Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Күнтоғды патша Айтолдыға әділдік



Pdf көрінісі
бет21/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Күнтоғды патша Айтолдыға әділдік 
қасиеттерінің қандай екендігін айтады
Айтты патша: «Болды сөзің белгілі,
Мен айтайын саған сөзді үлгілі.
Ең әуелі шақырып ап мен сені,
Құрмет қылып, көтерткенмін еңсені.
Таң қалатың ісін істеп пақырың,
Сырың бүгіп, ашуымды шақырдың.
780. Ашу қысып, сонда діріл қақтырдым,
Қаһар төктім – сөзіңді үзіп, тақ тұрдың.
Айттың маған: «Бақпын, – дедің, – бағатын,
Ұғып ал», – деп айттың сөзді жағатын.
Болған істің ажыратып шеңберін,
Айтып бердің, ұғып алдым мен бәрін.
Содан кейін кешіріп ем – кең едім,
Қадір тұттым, жақсылыққа теңедім.
Бүгін өзім айтам безеп тілімді,
Өзімдегі өнер, мінез, білімді.
785. Мен – әділет мекенімін тұратын,
Көріп-білсең, әділ билік құратын.
Мына тақыт мен отырған – биік тым,
Білсең, оның аяғы – үшеу, сүйіктім!


78
Әр кезде де нық тұрады үш таған,
Орынды ғой үшеуін тең ұстаған.
Болса қисық үш аяқтың біреуі 
Ол құлайды, кеміс болып тіреуі.
Үш аяқты тік тұрады бір қалып,
Төрт аяқты ақсай берер ырғалып.
790. Түзу тұрса барлық нәрсе жарасар,
Іс-жүзеге жарасқанның бәрі асар.
Не қисайса – қисық болар тұрығы,
Әр қисықтың тарар жаман ұрығы.
Бір қисайып, ақсаған зат құлар-ды,
Құламасын – тіке тұрғыз бұларды.
Мінезім бар қисаймайтын тік кетер,
Қисық болса, тура шешім тіктетер.
Іс шешкенде әділ, шындық жолыммен, 
Айырмаймын «бек» – деп, «құл» – деп қолыммен.
795. Мына пышақ сені тұрған мазалап,
Қанжарым ғой, шабатұғын жазалап.
Барлық істі пышақ болып кесемін,
Дау-дамайды ұзатпай-ақ шешемін.
Шекер жейді бәле-зорлық батқандар,
Шындық іздеп, қақпама кеп жатқандар.
Ол кісілер қуанышқа беріліп,
Кетеді ғой қас-қабағы керіліп.
Зорлық қылған, тәртіп бұзған зәлім-қу 
Ішетұғын мына тұрған ащы су.


79
800. Жанжал қылса – әділ жаза алады:
Ащы судан іші күйіп қалады.
Мен түнердім, қарс жабылды қабағым,
Зорлық қылған – алсын менен сабағын.
Ұлым, мейлі, алыс-жақын туысқан,
Не жолаушы, қонақ болсын жуысқан.
Әділ заңмен бәрі маған бірдей-ді, 
Іс шешерде ойға басқа кірмейді.
Тек әділдік – бек болудың негізі, 
Тірлік болар – әділ болса бек ісі.
805. Айтқан сөз бар ақылды адам біз елер,
Оны білсең іс оңалып, түзелер:
«Бұл әділдік – бек ісінің арманы,
Бектік құрсаң – бұзба әділдік арнаны.
Бек әділ боп, жөн саясат жүргізсе, 
Орындайды тілек-талап, әр нені».
Айтты Айтолды: «Патшам, бағы толатын, 
Неге қойған «Күнтоғды» деп сол атын?»
Айтты патша: «Бір дана айтқан бұл ұғым 
Жарық күнге ұқсаған соң қылығым.
810. Қара күнге: бір қалыпта ол тұрар,
Бар әлемді нұрыменен толтырар.
Әділ ісім ұқсайды дәл осыған,
Кем кетпейді – ылғи толып тасыған.
Күн туады бар әлемді жарық қып,
Еш жоғалмас бар халықты қарық қып.


80
Менде де сол: сөз, әдетім, іс-қылық,
Бар халыққа бірдей жүрем іс қылып.
Күн туғанда нұр шашылып жатады,
Түмен түрлі гүлдер шешек атады.
815. Бұл әдетім жеткен халық жонданар,
Ел көгеріп, қара тас та жанданар.
Күн шыққанда нұр төгеді һәман да, 
Жұртты бөлмей «жақсы» менен «жаманға»
Мен де сондай; жұрттың бәрін тең көрем, 
Бар адамның үлеетерін тең берем.
Күн шоғыры жылжымайды қарыс та,
Түбі берік, мықты тұлға ғарышта.
Күн Арыстан шоғырында орнықты,
Оның үйі мызғымайды, ол – мықты.
820. Менде сондай: тек жақсылық егемін, 
Өзгермейтін, өз нұрымды төгемін».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет