тектес рационға көшкен кезде организмнің минералдық заттар мен витаминдерді нашар пайдаланғанына байланысты.
Өсімдік тектес азықтардын, құракында макро-микроэлементтер және витаминдер жетіспейтін аймақтарда төлдерге косьшша жем, премикс, я болмаса осы жетіспейтін микроэлементтердің тұзын, витаминдерді береді.
Ең негізгі қажетті витаминдердің бірі -А, Д, Е. 6 айға
дейінгі жас бұзаулар рационының әр 1 кг құрғак затында
26—37 мг каротин, 0,6 мьщ X. Ө. Д витамині, 30—50 мг Е ви-
тамині, алты -айдан аскан бұзауларға 22—25 мг каротин,
0Д_0;5 мың X. Ө. Д витамині, ; 40—60 мг Е витамині болуы
тиіс.
Ірі қара төлінің қоректік заттарды қажетсінуінің бір азық өлшеміне есептегендегісі 60-кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |