Тұрсын ЖҰртбай әлжекеңНІҢ Әлемі



Дата07.07.2016
өлшемі96.45 Kb.
#183938
Тұрсын ЖҰРТБАЙ

ӘЛЖЕКЕҢНІҢ ӘЛЕМІ

Жазушы Әлжаппар Әбішевтің жазушылық жолы мен шығармашылығы туралы Ғабит Мүсіреповтің: «Орыстың он тоғызыншы ғасырдағы ұлы ақындарының бірі НА.Некрасов: «Ақын болуың міндет емес, азамат болу парыз» деген еді ғой. Ал, әрі ақын, әрі азамат болған адамға не айтар едік? Міне, сол адам Әлжаппар дер едім мен. Әлжаппар көп оқымаған адам. Бірақ өзінің осы Алматыға келгеннен бергі өмірінде ол ең көп тоқығандардың бюірі. Әлжаппар – көрнекті жазушы. Сенімді жазушы, намысқой жазушы. Әлжаппар неменеге намысқой? Өзінің қара басы үшін бе? Жоқ...Еңбектерінне қарасаңыз Әлжаппардан ойға құрылмаған, белгілі идеяға құрылмаған, жалпы сөз қуып кеткен шығарма таба алмайсыз. Әлжаппардың шығармалары біреуге ұнар, біреуге ұамас. Бірақ ол біреуге еліктеген кісі емес!» – деген пікірінен дәл және шынайы ешкімде сендіріп айта алмайды. Өйткені бұл сөзде өзінің тұңғыш әңгімесі «Завалды» Сәкен Сейфуллинге айтып журналға шығартқан батагөй қалам ұстазы әрі серіктесі Ғабеңнің тастан қашап жазғандай етіп дәл мүсіндеген Әлжаппар Әбішевтің портреті бар. Бұл пікірді Әлжекеңнің өзі де жоғары бағалайтын. Сонда риза болатыны «тоқығаны көп, намысқой, сенімді» жазушы деген жолдар болатын. Расында да оның барлық көркем шығармаларының негізгі арқауы адамның бойындағы арлы намысқа құрылды. Осы үш мінезін өзі де мақтан тұтатын.

Алайда «белгілі идеяға сенімді, намысты» жазушының шығармаларының өзінен де идеологиялық қателіктер табылып, қысымға алынған кездері болды. 1951-1953 жылдар арасындағы әйгілі «қарадүлей кезеңде» жасалған Қазақстан К(б) Орталық Комитетінің ҮІІІ пленумында Ж.Шаяхметовтің «Республиканың партия ұйымдарында идеологиялық жұмыстың жайы және оны жақсарту шаралары» атты баяндамасында: «Баспасөз бетінде Ә.Әбішевтің «Сахара сәулеті» деген жаңа романы орынды қатты сыналды. Романда біздің басшы партия кадрларының бейнесі бұрмаланып көрсетілген. Романда аудандық партия комитетінің бірінші секретары партия қызметкерінен көрі әкімге көбірек ұқсайды. Аудандық партия комитеті бюросының мүшелері артта қалған дәрменсіз адамдар ретінде көрсетілген» - деп атап көрсетілді.

Басқа-басқа, заманның өзі ұшынып тұрған 1951 жылы бірінші хатшының атынан «басшы партия қызметкерлерінің бейнесі бұрмаланып көрсетілген» деп айтылған бұл сын кез-келген бәйтеректі құлатуға толық жарайтын. «Партияның басшы қызметкері» кім, Шаяхметов пе, Сталин бе?- деген сұрақ қойылса бітті, біз Әлжекеңді «АЛЖИР-ден» бір-ақ көретін едік. Әйтеуір, Әуезов, Мұқанов, Мүсірепов сияқты алып емендермен алысып кеткен «дүлей заманның» алаяқтарының құйыны Әлжаппар Әбішевті «басынан сипап қана» өтті.

Сол баяндаманы кім дайындаса да Әлжекеңнің осал жерінен ұстап, үнсіз тұншықтырған. Өйткені, Әлжаппар Әбішевті «майсыз қаракесек мінезі» үшін де, «саужойдан» жоғары сауаты жоқтығы үшін де, әдеби білімі мен орысшаға шорқақтығы үшін де, шығармаларының көркемдігінің төмендігі үшін де кінәлауға болатын. Мүмкін, бұл сөздердің астарында шындықтың ащы тамшылары да жатуы мүмкін. Бірақта Әлжекеңнің турашылдығына, адал коммунистігіне ешқашанда күмәндануға болмайтын. Сәл асыңқы, не сәл басыңқы пікір үшін төрт күн тулайтын Әлжекең, өзгенің басына төнген әділетсіз жала мен пәлені өз басына шақырып алып, әділдік үшін «найзағайласа кететін және дегеніне жетіп жығылатын Әлжекең жоғарыдағы сынға қалай шыдады екен десеңізші. «Мен оңай ашуланбаймын. Ашулансам ісімді бітірмей тынбаймын. Ол жағынан алғанда жалайыр нағашыларыма тартқанмын» - деп Қаныш Сәтбаев сияқты дананы сескендірген Әлжекеңнің мұндай «майсыз, қаракесек мінезінің» (мен осылай қалжыңдап атағанда шашын сипап, тырқ-тырқ күле беретін) жақсылығы тиген жандар көп болды, әрине, салқын шалығы тигендер де бар. Түйілсе – қапысыз түйіліп, шүйілсе - қапысыз шүйілетін және сол мінезін ашық көрсетіп, «қайрап ап қалың жауға сғермегендей» деп Мәди ағасы айтқандай, өзінің қарсы келе жатқанын алдын-ала жариялап алып қарсы жүретін қайсар Әлжекеңді жалғыз ауыз сөзбен, немесе бір кесектеу мінезбен тоқтату оп-оңай еді. Ондайда көзіне қамшы тиген аттай, көзі мен қасын қосып бір сипап алатын да, күрт шыр айналып жүріп кететін.

Араға күн сап, не түн сап сенімен міндетті түрде хабарласатын. «күніне мың ойланып, жүз толғанып жүріп, неге әлгіндей мінез көрсеткеніне назар аударып, сен ойламаған ойды қосып, сен сезінбеген себепті тауып, сен айтпаған астарды ашып, «теориялық тұрғыдан» талдап беретін. Алғашында әуес көрінген бұл мінезін жеңіл қабылдап жүрсем де, кейін Әлжекең өзінің айтқан сөзі мен мінезіне, өзгенің көрсеткен мінезі мен айтқан сөзіне күн сайын талдау жасап, әр сөздің астары мен себін іздеп, өзін-өзі қинауға салады екен. Яғни, Абай, «не істеп қойдым деп өзіңді өзің айында, болмаса аптасында, әйтпесе күніне бір тексер десе», Әлжекең өзінн өзі күніне жүз тексереді екен. Кейде шығармашылық көркем қиялдан көрі өзінің ішкі әлемімен күреске көп уақыт жіберетіндей көрінетін бізге.

Қашан әлгі ойына тиянақ тапқанша байыз таппайтын, өзгені де байыздатпайтын. Ине-сабағына дейін түгендеп, аса жауапты мемлекеттік шешім қабылдайтындай қиналып жүріп келген ой қорытындысын саған сондай бір толғаныспен күңірене отырып жариялаған соң, қатулы Әлжекең иіп сала беретін. Ондай кезде баладан елгезек, Атымтайдан жомарт, Жиреншеден шешен болып кететін. Әрине, Әлжекеңнің мұндай «найзағайсыз күндері» көп болды, «сабақты ине –сәтінде» деп сол «найзағайсыз күндерді» бауырына тартқан бауырларының барлығы да сондай бір ұқыптылықпен пайдалана қоятын. Соның қатарында Несіпбек екеуміздің жүргенімізді несіне жасырайын. Өзі де соған сұранып тұрғандай жазушылар одағына күнінне үш рет, кейде жұмыстан қалғандай бізден бұрын келіп алатын да: «Мен неге келдім осы?»- дейтін. Бұл біз үшін құпия «пароль» сияқты көрінетін де: «Мүмкін, Фадеев сияқты жас жазшылармен емін-еркін отырып сөйлескіңіз келген шығар», немесе «Ағалар алқасы» жастарға сарқыт үлестіргісі келген шығар», «Әлде шығарып салатын адам іздеп тұрға жоқсыз ба?», кейде: «Не ойлап жүрсің?» - дегенде : «Осы Абайдың нағашылары майлы ма еді, майсыз ба еді, соған көзім жетпей жүргені» - десең бітті: «Ей, түс алға» - деп қолын сыртқа шошайтатын. Жазған құлда шаршау бола ма, Әлжекеңнің жазушылар одағымен есікпе-есік тұрған үйін «алыссынып», бардан жарылқай салмайсыз ба дегендей боп «бұлданатын» құдайдың тегін силаған күндер де өтті басымыздан.

Әлжекеңнің бір мінезділі сондай, қанша көңілденсе де, көңілін тапсақ та әлгі өзі «күніне мың ойланып, жүз толғанған» шешімінен қайтару өте қиын еді, тіпті мүмкін емес болатын. Араға ай, жыл, он жыл өтсе де сол бір мәселе, сол бір оқиға өткен кездегі сезім мен мінезінің құлақкүйі, шешімі өзгермейтін. Сұрай қалсаң, тура сол өткен жылдардағы көңіл-күймен сөзбе-сөз қайталап беретін. Қалай қағытсаң да өзгермейтін және сол күйінде қағазға түсетін. Мұны «Шерлі шежіреден» анық байқауға болады. Өміріне де, өнеріне де, өзіне де, өзгеге де ортақ бұл бір мінезділікпен, бір сөзді болуды ол өз өмірінің бұлжытпас қағидасы етіп алуында заман қалыптастырған психология жатыр. Алты ай тергеудің, алты күн ашық соттың алдында да «бірмінезділігі мен турашылдығынан» қайтпаған сол мінезіне арандатушылардың өздері де, тіпті әкесі де сүйсініпті. Сонда: «Айттым емес пе, мен саған емес, нағашыларыма тартқанмын» - деп жауап беріпті. Ондайда көңілдендіргіміз келсе: «Е, Абай да нағашысынна тартқан екен ғой»-дейтінбіз, ал сөйлеткіміз келсе: «Атаға тартып ұл тумас...» - дегенде сөз таба алмай кәдімгідей тыпырлап қалатын. Сөйтіп жүргенде тағы да бір күні. «Осы сенен сұрайын дегенім...» - деген сөз басталса-ақ бітті, Әлжекеңнің тағы да өзін-өзі тексеруі, тергеуі, қажауы басталады. Ондайда неғұрлым аулақ жүргенің абзал.

Өмірінің соңында, әсіресе, «Ағалар алқасының» төрағасы болған соң Әлжекеңнің әбігері көбейді. Ол өзін бүкіл жазушылар одағының тағдырына тікелей жауапты адамдай сезінді. Әсіресе, аға ұрпақ пен жас толқыннның арасындағы байланысқа, қоғамдағы құбылыстарға, ұлт, тіл тағдырына, өзара таулыққа, түрлі атақ-дәреже, силық бөлістеріне белсене араласты. Сол қам-қаракетке қаламгерлердің арасында ежелден келе жатқа ескі дерт – жазушылардың «мылтықсыз майданы» да, ырду да, дырду да, даурығу да, қосақ арасына араласа келді. Әсіресе, қазақ тілінің тағдыры туралы ұйымдастырған, Ғабең - Ғабит Мүсірепов баяндама жасаған ұлы жиналыс бәріміздің де есімізде мәңгі сақталып қалды. Өйткені бұл қазақ ұлтының ең көкбауырлы дерті, мұқтаждығы, мүддесі еді. Қоғамың, ұлттың, компартияың назарын ресми түрде аударған мәселе болатын. Бұл жеке адамның пікірі емес, ұлт зиялыларының жан айқай тұжырымы, бүкіл қазақты алаңдатып отырған ең талмалы тақырып еді. Бұл мәселе төңірегіндегі бүкіл ұлттық тұжырымды сол жиналыс жасап берді. Ондағы айтылған көкейкесті ұсыныстар мен ұсынылған шаралар әлі де өзінің маңызын жойған жоқ. Олжас екеуінің ақылдаса жүзеге асырған шаралары тым батыл әрі пәрменді еді. Өзгесін былай қойғанда, 1987 жылы 13 қаңтардан бастап тікелей өзім араласқан Желтоқсан оқиғасы мен Алаш ардагерлерін ақтау туралы комиссиялардың, Семей-Невада қозғалысының, Қазақ тілін мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру туралы алғашқы ұсыныстың дайындалуының жұмыс барысына ақыл-кеңесін берді. Шындығын айтқанда, Олжас Сүлейменов Әлжекеңді - Әлжаппар Әбішевті алдыңғы саптағы мұзжарғыш атой кемесінің орыныда ұстады.Жоғарыдағы аұлт тағдырына қатысты түйінді мәселелер туралы жан-жақты пайымдалған хаттар «Ағалар алқасының» атынан жазылып, оны Орталық комитетке Әлжекең апарып беріп, қашан түбіне жеткенше қадағалаумен болатын. Оның бұл мінезін түсінбегендер де, теріс пиғылға пайдалағадар да, алдап алақанына салғандар да, бетіне ашық айтпағанмен де, мәмілесіз қарсы күрескендер де болды. Соның барлығында да Әлжекең өзінің ежелгі тәсіліне жүгініп, «мын ойланып, жүз толғанып» қабылдаған шешіміменн әрекет етті. Кей мінездері замандастарына жақпады, жақтырмады, жат көрді. Бірақ Әлжекеңе бетпе-бет келгенде жала жаба алмады, Әлжекең жала жаптырмайтын да еді. Ең соңында Колбин мен Камалиденовке қарсы қауырт майдан ашты. Одан Горбачевке хат жазды. Содан кейін Қазақстан Орталық партия комитетінің хатшыларының бірінен кейін бірінің жеке әңгімелесуі басталды. Мұның соңы Орталық комитеттің бірінші хатшысы, кейін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуімен аяқталды. Бұл тұста Әлжекең біздің «ақыл-кеңесімізге» мұқтаж болмады. Өйткені біз коммуист емес едік. Ал партиялық құпияы ол кісі аса қатты ұстанатын. Бізсіз де «қауырт жұмыстары» көп болды.

Әлжекең жазушылар одағы партия ұйымының хатшысы ретінде Шаяхметовтен бастап соңғы секретарь Н.Назарбаевқа дейінгі республика басшыларының бәріне хат жазып, қабылдауында болып, сол тұста аса батыл саналатын, немесе өзі үшін аса маңызды көрінген мәселелерді қойып, соның шешілуіне қол жеткізгенін мақтан тұтатын. Бұл туралы «Шерлі шежіреде» жан-жақты қамтылған. Сол мәселелердің негізгілерін атап қана өтсем, қалғанын ойлы оқырман өзі-ақ аңғаратын шығар. Алғаш рет Ж.Шаяхметовтің қабылдауына кіргенде бірден: «Осы мен қу бас қалатын шығырмын. Өйткеі не алдымда, не соңыма ерген жазушы жоқ. Алдыңғылары майданда, соңғылары енді аттанбақ. Олардың қайсысы тірі қалары белгісіз. Жазушылар одағы жазушысыз қала ма деген қаупім бар. Кеңес шекарасы азат етілді. Сондықтан да мына адамдарды майданнан шақыртыңыз, мына жастарды майданнан алып қалыңыз» - деп тізімін беріпті. Бұл мәселе арнайы Орталық комитетт те қаралып, жазушылармен қоса өзге өнер адамдарына да бронь беріліпті. Бұл архив құжаттары растаған шындық. Горбачев пен Яковлевке жазған 1987 жылғы ақпандағы хаттарында: «Қазақстанда екі партия бар, оның бірі...компартия, екіншісі ру партиясы»- деп ашық жазған. Бұл хаттар кезінде жазушылар одағына талқылауға ұсынылғанда «Дінмұхамед Қонаев пен Олжас Сүлейменовті қорғаған хат екен. Шал алжиын депті. Сексен жасы аталмайтын болды» - деп мазақ еткендер де болды. Олжас орынында қалғанда олардың ауызына құм құйылғандары да бар, әлі де Олжасты тар пиғылына сиғыза алмай жүргендер де кездеседі. Шындығында да Әлжекең Олжастың басына қиыншылық түскенде ашулы арыстан мәуленін қалай қорғаса, ол да баласындай араша түсті. Желтоқсан оқиғасынның ауыр күндерінде де арыз бен күңкілден арылмаған зиялы қауымның сол мінездерін мен әлі түсінбей келемін.

Сондай саяси хаттарында Әлжекеңнің келер күнге көріпкелдік жасайтын да әдеті бар еді. Өзінің арманды ойын астарлап жеткізген «Мағжанның Сырбаймен сырласуы» атты эссесінде ұжмаққа барған Сырбай ақынның ауызына: «Сұқмдық-ау, сегіз ұжмақтың біреуі қайда? Жарық дүниені имансыздар жайлап алған соң сегіз ұжмақтың біреуі қысқартуға ұшыраған ба? Жоқ, әлде, қазақтың қаласы мен даласы секілді сатылып кетті ме екен? Солай болар. Қазіргі заманда сатқындық салтанат құрған заман ғой. Бұл қалай?»- деген сөзді салады. Егер Әлжекең бүгіндері өзі айтқандай жүз жасап отырса сол «көріпкелдігі» дәл келіп, сегізінші жұмақтың да, қаланың да, даланың да түсінде емес, өңінде шынымен сатылып кеткенін көріп, сұқ саусағын шекесіне сүйеп, «Бұл қалай?» - деп қолына қалам алып хат жазып, үлкен үйге жүрегін алып ұшар еді-ау! Ондай зиялы адам кейін ортамыздан табылмады.

Міне осындай қиын шақта Әлжекең керек-ақ еді. Әлжекеңнің орыны бос тұрғаны өкінішті. «Әлгі Әлжекеңді әжуа ететіндер осындайда қайда кеткен?» - деген сұрақ тамағыңа тығылып тұрады. Иә, олар әлі де іннің аузында дүниені сақтықпен шолып отыр. Не інінен алыстамайды, не ініне кіріп кетпейді. Олар заманның суырлары. Артық айттым ба, адрессіз айттым ба? Не де болса ойға келген сөз бен сұрақ екен, ендеше ішімде сақтап қайтемін ағайын?!.Әлжекеңнің стилдінде айтылған бір ауыз сөз ретінде қабылдарсыздар. Орталық партия комитетінің хатшыларына дегенін істетіп үйренген Әлжаппар Әбішевтің өзі: «Шіркін, ол кезде еститін құлақ, көретін көз, ұялатын бет бар еді-ау» - деп өкініпті. Сондайда қазіргі біз көріп жүрген «құлақты», біз көріп жүрген «көзді», біз көріп жүрген «бетті» көрсе қайтер еді? Біз сол Әлжекеңді түңілдірген «құлақтар мен көздерге, беттерге» зар болып жүргенімізді білсе ғой, шіркін!

«Мен әкемнің жасынан – 96 жастан асып барып жығыламын. Оған дейін алаңдамаңдар. Ойласатындарыңды содан кейін ойласа беріңдер» - дейтін. Жүзге жететіні сөзсіз еді. Сол жүз жасауға бұйырылған жүйке талшықтарын аяусыз үзген сүйікті қызы Райханның өлімі мен кейде «еріктілер» қатарында, кейде «еріксіздер» қатарында атқарған, кейде және көбінесе өзгелердің «ұжымдық ықпалымен» араласып кететін ұйымдастыру жұмыстары болды. «Шерлі шежіренің» - естеліктердің толық жазылмауына соның да бөгеті тиді.

Аяқталмай қалған кітаптың соңғы тарауында Нұрсұлтан Назарбаевтің шақыртуымен оның қабылдауында болған Әлжаппар Әбішев Қазақстанда казактардың жеке әскер құруға ұмтылып жатқаны туралы және казак жасақтарының зардаптары мен ойрандары туралы менің мақаламды ұсынып тұрып:

«- Қазақстанның кең даласын қазақтардан тазартуды көксегендер шыға бастады. Біз болсақ: «Егеменді ел болдық, іргемізді басқалардан аулақ саламыз» - деп лепіруден шамамызды етек тартысына жұмсауменн қам-қаракетсіз келеміз. Осы жөнінде Сізге айтарым бар еді, уақытыңыз қалай?



  • Уақыт табылады.

Осылай басталған ұзақ әңгімемен іштегі шерді тарқатыпты».

Президентке ойындағысын айтып, айызы қанған Әлжекең әңгімесі «Бүгінгі сапардан күткенім Президенттің көзін ақиқатқа жеткізу еді, ол тілегіме жеттім. Ол ғана емес, тіпті көктегі жалғыз Құдайдың өзі алыстан үн қатып: «Аққа зауал жоқ. Сен соны жадыңда сақта. Сонда сен көзің жетке шындықты айтудан тайсалмайтын боласың» - деп тұрғандай шаттандым. Бұл шаттықтан жан баласы менен тіпті айыра алмайды» - деп айтқаныың орындалатынына сенімді көңіл-күймен аяқтайды. Өкінішке орай казактардың ол ойы он бес жылдан соң тағы да бас көтеріп отыр. Енді ол сөзді Елбасына кім жеткізеді?



Бар айтарым, сөзімді түйіндеп айтарым: «Шындықты айтудан тайсалмайтын бол!» - деп Алла тағалам бізге де, бәрімізге де аян берсе екен. Рухымыздың досы – шындық болсын.
10.11.2007.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет