Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Айтолдының патшага [қойған] сауалы



Pdf көрінісі
бет24/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Айтолдының патшага [қойған] сауалы
Айтты Айтолды: «Ұқтым байқап әр сәтті
Шын сөз айтып, патша ықылас қөрсетті:
Жақсы кісі жақсылықты білер, – деп,
Тек пайдалы іс істеуді тілер, – деп.


86
Барлық адам байлықты арман етеді, 
Қалай етсе соған қолы жетеді?»
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
«Тым ерекше нәрсе ғой бұл жақсылық, 
Іздейді оны ерекше адам жақсы ұғып*.
885. Ерекше зат – сара болар көрерге,
Істеу оны жарасады әр ерге.
Жаманшылық қылған – құнсыз, жасық құр
Ол – жаман іс, құн түсірер пасық бір.
Құнсыз нәрсе жатар түскен жерінде, 
Қымбат торғын тұрар үйдің төрінде. 
Игі іс қылған өзін көкке көтерер,
Пасық іспен өз түбіне жетер ер.
Ойлы кісі осыны айтып нұсқаған,
Опа көрер оның сөзін ұстаған:
890. Бұ жақсылық – бейне заңғар биікте,
Кез келген жұрт шыға алмайды биікке.
Игі ісімен көтерілер бұл адам,
Ондай үлес білімсізге тиіп пе!»
Айтты Айтолды: «Патшам, дұрыс бұ дағы 
Ердің аты мақтауменен шығады.
Ондай ерде мін бар ма сөз ететін,
Зерделі ұғып, оған ойы жететін?»*


87
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
«Жақсы адамды мақтайды жұрт есеп қып, 
Оны жаман таратады өсек қып.
895. Ер дос болар – біреу сүйеп қолдаса,
Игі іс білмес жаман, жауыз болса аса.
Бұ Жамандар Жақсылардың маңында, 
Бәле қуып – атырмайды таңын да.
Игі іс қылған – жақсылығын көреді, 
Жапа көрсе – елемейтін ер еді.
Қызық қуып, малданғандар бұл күнді, 
Құр өкінер, кейін көріп бүлгінді.
Кел, құлақ сал, жақсы тілек сөзіне, 
Ізгілік ет, әдет қып ал өзіңе.
900. Тек тілегім – бұл сөзіме ер сен де:
Қыл жақсылық жаманшылық көрсең де.
Кім тояды жақсылыққа? – айт маған
Кел, айтайын өзіңе сыр – көр сен де!
Десең «Жақсы іс – зиян емес» сен егер, 
Ертең пайда көреріңе сене бер.
Пайда бүгін бетін берсе жайтаңдап, 
Ертең зиян келтіреді қайқаңдап.
Оң жақ – пейіш, солда тозақ бар еді, 
Оңға – Жақсы, солға – Жаман барады.
905. Өсіп бүгін, Жаман соны малданар,
Ертең күйер, өкінер де алданар.


88
Көрсе қорлық – Жақсы кісі төзеді, 
Ертең істің оң боларын сезеді.
Біл, Айтолды, бұ шындықты осынау, 
Өкінбестей жақсы атпен өл, досым-ау!
Әділ ердің сөзі – осының айғағы,
Ердің сөзі – ұлы сөздің қаймағы:
«Көп жамандық көрсең-дағы бұ жайдан, 
Қыл жақсылық, сол – тілегім Құдайдан.
910. Ей, бері кел, айтатың бір ой еді, – 
Айтшы, қане, жақсыға кім тояды?
Жақсы жандар қорлық көрсе – табынам, 
Дос болам да, дәл қасынан табылам».
Арам іспен бек боп алсам – бәле ғой,
Ол атақты бердім саған – ала ғой!
Өкініш – көп, жақсылығы – шамалы, 
Көрдім: жаман – жұрт қылығы, амалы.
Мұны меңзеп айтқан шайыр сарасы, 
Мәні ашылар, жіті көзбен қарашы:
915. «Кісі өкінбес жақсылыққа бара алған, 
Өкінеді жаман аты таралған.
Жаман іске зауал – азап, өкініш,
Қыл жақсылық Жаманға да, о, Жалған!»
Жаман адам болса, қалай мақтайын, 
Жаман жолдас болса, қалай ақтайын?
Топас, кердең, өтірік сөз – былығы, 
Жамандардың сол – әдеті, қылығы.


89
Азап, бәле, өкінішті үні – зар,
Күйзеледі, жамандардың күні – тар.
920. Жақсы адамды қалай жүрем жақтамай, 
Жақсы досты қалай жүрем мақтамай?
Ізгі, жомарт, кісілігі келелі – 
Жақсылардың жөні осылай келеді.
Ел ішінде жақсы кісі – бір төбе, 
Көп ішінде жақсы жолдас – мәртебе.
Жақсы достың қалауын тап тосылмай, 
Соған ұқса – екеуің бол қос ұлдай.
Сый мен құрмет, атақ, байлық артылар, 
Қуаныш та – жақсыларға тартылар.
925. Ей, Айтолды, – деді патша, – тауап қыл
Өзің қойған сұрауыңа жауап – бұл!»
Жер сүйіпті, көпке тиіп төбесі,
Деді Айтолды: «Ей, әділет көбесі!
Жаратушы ұзақ қылсын жасыңды,
Өмір тыныш, есен қылсын басыңды.
Бектер биік тұғырынан көрінсін,
Төрт құбылаң Хақ нұрына қөмілсін.
Атың – ұлық талай елдің басысың,
Ел билейтін қүш-қуатың тасысын.
930. Бар тілегің таусылмасын, – сақта оны, 
Еш қартаймас бақыт ашсын қақпаны.
Бар қуаныш келсін саған үйіліп,
Боздап өлсін жауың жаны қүйініп.


90
Деген екен игілік іс еткен ер,
Ол – ісімен арманына жеткен ер:
«Көргенді ерге қызымет қыл – жағасың, 
Көргенді бек білер еңбек бағасын.
Сақы адамға жалға барсаң – жөні бар, 
Сақы үйінде алтын, күміс кені бар.
935. Барма – қожаң кездессе бір сараң боп, 
Бәле басар, өмір өтер қараң боп.
Сараң аяр өз нәрсесін өзінен,
Ол бере ме жұртқа жырып көзінен?»
Сөзі бітті, Айтолды үйге кетіпті,
Бәріне де шүкіршілік етіпті.
Көніп алды қызыметін сүйіне,
Күндіз – істе, түнде қонды үйіне.
Ол істеді қызыметін еркіндеп,
Патша өзіне жақын тұтты әр күндеп.
940. Өтті уақыт осылай қып сыңайды, 
Айтолды да түрі оңалып, тыңайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет