Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Айтолдыға [қойған] сауалы



Pdf көрінісі
бет26/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Айтолдыға [қойған] сауалы
Айтты патша: «Сөзің шын, сезімтал-ды
Сұрайтын тағы да бір сөзім қалды.
Зиянын айттың тілдің – болдым қанық, 
Әділ айт: бар ма тілдің пайдасы анық?


93
Тұрғанда зиянынан қорқып, ығып, 
Кетпей ме пайдалы сөз жоққа шығып?»
Айтолдының [берген] жауабы
970. Айтолды: «Қызыл тілім сөйлей білсе
Пайда көп, оны халық құлаққа ілсе.
Бос сөзді білімсіздер жалдап жатар, 
Білімдар білімсізді «мал» деп атар.
Бос сөзбен қараңғы адам семіреді,
Сол әдет қара басты кеміреді.
Бекер сөз – зиян болар, түспейді дөп, 
Жөн сөзді сөйлей білсе – пайдасы көп.
Сиырдай надан тойса пысылдайды,
Бос сөзге семірсе де қысылмайды.
975. Мал болар жатса тойып жегеніне,
Сай келер қылығы «мал» дегеніме.
Ғылымнан алса барлық қанағатты,
Тән тозып, істейді тек сана қатты.
Тамақтан өткен нәрсе тән семіртер, 
Құлақтан кірген шын сөз жан семіртер.
Біліммен екі нәрсе қырланады,
Ер жүзі екеуімен нұрланады.
Бірі – тіл, бірі – құлқын қызықтырған
Ұтады осы екеуін қысып тұрған.
980. Білімдар – нәпсі, тілді түзетеді,
Екеуін еркі жетіп, күзетеді.»


94
Патшаның Айтолдыға [қойған] сауалы
Патша айтты; «Ұқтым, сөзің қайрағандай, 
Асыл сөз қандай, айтшы, пайда қандай?
Сөз қайда барады екен, қайдан шығып? 
Білгішім, айтшы осыны ойдан сығып. 
Қаншама сөйлеп, сосын тоқтау керек, – 
Не дейді білімділер өскен зерек?»
Айтолдының [берген] жауабы
Сөз – сырлы, құпиясы – сыры ғана,
Он сөздің айтылады бірі ғана.
985. Айтылмай тоғызы оның тыйылады, 
Тыйылған жидіп барып сұйылады».
Патшаның Айтолдыға [қойған] сауалы
«Қанша еді сөз пайдасы тосын жайда, 
Ашып айт зиянын да осындайда!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет