Туѓан елге пайдалы іске ќолдан келгенше


Ыбырай шығармаларындағы оқу-тәрбие мәселелері



бет3/6
Дата01.03.2024
өлшемі142.5 Kb.
#493572
1   2   3   4   5   6
Дип.-Ыбырай-шығармаларындағы

2 Ыбырай шығармаларындағы оқу-тәрбие мәселелері
Ыбырай Алтынсарин балаларға сапалы білім ғана беріп қойған жоқ , саналы тәрбие берді. Тәрбиенің әр-түрлі бөліктеріне –адамгершілік , еңбек және дене тәрбиесіне баса назар аударды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпта алғаш рет талдады.
Ағартушы ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына мақсат қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа , тазалыққа , отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін»-дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп , оны шешудің жолдарын іздестірді. Шығармаларының идеясы-шыншыл , еңбексүйгіш , әдепті , қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді.
Ата-ананы сыйлау , құрмет тұту ана қадірін түсіну , жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпыхалықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әр-бір тәрбиешінің міндеті дейді. «Ананың сүйюі» деген өлеңі бала жанын тебірентіп , ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді.
Ананың балаға берілген сезімі мен ізгі ниетінжеткізе отырып , аналық мейірімнің молдығын асылдығын балаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Ата-ананы сыйлай білген , оның қадір-қасиетін өз ата-анасындай құрметтей алатын болып өседі деген тұжырымды білдіреді. Сол сияқты «Аурудан-аяған күштірек» деген әңгімесін де осы тақырып кеңінен ашылады. Мұнда жас баланың , шыдамдылық , төзімділік , имандылық сияқты ерік-жігер қасиеттері сипатталады. Аяғын сындырып алған бала қиналғанын анасына білдірмейді. Бұған таң қалған сынықшы:--Аяғың ауырмай ма , қабағыңды да шытпайсың ғой—деп сұрайды. Қасында шешесінің жоғын көрген бала «Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр , бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе , әжем де қиналып , жүдемесін деп шыдап жатырмын»-депті.
Ал, «Асыл шөп» деген әңгімесі балаларды ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді. Бірдей жәшік көтерген екі қыздың бірі мазысданып :-Сен неге қуанып , мәз болып келесің?-деген сұрағына Бәтима:

  • Мен жәшігімнің ішіне жеңілдететін шөп салып алдым , аты «сабыр» дейді. Қысқа да нұсқа әңгіме мазмұны балалрға үлкен ой тастайды. «Бір уыс мақта» деген әңгімесі жастарды ұқыптылыққа тәрбиелесе , «Жеміс ағаштары» әңгімесінде бала тәрбиесінде дұрыс бағып қағудың , дұрыс бағыт берудің маңызды екенін ашып көрсетті.Аталған әңгіменің оқытушылар мен оқушылар үшін де тәрбиелік мәні зор. «Баланы жастан» дегендей жас кезінен түзу тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң, қисығын түзеу қиынға түседі. Баласының:

--- Мына ағаш неге тіп- тік, ана біреуі неліктен қисық біткен? – деген сұрағына әкесі:
-- Түзу ағашты қисық бұтақтан кесіп бағып қағумен өсірген, ал қисық ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен. Мұнда көп мәні бар. Сен де жас ағашшың, саған да күтім керек:- мен сенің қате істеріңді түзеп пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып орнына келтіресің, жақсы түзу кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деп жауап береді.
Ұлы ұстаздың мұндай тәрбиелік маңызы бар әңгімелері адамзат баласы үшін қай заманда болсын құнын жоймайды.
Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде ағартушы- ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді. Еңбек етсең ғана көздеген мақсатыңа жетесің. Өмірдің ащысы мен тұщысын еңбек еткен адам ғана біледі. Солардың кейбіреулерін мысал келтірейік:
« Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде әрқайсысы өзінше тамақ табумен шұғылдануда, еңбек етуде, өмір сүру үшін күресуде. Әңгімеде атасы өзінің кішкентай баласымен осы жөнінде кеңеседі.
-Анау өрмекші көремісің не істеп жүр?
---Көремін өрмек тоқып жүр.

  • Анау құмырсқа көремісің?

  • Көремін аузында бір нанның уалшығы бар.

  • Жүгіріп кетіп барады.

  • Жоғары қара аспанда не көрдің?

  • Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

  • Сонда атасы айтты:

  • Олай болса шырағым, бұл кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші, маса шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң өзіне азық етуге, құмырсқа бала- шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей аузына тістеп, қуанып үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жаратпаған жұмыс, жұмыстауға әдеттенуге керек»- деді.

« Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде оңай келетін олжаға қызықпай, қиналып тапқан дәулеттің баянды болатыны айтылады. Ұрлықпен күн көріпжүргенде қолға түсіп, ағасын балгісіз біреулер өлтіріп кетеді. Ал ерінбей егін салып, еңбек еткен Сейітқұл отыз үйлі кедейге кетпен ұстатып, кәсіп меңгертеді. Ынтымақты, іргелі ел болып, сол жерді шаһарға айналдырады. Оқушыны жаман істен жирендіріп, қиындықтан қашпай, аянбай еңбек етсең ғана абыройың артады дегенді дәлелдейді.
Ы. Алтынсариннің негізгі тақырыптарының бірі- талап. « Сәтемір хан», « Талаптың пайдасы», « Лұқпан әкім» сияқты әңгімелерінде талап етіп талпынбаса адам баласы алға баспаған болар еді, деген тұжырымға келеді. Жастық шақ жігер қайраттың толы кезінде бойдағы жасырын талант, өнерді жарыққа шығарып қалатын кез болады.
Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өз қабілет ыңғайыңды таны. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап- жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі мүмкін.Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дейді.
« Надандық», « Жамандыққа жақсылық», « Салақтық», « Таза бұлақ», « Әдеп» деген әңгімелерінің негізгі идеялары жастарды тазалыққа, адалдыққа, әдептілікке, қарапайымдылыққа, мейірбандыққа үйрету еді. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, тәкәппарлықты, надандықты қарсы қойып, жастардың мұндай әдеттерден аулақ болуына жол көрсетті.
Ұлы ұстаздың қандай да шығармасын алсаң да оқушысының санасын оятып, жасөспірімдерге үлгі- өнеге берерлік, болашағана жол сілтерлік, оларды іс- әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю, талаптылық, жігерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.
Сонымен қатар Ыбырай қазақ ауыз әдебиетінің шығармаларын да тәрбие мақсаттарына пайдалана білді десек артық айтпаған болар едік. Өз кітабының мазмұнын балаларға саралай отырып, Алтынсарин қазақ халқының бай қазынасына үлкен назар аударды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті творчествосынан өзінің кітабына жеке ертегілерді, мысалы батырлар жырының үлгісі « Қобыландыны» алсақ. Қобыланды батыр—халқы үшін ең қиыншылық кезеңде тамаша ерлік көрсеткен жаудан елін қорғаған батыр. Бұл дастанда балаларға әсіресе батырдың аты Тайбурылдың шабысы қатты ұнайды.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінің бірі аңыз әңгіме негізінде жазылған. « Бай ұлы» шығармасында Алтынсариннің назарын аударған сірә екі баланың, бай ұлы мен кедей ұлының, достығы болу керек. Хрестоматияға енген барлық басқа шығармаларында бай ұлы жағымсыз образ ретінде көрсетілетін. Дегенмен балалар арасындағы достық, олардың ойын үстіндегі ниеттестігі мұнымен ерекшеленбейді. Әңгімедегі басты кейіпкер бай ұлы ауыл көшкенде тай міне алмай, түйеге мінетінін біліп жылап тұрған кедей баласына әкесінен өзіне арналған тайын балаға беруін сұрайды. Мұнда бай баласының мұндай « қайырымдылық» көрсетуі қажетті екендігін көрсеткісі келген. Сол уақытта бір ақсақал бай ұлының әлгі қайырымдылығын көріп сыртынан « Е, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер»- деп батасын берген екен.
Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында бай ұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай болды. «Он екі ата бай ұлы» содан шықты деседі. Бұл әңгіменің тәрбиелік, адамгершілік мәні бүкіл ғасыр бойы керектігі айқын көрініп тұр. Қазіргі жастарымыз да осы кішкентай мысалдан үлкен мағына тапса керек. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер»деген мақалға осы әңгіме дәлел іспетті.
Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерінен мазмұн әсерлілігін стильінің жанды тартымдылығы кейде юмордың кездесетіндігін анық байқауға болады. Иесіне қайсысы көп пайда келтіретін жануарлардың дауласқаны деген атақты шығарма өзінің өңдеуімен ауыз әдебиеті материалымен әдемі үйлескен. Жан- жануарлар туралы осы әңгімесінде ескі қазақ халқының жыл есебі туралы мағлұмат берілген. Осы әңгімеден үзінді:
Жылқы, түйе, сиыр, қой, тауық, тышқан және басқа жан- жануарлардың бәрі жыл басы болуға таласады дейді. Олар жыл басын кім бұрын көрсе сол жыл басы болсын деп ұйғарды. Таласта түйе күшіне, бойына және шаруашылықта бәрінен көп пайда келтіретініне сеніп, менен өзге кім жыл басы бола алады деп тәкаппарланады. Тышқан не дерін білмейді. Сөйтіп тұрғанда тышқан өрмелеп түйенің өркешіне шығып алады да 12 жылдың жыл басы « тышқан» аталады.
Хрестоматияға енген тәлім- тәрбиелік мәні өте үлкен шығармаларына шолу, талдау жасауды аяқтай отырып, бұл шығармалар ұсақ болғанымен таза ақыл беретін, өзіне тән белгілі тәрбиелік идеясы бар шығармашылық екенін айта кеткен жөн.
Тағы да айта кетсек осындай ақыл үйрететін шығармаларға мыналар жатуға тиіс. « Әке мен бала»( жалқаулықты сынайды) « Асыл шөп» ( сабырлықты) « Шеше мен бала» ( қайырымдылықты) « Кішіпейілділік», « Түлкі мен ешкі» ( өтірікшілікті) « Жаман жолдас» ( қара басының қамын ойлауды) « Баланың айласы» , « Алтын шеттеуік» ( момындықты) « Қисық ағаш» ( қыңырлықты) « Таза бұлақ» ( адалдықты уағыздайды) т.б.
Халық мақалдарынан да орын алған хрестоматияға енген мақалдар да бар. Олардан кейбіреулерін мысал келтірейік: « Ерте тұрғанның ырысы артық», «Ойнақтаған от басады», « Ұят өлімнен күшті», « Талаптыға нұр жауар», « Саяқ жүрсең таяқ жерсің», « Ащы мен тұщыны татқан білер», « Алыс пен жақынды жортқан білер», « Кім жүгірсе сол озады» , « Жатқанға жан жуымас», « Кім жүгірсе сол озады», « Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», Еңбегі ештің күні кеш» т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет