Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқыту үрдісі
Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқытуды іске асыру қашықтықтан оқыту барысында математиканы мазмұнды игерудегі білім алушылардың іс-әрекетінің ерекшеліктерін байқатады, бұл математиканы қашықтықтан оқытудың технологиялық циклдар тізбегі түрінде жүзеге асырудың қажеттілігінен туындайды:
-дайындық;
-білім беру;
-қорытынды.
Дайындық түрі ретінде тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқыту үдерісіне төмендегілерді енгізуді қамтамасыз етеді [2]:
-қашықтықтан білім алушылардың нақты мақсаттарын анықтау;
-қашықтықтан білім алушылардың желілік білім беру тобына кіруін қамтамасыз ете отырып, танысу жолдарын қарастыру;
-білім берудің математикалық мазмұнын игеріп жеке траекториясын жобалау.
Оқу түрі математикалық іс-әрекеттің құрылымын көрсетіп қана қоймай, мұғаліммен білім алушының өзара әрекеттесуін болжайды, оқушылардың жалпы және дараланған мақсаттарға сәйкес математикалық мазмұнды игерілуіне оқытудың траекториясын іске асыру жолында бақылау мен диагностиканың жұмысын қамтамасыз етеді.
Қорытынды да математикалық білім, білік және дағдының қалыптасуына көз жеткізілген деңгейін тексеруге бағытталған [2,3].
Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқытудың әдістемелік жүйесін құру үдерісі: бір жағынан, қашықтықтан оқыту шарттарының ерекшеліктерін ескере отырып, математиканы дәстүрлі оқыту әдістемесіне жаңалық енгізу, екінші жағынан, қашықтықтан оқытудың дидактикалық жүйесін «математика» академиялық пәнінің ерекшеліктерін ескере отырып жаңа мазмұнға өзгерту.
Бұл үдерістің нәтижесі математиканы қашықтықтан оқыту әдісінің моделі болып табылады, яғни қашықтықтан оқыту, бақылау және диагностика, математика мұғалімін желілік-әдістемелік қолдау жолдары.
Оқыту. Оқыту элементтері - бұл оқудың жеке мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары, өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың формалары, олар математикадан қашықтықтан оқыту субъектілерінің үдерісін жүзеге асыру ерекшеліктеріне негізделіп тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқыту[3].
Бақылау және диагностика зерттелінетін объектілерді мақсатты және жүйелі түрде тікелей қабылдау арқылы зерттейтін әдіс.
Бақылау – ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі, ал бақылау жүргізе білу зерттеушінің бағалы қасиеті. Сондықтан оқушылардың бақылау жасай алуын қалыптастырудың қажеттігі ешқандай күмән туғызбайды, бұл білім алушының қашықтықтан оқыту кезінде математикалық мазмұнды игеру үдерістерінің ерекшеліктерін көрсетеді.
Желілік-әдістемелік арқылы математика мұғалімін қолдау деп әдістемелік қамтамасыз ету жүйесін жобалау мен жұмыс істеудің тұжырымдалған принциптері негізінде математика мұғалімі үшін әдістемелік қолдауды ұйымдастырудың мақсаттары, құралдары, әдістері мен формаларын айтамыз.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану негізінде неғұрлым икемді, динамикалық және дербестендірілген оқытуға көшу негізгі дидактикалық міндеттерді шешуге ықпал етеді: оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы терең және тұрақты білімді игеруі, олардың танымдық қабілеттерін дамыту, білімді өз бетінше алу, кеңейту және тереңдету, оларды практикада қолдана отырып қалыптастыру болып табылады [3].
Математиканы қашықтықтан оқыту кезінде барлық әдістер тиімді бола бермейді, аудио (подкасттар, аудио дәрістер) арқылы оқыту математика пәнінің ерекшелігіне қарай тиімсіз болады. Сондықтан тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқыту әдістерін таңдау мен қолдану кезінде математика пәнінің ерекшелігін міндетті түрде ескерген дұрыс. Алайда математиканы қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру формалары әртүрлі сонымен қатар көп нұсқалы: онлайн қосымшалар, модельдеу, демонстрациялық бағдарламалар, мультимедиа, виртуалды шындық бағдарламалары, тренажер сол сияқты. Математиканы қашықтықтан оқытуда кезінде жоғары қол жетімділікті қаматамасыз ететін әдіс-тәсілдермен интербелсенділікке басымдық беру керек [4].
Мұғалімдер мен оқушылардың арасында өзара байланыс болу үшін тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқыту кезінде келесі әдістерді бөліп ерекше көрсетуге болады [5,6]:
1 Өзіндік жұмыс. Мұғалімдердің, тьюторлардың, консультанттардың, ғылыми-техникалық жетекшілердің минималды қатысуымен, білім беру ресурстарымен оқушының өзара әрекеті арқылы оқыту әдісі. Бұл әдісті қолдану барысында оқытушылар математика пәні бойынша білім беру ресурстарын және тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдары тақырыбының мәліметтерін: баспа, аудио және видео материалдарын, сондай-ақ телекоммуникациялық желілер арқылы жеткізілетін оқулықтарды дайындайды және ұсынады. Оларға интерактивті мәліметтер базаларын, электрондық басылымдар мен компьютерлік оқыту жүйелерін жатқызуға болады.
2 «Бірлесіп оқыту». Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын білім алушы оқушының, ғылыми-техникалық кеңеске мұқтаж тұлғаның, ғылыми дәрежеге үміткердің бір оқытушымен, тәлімгермен, кеңес берушімен немесе ғылыми-техникалық жетекшімен қарым-қатынасымен сипатталатын жеке оқыту әдісі.
3 «Бірдің көпті» оқытуы. Мұғалімнің тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдары тақырыбы оқыту кезінде оқу материалын қарастыруға арналған әдіс, бұл кезде оқушылар аса бір қарым-қатынаста белсенділік таныта қоймайды.
4 «Көптен көпке» оқыту. Білім беру үдерісінде барлық оқушылардың өзара белсенділік көрсетіп әрекеттесуімен сипатталатын әдіске жатады. Сонымен қатар бұл әдіс оқушылардың топтық жұмысына бағытталып, қашықтықтан оқытуға үлкен қызығушылық тудырады. Ол зерттеу және проблемалық оқыту әдістерін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай оқытудағы мұғалімнің рөлі мектеп оқушыларына немесе ғылыми дәреже ізденушілеріне тақырып қоюға, содан кейін ол оқушылар топпен жұмыс жасай алатындай қолайлы қарым-қатынас ортасында қолданады. Мұғалім дискуссиялар барысын үйлестіру, басқарумен қатар материалдарды дайындау, жұмыс жоспарын құру, талқыланған мәселелер мен тақырыптар үшін жауап береді [5].
5 Жобалау әдісі білім алушының өзінің оқу-танымдық іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау кезінде тәуелсіздік танытуға мүмкіндік беретін күрделі оқыту үдерісін болжайды. Жобалау әдісі білім алушылардың танымдық, шығармашылық қызығушылықтарын, өз білімдерін өз бетінше қалыптастыру қабілеттерін дамытуға арналған.
6 Проблемалық оқыту әдіс - шешімі күрделі практикалық және теориялық қызығушылық тудыратын когнитивті есептерді қарастырады.
Проблемалық оқыту үдерісінде оқушылардың назары маңызды проблемаларға басымдық беру арқылы танымдық қызметті ынталандырып, нақты нәтижелер алу дағдыларын қалыптастырады.
7 Оқытуды зерттеу әдісі. Оқушының белсенділігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның ойын дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталған қатысушылар үшін өзекті және маңызды айқын қойылған мақсаттардың болуымен, зерттеу әдістерін өңдеумен сипатталады. Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқыту үдерісінде білім алушылардың өзара тиімді әрекеттесуінің нәтижесін көрсетеді.
Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқыту әдісін, жоғарыда айтылған үш: дайындық, білім беру, қорытынды кезеңдері және әдістер арқылы жүзеге асыруды қарастыратын болсақ:
1 Дайындық. Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдары тақырыбында оқу материалдарын дайындау, таңдау және безендіру қашықтықтаy оқыту үдерісін ескеру қажет. Оларға презентациялар, гипер сілтемелері бар мәтіндік файлдар, иллюстрациялық материал: графикалық кірістірулер, gif-анимация, видео, фотосуреттер тізбегін алуға болады. Сонымен қатар ақпарат мәтіннің ішіне оқушылардың тұжырымдамалық аппаратын кеңейтетін әртүрлі сілтемелер мен айқас сілтемелерді қосып ұсыну өте тиімді. Дайындалған материалдарды электронды почта, чат-мессенджер, бұлтты технологиялар, платформа серверінде сақтау арқылы ұсынамыз. Ал мұғалім өзіндік жұмыс әдісі негізінде жұмыс жасай отырып, тақырыпты игеруге қажетті материалдарды алдын ала дайындап, оқушыларға ұсынады.
Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдары тақырыбында қашықтықтан сабақ дайындайтын мұғалім оқушыға беретін материалды алдына қойған мақсаты мен міндеттерін қоюдан бастап әзірлеуді басшылыққа алу қажет. Қашықтықтан оқытуда мұғалім жоғары педагогикалық нәтижеге жету үшін тақырыпты түсіндірудің дәстүрлі емес түрлерін қолданғаны дұрыс[6].
Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқыту сабағының элементтерін дайындау үшін әдістемелік және техникалық шаралардың әртүрлі сипаттамалық түрлерін қолданамыз:
- сабақ жоспарын құруды қарастыру;
- математика сабағына қатысатын мақсатты тобының ерекшеліктерін ескере отырып, техникалық қолдаудың ерекшеліктеріне қашықтықтан оқыту әдістемесін таңдау;
- оқытудың құрылымдық-логикалық схемасын олардың негізгі модульдерімен байланыстарын көрсете отырып құру;
- элементтер мен саралау деңгейінде бағалаудың өлшемдік технологиясын қолдану;
- қашықтықтан оқытуды өткізу рәсімдерін құру яғни оқыту мақсаттарына сәйкес түрлендіріп бейімдеу.
Жоғарыда келтірілгендер тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқыту үшін сабақты дайындау кезеңдеріне толық қатысты[7].
2 Оқыту. Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқытуға негізделген материалды дайындау үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі - оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған интернет-ресурстар арқылы жүзеге асатын жаңа мазмұнын ұсыну, мәселен, видео дәрістер, бейнеконференциялар өткізу (Google, Skype, Zoom, Discord, YouTube, барлық әлеуметтік желілер, бұлтты технологиялар).
Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқыту үдерісінде мұғалімдер мен оқушылардың өзара іс-әрекетін қалыптастыру үшін, олардың арасындағы ақпарат ағынын қолдау ретінде әртүрлі нысандағы интернет-технологиялар қолданылады. Қашықтықтан оқыту интернет-технологиялары - оқушыларға меңгерілетін материалдың негізгі көлемін беруді, оқыту үрдісінде білім алушылар мен мұғалімдердің интербелсенді өзара іс-әрекетін, білім алушыларға арналған материалды игеру бойынша, оқыту үдерісінде өз бетінше жұмыс жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар [8].
Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқытуда төмендегідей интернет-технологиялар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
- веб-сервер (оқу орынының веб-платформасы);
- веб-парақтар мен сайттар (тақырыпқа сәйкес материалдары бар арнайы мамандандырылыған веб-cайттар, платформалар);
- электрондық пошта (gmail, яндекс.почта, mail.ru, outlook.com т.б.);
- форумдар мен каналдар (телеграм канал, в контакте групппалары және т.б.);
- чат-мессенджер (whatsapp, telegram, facebook messenger, т.б.) ;
- бейнеконференциялар (youtube, zoom, skype, microsoft teams т.б.) ;
- виртуалды сыныптар;
- вики энциклопедиялары.
Жоғарыда айтылған интернет-технологиялардың ішінде тригонометриялық теңдеулерді шешуде қашықтықтан оқытудың ең тиімдісі ретінде–бейнеконференцияларды айтуға болады. Кең жолақты және цифрлық байланыс желілерінің арқасында қазіргі кезде бейнеконференция мектеп мұғалімдеріне жаңа білім алуға, кіріспе дәрістер оқуға, нақты уақыт режимінде кеңес алуға мүмкіндік беретін аудиторияда нақты қатысу атмосфералық жағдайат туғызуды қамтамасыз етеді. Бейнеконференция технологиясын қолдану қашықтықтан білім берудің тиімді нұсқасы. Бейнеконференция арқылы мұғалім оқушылардың реакцияларына, cұрақтарына назар аудара отырып, тригонометриялық теңдеулерді шешудің жолдары тақырыбында нақты уақыт режимінде дәріс өткізе алады [9].
Бақылау. Оқу сапасын бақылауды тьютор оқыту үдерісінде әрбір өткен тақырыптан кейін берілген тапсырманың орындалғанын тексеруді онлайн режимінде электрондық тестілеу әдісімен, қажет болған жағдайда коммуникациялық керек-жарақты қолданып, білім алушылармен тікелей жеке байланысып жүзеге асырады. Бақылаудың мақсаты - қашықтықтан оқыту арқылы білім алушының дайындық деңгейін объективті, жан-жақты толық көлемде бағалау.
Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқытуда оқушылардың білімін бақылау бірнеше кезеңнен тұрады:
- Кіріспе бақылау. Кешенді бақылаудың бірінші кезеңі кіріспе бақылау алудан тұрады. Білім алушылармен сабақтың алғашқы күндерінде тьюторда олардың тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдары бойынша білім деңгейі туралы толыққанды ақпарат болуы керек. Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқытудағы кіріспе бақылауы жеке оқу жоспарын құруға негізделген оқушыны оқыту түрлері мен мүмкіндіктерін қолданып, оқытудың негізгі идеясымен, яғни қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерімен таныстыруға мүмкіндік береді.
2 Ағымдағы бақылау. Білім алушылардың оқу сапасын ағымдағы бақылау -ол мұғалімнің пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес білім алушының өзін-өзі бақылау жолы мен тьютердің ағымдағы сабақ барысында өткізген
білім алушылардың электрондық тестілеу және нәтижелерді іріктеу арқылы, оқу жетістіктерін жүйелеп тексеру.
Ағымдағы бақылау тесттерінде, тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарының көп вариативті сұрақтары қолданылуы қажет, бұл оқушыға жауаптың бір немесе бірнеше нұсқасынан таңдау жасауға мүмкіндік береді.
3 Қорытынды бақылау. Қорытынды бақылауға тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын меңгерген жеке блоктар, модульдер бойынша оқудан сәтті өткен, электрондық тестілеудің оң нәтижелері бар оқушылар жіберіледі.
Тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын қашықтықтан оқытуда білім алушының білімін бақылау интернет-технологияларды қолдана отырып тестілеу форматында жүргізіледі. Тестілеуді қолданудың бірден-бір артықшылығы нәтижелерді өңдеуді автоматтандырылуымен көптеген сұрақтар бойынша тестіленушілердің дайындық сапасын лезде тексеру. Яғни оқудың қиындық тудыратын бөлімдерін анықтаумен қатар оқу үдерісін реттеуге мүмкіндік береді. Тесттерді қамтитын мәліметтер базасы серверде орталықтандырылған түрде сақталып, тест нәтижелері автоматты түрде осы серверге жіберіледі де, оларды өңдеуді едәуір жеңілдетеді [10].
Достарыңызбен бөлісу: |