Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің патшаға (берген) жауабы



Pdf көрінісі
бет42/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Өгдүлміштің патшаға (берген) жауабы
Өгдүлміш айтты: «Патшам, қиын сұрақ
Ілім – бұл, мен айтайын, сиын бірақ.
Бек ісін біледі ғой бектер барша:
Заң, әдеп, тәртіп, қылық бар оларша.
Туады анасынан бек боларға,
Іс біліп, үйрену бар енді оларға.
Бір Алла біреуді «бек қылайық» деп,
Береді соған ақыл лайықтап.
1900. Кімді бек Құдай қосса санатына, – 
Мінгізер соны ақылдын қанатына.
Болады бектер ісі – бектік ісі, 
Біледі бектер ісін бек боп кісі.
«Бұл істі патша білер кезі – деп ек: 
Әкесі бек болған да, өзі де – бек!»


168
Патшаның Өгдүлмішке [берген] жауабы
Патша Айтты: «Ұқтым! – шын сөз айттың ашып, 
Тура сөз тұр ғой жұпар исін шашып.
Істеуші ер іс тындырып, тастар жайқап,
Біледі іс сапасын көрген байқап.
1905. Істеуші мен болғанда – сен бақыла,
Үйретер бақылаушы сап ақылға.
Өзіңе Құдай берді жан, ақылды,
Зерде мен білім тола сана қылды.
Қызымет қылдың маған қаршадайдан,
Үйреніп ізгі әділет барша жайдан.
Бар істі білдің өзің ізденіспен,
Беріліп маған түгел сөзбен, іспен.
Айтады сүйгеніне сөзін кісі,
Қияды құрбандыққаа өзін кісі.
1910. Адалдық сен ұшырдың сезім құсын,
Ниетпен сол адалдық сөзіңді ұсын.
Естіп ал, адал жанның дастан – сөзі,
Адалдық – кісіліктің бастау көзі:
«Ақылды адал жанды мақтайды көп,
Кісіні адал жандар жақтайды көп.
Таба алсаң адал адам баурыңа бас,
Айтыпты ақыл, білім осылай деп».
Өгдүлміш айтты: «Патшам, туды заман,
Жоғары болсын қалың, өзің – аман.


169
1915. Тегі асыл бек болады жолы дұрыс,
Алып ер, жүрек жұтқан, қолы құрыш.
Әкесі бек болғандар бек боп туар.
Бек болса, әке жолын о да қуар.
Бек болса – ақыл керек, білім керек, 
Сақылық, ұлы жүрек елден ерек.
Біліммен бектер елін басқарады, 
Ақылмен бәрін істеп қасқарады.
«Бек» аты білімменен «дана» болар, 
Білімсіз – жай «бек» аты ғана болар.
1920. Ақылы – білімменен ерен ердің,
Жауы көп білімі мол тереңдердің». 
Көп тыңда білімдіні, көп көргенді,
Көп біліп, көп нәрсені өткергенді:
«Бек зерек, білімді боп, толсын зерде. 
Басына бәле келмей оқыс жерде.
Ізгі іс пен мың түмендеп енер қуса, 
Шынайы жақсы ат болар ондай ерде!»
Тұқымы Текті болса асыл туып, 
Болады аса ақылды білім қуып.
1925. Ұрығы жақсы болса сілтеп өрге, 
Шығады жақсы болып содан төрге.
Бектікке бұ тазалық керек тіпті, 
Тазалық талап етер зеректікті.
Ел басы болсын әбжіл, алып батыр, 
Беделі биік іске сонда татыр.


170
Өтүкен бегі айтыпты – ұнап еді,*. 
Ақылмен, әр сөзімен сынап еді:
«Таңдаулы болу керек елдің бегі. 
Кұлқы – әйбат, көңіл, тілі – тура тегі.
1930. Білімді, зерделісі, жетігі ең.
Тоқмейіл, өзі – сақи, көңілі – кең.
Қолы ұзын – жақсылықтың бәрін қылып, 
Ұятты, арлы болсын оңды қылық!»
Мұндай ер ұлы бек боп қаралады,
Езгі ұрпақ бұдан кейін таралады.
Біліммен іс бастайды білген кісі,
Ақылмен оңалады қалған ісі.
Біліммен еліне бек тұсау салар,
Білімсіз іске ақылы жетпей қалар.
1935. Жаңылса бек ақылы кем келетін,
Бектігі дертке ұшырар емделетін.
Бұ дерттің емі болар білім, ақыл,
Зерделеп емдегенің болар мақұл.
Ой, білім, зерде, зерек болса – бұлар,
Жиылып бек дертіне дауа қылар.
Мұндай бек бір Құдайдың құлы болар, 
Жалғанда екі бірдей ұлы болар.
Жалғанда екі бірдей атақ алып,
Болады құттың басы жата қалып.
1940. Бір шайыр бұған меңзеп айтыпты сөз, 
Наданға мағынасы болады көз:


171
«Не бақыт? – айтшы көшіп ағына бір,
Ол келіп қонды кімнің бағына бір?
Жегізсе, берсе жұртқа – бағы жанар,
Төр табар о Жалғаннан тағы да бір!»
Қылығы, құлқы әдемі болса – кәні, 
Болады бектің күні – шаттық сәні.
Бергенде Құдай кімге жақсы қылық, 
Оңдаған жол-жорығын жақсы қылып. –
1945. Несібе соған берген ілестіріп,
Өзі жеп, берсе де еркі үлестіріп.
Қасиет құлға Құдай берген кезде, 
Жетілер іс, қылығы тіпті лезде.
Мың түмен өнерімен қаратсын бек, 
Қаланың көк тұманын таратсын бек.
Жағады жақсы қылық елге дүйім,
Болады жақсы қылық ас пен киім.
Біреуге Құдай мінез берсе жаман
Қинайды оқпен атып оны заман.
1950. Болса егер жаман мінез Құдай атар,
Бар ісі кері кетіп, мұңга батар.
Болмаса бек салауат – жаза мықты, 
Сүйеді текті кісі тазалықты.
Жүреді қауіптеніп кісілер сақ,
Сақ көңіл істі жөнді істеуі хақ.
Сақтықты егер, бегім, теріс ұқсаң,
Бар ісің таза болмай, келер нұқсан.


172
Болады бекке көрік сабыр керім, 
Тыныштық – бек ісіне арқау-өрім.
1955. Бек ісін ақыл келіп оңдағанда,
Бітірер біліп бастап аңдағанда.
Ақылды оңғарады істі, бірақ,
Ақылы жоқ адамды ұста жырақ.
Құр көзден коңіл болмай пайда жоқ-ты, 
Қу жүрек ақыл жоқта – босқа соқты.
Тыңдашы, ел бегі айтқан өзі әдепті, 
Сынағыш, ақ көңілді, о не депті:
«Ақыл, түйсік болса – адамды жактағын, 
«Ер» деп атап, мақтар болсаң – мақтағын.
1960. Ақыл, білім, кімде зерде көп болса,
Жаман болса, жас та болса – тоқтағын!»
Қандай жақсы кісіге ақыл, парасат!
Ақыл болса – «дана» десең жарасад.
Жеңіл мінез – баршаға сор бүркеулі,
Ондай бектің беті болар шіркеулі.
Ашу-ызғар – «ұр да жықтың» былығы,
Болса ұшқалақ – көр наданның қылығы.
Шикі істелген іс оңбайды – ау, қасқа!
Ас-су шикі – тап қылады науқасқа.
1965. Барлық істе сабыр сақта, дір етпе,
Асық бірақ тәуба қылар ретте.
Болсын бектер – ар-ұятты, көзі тоқ,
Жүзі – жарқын, артық ісі, сөзі жоқ.


173
Еш тоймайды көз сұғының қарасы,
Жетпес оған дүниенің бар асы.
Ем-дәрі жоқ кесел – сұқ көз қиылса,
Емдей алмас барлық емші жиылса.
Барлық адам ішсе, жесе – тояды,
Ашкөз өлсе – сонда аштығын қояды.
1970. Еш байымас – болса көздің сұғы бар,
Бәрін жинар – қу кедей боп сұғынар.
Құрмет тұтар зердесі бар ерді елі,
Теріс тірлік қылмайды ғой зерделі.
Қылығы пәк, болса үміті молынан, 
Істі жаман істемейтін қолынан.
Кімге Құдай ар-ұятты төгеді, 
Сол абырой, дәулетке де бөгеді.
Ұят барлық жаман істен тыяды.
Ұят барлық игі істерді жияды.
1975. Ердің көркі, игі іс басы – ар осы, 
Содан мәлім жақсы, жаман арасы.
Тілімен шын, оймен түзу қалыпта, 
Күні туар пайда қылса халыққа.
Бек қиянат қылар болса үңіліп, 
Пайда көрмей халық кетер түңіліп.
Көңіл, мінез, тілді тура тұтпаса, –
Елден аулақ қашар қалған құт боса.
Сөзін жұтар бекке сенбе, дүрлікпе, 
Өкінерсің, кетер зая тірлік те.


174
Ойлы да сақ бек келеді келеге,
Қамсыз қалса – ел ұрынар бәлеге.
Екі нәрсе ел болудың тіреуі:
Бірі – сақтық, әділ заң ғой – біреуі.
Сақ болса бек, белін бекем ұстайды, 
Жауың жаншып, мойнын үзіп, қыстайды.
Бек көтерсе әділ заңнын беделін, 
Жарылқайды, жеткізеді өз елін.
Бектік тіні осы екеуден құралар,
Сонда бектік мәңгі бақи тұра алар.
1985. Тыңда не дер жаугершілік құраған ер, 
Сақтық істеп, жауың әр кез ұрған ер:
«Ей, ел басы! Сақ патшаны іздесең, 
Өз еліңе сақ болуды көзде сен!
Сақ боп жүрген бектің елі кеңиді,
Бейқам жүрген бектің күші кемиді!»
Сақ бел, жаудың үз мойынын һәманда,
Әділ болып, жаса тыныш заманда!
Екі жерде бек күнә қып жазады,
Қисык басып, тура жолдан азады.
1990. Бірі – қамсыз қалу, бірі – зорлық-ты,
Ел бұзылып, сонда көрер қорлықты.
Жау мойынын үзер болсаң соғыста,
Өте-мөте құлагыңды сақ ұста.
Сақ болса бек жаудың тісі қағылар,
Қамсыз жүрсе бектің тауы шағылар.


175
Қамсыз бектер іс бітіріп жүре алмас,
Қамсыз адам бек боп өмір сүре алмас.
Сақ ер торып, қамсыз жаудан асады,
Дайын тұрып, дер кезінде басады.
1995. Сақ болса бек – ешкім қолын көтермес, –
Қол көтерсе – қарсы ақыл бар, жетер де ес.
Күшке салған – алмас бектік биігін,
Зорлық қылса – көтереді биді кім?
Бір білімдар мына сөзді қолдайды:
«Қара күшпен ел билеуге болмайды!»
Зорлық – от қой, өртеп бәле төндірер
Әділет – су, ақса – нәсіп өндірер.
Талай жылдар ел билейтін сен ерсің,
Заңды түзу жүргіз – елің көгерсін!
2000. Әділ заңмен әлем гүлдеп өседі,
Күшпен әлем ойран болып өшеді.
Бектер қанша орда бұзпы талқандап, 
Ақырында аштан өлді қалтаңдап.
Әділ заңды қолданса бек бұ жаққа,
Бектік өмір созылады ұзаққа.
Ең жаманы (білеміз ғой ондайды): 
«Өтірікші» аталса бек оңбайды.
Әділ іс пен шын сөзіне сенсе елі,
Бағы жанып, бек болады еңселі.
2005. Жалған сөйлеп біреу жанын жалдайды, 
Ол – опасыз, өз халқын да алдайды.


176
Опалы адам айтқан екен – шыны ғой, 
« Опа» деген – кісіліктің шыңы ғой:
«Тілі жалған адам ісі – жапалық, 
Жапалы адам мал болады ап-анық.
Осы бір сөз талай жерде сыналған, 
Өтірігі бардан күтпе опалық!»
Ер жүректі, өссін батыр, мерген боп, 
Со жүрекпен жау сазайын берген дөп.
2010. Қол бастаса, жүректі адам ұтады, –
Жүрегі жоқ оны өнеге тұтады.
Жүректілер жүрексізді басқарар,
Барлық қорқақ содан үлгі ап қасқарар.
Оқы бәйіт куә болар осыма,
Ал ұғынып, салып көңіл қосына:
«Итке арыстан болса бас боп кеңесер, 
Иттің бәрі арыстанға теңесер.
Арыстанға ит басшы боп келсе егер, 
Арыстандар ит боп, итпен тең өсер!»
2015. Бекке керек сақы мінез тағы бар,
Тыныш жүрген жуас бектің бағы бар.
Аты әлемге жайылады жомарттың,
Сияр әлем уысына со мәрттің.
Елді іріктеп, қол жиып ер өрістер,
Қалың қолмен әр мақсатын ер істер.
Тыңда – айтыпты қол жиған ер дабысты, 
«Өзің де же, елге де бер табысты.


177
Сақы бол да, – ішкіз, жегіз таратып,
Мал азайса – жина, жұмса жаратып.
2020. Ер нәсібі азаймайды берсе көп,
Құс нәсібі азаймайды терсе жеп.
Ер қорықпас жұқарар деп қалтасы,
Болса қуат, оқ, жай, қылыш, балтасы.
Әлем бегі, байлық қайдан табылар? –
Әскер болса, солар табар, сабылар.
Керек әскер елді билеу үшін де,
Қаржы керек қолды ұстайтын күшінде.
Қаржы алуға халық керек аса бай,
Ел байымас әділ заңды жасамай.
2025. Бірі болмай, бітпейді ісің былайғы,
Бәрі болмай қалса, бектік құлайды.
Бес нәрседен қашық жүрсін о тағы, –
Ізгі болса, жайылар бек атағы.
Бірі – сараң, бірі – асығу дыз етіп,
Сосын – ашу, ұста осыны күзетіп.
Төртіншісі – тоңмойындық бірбеткей, 
Бесіншісі – жалған айту құр кетпей.
Қашсын бұдан бек бір бәле қылғандай,
Жөн сөз айтып, жүрсін аты былғанбай.
2030. Тоңмойындық мінез қылса қай надан, – 
Сол болады нағыз соры қайнаған.
Осы орайда шайыр айтқан қысқартып,
Оны ұққандар өсер тілін ұстартып:


178
«Тоңмойындық – тым ауыр жүк, оны ұғын, 
« Ол – қамаулы тұрған ит» деп танығын.
Ондай қылық кісі істемес іс қылар,
Ол да – бір жау, айтсақ сөздің анығын!» 
Елді ұстағың келсе билік торында,
Шамаң келсе, үш нәрсені орында:
2035. Оң қолыңмен қылыш ұрып, ел қарат,
Сол қолыңмен шүлен беріп, мал тарат.
Сөз бен тілің тәтті болсын шекерден, –
Ұлық, кішік, бағынар құл, бек, ер де.
Ей, падишам, іс көп бектер салалар,
Халық сүйсе, төрдің алдын сол алар.
Жүзі жылы, сөзі тәтті, пейілі кең, – 
Барлық ісі болып тұрса соған тең.
Жұмсақ көңіл, ашық қолмен қарасса, 
Мейірімі соған орай жарасса.
2040. Талай түрлі ізгілікті іс қылып,
Қалса жырақ жарамайтын іс-қылық.
Мұндай адам сирек шығар арадан,
Еш кемшілік қыла қоймас сара адам.
Құл боп әлем бағынар бұ түлекке, – 
Бектер мұндай жетер ылғи тілекке.
Дөрекілер ызғар төккен жүзінен,
Бос сандалып, адасады ізінен.
Жеңілтектер таба алмайтын тұрақ бір, 
Олар – надан, сен олардан жырақ жүр.


179
2045. Қараңғы адам бола алмайды кәделі,
Ел жуысса бектің кетер беделі.
Надан – түнек, бекте нұрлы жарық бар, – 
Ақ пен қара арасында парық бар.
«Қылам!» десең жақсы бектің үлгі, ісін, 
Біліп алғын ізгіліктің үлгісін.
Бектің ісін әсте надан демеңдер,
Олай болса – бек наданнан төмендер.
Орта бойлы, көркем сұлу пішінде,
Әйгілі бек болса халық ішінде.
2050. Көркі, шіркін, болса жұрттың көз құрты, 
Сүйсіне бір қарайтыңдай өз жұрты.
Жау ықтырар қатаң болса үрдісі,
Көрген көзді ұялтатын түр-түсі.
Бойы ұзынды білім, сірә, мақтамас, 
Қортық болса, ешкім оны жақтамас.
Өскен болса секілденіп жас құрақ, 
Бәрінен де орта бойлы жақсырақ.
Көп сынағыш, көпті көрген бір адам,
Айтқан екен, алсаң үлгі, сірә, одан:
2055. «Қатпа, қортық болса, ашу көп буады, 
Ұрыс-керіс сол ашудан туады.
Орта бойға лайықты іс қылған,
Орта қолды істің жолын қуады».
Шарап ішпе, жүрме қуып жанжалды, –
Бағы тайып, талай адам сандалды.


180
Шарап ішкіш бектер, сірә, өртке ұсар, 
Оның халқын елді улайтын дерт қысар.
Бек құмарпаз болса, барын салады,
Елін құртып, қайыршы боп қалады.
2060. Мезгілі өткен бектің ісі пұштай боп,
Қолға түспес, ұшып кеткен құстай боп.
Айтқан екен құлаққа ақыл құюшы,
Шарап ішкен топастарды тыюшы:
«Ей, маскүнем! Саған тиген бұл – енші: 
Шарап ішкен боп кетеді тіленші!» 
Шарап ішкен кедей малы желге ұшар, 
Шарап ішкен бектің елі жер құшар.
Бар байлықты жейді шарап – тегі, жау, 
Қылар ісі – төбелес пен жанжал, дау.
2065. Мас боп кісі түсер жынды қалыпқа,
Жөні түзу іс қылмайды халыққа.
Әзиз кісі айтқан екен ұлы сын,
Тыңда мұны, сен – құлқынның құлысың:
«Шарап ішкен тастар талай жұмысты,
Істемейтін, істі қылып жымысқы!» 
Шарап ішкен құмар ойнап «бес кетер»,
Бектің іске қолы тимей, ес кетер
Жөнсіз істер ішкен кезде істелер,
Жүзеге аспай игі талай іс те өлер
2070. Шықса жанжал құт қашады қалтаңдап, 
Бектігіңді даукес кетер талқандап.


181
Құт күнәсіз адалдықты жақтайды,
Бұ дәулетті пәк тазалық сақтайды.
Дөрекі бек ішкіш болса күтінбей,
Елі-жұрты бәрі ішеді бүтіндей.
Бек тұзейді барлық жаман жұрт ісін,
Кім жыртады жаман бектің жыртысын?
Сумен жуып тазартады «кір!» десе,
Немен жуар судың өзі кірлесе?
2075. Тәуіп емдер ауру болса қауіпті,
Кім емдейді өзі ауырған тәуіпті?
Сепсе бектер таза пейіл жарығын,
Сонда халық тұзер жол мен жорығын.
Бектер куә келтіретін жер енді,
Құлақ қойсаң, бұл сөз мәні терең-ді:
«Бектің құлқы, жүрген жолы қандай-ды, –
Қара халық осы жолды таңдайды.
2080. Бек мінезі ізгі болса, жөнді, әділ,
Қара тобыр осы жолдан танбайды».
Мақтаншақтық құр кеудені тоздырар, 
Құркеуделік тура жолдан аздырар.
Кіші пейіл не қаласа, соны алар,
«Бағы жанған ұлы бек» боп саналар.
Зерделі ердің бір сөзі бар – ой гүлі,
Тыңда соны – даналығы әйгілі:
Ұлысынса бек менсінбей өз елін,
Жойып алар ол қадірін, беделін!».


182
2085. Құр мақтанмен көтерілмес бұ кісі, 
Ұстамды ерде – жатық «істің тігісі».
Өркөкірек – ызғар шашқан кесір ер, 
Кішіпейіл – көңіліңді өсірер.
Кішіпейіл, көңілі ашық болмаса,
Түңіл Бектен, ол – бек емес, далбаса.
Ақ көңілмен ісін шешсе әмбенің,
Ол кешірмес күнәсін әр пенденің.
Сонда үйірсек болар оған бұ халық, 
Айналсоқтар түскендей-ақ бұғалық.
2090. Басшы болсаң, жарылқа сен бұл елді, 
Кеңпейіл боп, жұртты сүйе біл енді.
Бұл елің ғой, кеңпейіл боп қал оған, –
Болар жолың аң каққандай қалаған.
Онсыз адам «тірі өлік боп қалған» – де, 
Түк те тимес оған екі Жалғанда.
Жақсы ісіңе жөн саясат үстегін,
Саясатты күш қолданып істегін.
Ел түзер бек саясатты ұғынып,
Халық үшін әділ заңның ығын ұқ!
2095. Куә бұған, тыңда ескілік жырынан.
Куәлі сөз шертер шындық сырынан:
«Бек сарайын бұ саясат безейді,
Елін бек те саясатқа көзейді.
Бұзықтарға саясатты қолданып,
Ел бұзылса, саясатпен жебейді»! 


183
Елді билеп, бектік құру негізі,
Екі нәрсе түп-тамыры, тегі, ізі.
Бірі – әділ заң, оны халық «құп!» десе, 
Бірі – әскерді күміспенен күптесе.
2100. Ел қуанса әділ заңға жолығып,
Қуанса әскер күміс пұлға молығып.
Бұл екеуі болса бектің тірегі, – 
Ел жетіліп, бектің тыныш жүрегі.
Бек әділ боп, қорғамаса өз жерін,
Обыр елдер талап жейді өздерін.
От сап Олар ел арасын бұзар да, –
Бек билігі қалап түсер құзарға.
Әскери қол қуанбаса шынынан,
Қылыш жүдә шықпай қояр қынынан.
2105. Бек қылышпен қол ұзартып, ұтар тек, 
Онсыз елін билей алмай, жұтар бек.
Балта, қылыш – ел қорғаны еңсерген, 
Елге басшы болады бек семсермен.
Тыңда, айтыпты біреу әлем билеген, 
Балта, қылыш жұмсап, жауың илеген:
«Ей, ел басы, ел қорғаушы туыс ер, 
Бейқам жүріп кейде кісі у ішер.
Ел қорғауды тапсыр қылыш, балтаға, 
Тып-тыныш жүр қолды салып қалтаға.
2110. Жау тырп етпес қылыш шықса жалақтап, 
Қында жатса – бек тыншымас алақтап.


184
Қылыш ұрар ерді қуант «ләм» демей, – 
Өзің қуан, жаса түктен қам жемей!»
Айтты Өгдүлміш, созылды сөз желісі: 
«Аты – зор да, қиын өте ел ісі.
Халық – биік, басшы болу – ауыр-ды,
Бұ – машақат, бас та қатты, ауырды.
Аз қуаныш, қайғы күнде жамалад.
Мақтау аз боп, көбейеді жаман ат.
2115. Көз алартып қарайды жұрт – азап ол,
Сен қуаныш тілерсің-ау, аз-ақ ол!
Жақтасың – аз, жұрт жақтырмай қарайды, 
Қарсы адам – көп, аз – рахат арайлы.
Ойда – күдік, көңіл қайдан тыңаяр,
Ер сенбесе – ерекше бір мұңаяр.
Әрбір істің қатері бар дендетер,
Оны көріп, қызығы мен дәм кетер.
Дана сөзін тыңда таза сүзілген,
Дана сөзі – інжу-маржан тізілген:
2120. «Мойны – қылша, патша басы – келідей, 
Ғалым сенбес оған жарым елідей.
Қылатын іс күнде бастан асады,
Мың қатерлі іс тартылып желідей».
Бәрі осылай: билікке қол созғасын,
Бірі – тыныш, бірі – жейді өз басын.
Білгің келсе өмір сырын ұнаған,
Талай іске ұмтыл, тырыс мынаған:


185
Тіл, көңілді ұста тура, бабында,
Бір Иені құрмет тұтып, табын да.
2125. Бұл Раббым не қылса да – бол разы, 
Құлдық ұрсаң, осы – соның біразы!
Шын көңілден мейірбан бол халыққа, 
Жақсылық қыл, ізде соны, жалықпа!
Зарар бермей, пайдалы іс қып елден ас, 
Жақсы іс қылып, жаман істі белден бас!
Мал-дүние осылай қып сомда сен, 
Ойнап-күліп, жатып жерсің сонда сен!
Үзілсе жан – үмітіңді үзбе сен:
Берер Құдай ізлікті іздесең.
2130. Тыңда патшам, айтам безеп тілімді, 
Бекке керек ерлік пенен білім де.
Кімнің қолы ерлік іске жетеді, – 
Соны «бек» деп, елге бастық етеді.
Бек болады қойса бастық ел сеніп,
Ел жұртына еңбек етер белсеніп.
Тыңда, айтыпты бір білімдар зерек тым, 
Зор білімі оның елге керек шын:
«Бек білімдар, парасатты, ә, тағы,
Болса керек ақылы мен атағы.
2135. Болсын сақы тілінен бал төгілген,
Ел қамын жеп қабырғасы сөгілген.
Ашкөз емес, кішіпейіл, сезімді,
Болсын жұртқа кешіргіш те төзімді».


186
Үлгі-өнеге берсе бектер – ел гүлі,
Әділ қазы бола білсе белгілі.
Мұндай бегі болған елдің құты бар, 
Оның халқы бар бәледен құтылар.
Құт құйылып, елді тыныш етеді,
О, дариға, бұ бектер де өтеді.
Ей, падишам, тиек етіп тілге енді, 
Айттым, міне, ұққаным мен білгенді!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет