125
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
– Осы айтқан сөздеріңді жақында жариялаймын,
– деген болатынмын. (Аллаға аян, бұл сөзді оның ойла-
нып сөйлеуі үшін ескерту ретінде ғана айттым). Ол:
– Қалағаныңды жарияла! Мен қорықпаймын, –
деді.
Бұл адамды әшкерелеп, есімін атаудан да бас тарта-
мын. Оның мәзһабсыздықты енді үйреніп жүрген адам
емес, қайта үйретіп жүрген адам екендігін білуің сен
үшін жеткілікті болар.
Оның жанында ақиқатты
іздеуші басқа да жастар
келген екен. Әңгімені мен бастап, былай дедім:
– Аллаһтың үкімдерін түсінуде қандай жол
ұстанасың? Аллаһтың кітабы Құран Кәрім мен
сүннеттен тікелей аласың ба, әлде мүжтаһид имамдар-
дан ба?
ОЛ: Мүжтаһид
ғалымдардың сөздеріне қарап
шығып, Құран мен хадиске ең жақынына сүйенемін.
МЕН: Сенде бес мың Сирия лирасы бар еді. Сенің
жаныңда сақтаулы халде алты ай уақыт өтті делік.
Кейін оған тауар сатып алдың да, айналымға салдың.
Енді қашан зекет өтейсің? Қалған алты ай өткен соң ба
әлде, толық бір жыл өткен соң ба?
ОЛ: Сенің бұл сауалыңнан сауда малынан зекет
беру уәжіп деген мағына шығады ма? деді сәл ойла-
нып.
МЕН: Мен сұрақ қойып отырмын. Сен өзіңе тән
жолыңмен жауап беруің керек.
Міне мынау алдыңда
кітапхана. Ішінде тәпсір, хадис және мүжтаһид
ғалымдардың кітабы жеткілікті.
Ол тағы да ойланып барып былай деді:
Бұл – дін ғой. Дайындықсыз жауап бере салатын
оңай шаруа емес. Мұның барлығын оқып-тоқып ой
126
Мәзһаб туралы таным
елегінен өткізу керек. Уақыт керек. Біз бұл жерге басқа
тақырып талқылауға келген едік қой.
МЕН: Жарайды. Имамдардың дәлелдерін зерттеп
шығып, Құран мен сүннетке ең жақынын алу әрбір
мұсылманға парыз ба?
ОЛ: Иә.
МЕН: Демек, барлық адам мәзһаб имамдарының
меңгерген ижтихад мүмкіндігіне ие бола алады дейсің
ғой. Тіпті бұл адамдар ең жоғары кәміл дәрежеге жеткен
болуы керек онда. Себебі мүжтаһид
имамдардың
пікіріне Құран мен сүннет заңдылықтары аясында
дұрыс немесе бұрыс деп үкім айту – күмәнсіз, олардың
барлығынан білімді деген сөз.
ОЛ: Ақиқатында адамдар үш сатыға бөлінеді:
мүжтаһид, муттабиғ, муқаллид болып. Мәзһабтар ара-
сында салыстырмалы түрде қарай алатын және оның
ішінен Құран мен сүннетке
ең жақынын таңдай алатын
адамды «муттабиғ» дейміз. Бұл мүжтаһид пен муқаллид
арасындағы орта дәреже.
МЕН: Муқаллидтің міндеті не?
ОЛ: Мүжтаһидтердің ішінен лайық көргеніне
ереді.
МЕН: Егер муштаһидтерден біріне ғана ерсе, одан
ажырамаса оған бір күнә бар ма?
ОЛ: Иә. Бұл харам болады.
МЕН: Мұның харам екендігіне дәлелің не?
ОЛ: Аллаһтың өзіне жүктемеген нәрсесін өзіне мін-
деттеп алғандығы үшін.
МЕН: Құранды жеті қырағаттың (пайғамбарымыздан
бері сенімді түрде жеткен, араларында мағына
бұзылмайтындай дәрежеде кейбір өзгешелік бар жеті
түрлі Құранның оқылу үлгісі) қайсысымен оқисың?