Тулегенова газиза адилбековна


ҚОСЫМША А  Сабақ жоспары



Pdf көрінісі
бет44/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

ҚОСЫМША А 
Сабақ жоспары
 
Сабақ тақырыбы: Батаның тәрбиелік мәні 
Сабақтың мақсаты: Балаларға халық дәстүрі бата түрлерін білгізу. 
Ата салтын үйрену және оны қастерлеуге үйрету. Бата сөздерінің 
құндылығын, өмірде қажеттілігін сезіндіре отырып, бата туралы білімдерін 
жетілдіру. 
Көрнекі құралдар: киіз үй бөліктері, отбасы мүшелерінің бейнелері, 
әңгіме мазмұнына байланысты суреттер, мақал-мәтел жазылған плакаттар, 
карточкалар. 
Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасы «Ақсақалдың ақ батасынан» 
- жаттап келуге. Үй тапсырмасына байланысты сұрақ жазылған киіз үй 
бөліктері бар. Соларға жауап бере отырып, құрастыру ойынын ойнаймыз. 
Сөйтіп алты қанат ақшаңқан үйді өздеріміз жасап аламыз. 
1-бөлік 
Бата деген не? 
2-бөлік 
Бата түрлерін ата. 
3-бөлік 
Батаны қай кезде айтады? 
4-бөлік 
Бата туралы нақыл сөздер. 
5-бөлік 
Бата қалай айтылады? 
6-бөлік 
Батаны кім береді? 
Осылайша балалар жауап бере отырып, қолдарындағы киіз үй бөлшегі 
түрінде жасалған карточкаларын тақтадағы киіз үй сұлбасының үстіне 
қондырып отырады. 
Міне, балалар сендердің білімдеріңнің арқасында қазағымыздың кең 
даласына алты қанат аппақ үйімізді тігіп тастадыңдар. Бұл үйде мына 
адамдар тұрады екен. Кімдер қане атап жіберейік. Әрине, бұлар ата мен әже, 
әке мен ана және ұл мен қыз. Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? 
- Дұрыс бұл - Отбасы. 
- Олар не істеп отыр? Бұлар қайда тұрады деп ойлайсыңдар? Тамақ 
ішіп болған соң не істейді?
- Иә, бата береді. 
- Батаны кім береді? 
- Дұрыс айтасыңдар, ал қазір осы үлкен қадірлі ақсақалдың атынан кім 
дастарқанға бата бергісі келеді? Кәне, бәріміз қол жайып, бата тыңдайық. 
Берейін бата асыңа: 
Амандық берсін басыңа, 
Қыдыр келсін қасыңа, 


143 
Бар екем деп тасыма, 
Жоқ екем деп жасыма, 
Еңбек етсең ерінбей
Дәулет келер қасыңа, 
Әумин! 
- Міне, балалар атаның берген батасын қабыл болсын деп бәріміз бет 
сипап қоямыз. 
- Енді балалар мына үйдің кенже ұлы әскерге жүрмекші. Осы азаматқа 
кім бата бере алады?
Әскерге кетіп барасың, 
Оң болсын осы сапарың. 
Туған елдің тапсырған 
Парызын өте Отанның. 
Әумин! 
Ал, мына бала кім деп ойлайсыңдар? Ол атаға кім болады? Иә, ол 
атаның немересі. Осы биыл сендер сияқты мектеп есігін ашып, 3-сыныпқа 
барыпты. Сендерге сонда бата берілді ме? Соны естеріңе түсіріп, мына 
оқушыға да бата беріп жіберіңдер. 
Қайырлы болсын, қарағым, 
Білімге қадам басқаның. 
Сөмке артып арқаңа, 
Мектеп есігін ашқаның. 
Айналайын, дарын бол, 
Сөнбейтұғын жалын бол! 
Жақсы оқып, ер жетіп, 
Қатардан асқан ғалым бол! 
Әумин! 
Енді осы үлкен кісі мына отырған сендерге қандай бата берер еді? 
Әлемнің бетін жарық ет, 
Ұл-қызды түгел білімді ет!
Келесі оқу жылына, 
Аман-есен түгел жет! 
Әумин! 
Енді өздерің-өздеріңе не айтасыңдар? 
«5» болсын алар бағамыз, 
Білімнен бақыт табамыз. 
Өнер-білім көп тоқып, 
Өсе берсін санамыз! 
Әумин! 
Жарайсыңдар балалар, батаның бірнеше түрін үйреніп келген 
екенсіңдер. Енді үйге берген батаны жаттадыңдар ма? Бәріміз хормен батаны 
айтайық. 
Сергіту сәті. 


144 
- «Батаменен ер көгерер» деген бар. Ұлы Абай атамыздың елінен 
шыққан халық ақыны , 95жасқа келіп қайтыс болған Шәкір деген аталарың 
болған. Ол кісі көзінің тірісінде Ел призиденті Нұр-Сұлтан Әбішұлына екі 
рет бата берген адам.
Сол Шәкір атамыз батаның екі түрі болады дейді: 
1. Негізгі бата.
2. Лебізді бата.
Негізгі бата – халықтікі. Лебізді бата – халықтың арман-тілегі, 
келешекке үміт-сенімі. Шәкір ата президентке халық атынан бата беріп, ақ 
тілегін білдірген. Атамыздың ақ батасы қабыл болып, Нұрсұлтан Әбішұлы 
елімізді жақсылықтарға, жетістікке бастап келеді. 
Ниет-ықылас білдіру 
Әр адамға аманат. 
Ата-баба дәтүрі- 
Батаны біл жамағат! 

дей келе, әрі қарай батаны үйрене береміз. 

Балалар, енді бата туралы мақал-мәтелдер айтып жарысамыз. 

«Батаменен ер көгерер, жауынменен жер көгерер» 

«Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас».[181, б. 89]. 
Мұғалім: Бата беруге, бата алуға қазақ халқы аса зор мән берген. Бата 
сөздер ырғақты ұйқасқа құрылып, жақсы тілек, ниеттерді білдіреді. Бата 
сөздер кез келген жерде айтыла бермейді, бата беру рәсімі де кез келген 
адамға тапсырылмайды. Сонымен қатар, бата тілектер бір адамның атынан 
айтылмай, көбіне көптің атынан беріледі. Біздер осындай қасиетті бата 
сөздерін әрқашан біліп, ата-аналарымыздың ақ тілегі мен өнегелі сөздерін 
құрметтеуіміз қажет. 
Бағалау.
Үйге тапсырма: Бата, тілектер туралы мақал-мәтелдер жаттап келу. 
Сабақты қорытындылау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет