Туралы таным



Pdf көрінісі
бет1/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Book-1365575707-51807(1)



Алматы 2011
ТҰРАР ТҮГЕЛҰЛЫ,
БАТЫРБЕК ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ
М Ә З Һ А Б 
 
ТУРАЛЫ ТАНЫМ


УДК 28
ББК 86.38 
Т 87
Түгелұлы Т., Тұрғанбекұлы Б.
Т 87 Мәзһаб туралы таным. - Алматы, 2011. – 176 бет.
ISBN 978-601-06-1202-0
Әрбір мұсылманның мәзһаб жайлы мағлұматы болуы керек. 
Құран мен сүннетті дұрыс түсінем, оның үкімдерін іске асыруда 
дұрыс жол ұстанам деген әрбір адам мәзһаб атымен қалыптасқан 
ережелер мен негіздерден ауытқып кете алмайтынына көзіңіз 
жетеді. Аталмыш кітапта осы мәселелерге тоқталатын боламыз. 
Яғни бірінші - мәзһабтар жайлы таным қалыптастыру, екінші 
- мәзһабқа қарсылардың сөздерін талдау арқылы мәзһабтардың 
маңыздылығын айқындауға тырысамыз.
Кітаптың мазмұны салмақты, тілі оқылуға жеңіл еңбек саналы 
оқырманның жүрегіне жол табады деген сенімдеміз. 
УДК 28
ББК 86.38
ISBN 978-601-06-1202-0
© Тұрар Түгелұлы, Батырбек Тұрғанбекұлы, 2011


3
Алғы сөЗ
Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен.
Құдайға шүкір, қазірде елімізде төл дінімізге 
деген ықылас-пейіл ерекше. Әсіресе, қазіргі қазақ 
жастарының имани танымын тұғырлауға, діни білімге 
деген құштарлығы көңіл қуантады.
Ғылым-білім дамыған кезде бәсекелестік пен 
пікірталастың да дамитындығы аян. Ақиқаттың да 
шынайы біліммен сөз таластырғанда ғана айдынға 
шығатыны айдан анық. Соңғы уақыттарда қоғамымызда 
сан ғасырлардан бері қазақ халқына сіңісті болып, 
ұлттық дағдысына айналған дәстүрлі Әбу Ханифа 
мәзһабын ұстанатын басым көпшілік жамағатпен қатар 
ешбір мәзһабты мүлде мойындамайтын, әрдайым 
«бүйректен сирақ шығаруға» бейім бәзбір топтардың 
бас көтеріп жүргендігі жалпы жұртқа жасырын емес.
Сондықтан да барша адамзатты әдептіліктің биік 
шыңына бастайтын асыл дініміздің мақсат-мұраттарын 
жете түсіне алмаған сондай кертартпа топтардың 
керағар пікірлерін ғылыми тұрғыдан терістеп, мәзһаб 
ұғымы туралы кеңірек түсінік беретін еңбектер керек-
ақ.
Осы тұрғыдан алғанда қолыңыздағы дінтанушы-
лар Түгелұлы Тұрар мен Тұрғанбекұлы Батырбектің 
«Мәзһаб туралы таным» атты еңбегі сол олқылықтың 
орнын толтыратын құнды дүние. Бұл еңбекте Ислам 
дініндегі дәстүрлі мәзһабтар туралы келелі әңгіме 
өрбіген. Мәзһабтардың шығу тарихы мен қалыптасу 


4
Мәзһаб туралы таным
сатылары жайында толыққанды талқы жасалған. Әрбір 
мұсылманға белгілі бір мәзһабты ұстанудың қажеттілігі 
бұлтартпас дәлел-дәйектер арқылы түсіндірілген. 
Сондай-ақ, мәзһабсыздықтың жеке мұсылманға һәм 
күллі мұсылман өркениетіне келтіретін қатерлі сал-
дарлары жайындағы мұсылман әлеміне танымал әйгілі 
теолог-ғалымдарының құнды пікірлері өз орайымен 
келтірілген.
Дін саласындағы сан алуан пікірлердің дұрыс-
бұрыстығын білуге ұмтылған әрбір жан үшін осы 
еңбектің құндылығы ерекше болары даусыз. Сөз 
соңында төл дініміздің өркендеуіне көптен бері үлес 
қосып, халайыққа дұрыс діни ұстанымдарды таратып 
жүрген кітап авторларының әрбір ісіне тауфиқ, табыс 
тілейміз. Раббы Тағала істеріңізді оңдасын! Әмин.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет