Туралы таным



Pdf көрінісі
бет19/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Ижтихад жолы
Имам Ағзам ижтихад саласындағы мәселелерді 
шешуде өзгелерге үлгі болып танылды. Ол ғалым 
шәкірттеріне ғылым алқасында мәселені ұсынатын. 
Олардың әрбірі өз дәлелдері мен пікірлерін алға 
тартатын. Соңында Имам Ағзам қателерін түзетіп, 
дұрыстарын қостап өзіндегі дәлелдермен қуаттайтын. 
Кейде бір мәселені шешу үшін бірнеше күндер өтетін. 
Оның ұстанған бұл тәсілі өте пайдалы еді. Себебі, 
өзгелердің көзқарасын құрметтеу, мәжілістегілерді 
пікір алмасуға тарту және ұстаздың артықшылығы 
мен білімін айқындау сияқты ерекшеліктерді қамтиды. 
Мууаффақ әл-Мәкки Имам Ағзам мәзһабының 
құрылымы жайында былай дейді:
«Әбу Ханифа мәзһабы көпшілік кеңесіне не-
гізделіп құрылған. Аллаһ пен оның Пайғамбарына 
деген аса шынайылығы және діндегі терең түсінігіне 
байланысты, өзгелердің пікірінсіз өз бетінше үкім 
шығармады. Ол мәселелерді бір-бірлеп ортаға тастай-
тын, талқылайтын, олардың ойын тыңдап және өз ойын 
айтатын. Бір мәселе турасында бір пікірге тоқтағанға 
дейін кейде айлар өтетін. Кейін қазы Әбу Юсуф бұдан 
шыққан нәтижені фиқһ қағида негіздеріне енгізетін. 
Тіпті осылайша бүкіл қағидаттарды қалыптастырып 
шықты. Егер бір мәселеде қиындық туа қалса, имам 
Әбу Ханифа жанындағыларға: «Бұл қиындық менің 
жасаған күнәмнің кесірінен болып жатыр» деп, Аллаһқа 


50
Мәзһаб туралы таным
истиғфар айтып кешірім сұрайтын. Кейде тұрып намаз 
оқитын. Мәселенің шешімі анықталса «Тәубем қабыл 
етілген болар» дейтін. Бұл оқиға Ияд бин Фудайлдың 
құлағына жеткенде қатты жылап алып: «Бұл оның 
күнәсінің аздығы ғой. Әйтпесе, одан басқалар мұның 
парқына бармайды да» – деген екен.
Имам Ағзам Әбу Ханифа үкім шығару үшін ег-
жей-тегжейлі зерттеу әдісін қолданған. Оның бұл әдісі 
ижтихадты жан-жақты қамтиды. Ол өзі былай дейтін 
еді: «Мен Аллаһтың кітабымен үкім шығарамын. Кі-
таптан таба алмасам Расулуллаһтың сүннетінен іздей-
мін, Құран Кәрімнен және Расулуллаһтың сүннетінен 
де таба алмасам, сахабалардың сөздеріне сүйенемін. 
Бірақ сахабалардан қалаған адамдардың сөздерін 
алып, қаламағандарымның сөздерін алмаймын. Бірақ 
сахабалардың сөздерінен сыртқа да шықпаймын. 
Алайда бұл іс Ибраһим Нахаи, Шағби, Ибни Сирин
Ата және Сиад бин әл-Мусаябқа қатысты болса, олар 
да ижтихад жасаған, мен де ижтихад жасаймын». Бұл 
Әбу Ханифаның алдымен кітап, сүннет және одан 
кейін сахабалардың сөздеріне қарап пәтуа бергенін, ал 
табиғиндердің көзқарастарына байланып қалмағанын 
көрсетеді. Ол үкімі белгісіз мәселелерді қияспен ше-
шетін. Қияспен де шешілмесе, истихсанға жүгінетін. 
Истихсанмен де шешілмесе мұсылмандардың әдет-
ғұрпына қарап пәтуа беретін. Ижмамен қабыл етілген 
хадистерді басшылыққа алып, осыларға қияс жасай-
тын. Кейін истихсанға жүгінетін. Бұлардың қайсысы 
сай келсе сол бойынша үкім беретін. 
Осыған қарағанда Әбу Ханифаның әдісі төмендегіше 
жеті негізге сүйенеді:


51
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет