«Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы» 2010 жылғы 22 қазандағы №380 шешіміне өзгерістер енгізу туралы



Дата27.02.2016
өлшемі24.59 Kb.
#28056


ЖОБА


Мәслихаттың

«Тұрғын үй көмегін көрсету

ережесі туралы» 2010 жылғы

22 қазандағы № 380 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабы 1 – тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 380 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-20-183 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 қарашада «Федоровские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:

2 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Тұрғын үй көмегін «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) көрсетеді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – өтініш беруші) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалык мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Федоров бөліміне (бұдан әрі – ХҚО) немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді және Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;

3 - тармақ алынып тасталсын;

4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Уәкілетті орган өтініш берушімен осы Қағиданың 2-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылдайды.

Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

5 - тармақ алынып тасталсын;

9 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.

Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.

Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс сессияның төрайымы
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов


КЕЛІСІЛДІ
«Федоров аудандық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

басшысы


____________ Т. Волоткевич

«___» __________ 2014 жыл

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы

____________ В. Гринак



«___» _______ 2014 жыл




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет