Туѓан елге пайдалы іске ќолдан келгенше


Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы



бет4/6
Дата01.03.2024
өлшемі142.5 Kb.
#493572
1   2   3   4   5   6
Дип.-Ыбырай-шығармаларындағы

3 Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы.
Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды.
Оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласына енгізетін тұңғыш педагог болды.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын діндегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептерінің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол « Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді... Оқушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек», деп жазған еді, ал Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында: ., ... мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың» - десе , « Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде «тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл кеңесті алмасаң анау тұрған үлкен ағашқа, қисық ағашқа ұқсап өсесіңә деп әке баласына берген ақыл ғибратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. Алтынсариннің мектептегі татарша діни жаттамалы оқудың орнына балаларды ана тілінде оқытуға ерекше мән берді, олардың халықтық дәстүр, аңыз әңгіме, мақал- мәтел негізінде оқытып тәрбиелеуге ерекше назар аударып, өз хрестоматиясына халық ауыз әдебиетінің материалдарын атап айтқанда жастарды ерлікке, өнерге жақсы адамгершілік қасиаттерге баулитын асыл үлгілерін көптеп енгізеді.
Ы. Алтынсариннің демократиялық- ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер д даярлауға, оларға күнделікті ғылыми- әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.Үшіншіден шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде ,болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан- жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық зорлық жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады.
Қазақ халқының келешегі тек өнер білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл, кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып , өз мақсатына жете білді. Ол қазақ даласында татар молдалары таратқан діни оқуға, сондай-ақ патша өкіметінің отарлау саясатына негізделген христиан дінін таратуға қарсы болды.
Ы. Алтансарин қазақ тілінде кітаптар жазып , оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалын бірте-бірте бәсеңдетуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері-деп жазды ол – қазақтарға татар фанатизмнің ықпалын тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан ұқұтқару үшін мазмұны бабалдың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде , олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек ол кітаптарды кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар татар кітаптарымен қатар, зор күш болар еді. «Ұлан байтақ қазақ даласында дүнияда мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның ең асыл арманы болатын. Осыған орай ол: «Орыс-қазақ мектептері – қазақтарға білім берудің басты құралы... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы (бір жөні тәуір) білім беретін болсын. Ғылыммен қаруланған , әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. Сонда ғана татар фанатизмнің де күлі көкке ұшады» деп дала халқына ағартушылық идеяның нұрын себе бастады.
Ұзақ жылдар бойы бізде «Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы» деген жаңсақ пікір уағыздалып келді.
Батыс Сібір генерал- губернаторының 1876 жылы Ішкі істер министіріне жолдаған жолдамасы да»... Торғай лблысының халық мектебінің инспекторы Алтынсарин өзі орыс алфавитін қолданып жазып, қазақтардың халық өлеңінің текстін маған әкеп тапсырды. Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек. Бұл жұмыс Ильинскіге тапсырылды» деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильинский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені анықталды.
Ал Ильинский орысалфавитін орыс-қазақ мектептеріне Ыбырайдың есімін бетке ұстап насихаттауда көздеген мақсаты, бірінщіден , ғасырлар бойы ислам діні жайлаған қазақ даласында сол елдің оқыған зиялы азаматының атымен ұсыну нанымдырақ деп есептесе , екіншіден орыстандыру саясатын біреудің қолымен от көсеу арқылы да насихаттады, іске асыру тактикасы болды. Н. И. Ильинский миссионерлік пиғылын өз жақтастары арқылы да айтты. Мысалы, өзінің бұрынғы шәкірті, Ор мұғалімдер курсінің менгерушісі А. Бессонов арқылы жүргізген. Бұл жөнінде Ыбырай Алтынсарин: «Бақсам, ол мұғалімдер мектебінің 3 және 4 кластарында оқушылардың қарсы болуына қарамастан , бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Осының нәтижесінде ол, екінші жағынан оқушылар одан бас тарта бастапты. Тіпті ол өз шәкірттерін залым деу сияқты сөздерге дейін және кластан жетелеп шығаруға дейін барыпты» деп жазды. Осы оқиғадан соң Ы. Алтынсарин төтенше бұйрық жазып, мұғалімдер дін сабағын жүргізуді мүлдем тоқтатсын, ал орыс-қазақ мектептерінде дін сабағында, қазақ балалары жекеленсін деп мұғалімдерге ескертеді , ал Краснауфимск қаласындағы ауыл-шаруашылық мектебінде оқып жатқан қазақ шәкірттері наразылығын естіп ызаланған Ыбырай өзінің досы В.В. катаринскийге жазған хатында «тағы бір наразылық , яғни қазақ оқушыларының наразылығы , Краснауфимскіде шошқа етін асып беру, оқушыларға бақтыру , орыс балаларымен бірге ғибрат еткізу деседі. Мұнің бәрі ұнамсыз нәрсе ғой... Сондықтан іс әзірше насырға шаппай тұрғанда сонда барып, оқушыларға түсіндіріп , наразылықты жойғым келеді, қажет болса директормен де сөйлескім келеді» деп хабарлады.
Осы факторлардың бәрі Ыбырайдың патша әкімдерінің отарлау , жергілікті халықты орыстандыру саясатына іштей наразылығын , оның ашық қарсылық білдіруіне шамасы келмей , туған халқын осы кесапаттан аман алып қалу үшін дипломатиялық саясат ұстауға еріксіз мәжбүр болғанын дәлелдей түседі.
Орыс- қазақ мектептерін әр облыс сайын ашуды өкімет орындары алдына бірнеше рет қойған және осындай мектептердің миссионерлік саясаттан тысқары болуын талап еткен . Ы. Алтансаринді орыс шенеунигі ұнатпаған Орынбор генерал- губернаторы Проценко оны қудалап, мұндай , мектептерді жауып, Ыбырайды инспекторлық қызметтен босатып, сотқа беруді ұйғаруы да тектен тек емес. Бұл жөнінде Ы. Алтынсарин « Генерал сол мектептерге көп қаржы шығын болды деп есептейді, осыған шыққан қаржының мөлшерін өзі білмейді деп жазды.
Оқу ағарту ісін ұйымдастыруда үнемі патша әкімдерінен кедергілеріне ұшыраған Ыбырай өзінің Н. И. Ильинский 1881 жылы қарашаның 4-де жазған хатында : «Қазақ халқы оқу-білімге сусап отырған халық әттең , бұл іске оқыған адаидардың ғана жаны ашымайтыны есіңе түскенде күйінесің. Бұл жағынан алып қарағанда , кейде жылы сөзге ынтызар жетім бала сияқтымыз. Қандай қиыншылықтарға кездессек те, біз әйтеуір, өз ойымызды орындап келеміз» деп ренжіді.
Ы. Алтынсарин акғартушылық саласындағы мақсат мүдделерінің іске асуына оның 1879 жылы Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалуы және бұл қызметте өмірінің соңғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек етуі үлкен пайдасын тигізді. Инспекторлық қызметке кіріскеннен кейін ол дүниеауи мектептерді ашуды мықтап қолға алды. ол Елек, Николаевск (Қостанай) Торғай, Ырғыз уездеріне бір-бірден екі кластық қазақ-орыс мектептерін ашты, олардың жанынан мектеп кітапханасын ұйымдастырды. Бұдан соң Алтынсарин болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алды . Генерал-губернатордың атына «болыстық қазақ мектептері туралы записке» жазды. Мұнда осындай мектептердің тек қазақ даласында ғана емес, Ресейдің барлық жазда көшіп , қыста отыратын аймақтарына қолайлы екенін айтып, мектептің жаңа түрін ашу жөнінде ұсыныс жасайды. Ол оқытушы кадрларын даярлау мәселесін де қолға алды. Оның ұсынысы бойынша 1888 жылы көкек айында Ор қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Бұл жөнінде 1882 жылы шілдеде Н.И. Ильинскийге жазған хатында «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушысы Тамаша, жақсы педагогика құралы да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да , әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды,- жазды. « Мұғалім өз шәкірттерінің жан-тәнімен жақсы көрсе , оқу-тәрбие ісіне шексіз берілуі ғана емес,оның беделі тек шәкірт алдында ғана емес, бүкіл ата-аналар, жұртшылық алдында жоғары болатынын ескертіп былай дейді. «.. Мектеп бітіруші баланың болашағын болжай білу қабілеті , адамгершілік қасиеті ұстазға байланысты».
Алтынсарин мұғалім даярлау ісімен бірге оларға керекті оқу-әдістемелік құралдарын жазу мәселесімен де шұғылданды. Оның ұсынуымен орыс қазақ учищелерінде К. Д. Ушинский «Балалар дүниесі». Л.Н. Толстойдың «Әліппе жазу және оқу кітабы» Б. Ф. Бунаковтың «Әліппесі мен оқу құралы» Тихомировтың «Грамматикалық элементарлық курсы» оқу құралы ретінде пайдаланылды. Орыс педаогогтарының үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы. Алтынсариннің өзі екі оқу құралын» Қазақ хрестоматиясын (1889) және қазақтарға орыс тілін уйретудің бастауыш құралын» (1889) жазып, бұларды мектептерге төлтума оқулық ретінде ұсынды. Мәселен «Хрестоматияға» ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін , балаларға арналған нақыл әңгімелер мен өлеңдерді орыс жазушылары Крылов, Толстой, Паульсон әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударды, енгізді. Ы. Алиынсарин өз хрестоматиясын екінші бөлімінде жаратылыстану , жағрапия, тарих, химия, физика сондай-ақ техника саласынан түсінік бергісі келетінін, сөйтіп білімді жан-жақты алып топтап беруді көздйтінін айтқан еді. Бірақ ол кітабы осы күнге дейін табылмаған. Ы. Алтынсариннің оқыту әдісі мәселелеріне де еерекше мән берді. Өзінің А. А. Мазохин. Ф. Д. Соколов Ғ. Балғынбаев т.б мұғалімдерге хаттарында балабалға тиянақты білім, беру, оқыту әдісін жетілдіруді айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет