Тумажанова Салтанат Оразалыкызы Алматы, 2022ж Жоспары: Жердің пайда болуы және құрамы


Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні



бет4/9
Дата23.09.2022
өлшемі269.82 Kb.
#461191
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СРС Геоморф №1
Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні.
Жер Күнді орта есеппен 150 млн км қашықтықта айналып жүреді. Күн жүйесіне кіретін планеталардың ішінде тек Жерде ғана тіршіліктің дамуы оның осы қашықтықтағы орнына тікелей байланысты. Ғалымдар күн сәулесінің түсу мөлшері Шолпанның орбитасынан Марстың орбитасына дейінгі аралықта ғана тіршілік үшін қажетті жағдай жасай алады деп есептейді. Жерге қарағанда Шолпанның орбитасы Күнге 40 млн км жақын, ал Марстікі, керісінше, онан 78 млн км алыс орналасқан.
Күн жүйесінің мөлшерімен салыстырғанда бұлар онша үлкен ай-ырма больш есептелмейді. Сондыктан соңғы кезге дейін адамдар Шолпан мен Марека кандай да болмасын тіршілік көзі ретінде үмітпен қарап келді. Алайда біздің кезіміздегі ғарыштық зерттеулер бұл үмітті бекерге шығарып отыр. Шолпан мен Марека жіберілген ғарыш құралдары бұл екі планетаның екеуінде де тіршілік үшін қажетті жағдайдың жоқ екендігін анықтады. Шолпанның бетінде температура 500° С-қа дейін көтерілетіні және ондағы атмосфераның 97 пайызы тіршілікке зиянды көміркышкыл газынан тұратындығы белгілі болды. Ал Марстың атмосферасы өте жұқа және оның өзі түгелдей дерлік көмірқышқыл газынан құралған. Атмосфераның жұқа өрі селдір қабаты Күннен түскен жылуды ұстап тұра алмайтындықтан, Марстың беті ғаламат суық. Температура планетаның ең колайлы деген жерінде ғана кейде 16° С-қа
(3-сурет)
дейін көтеріледі. Ал басқа көпшілік бөлігінде барлық уақытта 0° С-тан төмен. Аяздың күштілігі соншалық, онда су ғана емес, оның атмосферасынын басым көпшілік бөлігін құрайтын көміркышкыл газ да тек катты күйде кездеседі. Мұндай жағдайда микроорганизмдердің де тіршілік ете алмайтындығы белгілі.
Жер — Күн жүйесіндегі бірден-бір тіршілік пайда бол­ған планета. Оған Күн жүйесіндегі орнымен (Күннен қашықтығы) бірге қалың атмосфера қабатының болуы, өз білігінен айналу уақыты және басқа да жағдайлар жиынтығы себеп болған.
Жер- шар тәріздес дене.Жердің өлшемдері. Жердің ғарыштан түсірілген суреті оның пішіні шар тәріздес екендігіне күмән қалдырмайды. Алайда адамдар мұндай тұжырымдарға бірден келе қойған жоқ.
Жердің пішіні мен мөлшері туралы түсінік ғасырлар бойы қалыптасып,ұзақ даму кезеңінен өтті. Ежелгі халықтар «Жер тегіс, оның үстінде аспан күмбезі төңкерілген» деп ойлаған.Алайда бақылап тұрған адамға көкжиек сызығының шеңбер тәріздес болып көрінуі бара-бара басқа ой туғызады. Содан барып «Жер беті диск тәріздес дөңес болу керек»деген пікір келіп шығады.
Түрлі қосалқы белгілерді бақылаудың нәтижесінде ежелгі грек ғалымдары»Жер шар тәріздес»деген пікір ұсынды. Дегенмен бұл пікір бірден қолдау таба қойған жоқ.Кейінірек, орта ғасырлардың соңына қарай дүние жүзін айналу саяхаттарынан кейін ғана «Жер шар тәрізді»деген пікір түпкілікті дәлелденді.Түрлі өлшем жұмыстары жүргізіліп, Жр меридианының ұзындығы,диаметрінің мөлшері анықталды. Жер бетіндегі дәл өлшеулер біздің планетемыздың нақты шар емес, полюстері жағынан сәл қысыңқы келетіндігін көрсетті. Жердің полюстік радиусы экваторлық радиусынан шамамен21 км қысқа болып шықты. Бұл айырма бүкіл Жер өлшемімен салыстырғанда тым мардымсыз. Сондықтан Жер радиусы 6371 км болатын шар деп есептелінді. Жер экваторының ұзындығы 40000 км. Осы орайда: «Жердің шар тәріздес екендігін неге байқамаймыз?» деген заңды сұрақ туады. Оған себеп,тегіс жерде тұрған бақылаушы айнала төңірегіне 4-5 км қашықтыққа дейін ғана көз жібере алады. Ал шардың ондай шағын бөлігі оған тегіс болып көрінеді.
Жер пішінінің шар тәріздес болуының мәні. Жер пішіні шар тәріздес болғандықтан оның бетіне күн сәулесі де әркелкі таралады. Егер жер беті тегіс болса, оның барлық жеріне күн сәулесі бірдей бұрыш жасап түсер еді. Ал шардың бетіне түсетін күн сәулесі оған әр түрлі бұрыш жасап қиылысады.Экватор жағына тік түседі де, полюстерге қарай барған сайын көлбей береді. Күн сәулесі түсу бұрышының экватордан полюстерге қарай өзгеруіне сәйкес Жер бетіне келетін жылу мөлшері де осы бағытта өзгере береді. Күн сәулесі неғұрлым тік түскен сайын жер бетін кобірек жылытады. Экватор маңы ыстық болатыны да сондықтан.Полюстерге қарай күн сәулесі түсу бұрышының кішірейе түсуіне орай жылу да азая береді.
Жердің пішіні мен мөлшерін білу оның дәл картасын жасау үшін де қажет. Мұндай дәл өлшемдер қазіргі кезде Жер серіктерінің көмегімен жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет