«умумий математика» кафедрасы



бет1/11
Дата01.09.2022
өлшемі131.94 Kb.
#460127
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Абдрахманова Дип жумыс Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда


НАУАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ИНСТИТУТЫ

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ


«УМУМИЙ МАТЕМАТИКА» КАФЕДРАСЫ




БІТІРУ КӘСІПТІК ЖҰМЫСЫ

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру.


Орындаған: физика-математика
факультетінің 050109- математика
мамандығының бітіруші студенті
Абдурахманова Жұлдыз Темировна
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы
__________________Р.Н.Шамшиева

« » ____________ 2014ж.


Қарауға жіберілді.
Математикалық талдау және
Алгебра, геометрия кафедрасының
Меңгерушісі: ф-м.ғ.д. профессор
__________________ Көксалов Қ.К.

Науайы 2014ж.


М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ……………………....……….....…………..…..…...…..…............3


І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІНДІК ОРЫНДАЙТЫН ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.. …...............8

    1. Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша психологиялық- педагогикалық және оқу- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау ................................................................................................……………8

1.2 Оқушылардың шығармашылық қызметінің мәні мен сипаттамалық ерекшеліктері...................……………......……………………………………16


1.3 Математикадан сыныптан тыс жұмыстар – оқушылардың белсенді шығармашылық қызметінің алғы шарты іспеттес …....................................17


ІІ.МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫ ЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІНДІК ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ............21

2.1 Оқушылардың өз бетіндік шығармашылық қызметінің дамуы бойынша математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру..........................21


2.2 Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың жолдары...........................................30


ҚОРЫТЫНДЫ ….......………………………………...……………………...48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ……………………………..........50




Басқа ғылымдарды ... математикалық
дәлелдемелер арқылы тани білу керек. Бұл
математикалық дәлелдемелерсіз өзге ғылым-
дарды түсінуге де, түсіндіруге де болмайды.


Бэкон Р.
К І Р І С П Е

Өзбекстан Республикасының егемендігінен кейін мемлекетімізде барлық салаларында,әсіресе соңғы жылдарда халыққа білім беру саласында үлкен өзгерістер болуда.


Әсіресе Өзбекстан Республикасының “Таълим туғрисида қонун”, ”Кадрлар тайёрлашнинг миллий дастури” және де Мемлекеттік “Таълим стандартлари” қойған талапқа сай кәсіптік бағдарламаға негізделген жаңа мектептердің пайда болуы, академик лицей, кәсіптік техникалық коллеждер ашылуы мысал бола алады.
Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектеп қоғамының алға қойған міндеттерін орындау үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып кең профильді және дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуі тиіс.
Оқушыларды шығармашылық жолмен оқыту, көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша, алдағы ХХІ ғасырда іске асуға тиісті негізгі - өзекті мәселе.
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарындағы оқушылардың өз бетіндік жұмыстары шығармашылықпентығыз байланысты болатыны осы бітіру жұмысымның өзекті мәселесі.
Осы бітіру жұмысымның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың математикадан сыныптан тыс жұмысына сүйеніп, жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылығын дамыту, сол арқылы ақыл-ойының кемелденуіне мүмкіндіктер тудыру. Осы жағдайда оқушының сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық қызметін дамытудың нақты мүмкіндігі мен оны мектеп практикасында іске асыру деңгейі арасында қарама-қайшылықтар бар екені байқалады.
Бітіру кәсіптік жұмыстың мақсаты – математикаданоқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұнын анықтап, оның әдістемелік жолдарын көрсету.
Әдебиеттерге талдау жасаудың негізінде алдынғы қатарлы озат мұғалімдердің тәжірибесіне және практикадағы іс - тәжірибемізге сүйенеміз.
Егер шығармашылық қызмет түсінігі компоненттерін анықтай отыра, математикадан сыныптан тыс жұмыстардың әр кезеңінде оларды оқушылардың бойына оқу мүмкіндіктері мен талаптарына сай қалыптастырып отырса, онда оқушылардыңөз бетіндік шығармашылық қызметі артуымен қатар математикалық білім сапасы да артады.
Бітіру кәсіптік жұмыс кіріспеден, дербес екі тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде жұмыстың көкейкестілігі, мақсаты, міндеті кеңінен сипатталады
"Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуының мәселелері" атты бірінші тарауда психология мен дидактиканың жаңа жетістіктеріне сүйене отырып қарастырылып отырған мәселенің мәнін ашу қарастырылған. "Шығармашылық", "педагогикалық шығармашылық" ұғымдары анықталып, оны құрайтын компоненттері негізделген.Оқушылардың оқу-танымдық қызметінің, өз бетіндік шығармашылық әрекетінің, жеке адамның шығармашылық қызметінің дамуы ең алдымен психологиялық ұғым екені талданады, математиканың сыныптан тыс жұмыстарында қызығу, себеп-салдар, қабілеттілік, аналитикалық және эвристикалық ойлау сияқты психологиялық ұғымдардың математиканың сыныптан тыс жұмыстарында әр түрлі формада қолданылуы айқындалған.
"Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың әдістемелері" деген екінші тарауда сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру негізінде оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту жолдары зерттелді және біз талдаған сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен формасы және оларды өткізуге қойылатын негізгі талаптар келтірілді. Дәстүрлі және қазіргі қоғамның дамуына сай деңгейдегі сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасалды. Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудағы жас математиктер қоғамының жұмыс істеу әдістерінің мазмұны сипатталды, нәтижелері келтірілді.
Қорытындыда тәжірибелік жұмыстардан алынған нәтижелер, сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың өзбетіндік шығармашылық қызметін дамыту туралы педагогикалық ұсыныстар келтірілген.

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жалпы білім беру мектептерінің алдына оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасау мақсаты алға қойылып отыр. Мектеп – қоғамның талаптарына байланысты өзгеретін және қоғамның барлық мүшелеріне қызмет жасайтын ерекше әлеуметтік құрылым. Мектептің айналысатын мәселесі жөнінде әр дәуірдің адамдарының көзқарасы мен түсінігі түрліше сипатта болды. Әлеуметтік прогресс неғұрлым жоғарылаған сайын осы прогресті қамтамасыз етудегі мектептің орны мен міндеті солғұрлым күштірек болмақ.
Қазір жалпы білім беру мектептері өтпелі кезеңде тұр, ол дүние жүзінің алдыңғы қатарлы мектептерінің озық тәжірибесінен үйреніп оқытуды ұйымдастыру түрі жөнінен де, білім беру сапасы жөнінен де жаңа жоғары кезеңге көтеріліп келеді, ол ескі әдіс-тәсілдермен бұдан былай оқыта алмайды.Оқушылардың оқу саласындағы шығармашылық қызметі жөнінде математиканы оқыту әдістемесінде және әсіресе сыныптан тыс жұмыстарға байланысты оқушылардың шығармашылық қызметі туралы түсініктің өзі осы күнге дейін әртүрлі сипатта түсіндіріліп келеді.
Математикалық шығармашылықтың заңдарын ашу туралы мәселені алға қойған американың математигі Д.Пойа математикалық ашылыстарда бақылау, жалпылау, болжам, эксперимент, дәлелдеу сияқты кезеңдердің болатынын атап көрсетті. Математикалық шығармашылықта қолданылатын зерттеу әдістері басқа жаратылыстану ғылымындағы эксперименттік әдістермен бірдей екенін Д.Пойа дәлелдеді
Сондықтан тақырыптың І тарауын математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуының психологиялық-педагогикалық негіздеріне арнадық.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет