Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Заманның бұзылғандығын, достардың



Pdf көрінісі
бет112/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Заманның бұзылғандығын, достардың 
опасыздығын айтады
Мен қыдырып, кезейін бұл әлемді,
Кімде опа бар – соны іздейін ал енді.
Нағыз адам қайдан табам – барлайын,
Бір көруге қайда дейсің бар дайын.
Бәрін таптым: таза адам жоқ жарайтын,
Нағыз адам кісі арман қып қарайтын.
Опа сиреп, жапа жауды толайым,
Кімде опа бар? – аздап соны шолайын.
6335. Опалы адам тапсам жүрген құт еріп,
Мінгізер ем мойыныма көтеріп.
Опалы адам таба алмасам, – со бойы,
Түз киігі боп кетейін жабайы. 
Шөп теріп жеп, қақ суына қанайын,
Құрым киіп, құм төбеге қонайын.
Тағы болып, кең даланы кезейін,
Елден кетіп, бұ Жалғаннан безейін.


520
Е, болмаса, тартып өмір сазайын,
Құрдым кетіп, топырақтай тозайын.
6340. Бәрі – опасыз, мен көтердім жазаны,
Жан берейін, көрсем ойы тазаны.
Пейіл кетті, «адал» деген құр ат қап,
Мен іздейін қайда кетті ол сырғақтап?
Мейірі бар адам жоқ қой Жалғанда,
Опасызға көңіл түсе қалған ба!
Көздей көріп, жақын тұтсам жайтаңдай,
Не қыламын – жау боп шықты сайтандай.
Сүйгенімді сүйдім жанмен, жетеммен,
Содан келді опасыздық – не етем мен?
6345. Тіл менен сөз – бар көңілдің айнасы,
Олар – арам кімге сенем жайда осы?
Кімді жолдас қылсам бүгін ұта алам,
Кімге сеніп, кімдерді дос тұта алам.
Көңіл беріп, кімге мұңды шағайын? –
Енді біраз соны айтайын, ағайын!
Дос-жараннан үзілді үміт – ауыр мұң,
Жат кісідей мінезі бар бауырдың.
Ант айтысып, шын сенісіп егер де,
Айнымаса – бәрінен де соны ер де!
6350. Нан-тұзыңды сыйлайтын кім дап-дайын –
Соны алтындап, күміспенен қаптайын.
Кім ес болар жылағанда, күлгенде, –
Бәрін соған берер едім бұл күнде.


521
«Дос-жарым» деп, кім бар сенім ететін, –
Соны бек қып, өзім құл боп өтетін.
Жөнді жан жоқ, жалғыз күйдім, білсем-ші,
Құса болдым – қуанып бір күлсем-ші.
Ел бұзылды, әдет тозды жай көзге,
Қайда барам, тап болып ем қай кезге!
6355. Азды ақылым, жынды болдым «гөй-гөй»-леп,
Айтшы маған, не деп кеттім, не сөйлеп? 
Қатты қам жеп ми ашыды, ой басты,
Әлде елес пе? – дәрі ішпесем болмас-ты.
Маған ылғи кездесті ме оңбаған,
Әлде теріс қарады ма ол маған?
Қайда адамдар жүрген бұрын мақтанып,
Адал аты қалып қойған сақталып?
Осы қылық, ғұрыптарды көрсе олар, –
Не қалдырды біз қуанып қарсы алар?
6360. Айтсын олар әдет, қылық жөнді ісін,
Жөнсізін – қу, төрге шығар – жөндісін. 
Ізгі әдеттер жақсылармен бірге өлген,
Қалды азғындар кісі атымен бүркелген.
Адам болса бой көтеріп жүргендер –
Періште ме бұрын өмір сүргендер!
Олар өлді, қалдым жұртпен, қарасам:
Қалай жүріп, қай қылықпен жарасам?
Сөз біте ме, айта беріп не етейін,
Міне, осымен тоқтатайын, кетейін.


522
6365. Бұдан тәуір бұйырмады, қалыс қап,
Ел-жұрт қалсын, мен кетейін алыстап!
Атымды естіп, өзімді ешкім көрмесін,
Таппасын деп, үздім сөздің термесін.
Шыбын сорып, шағады бір шаяндай,
Ит боп қабар – ұра берем қай аңды-ай!
Ұлып қалдым, пасықтарға тап болып,
Өкінішпен күні-түні тапталып.
Жәбір, жапа – бәрі маған төнбесін,
Пасықтардан шет жүргенім жөн босын!
6370. Алла, есіркеп, көрсет жүзін Елшінің,
Төрт досының жүзін көрсет, ол – шыным!*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет