ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ТҮРКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТІЛДЕР КАФЕДРАСЫ
«ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ» ПӘНІ БОЙЫНША
МОӨЖ /МӨЖ
Тақырыбы: Сала бойынша ғылымдардың философиялық проблемалары
Орындаған:
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының
1 курс магистранты
Болат Темірлан Айдынұлы
Тексерген:
Сембаева Г.М.
Алматы, 2022
Жоспар
Кіріспе.
Жаратылыстану ғылымдарының астрономия саласының философиялық проблемалары
Әлеуметтік-гуманитариялық ғылымдарының тілдік философиялық проблемалары
Қорытынды
1.Кіріспе.
Бұл магистранттың өздік жұмысында, біз салаларға жай ғана мәлімет бере қоймай, әрбір саланың философиялық мәселелеріне назар аударамыз. Жаратылыстану және гуманитарий ғылымдарының жетістіктеріне байланысты адамзат дүниетанымы және мәдениеті көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер үлкен мәселелерге айналып, әрбір ғалымдар философиялық тұрғыда бұл мәселелерді шешуге тырысты. Бұл жұмысызда біз жаратылыстану ғылымының астрономия саласы бойынша философиялық мәселелері және ғалымдардың түсініктемелеріне сараптама жасалады. Сонымен қатар, гуманитарий ғылымдары оның ішінде тілтану саласының белгілі философиялық мәселесі туралы саралаймыз.
2. Жаратылыстану ғылымдарының астрономия саласының философиялық проблемалары
Астрономия дегеніміз не? Астрономия бұл ғаламдағы ғарыштық денелер, олардың құрылымы, құрылысы, дамуы туралы зерттейтін ғылым. Ең көне ғылымдардың бірі адамның іс-жүзіндегі мұқтажадықтарының негізінде пайда болды: кеңістікті игеру, теңіз жолына шығу, уақытты өлшеу және т.б. Қазіргі кезде астрономияның бірнеше салалары белгілі, мысалы: аспан денелері мен ғарыш кеңістігіндегі физикалық-химиялық үрдістерді зерттейтін астрофизика, галактикаларды зерттейтін жұлдыздық астрономия, аспан денелерінің қозғалысын зерттейтін механика, ғарыш нысандарын зерттейтін атмосферадан тыс астрономия, астрономиялық құралдар және оларды қолдануды зерттейтін – практикалық астрономия.
Космология – Әлемнің эволюциялық теориясы, астрономиялық зерттеулерді жүргізудің мүмкін бөлігін қарастыратын сала. Космологияның теоретикалық бастауы құрамына негізгі философиялық теориялар, математикалық аппарат және философиялық-әдіснамалық негіздер кіреді. Космология нысанының статусы – Әлем.
Уақыт категориясы – космологияда көп талқыланатын категориялардың бірі. Көптеген зертеушілер уақытқа обьективті сипат береді, бірақ Августин мен И.Канттан басталатын дәстүрге сай, уақыт пен кеңістік субъективті түсіндіріледі. Уақыт – ешқандай факторға тәуелсіз өлшеуіш ретінде немесе материяның қозғалысымен байланысты өлшеуіш түрінде қарастырылады. Ең көп тарағаны – уақытты қозғалыста елестетін динамикалық тұжырымдама, бірақ оған қарсы тұжырымдама ұсынылды, ол – статикалық деп аталады. Әр модельдерде уақыт циклды немесе ақырғы, я шексіз және сызықтық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |