Туралы таным



Pdf көрінісі
бет26/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Б) Шафий мәзһабы
Шафийй мәзһабының құрушысы болып санала-
тын Мұхаммед бин Идрис әл-Құрайши әл-Хашими 
әзіреті Пайғамбардың (с.а.у.) атасы Хашимның 
бауыры Мутталибтің ұрпағынан. Палестинаның Ғазза 
қаласында хижри 150-жылы дүниеге келіп, 204-жылы 
Мысырда қайтыс болды.
Бесікте шағында әкесінен айырылды. Сондықтан 
кедейшілікпен өсті. Бұл оның қоғаммен араласып, 
халықтың хал-жағдайын жақыннан тануына себеп 
болды.
Шафий Ғаззадағы кезінде кішкентай жасынан 
Құран Кәримді жаттап өсті. Балалық шағында арабша-
сын дамыту үшін Меккенің сыртындағы өте таза арабша 
сөйлейтін Хұзайл тайпасына барып өлең мен әдеби тіл 
үйренеді. Өзі жайлы «Мен Меккеден шығып, шөлдегі 
Хұзайл тайпасына бардым. Бұл тайпаның өмірін және 
тілін үйрендім. Бұл араб тілінде ең таза сөйлейтін тайпа. 
Олармен жүріп, жақын қарым-қатынаста болғанымның 
арқасында Меккеге келгенімде бірнеше риуаят және 
әдебиет білімін үйреніп қойған едім», – дейді.
Осыдан соң өзін толығымен ғылым жолына атап
Меккедегі Фиқһшылар мен хадисшілерден дәріс 
алады. Суфян бин Уяина, Муслим бин Халид әз-Зәжи 
сияқты атақты хадисшілер оған ерекше көңіл бөліп, 
қомқорлықтарына алған болатын.


63
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Шафий жиырма жасына келгенде пәтуа беріп, хадис 
риуаят ететіндей жағдайға жетті. Бірақ ол білім алуын 
тоқтатпай Мәдинаға барып Имам Маликтен сабақ 
алады. Мәдинаға аттанбастан бұрын әл-Мууатта кіта-
бын жаттап, оны Имам Маликке барып оқып тапсыра-
ды. Сосын Имам Маликтің жанынан айырылмай сабақ 
алады. Имам Шафий Имам Малик қайтыс болғанға 
дейін қасында болған. Ұстазы Имам Малик қайтыс 
боғаннан кейін Меккеге қайтып оралады. Содан кейін 
Нәжран деген жерге барып, сонда қазылық қызмет 
атқарады.
Суфиян бин Уаяинадан (ө. 198/813) хадис риуаят 
етті. Имам Шафийдің әр-Рисәлә, әл-Хижжа және 
әл-Умм атты шығармалары бар.
Имам Шафий (195/820) жылы Бағдатқа барып екі 
жыл болғаннан кейін Меккеге оралды. 198/813 жылы 
қайтадан Бағдатқа барғанымен тек қана екі ай болып, 
ол жерден Мысырға кетті. Бағдатта Әбу Ханифаның 
шәкірті Имам Мұхаммедпен, Ахмед бин Ханбалмен 
және басқа да ғалымдармен кездеседі.
Каир қаласында хижри 204 жылы 54 жасын-
да қайтыс болады. Имам Шафий өзінен кейінгілерге 
сарқылмас үлкен ғылым қазынасын тастап кетті.
Шафий мәзһабы алдымен Мысырда жайылды, 
кейін Сирия, Иемен, Ирак және Хорасан жағына өтті. 
Қазір Ирак, Сирия және Анадолының оңтүстік жағында 
Шафий мәзһабын ұстанушылар бар.
Кейбір шәкірттері мыналар: Юсуф бин Яхия әл-
Буауәйти (ө. 260/874), Ибраһим бин Яхия әл- Музани 
(ө. 264/877).


64
Мәзһаб туралы таным


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет