Туѓан елге пайдалы іске ќолдан келгенше


Ы.Алтынсарин және ұлттық мектептер туралы



бет2/6
Дата01.03.2024
өлшемі142.5 Kb.
#493572
1   2   3   4   5   6
Дип.-Ыбырай-шығармаларындағы

1 Ы.Алтынсарин және ұлттық мектептер туралы

Ы. Алтынсарин-қазақ өлкесіндегі тұнғыш халық мектептері орыс-қазақ мектептерінің негізін салушы.Ол қазақ халқына жоғарыда айтылғандай білім берудің системасын жасап, оны мүмкіндігінше жүзеге асырды. Ол системаның бүгінгі таңда маңызы зор.


Алтынсарин системасында екі класстық орталық училище негізгі орын алды.Алты жыл оқитын екі кластық училищелер ұйымдастыру идеясыда өте орынды болды.
Осы сияқты білім беру жүйесі жақсара бастаған бастауыш мектептер көбейе бастады.70-жылдары төрт жыл оқытатын бастауыш мектеп типін чуваш бастауыш мектебі бойынша инспектор И.Я. Яковлев жасады. Чуваштың Симбирскідегі мұғалімдер даярлайтын орталық мектебі 6 жыл оқытатын 3 кластық еді. Ал Алтынсарин мектебі жалпы білім беруді мақсат етті.
Торғай уезіндегі 4 әрқайсысынан бір-бірден орталық училище ашты. Бұл училищелердің әрқайсысында 30 орындық қазақтың ер балаларына арналған интернат болды. Торғай , Ырғыз мектептері орыс қазақ мектебі деп аталды , себебі бұл жерде екі ұлт балалары оқитын. Тройцкідегі екі кластық және Ақтөбедегі бір кластық мектептерінде қазақ балалары ғана оқыды.
Осы 4 орталық училище қазақтың ең алғашқы мәдениет ошағы болды.Бұл мектептерді ашудағы Алтынсариннің ролін толық көрсететін , оның бұл істі жүзеге асыру барысында кездескен қиындықтарды баяндайтын материалдарға тағы бір тоқталайық. 1876 жылы Орынборға бұрынғы халық ағарту министрі граф Толстой Орынбор оқу округіндегі оқу орындарыын тексеруге келгенде, бұл өлкедегі қырғыздарға білім беру мәселесі талқыланды. Мұнда қырғыздарға орысша оқи- жаза білгізу, ол үшін қырғыз тіліне орыс алфавитін енгізу мәселесі негізгі әңгіме болды. Бұл кеңеске Орынбор өлкесінің бұрынғы генерал- губернаторы генерал- адъютант Крыжановский, Орынбор оқу округінің қамқоршы өкілі Лавровский, Қазақстандағы мұғалімдер семинариасының директоры Ильминсий және Торғай, Орал облыстарының губернаторлары орыс алфавитін қырғыз тіліне қолдануға әбден болатынын айтты. Бірақ далалық болыстарда ашылмақшы орыс- қырғыз мектептерінде оқу жұмысын жүргізе алатын қырғыз тілін білетін мұғалімдер жоқ еді. Ал мұндай мұғалімсіз жұмыс істеу балдармен қиын еді. Сол себептен Торғай, Орал облыстарындағы жақын қалалардың бірінде қырғыз мұғалімдер мектебін ашу жайлы қаулы алынды. 1879 жылы мектеп инспекторлығына Алтынсарин шақырылды. 1881 жылы Орск қаласында мұғалімдер мектебі құрылды.
Алтынсарин алғашқы кезде бірден орталық училище болып, мұнда 50 қазақ баласы және жергілікті орыс балалары жататын интернат болуын айтты. Бұл оқу орнына ол Қазан мұғалімдер семинариясын бітірушілерді мұғалімдікке шақыруды ұсынды. Мұнымен қатар Алтынсарин бұл орталық училищелер барлық жағынан, сыртқы көрінісінен де, оқу жұмысы жағынан да үлгілі болуын талап етті. Сонда алыс түкпірде ашылатын болашақ бастауыш мектептері бұлардан оқыту әдісінің жақсысынан үйреніп, онда жүретін сабақ түрлерінен, шаруашылық жағынан үлгі алар еді деп көрсетті. Сол себептен Алтынсарин болыстық мектеп қаражаттарын орталық училищелерге арналған берік тас үйлерге және оны жабдықтауға арнады. Барлық уездік қалаларда бір- бірден 2 кластық училищелер 5 жыл ішінде ашылып бітті. Бұл училищелер мұғалімдері өзі ұсынған Қазандағы мұғалімдер семинариясын бітірген мұғалімдер болып, ол өз істеріне өте жауапкершілікпен қарап адал істеп , жақсы нәтижеге жетіп отырған. « Қазақ даласында орыс- қазақ мектептерін көбейту мәселесін қызу қолға алу қажет, ол мектептер дүниеге ғылыми көзқарастың ұрығын сеуіп, халықтың дамуына кедергі болатын соқыр сенімдерді жоюға себепші болады. Бұл әлі де келе жатқан еш бір діннің ықпалына ұшырамаған халықтың әдет- ғұрпымен бірге салт- сананың сақталуына әсер етеді»- деп Алтынсарин жасаған оқу жоспарлары мен мектеп программалары әдеттегі бастауыш мектептердің оқу жоспарынан анағұрлым терең еді. Мысалға алар болсақ орыстың екі кластық мектебі мен қалалық училищесінің « қалыпты»оқу жоспарын келтірейік: 1) дін заңы 2) шіркеу жыры 3) шіркеу және азаматтық баспасөзді оқу 4) арифметикадан алғашқы мәліметтер.
Қалалық училищелердің оқу оқу жоспарында мынадай пәндер болды: 1) дін заңы 2) орыс тілінде оқу және жазу. 3) арифметика практикалық геометрия 4) сызу және сурет 5) отандық тарих және география.
Алтынсарин 4 орталық мектеп ашумен қатар болыстық және ауылдық мектептер түрін белгіледі. Ауылдық мектептерде берілетін білім дәрежесі болыстық мектептердің бірінші және екінші бөлімдерінен алатын білім дәрежесіндей болды. Ал қазақ қыздарына арналған тұңғыш мектеп 1887 жылы ашылған 20 орындық ырғыз қыздар училищесі еді. Мұнда білім берумен қатар қолөнерді де үйретті. Алтынсарин қазақ мектептері үшін мұғалімнің маңызы мен оны дайындау туралы мәселеге орасан зор көңіл бөлген «Біздің жұмысымызда,- деп жазды Алтынсарин,- қырғыз мектептерінің бүкіл болашағы, көбінесе қазір басталып отырған іске байланысты,- сол себепті мен қазір дүниеде жақсы мұғалімді бәрінен де жоғары бағалаймын. Халық мектептері үшін мұғалім бәрін шешеді».
Орскіде ашылған қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі оның қол тумасы еді. Бұл мектепті 1886 жылы 12 мұғалім тұңғыш рет бітіріп шықты.
Халық училищелерінің инспекторы болған кезінде ол өзін мұғалімдердің ағасы досы деп санап, оларды жұмысқа шебер жұмылдыра білді: « Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін- өзі кінәлауға тиіс.Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлесуге тиіс: шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек.
Алтынсариннің пікірінше, педагогикалықжұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және ой еңбегіне үйретуге тиіс, олардың білімге және орыс тілін білуге ынтасын мейлінше арттыруға тиіс.
Қазақ мектептеріне байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу және орындау саласында Алтынсарин үлкен табысқа жетті. Ол мектепте ұйымшылдық және тәртіп орнатып, оқу процесінде қатаң режим және оқушылар арасында тәртіп болуын талап етті. Алтынсариннің міндеттері мұғалімнің туралы нұсқаулары- оларға қалай оқыту керектігі, оқушылармен болатын байланыс, олардың қалай оқу керектігі- оның өз заманындағы методиканы терең және жан- жақты білгенін көрсетеді. Ауызша әңгіменің ойлау мен жазбаша жаттығулардың көптеген әдістері туралы түсіндірмесінде ол балалардың әрбір еңбегінің құр босқа ойсыз жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек екенін жазды.Әрі қарай ол балаларды тәрбиелеуде үстіртін және мардымсыз түсініктердің, шалағайлықтың болмауы керектігінескертті. Ол нашар оқыту мен нашар қарым- қатынас балалардың басын қатырып, шатастыратын ал, керісінше балалар сергек, олармен қарым- қатынас неғұрлым жақсы оқушылардың көңіл- күйіне әсер неғұрлым көп болса, сабақ соғұрлым табысты болатынын нақтылы мысалдар арқылы түсіндірді.
Алтынсарин қандай да болмасын оқулықтардың құнды жақтарын меңгеріп, оларды қазақ мектептерінде пайдалануға бар күштерін салды. Қазақтың тұңғыш педагогтарының бірі болған ол Ушинскийдің кітаптарын өте жоғары бағалады. Оның « Балалар әлемін алғаш рет баспадан шыққан кезінде – ақ, ол оны өзінің оқытушылық жұмысында пайдалануға асықты. Оның пікірі бойынша бұл оқулық әсіресе орыс емес балаларды оқытуға арналған деп тапты.
Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы. Алтынсарин мұғалімдерге олардың кең тәрбиелік мағынасында түсіндіретін. а) оқыту методтары- балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын (ынталандыратын, ықыластандыратын) жол ә) сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Бұл көрнекілік заттарды және өмір фактілерін пайдалануға көмегін тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыстыру, әр түрлі қортындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау қабілеті қалыптаса бастайды.
Сол заманның жағдайында, қазақ даласында, жапан түзде алдыңғы қатарлы орыс мектептерінің үлгісімен бірінші рет « халық мектебі» ашылған кезде, ол орыс білімінен, орыстың алдыңғы қатарлы мектебімен берік байланыс жасағанда ғана халықтың тіршілік тілегіне жауап берерлік мектеп бола алады.
Қазақ жастары үшін орыс оқу орындарына түсу орыстың бай мәдениеті мен ғылымын меңгеру—орыстың тілі мен әдебиетін білгенде ғана мүмкін еді. Осындай пікірді Алтынсарин да Абай Құнанбаев та айтқан болатын « орыс мектебі, орыстың ғылымы мен техникасы—бүкіл болашағымыздың кілті міне осында» .
Абай Құнанбаев бұл сөздерді Алтынсарин ашқан мектептерде оқыту тілі туралы мәселені шешуде анықтаған формула болды.
Абай Құнанбаев пен Алтынсарин жастар үшін өз ана тілін білуі және сонымен қатар орыс тілін меңгеруді де қажет деп санады.
Алтынсарин бастауыш мектепте және екі класты училищелерде сабақтың екі тілде жүргізуін ойластырды. Барлық оқу жылдарында оның жасаған хрестоматиялары бойынша орыс тілімен қатар қазақ тілі де оқылуға тиіс. Қазақтан шыққан мұғалімдер оқыту кезінде қазақ тілінің құралы етіп орысшадан қазақшаға және керісінше аудару арқылы пайдалануы керек.
Мектепте қазақ тілі мен орыс тілін қатар оқыта отырып, үш- төрт айдың ішінде айтарлықтай жақсы табыстарға ие болды. Егер орысша сөйлеу, орысша жазу және оқу оның өзінен асқан шеберлікті, қажырлылықты талап етсе, бұл міндетті орындауда ол « баланың соңынан қалмау керек» деп есептеді, ал ана тілін оқытуда ол оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге ерік беруге болады дедеі.
Оның жеке ескертулерінен ( теориялық оқытумен тым әуестенбей, істі оқушылардың табыстарына, қабілеттілігіне қарай жүргізу) біз мынандай қорытынды шығарамыз : ана тілін меңгеру сауаттану, өзге тілді үйренумен салыстырғанда, оқушы үшін едәуір оңай міндет. Сонымен қатар көбінесе орыс- қазақ мектептеріне сегіз жастан емес, едәуір кешірек кейде 15-17 жастағылар түсетінін ескерту керек, кейбір оқушылар мектепке келгеннің өзінде- ақ сауатты болатын.
Алтынсариннің мектебінде ана тілін үйрету әжептеуір жоғары дәрежеде басталды. Балаларға неғұрлым түсінікті заттарды таныстырудың, осы заттарды қарапайым түрде суреттеудің қажеті болған жоқ. Алтынсариннің оқулығы неғұрлым қиын мазмұнды суреттеулер мен баяндаулардан басталады.
Балаларға оқу үшін ана тілінде қарапайым, қызықты, көңілді әңгімелерді, ертектерді, мысалдарды, өлеңдерді ұсына отырып Алтынсарин оларды осылар арқылы қызықтырды. Алтынсариннің хрестоматиясы тақырыптарының байлығымен және жанрлардың әр алуандығынан көзге түседі.
Балаларды ана тілінде оқытуда Алтынсарин белгілі мөлшерде Л. Н. Толстойдың методикалық көзқарастарын ұстады, сөйтіп ана тілінде оқуға және жазуға үйретудің дайындық сатысында көп тоқтау қажетсіз деп санады. Мұндай дайындық оқушылырда өзінен- өзі пайда болады. Оқушылар өздері ең жақсы жол іздеп табады.
Әрине баланың рухани күші мен мүмкіншіліктеріне тым сенушілікпен келісуге болмайды, оның салдарынан ана тілі қажетті системалы жаттығулар жүйесінсіз және грамматикалық формалар системасыз оқытылады. « Тіл сезімін» дамыту, оқушылардың мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын әрі қарай байыту, әрине оқушының басқаруымен сабақ пен жаттығудың әбден ойланған системасын талап етеді. Алтынсарин мектептегі оқытуда орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті( әліппені) тұңғыш рет қолданды. Бірақ жаңа алфавитке көшудің табысты болуы, оның пікірінше, бұл алфавит нағыз бұқаралық баспасөзде—халыққа арналған оқу құралдарының қаруы болғанда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін еді.
Ол халыққа арналған кітаптардың араб алфавитімен басылуы мүмкіншілігін теріске шығарған жоқ.Айта кететін бір жай, сол замандағы мектептерде оқушылар шариғат ( дін) негіздерін өтуге мәжбүр болды, соған байланысты араб жазуын меңгеруде қажет етеді, бірақ мұның өзі мұғалімнің міндетіне кірмейді.
Орыс тілін оқыту жөнінде Алтынсарин, өзінің замандастарын грузин, армян, татар, чуваш мектептерінің алдыңғы қатарлы қайраткерлердің бәрі дәл осындай көзқараста болған еді.
« Балаларды үйде сөйлейтін сөзімен оқыта бастайды, -- деп жазды Ушинский--- бұл күмән жоқ ақылға сиымды іс, сонымен қатар мұның адамгершілік мәні де аз емес». Оның пікірінше өзге тілді үйрету, « балалардың бойына ана тілінің әбден сіңіскені байқалғанша ешбір басталмауға тиіс.
Орыс тілін алғашқы оқытудың методикасын Алтынсарин өзінің « Қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту жөніндегі оқу құралында» баяндаған ( ол Орынбор қаласында 1897 жылы басылып шыққан) Қазіргі кезге дейін өз құнын жоймаған Алтынсариннің оқытушыларға арналған құралынан негізгі методикалық нұсқауларын келтіріп өтейік: Орысша бірден- бір сөз білмейтін қырғыз балалары орыс мектептеріне оқуға түскенде оқытушылар әдетте оларға орыс тілін үйретуден неден және қалай бастау жөнінде қиыншылыққа ұшырайды. Өзінің ана тілін білетін орыс балаларына арнап жазылған құралдар әрине бұл тілді білмейтіндерге сай емес, сол себепті және лайықты оқу құралдарының жоқ болуына байланысты мұғалімдер оқуға жаңа түскен оқушылар үшін қолжазба сөздіктер құрастырады, немесе оларға түсінбеген жерлерін сұрай отырып, орыс кітабын оқытқызады.
Ал оқытудың мұндай тәртібі, бір жағынан, оқытушылардың жұмысын өте ауырлатып, істі мейлінше баяулатады, екінші жағынан оқушылардың тек оқу қабілетін дамытып, орыс тілін үйренуіне барынша зиянын тигізеді, асылында орыс тілін үйрету орыс- қырғыз мектептері мұғалімдерінің басты міндеті болуға тиіс.
Біздің пікірімізше, қазақ балалары үшін олардың орыс кітаптарын оқып және оқығанын түсіндіріп айтып беруден бұрын, жеке сөздерді және сөздерді және негізгі грамматикалық ережелерді түсінуге бірсыпыра системалы әзірлік керек. Мұндай алдын- ала жасалған дайындық болмайынша оқушылардың ұғымы шатасып кетуі мүмкін: балалар қандай болмасын грамматикалық ерекшелікке байланысты анық ұғым жасай алмайды. Олар көп уақытқа дейін « она» деудің орнына « он» деп «иду» деудің орнына « шел» деп сөйлейтін болады.
« Оқу құралы бойынша оқытқанда,- деп жазады Алтынсарин өзінің мұғалімдерге берген нұсқаулары мен кеңестерінде – балалар берілген сабақты және грамматикалық негізгі ережелерді, қазақ тілінің ережелеріне ұқсас мысалдар мен теңеулер арқылы неғұрлым оңай сөздермен түсіндірілетін грамматикалық негізгі ережелерді, қазақ тілінің ережелеріне ұқсас мысалдар мен теңеулер арқылы неғұрлым оңай сөздермен түсіндірілетін грамматикалық негізгі ережелерді үлгермейінше алға кетпеу керек: Көркем жазуда оларды анық жазу қабілетіне, әріптердің формасын жақсылап жазбайынша алға жібермейміз.
Оқыту жұмысы мағынасыз болмауы үшін біз оқылған сабақтың мағынасын түсіндіреміз, ал таныс емес сөздерді жаттап алуы үшін оларға таныс емес сөздерді жазып алатын дәптер береміз, бұл бірақ оқушылар емін- еркін оқи алатын болса ғана ( мұғалім А. А. Мозохинге 1881 жылғы 17 апрельде жазған хаттан).
Сол заманның көрнекті методистері – Н. А. Корф, В. В. Водовозов, Д. И. Тихомиров., Н.Ф.Бунаков- тек орыс мектебінде бастауыш оқыту методикасының дамуына үлкен роль атқарып қана қойған жоқ, сонымен қатар, олар орыстан өзге халықтар мектебінің алдыңғы қатарлы қайраткерлеріне де өзіндік ықпалын жасады.
Қазақ балаларына орыс тілін оқытуға арналған дербес оқу құралын жасай отырып, Алтынсарин кітап бойынша жаттауды керек деп санамайды. Орыс тілін алғаш үйрету, оның пікірінше дұрыс сөйлей білуді, көрнекті сөз запастарын жинақтауды қамтамасыз ететін қызықты әңгіме айту, сөйлесу құралдарынан, сабақтарынан құралуға тиіс. Оқушы сөйлеу материалының белгілі бір мөлшерде меңгеріп орыс сөздерінің ең жеңіл ерекшеліктерін ажырата білу керек. Тек осындай алдын- ала жасалған дайындықтан кейін ғана әліппеге көшуге болады.
« Мектеп- қазақтарға білім берудің басты құралы, олар қазақ даласының кез- келген жеріне ретсіз орнатыла салатын болса, ешбір пайда келтіре алмайды. Артта қалған халықты білімге қызықтырып, тарту үшін мектеп бітіргендерге қай жағынан болса да бір артықшылық берілуі керек, қазақ халқының келешегі тек осыларда» деп Алтынсарин мектеп жағдайының жақсы болуына алаңдап, сапалы білім беру үшін мұғалімдердің өз дәрежесі болуына артық мүмкіншіліктер туғызуын талап етті. «Сонда ғана оқушылардың саны тез арада өсетіні даусыз, ал Ордада мұндай оқушылар көбейіп, ғылымды бойға сіңірсе, дүниеге деген көзқарасын түзетсе, олар бүкіл халыққа да әсер етеді, сонда фанатизмнің күл талқаны шығады» дейді 1871 жылдың 31 тамызында Н. И. Ильминскийге жазған хатында .
Ұлы ұстаз мектеп ашып оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізуде орыстың сол кездегі Бунаков ашқан Петин мектебі ( Воронеж мектебі) Н. А. Корфтың бастамасы мен Екатеринослаф губерниясының Александр уезінде ұйымдастырылған мектептер және А. Н. Толстойдың Ясная Полянадағы мектептерін үлгі тұтты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет