Ауада ластану заттардық нормалары
Ауа – адамды қоршаған орта, сондықтан оның адам денсаулығына тікелей әсері болады.
Атмосфералық ауа сапасының белгілері. Атмосфералық ауада, әсіресе ауаның төменгі қабаттарында газ тәріздес қоспалардан басқа физикалық қоспалар да кездеседі. Олар әрқашан шығу тегінің және пішінінің, өлшемінің, химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің әртүрлілігіне байланысты бір қалыпта болады. Олар шаң, түтін, күйе, әр түрлі органикалық бөлшектер (споралар, тозаңдар, микроорганизмдер). Физикалық қоспалар атмосфералық процестің дамуында үлкен рөл атқарады. Адамның антропогендік әрекетінің нәтижесінде ауа химиялық қосылыстармен: көмірсу диоксиді, азот оксиді, қорғасын және т.б қарқынды ластанады.
Ауа сапасы сапалық көрсеткіш ШЗК коэффициенті көмегімен бағаланады:
J= Ci/ШЗКі (1)
Мұндағы Ci –заттың нақты концентрациясы
ШЗКі – ластағыш заттардың (ЛЗ) бірінші реттік максималды шектеулі заттарының көрсеткіші.
Ластану көбінесе бір уақытта бірнеше ластағыш заттардың әсерлесуінің есебінен күшейеді, ол кезде ластағыштардың жиынтық (суммация) эффектісі есептеледі:
J= Ci/ШЗКі+С2/ШЗК2+...+Сn/ШЗКn≤1, (2)
Мұндағы Ci, С2, Сn –заттың нақты концентрациясы, мг/м3
ШЗКі, ШЗК2, ШЗКn – ластағыш заттардың (ЛЗ) бірінші реттік максималды шектеулі заттарының көрсеткіші, мг/м3.
Бұл теңдік ауа сапасы анықталғананда оның құрамында келесі заттар кездессе қолданылады:
Ацетон + фенол
Озон, азоттың t диоксиді
Күкіртті газ + азот диоксиді
Күкіртті газ + фторлы сутек
Күкіртті газ + күкірт қышқылының аэрозолі
Күкіртті газ + күкіртті сутек және анықтамалықтан табуға болатын басқа да қосылыстар.
Егер j≤1 болса, онда ластану қаупі жоқ немесе олар белгілі бір аймақта қарқынды түрде басылады. Егер j>1 болса, онда бұл әрекет қоршаған ортаны қатты ластайды және алдын алу шараларын қажет етеді.
XX ғасырдың 20-шы жылдары жұмыс орындарындағы зиянды заттардың ШЗК-сы енгізіле бастады. Әдетте ластағыш қоспа мөлшері әрекет аймағына және одан тыс аймақтарға қарағанда жұмыс орнының ауасында көбірек болады. Сол себепті ауадағы әр ластағыш заттың ең болмағанда 2 нормативтік түрі болады: жұмыс зонасындағы ауа ШЗК-сы (ШЗКж.з) және жақын елді мекендегі ауа ШЗК-сы (ШЗКа.а)
Біздің елімізде ауа ШЗК-сының келесі классификациясы кездеседі (1-суретте көрсетілген)
Достарыңызбен бөлісу: |