112
- үлкенді сыйлау;
- отбасының кішкентай мүшелеріне қамқорлық көрсету;
- отбасы тіршілігіне байланысты өз міндетін орындау;
- отбасы мүшелерінің арасындағы иерархиялық қарым-қатынасты
меңгеру, соған икемделу.
Осы талаптарды меңгеру барысында оқушыға отбасының үлкендерінің
құндылық бейнелері ерекше әсер етеді.
Кесте 10 - «Отбасы құндылықтары» атты тәрбие жұмысы бағдарламасының
жоспары
Р/
с
Тақырыптары
Жұмыс формалары
Әдіс-тәсілдері
1
2
3
4
1.
2.
3.
4.
5.
6.
3-сынып
Менің отбасым-менің әлемім.
Біздің әулет.
Кімге ұқсағым келеді.
Аталар мен әжелер күні.
Әжелер мен аталардың алтын
қолы.
Мен өз туыстарыма кім
боламын?
Мейірімді қарым-қатынастар.
Ауызша журнал.
Фото суреттер көрмесі.
Шығармалар конкурсы.
Кездесу кеші.
Көрме.
Тренинг.
Этикалық әңгіме сағаты.
Сөздік, көрнекілік,
Әңгіме-сұхбат.
Көрнекілік.
Ойын, жаттығу.
Сұрақ-жауап.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
4-сынып
Отбасылық дәстүр
Менің отбасымның тарихы
Бақытты отбасы
Біздің
әжелеріміздің жастық
шағы
Біздің отбасылық жәдігер
Аталар
мен
әжелер
шеберханасы
Жақсы ұл болу деген не?
Жақсы қыз болу деген не?
Ауызша журнал.
Фотосуреттер көрмесі.
Шығармалар конкурсы.
Кездесу.
Дәріптеу кештері.
Шағын мұражай.
Үйірме.
Ашық әңгіме.
Көрнекілік
Бағалау.
Мадақтау.
Әңгімелесу.
Сұхбат.
Пікірталас.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
3-сынып
Менің ата тегім.
Асыл қазына.
Атам айтқан ертегі.
Қайырым жасауға асық.
Әкем және мен,
Анам және мен.
Әке көрген оқ жонар.
Ауызша журнал.
Салт-дәстүрлер фестивалі.
Драмалық ойындар.
Пікірталас.
Сайыстар.
Әкелер конференциясы.
Аналар конференциясы.
Сөздік.
Көрнекілік.
Бағалау.
Мадақтау.
Әңгіме-сұхбат.
Ойын, жаттығу.
Сұрақ-жауап.
113
10 - кестенің жалғасы
1
2
3
4
1.
2.
3.
4.
4-сынып
Ата-ананың
мейірімділігі
деген не?
Біздің жанұяның мерекелік
дәстүрлері.
Жанұядағы әдепті қарым-
қатынас.
Ашық әңгіме.
Салт, дәстүрлер фестивалі.
Пікір талас.
Этикалық әңгіме сағаты.
Этикалық әңгіме.
Ойын.
Жаттығу.
Тренинг.
Қазақ отбасындағы ерекше сыйлы, қадірлі және өте ықпалды бейне –
ата. Бүкіл
отбасының тірегі, әкеге әке болып келетін ұлы тұлға, өмірден
түйгені мол ата қашан да ақылшы. Ер жетіп, азамат болған барлық
балаларының өзі үшін де шынайы бедел иесі, ұрпақтар сабақтастығын жүзеге
асырушы адам. Атаның идеал бейнесі
бастауыш сынып оқушыларында
құндылық ұғым туғызудың негізгі бастауы болмақшы. Оқушының ұғым
түсінігіне сай ата бейнесінің құндылығын мынадай деңгейде беруге болады:
- отбасының ұйтқысы, ақылшысы, көмекшісі ретіндегі үлес-
салмағы;
- ауыл-аймақтың сыйлы адамы ретіндегі беделі.
Сондай-ақ, ата мен әже бейнелерінің тәлім-тәрбиелік әсері де
патриоттыққа тәрбиелеу қайнар көзі болады. Өйткені,
ата мен әженің өмір
тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл-ойдың, өзіндік дүниетанымның,
талғамның, орынды тәртіп пен мінез-құлықтың үлгісі болып табылады.
Жоғарыда берілген ата-әже бейнелеріне құндылық қатынас
оқушылардың іс-әрекеттерінен көрініс табады:
- үлкен кісіге, ақ сақалды қарияға, ата мен әжеге иіліп сәлем етіп, есік
ашып жол беру;
- кәрі ата мен әжеге қамқорлық пен қайырымдылық көрсету;
- ата ақылы мен әже кеңесіне көңіл қою,
оларды өз іс-әрекетінде
есепке алу;
- ата мен әжені жалғызсыратпау, олармен үнемі әңгімелесіп отыру;
- атасы мен әжесін мақтан тұту;
- ата мен әженің көмекшісі бола білу.
Бұл талаптардың негізінде оқушыларда өз отбасын мақтан тұту,
отбасының үлкендеріне деген құрмет пен қамқорлық, әсіресе, кәрі әже мен
атаға деген қамқорлық пен қайырымдылық тәрбиелеу мақсаттары көзделеді.
Өз отбасына деген мақтаныш сезімі оның ата тегін білуімен байланысты.
Отбасында өсіп келе жатқан әрбір оқушыға жеті атасын, руын, шыққан тегін
білгізу - әрбір ата-ананың парызы. Бағдарламада
ұсынылған кейбір тәрбие
шараларына тоқталсақ.
Достарыңызбен бөлісу: