«ТрансОйл» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының («ТрансОйл» ск ақ) акцияларды шығару проспектісі



Дата23.02.2016
өлшемі340.11 Kb.
#8580


«ТрансОйл» Сақтандыру компаниясы»

Акционерлік қоғамының

(«ТрансОйл» СК АҚ)
АКЦИЯЛАРДЫ ШЫҒАРУ ПРОСПЕКТІСІ

___________________________________________________________________________________

Өкілетті органның жарияланған акцияларды шығаруын мемлекеттік тіркеу проспектіде көрсетілген акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір нұсқауды ұсынуды білдірмейді. Жарияланған акцияларды шығарудың мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырушы өкілетті орган осы құжатта мазмұндалған ақпараттың растығы үшін жауапкершілікті атқармайды. Акцияларды шығару проспектісі Қазақстан Республикасының заңының талаптарына сәйкес қана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектіде мазмұндалған ақпараттың растығы үшін жауапкершілікті атқарады, және де бұнда ұсынылған барлық ақпарат расталған болып табылатынын және инвесторларды қоғам мен оған орналастырылатын акцияларға қатысты қателесулерге алып бармайтынын бекітеді.

1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәлімет:



«ТрансОйл» Сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының қызметінің негізгі мақсаты сақтандыру қызметін жүзеге асыру арқылы акционерлердің мүддесі үшін таза табыс алу болып табылады.
2. Акционерлік қоғамның атауы:

- акционерлік қоғамның толық атауы:

мемлекеттік тілде – «ТрансОйл» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы;

орыс тілінде – Акционерное общество «Страховая компания «ТрансОйл»;

ағылшын тілінде – Joint-Stock Company « Insurance company «TransOil»;

- акционерлік қоғамның қысқартылған атауы:

мемлекеттік тілде – «ТрансОйл» СК АҚ;

орыс тілінде – АО СК «ТрансОйл»;

ағылшын тілінде – JSC IC “TransOil».
Қоғамның бұрынғы атауы:

- мемлекеттік тілде:



«АВИАПОЛИС» Сақтандыру компаниясы» Ашық үлгідегі акционерлік қоғамы

(«АВИАПОЛИС СК» АҮАҚ»);

- орыс тілінде:



Акционерное общество открытого типа «Страховая компания «АВИАПОЛИС»

(АООТ «СК АВИАПОЛИС»);

- ағылшын тілінде:



Joint-Stock Open Type « Insurance company «AVIAPOLIS»

(JSOT «IC AVIAPOLIS»);

Мемлекеттік тіркеу туралы № 56601 куәлігі 1994 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен берілген
- мемлекеттік тілде:

«ТрансОйл» Сақтандыру компаниясы» Ашық акционерлік қоғамы

(«ТрансОйл» СК ААҚ»);

- орыс тілінде:



Открытое акционерное общество «Страховая компания «ТрансОйл»

(ОАО «СК ТрансОйл»);

- ағылшын тілінде:



Open Joint-Stock Company « Insurance company «TransOil»

(OJSC IC «TransOil»).

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы № 4347-1910-АҚ куәлігі 1998 жылы 04 ақпанда Алматы қаласының Әділет департаментімен берілген.
Қоғам Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының қолданысқа енгізілуіне байланысты 2004 жылғы 28 сәуірдегі акционерлердің жылдық жалпы жиналысының хаттамасының негізінде «ТрансОйл» Сақтандыру компаниясы» ААҚ-ны «ТрансОйл» Сақтандыру компаниясы» АҚ-на қайта тіркеуді жүзеге асырды.
3. Акционерлік қоғамның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы мәлімет.

4347-1910-АҚ мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, 2004 жылғы 05 тамызда Алматы қаласының Әділет департаментімен берілген.



Алғашқы тіркеудің уақыты – 1991 жылғы 19 қараша.
4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: СТН 600400054340

5. Акционерлік қоғамның орналасқан жері



Қазақстан Республикасы, 050057, Алматы қ., Мұстафа Өзітүрік қөшесі, 7-А

телефон – 47-82-22, 74-04-69,факс – 47-63-17,

электронды почтаның адресі: transoil - is@nursat.kz.
6. Акционерлік қоғамның банктік реквизиттері:

ИИК - 802467983 АГФ «Банк ЦентрКредит» АҚ, Алматы қ., М.Әуезов қөшесі, БИК – 190501719, Кбе 15.
7. Акционерлік қоғамның қызметінің түрлері:

сақтандыру
8. Акционерлік қоғамға берілген рейтингтердің немесе оның шығарған бағалы қағаздарына халықаралық рейтингтік агенттіктердің және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингтік агенттіктерінің берген рейтингтерінің бар болуы туралы мәлімет:

қоғамға және оның шығарған бағалы қағаздарына рейтинг берілген жоқ.
9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілдіктерінің атауы, тіркелген уақыты, орналасқан жері және почталық мекен-жайлары.

Өкілдіктері жоқ.

Қоғамның филиалдары:

Атауы

1. Алматы филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

2. Ақмола филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

3. Ақтөбе филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

4. Атырау филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

5. Шығыс Қазақстан филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

6. Жамбыл филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

7. Батыс Қазақстан филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

8. Қарағанды филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

9. Қостанай филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

10. Қызылорда филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

11. Манғыстау филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

12. Павлодар филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

13. Солтүстік Қазақстан филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

14. Семей филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

15. Щучинск филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

16. Оңтүстік Қазақстан филиалы «ТрансОйл СК» АҚ

Тіркеу (қайта тіркеу) уақыты


1. 2005 жылғы 19 қаңтар

2. 2004 жылғы 24 желтоқсан

3. 2004 жылғы 12 қараша

4. 2004 жылғы 22 қараша

5. 2004 жылғы 20 желтоқсан

6. 2001 жылғы 03 желтоқсан

7. 2005 жылғы 11 сәуір

8. 2004 жылғы 8 желтоқсан

9. 2004 жылғы 15 желтоқсан

10. 2005 жылғы 19 мамыр

11. 2005 жылғы 04 наурыз

12. 2005 жылғы 16 ақпан

13. 2004 жылғы 09 желтоқсан

14. 2004 жылғы 17 қараша

15. 2004 жылғы 26 қараша

16. 2005 жылғы 01 ақпан

Толық пошталық адресі

  1. Қазақстан Республикасы 050000, Алматы облысы,

Талдықорған қ.,

Тәуелсіздік көш., 53 үй

2. Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ.,

Тәшенов көш., 8 үй

3. Қазақстан Республикасы 030000, Ақтөбе қ.,

Ә. Молдағұлова даң., 33 үй

4. Қазақстан Республикасы 060000, Атырау қ., Азаттық

даң., 104 үй

5. Қазақстан Республикасы 070000, ШҚО,

Өскемен қ.,Ленин даң., 73/2 үй

6. Қазақстан Республикасы 080000, Тараз қ.,

Қазыбек би көш., 179 үй, 3 пәтер

7. Қазақстан Республикасы 090000, БҚО

Орал қ., 8-ші Март көш., 129 үй

8. Қазақстан Республикасы Қарағанды обылысы,

100000, Қарағанды қ.

Ерубаев көш., 31 үй, 62 пәтер

9. Қазақстан Республикасы 110000, Қостанай қ.,

Әл-Фараби даң., 199 үй, 218 офис

10. Қазақстан Республикасы Қызылорда қ., Желтоқсан

көш., 2 үй, 52 пәтер

11. Қазақстан Республикасы 130000, Маңғыстау облысы,

Ақтау қ., 7 ш/а, 2 үй

78 пәтер

12. Қазақстан Республикасы 140000, Павлодар қ.,

А. Сәтпаев көш., 46 үй, 205 п.

13. Қазақстан Республикасы 150000, СҚО

Петропавловск қ.,

Интернациональная көш., 46 үй

14. Қазақстан Республикасы 071402, ШҚО, Семей қ.

Құлжановтар көш., 15 үй

15. Қазақстан Республикасы 021700, Ақмола обл.

Щучинск ауданы

Щучинск қ.,

Әуэзов көш., 45 үй

16. Қазақстан Республикасы 160000, ОҚО, Шымкент қ.,

Тоқаев көш., 18 үй, 21 пәтер

10. Акционерлік қоғамның қаржылық есебінің аудитін жүзеге асырған аудиторлық ұйымның толық ресми атауы:



«Центраудит-Қазақстан» тәуелсіз аудиторлық компаниясы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 27 желтоқсанда аудиторлық қызметпен айналысуға берген мемлекеттік лицензия № 0000017.

Радостовец Виктор Владимирович, директор.

ІІ. Қоғамның органдары және акционерлері.


11. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі.

  1. төраға мен қоғамның директорлар кеңесінің мүшелерінің аты-жөні, тегі, әкесінің аты туған жылы:

Бабаев Сәбит Әбдірахманұлы, 1938 ж.т. - Директорлар кеңесінің Төрағасы;

Сафин Мұрат 1958 ж.т. - Директорлар кеңесінің мүшесі;

Ровенских Вячаслав Иванович, 1960 ж.т. - Директорлар кеңесінің мүшесі;

Ким Владимир Алексеевич 1953 ж.т. - Директорлар кеңесінің мүшесі;

Исмағұлов Мырзағали Қожағұлұлы 1950 ж.т. - Директорлар кеңесінің мүшесі;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың соңғы үш жыл ішіндегі және осы уақыттағы, сонымен бірге қосымша атқарған лауазымдары, тізбелік тәртіппен:

Бабаев Сәбит Әбдірахманұлы, соңғы үш жылдан 2004 жылғы шілдеге дейін «Астық» ашық акционерлік қоғамының Президенті, 2004 жылғы шілдеден қазіргі уақытқа дейін – зейнеткер;

Сафин Мұрат, соңғы үш жылдан қазіргі уақытқа дейін «Атыраумұнайгазгеология» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы, 2004 жылдан «CaspiOilGas» ЖШС кеңесші;

Ровенских Вячаслав Иванович, соңғы үш жылдан қазіргі уақытқа дейін «Достар –Трейд» ЖШС-нің директоры;

Ким Владимир Алексеевич 2002 жыл мен 2003 жыл аралығында «Корпорация Достар» ЖШС-нің президенті, 2003 жылдан бастап «Vostok trade corporation» ЖШС-нің бас кеңесшісі;

Исмағұлов Мырзағали Қожағұлұлы, соңғы үш жылдан қазіргі уақытқа дейін «ТрансОйл» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы;
3) директорлар кеңесінің мүшелеріне тиесілі акциялардың жалпы санының акционерлік қоғаммен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы пайыздық қатынасы:

96,33 пайыз;
4) еншілес және тәуелді ұйымдардағы директорлар кеңесінің мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесі) жалпы санының акционерлік қоғаммен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы пайыздық қатынасы: жоқ;
5) алдыңғы екі жыл ішіндегі директорлар кеңесінің құрамындағы өзгеріс:

Директорлар кеңесінің мүшесі Байболаев Мәлік Қазанқапұлы тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты 2003 жылғы 1 мамырда өтініші бойынша құрамнан шықты;

Директорлар кеңесінің мүшесі Ким Никита Леонидович Директорлар кеңесінің сандық құрамының өзгеруіне байланысты 2004 жылғы 28 сәуірдегі акционерлердің жылдық жалпы жиналысында Директорлар кеңесінің жаңа құрамына қайтадан сайланған жоқ.
12. Акционерлік қоғамның атқарушы органы:

1) акционерлік қоғамның бар болса жеке дара атқарушы органының қызметін жүзеге асырушы тұлғаның аты-жөні, тегі, әкесінің аты, туған жылы не акционерлік қоғамның бар болса алқалы атқарушы органының әрбір мүшесінің, сонымен бірге басқарма төрағасының аты-жөні, тегі, әкесінің аты, туған жылы;

Акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес атқарушы орган болып табылады

Басқарма:

Исмағұлов Мырзағали Қожағұлұлы 1950 ж.т. - Басқарманың төрағасы;

Мейрамғазинов Әнуар Ботайұлы 1954 ж.т. - Басқарманың мүшесі;


Цхай Айлита Алексеевна 1954 ж.т. - Басқарманың мүшесі;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың соңғы үш жыл ішіндегі және осы уақыттағы, сонымен бірге қосымша атқарған лауазымдары, тізбелік тәртіппен, өкілетілігі көрсетілуімен:

Исмағұлов Мырзағали Қожағұлұлы – соңғы үш жылдан қазіргі уақытқа дейін Басқарманың Төрағасы;

Мейрамғазинов Әнуар Ботайұлы2002 жылы «Виктория» Сақтандыру компаниясы» ЖАҚ-ның Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша сақтандыру өнімдерін сату Департаментінің директоры, 2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін Басқарманың Төрағасының орынбасары;



Цхай Айлита Алексеевна - соңғы үш жылдан қазіргі уақытқа дейін бас бухгалтер;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесі) жалпы санының акционерлік қоғаммен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы пайыздық қатынасы: 0,15 пайыз.
13. Қоғамның соңғы қаржылық жылда лауазымды тұлғаларына төленген сыйақылардың және жалақының жалпы сомасы.

Соңғы қаржылық жылда қоғамның лауазымды тұлғаларына төленген сыйақылар – 375 мың теңгені құрады.

Соңғы қаржылық жылда лауазымды тұлғаларына төленген жалақы - 5 017,3 мың теңгені құрады.
14. Акционерлік қоғамның ұйымдастыру құрылымы.

1) акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері:



Басқарма, ішкі аудит департаменті, бухгалтерлік есеп және есеп беру департаменті, сақтандыру және қайтадан сақтандыру департаменті, сақтандыру төлемдері жөніндегі департамент, жарнама және автоматтандыру секторы, әкімшілік-шаруашылық бөлім;
2) акционерлік қоғамның қызметкерлерінің, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің жұмысшыларының жалпы саны – 765 адам;

3) акционерлік қоғамның акцияларын иеленуші акционерлік қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны – сегіз, олардың акционерлік қоғаммен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы пайыздық көрсеткіштегі жиынтық үлесі – 0,31 пайыз .


4) Акционерлік қоғамның бөлімшелерінің басшылары туралы мәлімет:

1. Исмағұлов Мырзағали Қожағұлұлы 1950 ж.т.

2. Тұрымбетов Әубәкір Амитұлы 1955 ж.т.;

3. Цхай Айлита Алексеевна 1954 ж.т.;

4. Цой Игорь Михайлович 1963 ж.т.;

5. Сабырбаев Қаппас Нұрғасымұлы 1962 ж.т.;

6. Біләлов Мұрат Әлімғазыұлы 1954 ж.т.;

7. Орманбаев Бахытжан 1972 ж.т.;
5) филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары туралы мәлімет:

Филиалдың атауы

Басшысының аты-жөні

Туған жылы


Алматы

Жұмашев Кенжетай

1951 жыл

Ақмола

Иманбаев Нұрбай Тілеуғабылұлы

1970 жыл

Ақтөбе

Әбуғалиева Венера Маратқызы

1972 жыл

Атырау

Біктеубаев Сарман Қайырұлы

1948 жыл

Шығыс Қазақстан

Черных Максим Станиславович

1980 жыл

Жамбыл

Раиымбаева Раушан Темірханқызы

1965 жыл

Батыс Қазақстан

Қуанғалиев Абай Елемесұлы

1949 жыл

Қарағанды

Сейдин Әбдірашид Жұмаділдәұлы

1957 жыл

Қостанай

Цхай Владислав Валерьевич

1966 жыл

Қызылорда

Хан Георгий Михайлович

1950 жыл

Маңғыстау

Ізгенов Андрей Нұрбайұлы

1952 жыл

Павлодар

Нұрахметов Болат Кукиевич

1955 жыл

Солтүстік Қазақстан

Шәкетаев Нұржан Қабдіуәлиұлы

1954 жыл

Семей

Жақымбаев Мұратхан Қажытайұлы

1961 жыл

Щучинск

Севостьянов Юрий Дмитриевич

1945 жыл

Оңтүстік Қазақстан

Зиябеков Салмахан Жандарұлы

1960 жыл

15. Қоғамның құрылтайшылары немесе Акционерлері:


Қоғамның орналастырған акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлерге тиесілі акциялардың қоғаммен орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық қатынасы:


Заңды тұлға акционерлердің толық атауы немесе жеке тұлға акционерлердің аты-жөні

Заңды тұлға акционерлердің орналасқан жері немесе жеке тұлға акционерлердің құжаттық деректері мен тұрғылықты жері

Акциялар

ының пайыздық қатынасы:




Сафин Мұрат, 1958 ж.т.

Алматы қ., Горная көш., 119-а үй,

жеке куәлігі № 013333051

2002 жылғы 08 қарашада ҚР ІІМ берілген

92,93

Акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларын сатып алуға бекітілген опциондары – жоқ.


16. Акционерлік қоғам ірі акционер болып табылатын ұйымдар туралы мәлімет – ұйымның орналастырған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесіндегі) он және одан да көп (халықтық акционерлік қоғамда – бес және одан да көп) пайызды иеленеді:

Қоғам ірі акционер болып табылмайды және басқа ұйымдардың жарғылық қорында үлеске ие емес.
17. Қоғамның қатысатын өндірістік, банктік, қаржылық топтары, холдингтер, концерндер, бірлестіктер, консорциумдар:

Қоғам «Қазақстан қаржыгерлерінің бірлестігі» ОЮЛ мүшесі және

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушы болып табылады.
18. Акционерлік қоғам басқа да кіріккен тұлғалары туралы мәлімет:

Қоғамның ірі акционері немесе лауазымды адамы болып табылатын жеке адамның жақын туысы (ата-анасы, ерлі-зайыптылар, аға-інісі, апа-сіңлісі, ұлы, қызы), сондай-ақ жекжаты (зайыбының (жұбайының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы,ұлы немесе қызы) болып келетін жеке адамдар:


Кіріккен тұлғалардың аты-жөні

Туған жылы

Туыстық дәрежесі


Бабаев Сабит Абдрахманович

1937

директорлар кеңесінің Төрағасы

Бабаев Сагитбек

1950

інісі

Сафина Жанна

1965

қызы

Бабаева Индира

1967

қызы

Бабаева Бану

1973

қызы

Бабаева Канытгуль Бердимбетовна

1941

зайыбы

Бердимбетов Таныспай

1949

зайыбының інісі

Сафин Мурат

1958

директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер

Сафинова Райгуль

1947

Апасы

Сафинова Ираина

1949

Апасы

Сафинова Марьям

1951

Апасы

Сафинова Эльвира

1957

Апасы

Сафинов Марат

1960

інісі

Сафинов Канатбек

1962

інісі

Сафина Мадина

1985

қызы

Сафин Темирлан

1994

ұлы

Сафина Жанна

1965

зайыбы

Бабаев Сабит Абдрахманович

1941

зайыбының әкесі

Бабаева Канытгуль Бердимбетовна

1941

зайыбының анасы

Бабаева Индира

1967

зайыбының сіңлісі

Бабаева Бану

1973

зайыбының сіңлісі

Ким Владимир Алексеевич

1953

директорлар кеңесінің мүшесі

Ли Людмила Алексеевна

1949

апасы

Ким Лилия Алексеевна

1955

қарындасы

Ким Алексей Владимирович

1981

ұлы

Ким Дмитрий Владимирович

1987

ұлы

Ровенских Вячеславович Иванович

1960

директорлар кеңесінің мүшесі

Ровенских Дмитрий Вячеславович

1985

ұлы

Ровенских Максим Вячеславович

1990

ұлы

Ровенских Лариса Геннадиевна

1959

зайыбы

Петерс Светлана Геннадиевна

1966

зайыбының сіңлісі

Исмагулов Мырзагали

Кожагулович

1950

директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы


Исмагулова Бактыгул

Кожагуловна

1958

қарындасы

Исмагулов Абилгали

Кожагулович

1961

інісі


Исмагулова Баянгул

Кожагуловна

1965

қарындасы

Тойлыбаева Гулнар

Кожагуловна

1967

қарындасы

Исмагулов Айдар Мырзагалиевич

1977

ұлы

Исмагулов Алмас Мырзагалиевич

1979

ұлы

Исмагулов Айдос Мырзагалиевич

1986

ұлы

Бейсенгожанова Шолпан

Нусуповна

1951

зайыбы


Нусупов Ахмет

Бейсенгожанович

1924

зайыбының ағасы

Молдабекова Аймен

Бейсенгожановна

1947

зайыбының апасы

Цхай Айлита Алексеевна

1954

Басқарманың мүшесі, бас бухгалтер

Цхай Валерий Алексеевич

1941

ағасы

Цхай Леонард Алексеевич

1944

ағасы

Цхай Бронеслав Алексеевич

1946

ағасы

Цхай Дели Алексеевна

1948

апасы

Цхай Дина Алексеевна

1951

апасы

Цхай Эдита Алексеевна

1952

апасы

Цхай Сергей Алексеевич

1957

інісі

Цхай Юрий Алексеевич

1959

інісі

Те Илья Сдкобович

1982

ұлы

Те Надя Сдкобовна

1986

қызы

Те Сдкоб Ден-Хиевич

1953

зайыбы

Те Валла Ден-хи

1949

зайыбының апасы

Те Юрий Ден-хивич

1952

зайыбының ағасы

Мейрамгзинов Ануар Ботаевич

1954

Басқарманың мүшесі, Басқарманың

Төрағасының орынбасары

Мейрамгазинов Берикбол Ботаевич

1949

ағасы

Мейрамгазинов Аян Ануарович

1986

ұлы

Оржанова Куляйса Табыновна

1956

зайыбы

Оржанов Табын Капанович

1929

зайыбының әкесі

Джубанышева Унай Бейсеновна

1931

зайыбының анасы

Оржанов Есенжан Табынович

1954

зайыбының ағасы

Оржанова Гулжан Табыновна

1958

зайыбының сіңлісі

Оржанов Сабыржан Табынович

1959

зайыбының інісі

18-1. Қоғамның кіріккен тұлғалармен мәмілелері.



Қоғам кіріккен тұлғалармен мәмілелер жасаған жоқ.
ІІІ. Акционерлік қоғамның қызметінің сипаты
19. Акционерлік қоғамның негізгі қызмет түрлерінің қысқаша сипаттамасы:

Қоғамның қызметінің негізгі түрі 2005 жылғы 22 ақпанда АФН Агенттігінің ерікті және міндетті сақтандырудың тоғыз түрі бойынша «жалпы сақтандыру» саласы жөніндегі МС және ДОС сериялы 2-5/1 лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру қызметі болып табылады.
Қоғамның Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы негізгі бәсекелестері сақтандыру компаниялары, сақтандыру брокерлері болып табылады. «Виктория СК» ЖАҚ, «Казкоммерц –Полис СК» АҚ, «Валют-Транзит-Полис СК» АҚ, «АТФ Полис СК» АҚ.

20. Қызметтің табыстылығына оң және теріс әсерін тигізуші факторлар.

Қызметтің табыстылығына оң әсерін тигізуші факторлар:


  • кең көлемдегі жарнамалық жұмысты жүргізу,

  • Қазақстан аумағында филиалдық желісінің болуы,

  • мүліктік мүдделерді қорғау бойынша сақтандыру қызметіне үнемі сұраныстың болуы,

  • сақтандыру өнімдерінің жаңа түрлерінің енгізілуі,

  • халықтың төлем қабілетінің артуы.

Қызметтің табыстылығына теріс әсерін тигізуші факторлар:

  • қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестіктің жоғарғы деңгейі,

  • құнсыздану,

  • өндірістің және жұмысшылардың санының қысқаруы.

21. Соңғы екі жыл ішіндегі немесе акционерлік қоғамның нақты құрылғаннан бергі мерзімінде өткізілген өнімдердің (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) көлемдері:



Жиналған сақтандыру сыйлықтарының жалпы сомасы:

2003 жылға - 258 783 мың теңге;

2004 жылға - 350 962 мың теңге.

Жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы:

2003 жылға - 58 721 мың теңге;

2004 жылға - 135 198 мың теңге.

Көрсетілген қызметтердің көлемдеріндегі өзгерістерді талдау:

2004 жылы көрсетілген қызметтердің көлемі аймақтық агенттік желілерінің дамуының және бекітілген келісім-шарттар мен сақтандыру жағдайларының санының артуының есебінен сақтандыру сыйлықтары бойынша 135,6 пайызға және сақтандыру төлемдері бойынша 230 пайызға артты.
22. Қоғамның өз өнімдерін (жұмыстарды, қызметтерді) сатуды ұйымдастыруы жөніндегі қызметі.

Бұл тармақта қоғамның өндіретін немесе тұтынатын тауарларының жалпы құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын көлемдегі тұтынушылары мен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізушілері туралы мәліметті көрсету қажет.



Қоғамның өндіретін тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің) жалпы құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын көлемдегі тұтынушылары мен жеткізушілері жоқ.
23. Акционерлік қоғамның қызметіне әсерін тигізуші факторлар:

1) маусымдық сипаттағы қызмет түрлері, олардың акционерлік қоғамның жалпы табысындағы үлесі:



жоқ
2) акционерлік қоғамға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегі) импорттың үлесі және акционерлік қоғамның жалпы өткізілетін өнімдердің көлеміндегі экспортқа шығарылатын өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) үлесі:

импорты – жоқ;

экспорты – жоқ;
3) Акционерлік қоғамның сот процестеріне қатысқандығы туралы мәлімет. Осының нәтижесі бойынша акционерлік қоғамның қызметін тоқтату немесе өзгерту, одан ақшалай немесе басқа да міндеттемелер алудың жүргізілуі мүмкін сот процестерінің мәнінің сипатын ұсыну қажет:

жоқ;

4) соңғы жылдың ішінде өкілетті мемелекеттік органның және (немесе) соттың акционерлік қоғам мен оның лауазымды тұлғаларына салынған барлық әкімшілік жауапқа тартулар туралы мәлімет:



Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларына соңғы жылдың ішінде өкілетті мемелекеттік органның және (немесе) соттың салынған әкімшілік жауапқа тартулар болған емес;
5) қауіптілік факторлары:

бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығындағы немесе биржадан тыс нарықтағы акцияның бағасына әсерін тигізетін:



қоғамның акциялары бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналмайды;

қоғамның акцияларының құнына әсерін тигізетін нарықтағы өнім құнының өзгеруі:



қоғамның қызметінің құнының өзгеруі Қоғамның акцияларының құнына елеулі түрде әсерін тигізбейді;

инфляциямен, девальвациямен және банктік пайыздардың мөлшерлемесімен байланысты:



қоғамның қызметінде инфляциямен, девальвациямен байланысты жүйелі түрдегі қауіптілігі, шет ел валютасының бағамының өзеруімен байланысты шығындардың туындау қауіптілігі бар,

өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттігімен байланысты:



қоғамның қызметінің өзіндік құнының артуының қауіптілігі бар,

мемлекеттегі саяси жағдайдың өзгеруі мен заңның өзгеруімен байланысты:



Қазақстандағы саяси жағдай оңды болып табылады және оның жақын арадағы жыдарда тұрақтылығына куәлік беріледі.

Қоғамның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңының талаптарын бұзуына байланысты, қоғамның және оның клиенттерінің мүдделеріне әсер ететін заңның өзгеруіне байланысты шығындарының туындау қауіптілігі бар.

әлеуметтік факторлармен байланысты:



Қоғамның әлеуметтік және кадрлық саясаты жаңа клиенттерді, жоғары білікті мамандарды тартуға бағытталған.

IV. Қаржылық емес ұйымдардың қаржылық жағдайы.


Бұл тарау толтырылмайды, өйткені, «ТрансОйл» Сақтандыру компаниясы» АҚ қаржылық ұйым болып табылады.
V. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы
24. Инвестициялар мен бағалы қағаздар қоржыны.

Бұл мәселе бойынша ақпарат келесі құрылымда беріледі:

Басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзімдік инвестициялар, мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздардың қоржынындағы сатуға арналған бағалы қағаздар қоржыны, басқа да инвестициялар

Бағалы қағаздардың атауы

Бағалы қағаздардың түрлері

Бағалы қағаздардың саны (данамен)

Баланстық құны

(мың теңгемен)



Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары


Евроноттар
КННБ
МЕОКАМ


64 000
500 000
5 880



9 216
49 826
6 236

Қазақстан Республикасының ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары



«Темірбанк» АҚ облигация лары

2 000

27 428

Қорытынды







92 706

Қоғамның стратегиясының қысқаша сипаттауын беру керек: басқа ұйымдардың капиталына қатысуы, мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздардың қоржынын басқаруы.

Диверсификация, өте жоғары өтімділік, жоғары табыстылық, сенімділік, және т.б.
30-1. Активтер.

Құны оның активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын мүліктің сипатын беру керек.



Акцияларды шығару Проспектін жасау уақытында Қоғамның барлық активтерінің баланстық құны - 409 102 мың теңгені құрайды

ақшалар - 253 012 мың теңге;

бағалы қағаздар - 92 706 мың теңге;

негізгі қаражаттар - 38 663 мың теңге.

Құны оның активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлік жоқ.
31. Жарғылық капитал.

Қоғамның төленген жарғылық капиталы 200 000 мың теңгені құрайды.
32. Банкаралық займдер.

Қоғам Банкаралық займдер нарығында ұстанымға ие емес.
33. Салымдары.

Бұл тарау толтырылмайды, өйткені, Қоғам Банк болып табылмайды.

34. Қолданыстағы облигацияларды шығару құрылымы мен соңғы үш жыл ішіндегі орны толтырылған облигациялар туралы мәлімет.



Қоғам соңғы үш жылда облигацияларды шығаруды жүргізген жоқ.

35. Акционерлік қоғам активтерінің бес пайызынан асатын халықаралық займдердің (сомасы, өтеу кестесі, сыйақының мөлшері) шарттары мен соңғы үш жылдағы тартылған және орындалған өзінің активтерінің бес пайызынан асатын халықаралық займдер туралы мәлімет.



Қоғам соңғы үш жылда халықаралық займдерді тартқан жоқ.
36. Акционерлік қоғамның иелігіндегі басқа ұйымдардан алған ашық несие желілері туралы мәлімет.

Ашық несие желілер жоқ.

37. Қаржылық нәтижелерін талдауы.



мың теңге

Көрсеткіштерінің атауы

Кезеңі

2004 ж. 1 қаңтарға


2005 ж. 1 қаңтарға


Көрсетілген қызметтер көлемі

258 783

350 962

Таза табыс

30 441

14 305

Пайыздық табыстар (салымдар, бағалы қағаздар бойынша, комиссиялық сыйақылар)

22 247

21 141

Пайыздық емес табыстар (жалдау үшін, бағамдық айырмашылық, басқалары)

2 379

423


Пайыздық шығындар (агенттерге сыйақылар)

44 120


74 989

Пайыздық емес шығындар (сақтандыру қорларын қалыптаст. бойынша, сақтандыру төлемдері, басқалары)

208 848

283 232


Жақын жылдарға арналған болжам:

Сақтандыру сыйлықтарының көлемінің 500 000 мың теңгеге дейін өсуі.

38. Соңғы екі жыл ішіндегі табыстар мен шығындардың құрылымы.




Көрсеткіштерінің атауы

Кезеңі

2004 ж.

1 қаңтарға

мың теңге

2005 ж.

1 қаңтарға

мың теңге

Табыстар

Алынған сақтандыру сыйлықтарының таза сомасы

239 219

337 993

Алынған комиссионды сыйақылар

1 533

1 180

Инвестициялық табыс

20 714

19 961

Сақтандыру қорларындағы кемушілік







Басқа да табыстар, оның ішінде:

2 379

423

- активтерді сатудан түскен табыстар

60

155

- шет ел валютасын сатып алу –сатудан түскен табыстар

1 871

86

- міндеттемелерін жоюдан түскен табыстар







- қайтадан бағалау сомасын жою







- бұрынғы өндірістік шығындарды толтыру







- жалдаудан түскен табыстар

367

133

- басқалары

81

49

Шығындар

Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығындар

51 847

134 391

Сақтандыру қорларындағы артушылық

63 820

31 397

Төленген комиссионды сыйақылар

44 120

74 989

Қорлардың белгісіз қарыздарға шығыны







Жалпы және әкімшілік шығындар

47 729

79 878

Салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемд.

7 617

6 593

Басқа да шығындар, оның ішінде::

8 563

4 440

- шет ел валютасын сатып алу –сату бойынша шығындар

8 497

4 140

- қайырымдылық шығындары







- басқа да шығындар

66

300

39. Акционерлік қоғамның пікірі бойынша ең маңызды және қоғамның қызметін сипаттап беретін қаржылық коэффициенттерінің есептеулері.




п/п

Коэффициент

Есебі

2005ж. 1 маусым.

мәні

1.

Оңтайлығы жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі (Нва =>1)

Нва = ВА/СР = 313 152/145 170

бұнда ВА - оңтайлығы жоғары активтердің құны;

СР – сақтандыру қорларының сомасы


2,2

2.

Өз капиталының жеткіліктілік нормативі (Нк=>1)

Нк = (А – СР – О)/ Мск =(357 186 -145 170 - 25 238)/ 172 000,

бұнда А – барлық активтердің құны;

СР – сақтандыру қорларының сомасы;

О – міндеттеме;

Мск – өз капиталының ең төменгі мөлшері


1,1

40. Пруденциалды нормативтер және басқа да Қазақстан Республикасының заңымен акцияларды шығару проспектісі уақытында белгіленген орындалуы міндетті нормалар мен шектеулері.







Коэффициент

Заңмен белгіленген нормалар мен шектеулер.


2005 ж.

1 маусымдағы мәні.


1.

Оңтайлығы жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі

(Нва)- 1 кем емес

2,2

2.

Өз капиталының жеткіліктілік нормативі

(Нк)- 1 кем емес

1,1

3.

Активтерді диверсификациялаудың нормативі

(НД1)- актив сомаларының 15 % кем емес

16%

4.

Екінші деңгейдегі бір банкке салымдары бойынша инвестиция көлемі

(НД2)- )- актив сомаларының 15 % көп емес

2,6 - 13,7% дейін

5.

Екінші деңгейдегі бір банктегі бағалы қағаздар инвестициясының көлемі

(НД3)- )- актив сомаларының 10 % көп емес

6,7%

41. Қоғамның акция шығару туралы шешімді қабылдағанына дейін соңғы алты айдың ішіндегі берген кепілдерінің көлемі және мөлшері.



Қоғам соңғы алты айдың ішінде кепілдер берген жоқ.
42. Акционерлік қоғамның өзімен бұрын берген кепілдерінің, сот талаптарының нәтижесінде туындауы мүмкін міндеттемелеріне қатысты басқа да ақпарат.

Қоғамның өзімен бұрын берген кепілдерінің, сот талаптарының нәтижесінде туындауы мүмкін міндеттемелеріне қатысты басқа да ақпарат жоқ.
VІ. Бағалы қағаздарды шығару туралы мәлімет
43. Тіркелген бағалы қағаздардың шығарылымдары:
Жалпы сомасы 4 180 120 теңге болатын, саны 12 806 акциялардың 1-ден 4-ге дейінгі эмиссияларының шығарылымдары бір уақыттағы бесінші эмиссияның акцияларын тіркеуі кезінде күші жойылды. 1995 жылғы 24 қазандағы акциялардың эмиссиясының құрылымының өзгеруімен байланысты акцияларды жою туралы Акт.
Бағалы қағаздардың 5 шығарылымы: 1995 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бағалы қағаздар бойынша А0017-4 номерімен тіркелген. Шығару түрі құжатсыз.

Номиналды құны 1000 (мың) теңгеден саны 20 000 (жиырма мың) дана 20 000 000 (жиырма миллион) теңге сомасындағы жай атаулы акциялар.

орналастырудың басталған уақыты –1995 жыл 29 маусым

орналастырудың аяқталған уақыты: 1995 жыл 25 желтоқсан

1996 ж. 01 наурыздағы эмиссиясының қорытындылары туралы есеп беруді бекітудің немесе эмиссияның күшін жоюдың уақыты: 1998 ж. 11 мамыр. 2001 жыл 29 маусым.
Бағалы қағаздардың 6 шығарылымы: 1998 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясымен А0017-5 номерімен тіркелген. Шығару түру құжатсыз.

Номиналды құны 1000 (мың) теңгеден саны 80 000 (сексен мың) дана 80 000 000 (сексен миллион) теңге сомасындағы жай атаулы акциялар.

орналастырудың басталған уақыты –1998 жыл 11 мамыр

орналастырудың аяқталған уақыты: 2000 жыл 06 қараша

2000 ж. 12 желтоқсандағы эмиссиясының қорытындылары туралы есеп беруді бекітудің немесе эмиссияның күшін жоюдың уақыты: 2001 ж. 09 қараша. 2000 жыл 05 желтоқсан.
Бағалы қағаздардың 7 шығарылымы: 2001 жылғы 09 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі А0017-6 номерімен тіркеген. Шығару түру құжатсыз.

Номиналды құны 1250 (мың) теңгеден саны 80 000 (сексен мың) дана 100 000 000 (жүз миллион) теңге сомасындағы жай атаулы акциялар.

орналастырудың басталған уақыты –2001 жылғы 09 қараша

орналастырудың аяқталған уақыты: 2001 жылғы 14 қараша

эмиссиясының қорытындылары туралы есеп беруді бекітудің уақыты: 2001 жылғы 14 желтоқсан.
Бағалы қағаздардың 8 шығарылымы: 2002 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі А0017-7 номерімен тіркеген. Шығару түру құжатсыз.

Номиналды құны 1250 (мың) теңгеден саны 80 000 (сексен мың) дана 100 000 000 (жүз миллион) теңге сомасындағы жай атаулы акциялар.

орналастырудың басталған уақыты –2002 жылғы 22 сәуір

орналастырудың аяқталған уақыты: 2003 жылғы 20 ақпан

эмиссиясының қорытындылары туралы есеп беруді бекітудің уақыты: 2003 жылғы 18 сәуір.
3) Қоғамның өзінің міндеттемелерін орындамағаны туралы деректер:

2003, 2004 жылдарда дивидендтер есептелінген, бірақ үш акционердің келмей қалуының себебінен дивидендтерді төлеу бойынша берешектер бар.
4) Бағалы қағаздарды орналастыру мен айналдыру тоқтатылған жоқ, және бағалы қағаздарды шығару орындалмаған деп танылған жоқ: жоқ
5) Облигациялар бойынша өтеудің уақыты мен төлемдердің жалпы сомасы:

Қоғам облигацияларды шығарған жоқ.

6) Соңғы екі қаржылық жылдағы дивидендтерді есептеу:

2003 жылы – бір акцияға – 95 теңге, жалпы сомасы 15 200 мың теңге

2004 жылы – бір акцияға – 125 теңге , жалпы сомасы 20 000 мың теңге
7) Қоғамның бағалы қағаздарымен сауда жасау жүзеге асырылмайды.

VII. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлімет

44. Акциялар туралы мәлімет:

1) акциялардың саны, түрлері – 480 000 дана жай акциялар;

2) құрылтайшылардың арасында орналастырылған акциялардың саны мен түрлері – 160 000 жай акциялар

3) құрылтайшылармен төленген акцияның номиналды құны – 1 250 теңге



4) артықшылық берілген акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері:

Артықшылық берілген акциялар шығарылған жоқ.
45. Қоғамның еркін айырбасталатын бағалы қағаздары:

Еркін айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылмайды.
45-1. Төлеу агенті туралы мәлімет:

Төлеу агентінің қызметі пайдаланылған жоқ.
46. Қоғамды тіркеуші туралы мәлімет:

Қоғам 2003 ж. 22 мамырда, 480091, Алматы қ., Төлебаев көш., 142. орналасқан, 2001 жылғы 11 шілдедегі ҚР-ның бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясымен берілген лицензиясының №0406200204, «Бірыңғай тіркеуші» ЖШС-мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін жүргізу туралы № 22/5 Келісім-шартты жасасты.
VIII. Қосымша ережелер
47. Акцияларды шығаруға кеткен шығындардың сомасы.

Кеңес берушілердің қызметтері - 50 мың теңге.
48. Инвесторларға арналған ақпарат.

Инвесторлар «ТрансОйл» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Жарғысының және акцияларды шығару проспектісінің көшірмесімен мына мекен-жай бойынша: 050057, Алматы қ., Мұстафа Өзітүрік көш., 7А. таныса алады.


Басқарма Төрағасы Исмагулов М.К.
Бас бухгалтер Цхай А.А.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет