Указатель предназначен для студентов, преподавателей, научных работников и широкого круга читателей



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі113.86 Kb.
#123235
түріУказатель
  1   2   3
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Ғылыми кітапхана
«БҚМУ ғылымдары» сериясы

ИМАНҒАЛИЕВ

АСХАТ СӘЛІМҰЛЫ


Орал, 2013

УДК 016:929

ББК 91.9:63

И50


Иманғалиев Асхат Сәлімұлы: биобиблиографиялық көрсеткіш. - Орал М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы, 2013.- 47б.
Ұсынылып отырған биобиблиографиялық көрсеткіш - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Иманғалиев Асхат Сәлімұлына арналады.

Биобиблиографияға ғалымның өмірі мен шығармашылық қызметін сипаттайтын мәліметтер, оның еңбектері мен ол туралы жазылған әдебиеттер енгізілді.

Материалдар хронологиялық тәртіппен орналасқан, әр жылдың көлемінде - әліппе ретімен. Бірлесіп жазған авторлардың есім көрсеткіштеріндегі сілтемелер хронологиялық рет санымен берілген.

Көрсеткіш ғалымдарға, ізденушілерге, студенттерге, оқытушыларға, көпшілік оқырман қауымға арналған.

Предлагаемый биобиблиографический указатель посвящен доктору педагогических наук, профессору, академику Академии социальных наук РК, ректору Западно-Казахстанского государственного университета им. М.Утемисова Асхату Салимовичу Имангалиеву.

Биобиблиография включает материалы, характеризующие жизнь и творческую деятельностъ ученого, перечень его публикации и литературу о нем.

Материал в указателе расположен в хронологическом порядке по алфавиту. В именном указателе соавторов ссылки даются на порядковые номера работ.

Указатель предназначен для студентов, преподавателей, научных работников и широкого круга читателей.



УДК 016:929

ББК 91.9:63

 М.Өтемісов атындағы БҚМУ Редакциялық баспа орталығы, 2013



М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР АСХАТ СӘЛІМҰЛЫ ИМАНҒАЛИЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ОЧЕРК
Әр халықтың әлемдік өркениетке қосар үлесі сол халық өкілдерінің мағыналы тіршілігіне, әр жаңа буын ұрпақтың рухани сабақтастығын жалғастыру мүмкіндігіне байланысты. Осы үрдістің бастауы - білім, білімнің тұғыры –ұстаз. Сол себепті де өзінің мән-мағынасы, игі істерінің мазмұны, адамзат өркендеуіне қосар үлесі тұрғысынан ұстаздық өмір ғибратты ғұмыр деуге болады. Әрбір адамның үлкен өмірге қадам басуы, өзін қоршаған орта мен әлемді тануы, дүниеге бір кірпіш болып қалануы – ұстаздық еңбектің нәтижесі.

Осындай ұстаздардың бірі және ұстаздық еңбегін ғылыммен қисынды ұштастыра біліп, жоғары жетістіктерімен Қазақстан ғылымының дамуында өзіндік үлесі зор ғалым-ұстаз, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асхат Сәлімұлы Иманғалиев.

Бүгінгі таңда өзіндік дәстүрі мен құндылықтарын қалыптастырған жоғары оқу орны ретінде кеңінен танымал, 80 жыл ішінде 70 мыңнан астам маман даярлап, республикамыздың Батыс өңірінде ғана емес, сонымен қатар жалпы Қазақстанның жоғары мектебі жүйесінде, оның интеллектуалдық, ғылыми-білімдік, қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие жоғары оқу орнын басқарып отырған білікті басшы мерейлі 60 жасқа толып отыр.

Әңгімені әріден бастасақ, бұдан елу жыл бұрын Атырау облысының Жылыой ауданында Сәлім Иманғалиев есімді қарапайым адам өмір сүрді. Ақ адал еңбегімен қатардағы милиция қызметкерлігінен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына, официрліктен подполковник шеніне дейінкөтерілген оның отбасында өрімдей бес ұл-қызы бар болатын. Ел ішінде қара қылды қақ жарған әділдігімен, қайырымдылығымен алғысқа бөленген Сәкеңді жергілікті тұрғындар аса құрметтеп, сыйлайтын. Себебі өзіне де, қарамағындағыларға да қатаң талап қоя білген турашыл жан елдімекен үшін көптеген игілікті жұмыстар жасады, айта қаларлықтай іс тындырды. Сондықтан да күні бүгінде Құлсары қаласындағы бір көшенің Сәлім Иманғалиевтің (марқұм) есімімен аталуы сол кезеңнен бері халық есінде қалыпқа құйылып қалған аяулы азаматқа деген құрметтің бір көрінісіндей.

- Біз әкемізден көп нәрсеге үйренген болатынбыз. Тапсырылған жұмысқа жауапты қарау, адамдар арасындағы сыйластық, адами қасиеттер – бәрі-бәрі мамандығы мұғалім анамыз бен құқық қорғау мекемесінде еңбек еткен әкемізден сіңген дәстүрлі тәрбие. Жанұямыздағы жарасымды тіршілікұядан түлеп ұшқан бес баланың қай-қайсысы да ұлағаттылық дарытты. Бүгінде бір-бір шаңырақ құрып, бедел мен абыройға ие болып жүрсек, сол абзал жүректі ата-анамыздың өз парыздарын адал атқарған еңбектерінің қазақи, тәлім-тәрбиесінің жемісі деп білемін,- дейді қашанда Асхат Сәлімұлы.

Өмірді зерделей білген, ұлтының салт-дәстүріне жетік әке ұрпағына асыл мұра қалдыра біліпті. Ол-адамды, өмірді сүйе білу өнері. Дәлірек айтсақ, жүрек пен ақылға тіл бітіргізіп, өзара үлестіріп, адамзатқа қызмет ету жауаптылығын ұрпақ бойына кішкентайдан сіңіру. Бұл жанұядағы тәрбиенің негізгі құралы еңбек болатын. Асхат Сәлімұлы да 7 кластан бастап Құлсарыдағы Автобаза мекемесінде жазғы каникулдың үш айы бойы слесарға көмекші, жөндеуші болып жұмыс жасайтын.

1970 жылы оқуға түсе алмай қалып, тауы шағыла қынжылған ұлына әкесі айтқан ақыл үлкен өмірге берген жолдамадай жадында мәңгі сақталып қалды. – Балам, бұл өмірде біреу саған жақсылық жасауға міндетті деп ойлама. Өз еңбегіңмен адам бол. Өзің қолыңнан келген жақсылығыңды айналаңнан аяма. Алдыңа мақсат қойып, соған жетуге тырыс. Оқу осы Гуревте (Атырау) де жетеді. «Алыстан арабалағанша, жақыннан дорбала» деген мақал бар халқымызда. Үйдің қасынан оқып, еңбектене білсең, үлкен арманға қашанда қол жеткізуге болады.

Әке сөзіне ден қойған ұлы мұны құп көрді. Балалықтың бал дәмін тата жүріп, жеңіл жолмен үйге бір нәрсе келіп көрмегенін, не ішіміз, не киеміз демегенмен, үйде басы артық байлық та жоқ екенін көріп, ойға түйіп өсті.

- Балалар, үйге кіріс тек әкенің жалақысы ғана, еңбекақымен күн көріп жатырмыз» -деген сөз сәби жүректерге адал өмірдің көрінісіндей құйыла берді. Осының бәрі ұқыптылыққа, еңбекті бағалаушылыққа, қарапайымдылыққа үйретті.

Асхат Сәлімұлының білімпаздығына мектеп өмірінің әсері үлкен болды. Құлсары поселкесіндегі А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің орыс класына барған бүлдіршін кезінен-ақ үйренуге, білуге деген құштарлығы шексіз еді. Мұны ғалым ұстаздарының сабақ берудегі кәсіби шеберліктеріне, шығармашылық ізденістеріне телиді.

- Маған білім берген мұғалімдерімнің зердемді оятуы арқасында бойымда білімге, ғылымға деген құштарлық оянды. Көкейімде тек өз басымды ғана емес, айналамдағы адамдарға қандай пайда келтіре алам, өмірді жақсарту -деген сияқты ұғымдар пайда болды. Тұлға ретінде қалыптасуыма Сапар Шаманұлы, оның зайыбы Фатима Мәжитқызы апай, класс жетекші болған Жәния Сейітқызы, мектеп директоры Мира Петровна Завершинская, оның жұбайы Александр Максимович Завершинский, өзге де мұғалімдердің тәлім-тәрбиесі ықпал етті деп айта аламын – дейді Асхат Сәлімұлы.

Мектептегі бақытты балалық шақтың ғалымның санасында қалдырған шырайлы сәттері көп екені де анық. «Шебер қолдар» үйірмесінің белсенді мүшесі болған Асхат Сәлімұлының он саусағынан өнері төгіліп өсті. Үйдегі түрлі электр құралдарын өзі оңдап, жөндей беретін кішкентай балаға көрші-көлемдердің де жиі «күні түсетін». Бесінші класта машина айдап үйренді. Ұлының мұндай өнерін әкесі үнемі қолдап-қолпаштап отыратын. Сонымен қатар «Білімді болсаңдар, алдарыңнан даңғыл жол ашылады. Білімнен құр қалсаңдар, көп жол жабылады, –деп ұстаздар айтқан асыл сөздер жадында жаңғырып тұратын.

Баланың білімінің сараланатын жері – бұл мектеп. Осыған орай, болашақ ғалымның тарих пәнінің мұғалімі мамандығын қалауына ұстазы Фатима Мәжитқызының орны ерекше. Өйткені қазақ халқының тарихын аса шеберлікпен жеткізетін, қазақ ұлты екендігін, этнос екенін, өзіміздің тарихымыз болуы керектігін үнемі айтып отыратын пән мұғалімінің сөзі шәкірттерінің есінде мәңгі сақталған және Кеңестер Одағы кезінде мұндай батылдыққа бару -әрине, ерлікпен тең еді.

Асхат Сәлімұлының тарихқа қызығушылығы оны 1971 жылы Атырау педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне алып келді. Балаң жігіт білімге құштарлықпен, аса ынтазарлықпен қол созды, студенттік өмірге құлшына араласты. Жалындап тұрған жастың таудай талабын оқытушылар да көрмей қалмады. Факультет деканы Нұрбахит Иманғалиұлы, оқытушы Людвиг Иванович Мидельский, Зұлқарнай Алдамжаров, Нина Михайловна Борисова ізденімпаз жастың кеудесінде тұнып тұрған арман мен мақсатты таныды, қабілетін байқап, оның дер кезінде ашылуына қолдарын созды, бағыт берді. Асхат Сәлімұлы үшін бұл нағыз білім мен ғылымның кәусарына бас қойған, мазмұнды шақ еді және сімірген сайын жан сарайы кеңіп, білім теңізінде жүзген сайын құлашы да кеңге сермелетін.

Атырау топырағында туып өскен, атамекенге жаны ашитын айтулы адамдардан тәрбие алғаннан да шығар, сол кездің түлектері ауылын тастап, алысқа ұзауды ойламайтын да. Мұның бір дәлелі Асхат Сәлімұлының институтты бітіргеннен кейін еңбек жолын қарапайым ғана қызметтен бастап, теміржол техникумына жұмысқа орналасуы. Сол бір тарих пәнінен сабақ берген алғашқы оқытушылық жұмысы – үлкен өмір бастауындағы айтарлықтай сәтті қадамы болды. Тарих кабинетін өз қиялындай етіп жасақтап, ойында жүрген біраз нәрсені «сыртқа» шығарды. Сол кездің өзінде-ақ жас педагогтың жаңаша оқыту тәсілдері әріптестерінің назарына ілігіп, қызығушылықтарын туғызды. Стенд, карта, өзге де көрнекі құралдары өзгеге ұқсамайтын мазмұндылығымен, күрделі айшықтарымен болашақ ғалымның өз сүрлеуіне түскенін, барар биігі алда екенін танытты. Әрдайым жаңа идеялардың толассыз көзіне айналған жас маманды үш жылдан соң техникумның комсомол комитетіне хатшылыққа сайлайды.

Ортада таныла бастаған білікті маманды 1979 жылы Атырау педагогикалық институтына жұмысқа шақырылады. Өзіне студент шағында дәріс берген оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор «Жалпы және халықтық педагогика» кафедрасының меңгерушісі, Қадыржан Біләнұлы Сейталиев бұрынғы тиянақты студентін сыртынан бақылап, жұмыстарына үнемі риза болып жүретін. «Түбінде институтқа ораласың, сенің жолың ғылымда» дейтін. Осы сөз Асхат Сәлімұлының тағдырында үлкен маңыз атқарды. Ұстаз сенімі көкейде жүрген көп арманның қақпасын ашты.

Педагогика кафедрасында үш жыл еңбек еткеннен кейін Алматыда Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты жанындағы аспирантураға түсіп, Г.М.Хравченковтың ғылыми жетекшілігімен және өзінің көздеген мақсатқа деген жалыны, жігері арқасында екі жылда кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Сол 1985 жылы институтқа қайтып оралған жас ғалымның ізденіс пен еңбекке толы тынымсыз күндері басталды. Осы жылдардың қай-қайсысын да зерттей қарасақ, аумалы-төкпелі кезеңдегі жас ғалымның өзіндік шешім қабылдай білген іскерлігін, қайнаған істің тетігін дәл табу шеберлігін көруге болады. Сондықтан да тарих-филология факультеті деканының орынбасары, педагогика факультетінің деканы, тарих-филология факультетінің деканы, қызметтерін жоғары жауапкершілікпен абыройлы атқара білді.

1990 жылы институтқа ғылыми істер жөніндегі проректор болып тағайындалды. Бұл лауазымды қызметтің басшы, ғалым, педагог ретінде тәжірибе жинақтаған кемелді сәтімен тұспа-тұс болуы жәйдан- жәй емес-ті. Бұл - әріптестерінің жасы бар, үлкені бар, көз алдарында еңбегімен есейіп, дарынымен дараланған жанның еңбек зейнетіне берілген зор құрметі мен бағасы. Басшылық-әкімшілік жұмысқа араласуы арқылы көп мәселеге көзі ашылған Асхат Сәлімұлы сол кездегі институт ректоры, ғылым докторы, академик Ж.С.Ақылбаевтың жас ғалымға үлкен үміт артқан әкесіндей қамқорлығы мен үйреткен өмірлік мол тәжірибесін ыстық ілтипатпен еске алады.

Асхат Сәлімұлы осы жылдары ғылымға мықтап ден қойды. Көрші Ресейде 1990 жылы валеология деген атаумен өз орнын тапқан ғылым саласы - біз үшін есігін енді ғана ашқан жаңалық болатын. Денсаулық туралы осы ғылыммен айналысуды Қазақстанда тұңғыш рет қолға алған жерлесіміз Асхат Сәлімұлының алдында мүлдем тың тақырып, оны зерттеу тұрды. Бұған дейін халықтық педагогика проблемаларымен айналысып, тақырыптық кітаптар шығарып, үлгерген ғалым енді адамның жеке денсаулығы туралы ғылымға қызыға араласты.

Тағы да кітіпханадағы ұзақ ізденістер, жолсапарлар, уақытпен санаспай жұмыс істеу өз жемісін берді. Салалас әріптестерін тауып, байланыс орнатуы тақырып шеңберін кеңейте түсті. Жетекшілері Г.Қ.Нұрғалиева мен Қ.Х.Закарьянов валеология ғылымынан педагогика аспектісінде докторлық еңбек әзірлеген жас ғалымға батылдығы мен еңбекқорлығы үшін өз жоғары бағаларын берген болатын.

1999 жылы 14 мамыр күні академик Қ.Х.Закарьяновтың Спорт және туризм академиясының жанынан құрылған докторлық кеңесте валеология ғылымынан қазақ ғалымы А.С.Иманғалиев тұңғыш рет докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Валеология тақырыбында жазылған екі монография мен екі оқулығы және бірнеше оқу-әдістемелік құралдары күні бүгінге дейін мектептер мен жоғары оқу орындарында пән ретінде пайдаланылуда.

Докторлық қорғап университетке оралғаннан кейін халықаралық қатынастар жөніндегі проректор лауазымын 2000 жылға дейін атқарды. 1999 жылы Атырау облысына Әкім болып тағайындалған И.Н.Тасмағамбетов алға қойған іргелі міндеттерінің бірі өнер мен білімді жоғары деңгейге көтеру болатын. Дәл сол кезеңде институт ректоры Х.Б.Табылдиев Мәслихатқа хатшылыққа сайланды да, орнына А.Иманғалиевті әкімнің өзі ұсыныс жасаған болатын. Сөйтіп, 2000 жылдың 9 қаңтарында ректорлық креслоға отырған Асхат Сәлімұлының мойнына проблемасы мен жауапкершілігі жетерлік, ғимараты азып-тозған оқу орны заманның қиын-қыстау сәтінде жүктелді.

Асыл адам қашанда қиыннан қиыстырып жол табады емес пе, қиындықта қайрақтай шыңдалып, қысталаң сәтте қажыр-қайратын еселей түседі. Асхат Сәлімұлының өмір жолын қарап отырған жан, оның бір күнді де мәнсіз өткізбейтінін байқар еді. Үнемі іздену, толассыз ой еңбегі, тек ғылым жолы ғана емес, атқарып отырған лауазымына орай жасалып жатқан жұмыстары, қоғамдық қызметі, дәріс беру, түрлі кездесулер - мұның бәрі бір адам үшін қаншама күш-жігерді, уақытты ұтымды пайдалана білуді керек етеді десеңізші.

Салмақты міндетті мойнына алған Асхат Сәлімұлы асқаралы асудың алдында тұрғанын анық сезінді. Сол күні жұмыстан үйге келісімен оңаша отырып, қолына қалың дәптер алды. Он жылдың үстінде проректор болған оның көкейінде жүрген көп ойлары да, пісіп жетілген сарабдал сырлары да жеткілікті еді. Атыраудың айшықты білім ордасын қайтсем жоғары атақ-даңққа жеткізем деген арман-мақсатын қалың дәптерге тізбелеп жаза берді. Неден бастау керек? – деген сұраққа жауаппен басталған бұл мақсаттарын санамалап шықса, 92 тармаққа жетіп тоқтапты.

Жоба деуге де болатындай бұл атқарылуға тиісті жұмыстардың уақ-түйегі жоқ, бәрі де осы шаңырақтың қазіргі заман талабына сай болуын көздеген ізгі ниеттен туған мұраттар. Ішінде кабинеттерді күрделі жөндеуден өткізуден бастап, гардероб, фойе, асхана, бөлмелерін ыңғайландыру, кезекшілік, сабақтардың уақытында өтуі, озық технологияларды оқу процесіне енгізу, компьютерлендіру, базаны нығайту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, жаңа мамандықтар мен факультеттерді ашу, еңбекақыны көтеру, өзге де мақсаттар жеткілікті болатын.

Осы арада үш жыл сынаптай сырғып өте шықты. Жаңа ректордың құлшынысы бүкіл ұжымға серпін берді, заман талабына сай жаңа көзқарас, жаңаша жұмыс жасау процесі жүзеге асты. Басшының асыл ойларын ұжым бірден қолдаған сәттен бастап-ақ іс оңға басып жүре берді. Кезекті педагогикалық кеңес кезінде университеттегі атқарылған жұмыстар туралы айтып тұрған Асхат Сәлімұлы «осы 92 тармақтың 86-сы бүгінгі таңда жүзеге асты»-дегенде ұжым мүшелерінің ризалық көңілдері қол шапалақтауға ұласты. Бұл жүзеге асқан жұмыстардың ішінде «Дебат» клубы, «КВН», студенттер театры, халық аспаптар оркестрі, хор капелласы сияқты игі жұмыстар да өз бастауын алған еді.

Жоғары білім беру саласындағы қызметте мол тәжірибесі бар білікті басшы, белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Иманғалиев Асхат Сәлімұлы Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың бұйрығымен 2011 жылдың 27 шілдесінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.

Қазіргі кезде білікті басшы университет ұжымының күш-жігерін келешектегі ілгерлеушілікке, инновацияға, білім берудің жоғары сапасына жетуге бағыттап, оның даму стратегиясына жаңа қарқын алуына ат салысуда. Аздаған уақыт ішінде университетте оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарын жетілдіру бойынша студенттерді академиялық ұтқырлық шеңберінде дайындау бағытында және жаңа IT технологиялар паркін ашуда қомақты жұмыстар атқарылды. Үстіміздегі оқу жылы Европа мен Ресей университеттерімен 15 келісімшарт жасалып, университет ғалымдары Қазақстанның Батыс аймағының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелеріне байланысты ғылыми-техникалық зерттеу жобаларын жүзеге асыру бойынша тендерлерге қатысып, қомақты қаржы ұтып алды.

Университетте электронды оқыту жүйесі енгізіліп, аймақта сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашу бойынша жұмыстар нәтижелі жүргізілуде. 2011-2012 оқу жылынан бастап университеттің бірқатар білім беру бағдарламалары сәтті халықаралық аккредиттеуден өтсе, 2012-2013 оқу жылы Білім және ғылым министрілігінің бұйрығымен өткізілген мемлекеттік аттестацияда жоғары көрсеткіштерге ие болды.

Өскен, өресі биік, озық орданың басшысы, ректор Асхат Сәлімұлы Иманғалиевтің жалпы Батыс өңірінің білім саласына қосқан ерен еңбегін ұжымының жеткен жетістіктері негізінде айта отырып, білім, ғылым жолын қуған жас буын үшін ғажайып үлгі-өнеге десек, артық айтқандық емес. Оны сонымен қатар басшы, ғалым, қоғам қайраткері ретінде иеленген марапаттаулар да дәлелдей түседі. Олар: «Парасат» мемлекеттік наградасы, «ҚР білім беру ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Каспий жағалауы ЖОО ассоциациясына 10 жыл» төсбелгілері, «Ы.Алтынсарин», «А.Байтұрсынов» медальдары, «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медальдары.



Батыс өңірінің ардақты азаматтарының бірі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асхат Сәлімұлы Иманғалиевтың биіктеп бара жатқан баспалдақтарының әр сатысы оның ғылымға қосқан мол үлесі мен табанды еңбегінен қаланғанын біз жерлестері әрі әріпестері мақтаныш етеміз.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы

Сардарова Жаннат Ысмағұлқызы
АСХАТ СӘЛІМҰЛЫ ИМАНҒАЛИЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БЕЛЕСТЕРІ
Асхат Сәлімұлы Иманғалиев 1953 жылы 21 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген.
1970 ж. Құлсары ауылында Пушкин атьндағы орта мектебін бітірді.

1970- 1971 жж. Гурьев облысы, Ембі ауданы, Құлсары ауылы, (қазір Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы) Құлсары автобазасының электригі болып жұмыс істеді.

1971- 1975 жж. Гурьев педагогикалық институтының студенті.

1975-1976 жж. Гурьев теміржол техникумының тарих пәнінің оқытушысы.

1976- 1977 жж. Совет армиясы қатарында қызмет етті.

1977-1979 жж.Гурьев теміржол техникумының комсомол ұйымының хатшысы.

1979-1982 жж. Гурьев педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасының оқытушысы.

1982 ж. Гурьев педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.

1982 - 1985 жж. Алматы қаласы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми – зерттеу институтының аспиранты.

1985 ж. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстан мектеп оқушыларының еңбек белсенділіктерінде оқушылардың қоғамдық-еңбек белсенділіктерін дамыту (1958-1980 жж.)» деген тақырыпта диссертация қорғады.

1985 - 1989 жж. Гурьев педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы,

1987 ж. Гурьев педагогикалық институтының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту факультетінің деканы.

1987 - 1989 жж. Гурьев педагогикалық институның тарих-филология факультетінің деканы.

1989 - 2000 жж. X.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетініңғылыми істер жөніндегі проректоры.

1991 ж. «Педагогика» мамандығы бойынша доцент атағы бекітілді.

1996 ж. X.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жалпы және халықтық педагогика кафедрасының профессоры.

1997 ж. Профессор ғылыми атағы бекітілді.

1998 ж. Атырау қалалық Мәслихатының депутаты.

  1. ж. Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Жоғары сынып оқушыларының дене мәдениетін шынықтыру жүйесінде педагогикалық валеологияны дамыту» атты тақырыпта диссертация қорғады.

2000 – 2008 жж. X.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры.

2001 ж. X.Досмұхамедов атындагы Атырау мемлекеттік университетінің жанындағы 13.00.01 «Жалпы педагогика, педагогика жә

не білім беру тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін беру жөніндегі К.14.61 диссертациялық Кеңесінің төрағасы болып бекітілді.



  • ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болып сайланды.

2002ж. «Отан» партиясы облыстық филиалы Президиумының мүшесі.

2003ж. «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлар Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының төрағасы болып тағайындалды.

- Атырау облыстық Мәслихитының депутаты болып сайланды.



2007 ж. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің сайлауында «Нұр Отан» партиясы жанындағы Атырау облыстық қоғамдық штабының мүшесі болып сайланды.

2008-2009 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ректордың кеңесшісі қызметін атқарды.

2009 ж. наурыз айында «Каспий жағалауы академиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі болып тағайындалды.

2011 ж. - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.

2012 ж.Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты болып сайланды, бюджет және экономикалық мәселелер бойынша тұрақты комиссияның мүшесі.
Марапаттары:

1990 ж. «Ы.Алтынсарин атындағы» медалі;

1998 ж. «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісімен;

2001 ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі;

2003 ж. «А.Байтұрсынов атындағы» медалі;

2003 ж. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;

2005 ж. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі;

2005 ж. «Парасат» ордені;

2006 ж. «10 лет Ассоциации вузов» төсбелгісі;

2007 ж. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.



2012 ж халықтар арасындағы достықтың нығайуына, ғылым және бiлiм саласының дамуына қосқан үлесі үшін Қалмақ республикасы үкiметiнің мақтау қағазымен марапатталды.
ОСНОВНЫЕ ДАТЫ ЖИЗНИ И НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙДЕЯТЕЛЬНОСТИ

АСХАТА САЛИМОВИЧА ИМАНГАЛИЕВА
Асхат Салимович Имангалиев родился 21 августа 1953 года в г. Гурьеве (ныне Атырау).

1970 г. - окончил среднюю школу им. Пушкина пос.Қульсары Эмбинского района Гурьевской области (ныне г.Кульсары Жылыойского района Атырауской области).

1970 - 1971 гг. - электрик Кульсаринской автобазы пос. Кульсары Эмбинского района Гурьевской области.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет