Управление биологической активностью почв


АҚЖАЙЫҚ ЕТТІ-ЖҮНДІ КРОССБРЕДТТІ ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЖҮНІНІҢ НЕГІЗГІ ФИЗИКО-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ



бет20/57
Дата21.06.2016
өлшемі12.89 Mb.
#151919
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57

АҚЖАЙЫҚ ЕТТІ-ЖҮНДІ КРОССБРЕДТТІ ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЖҮНІНІҢ НЕГІЗГІ ФИЗИКО-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Б. Б. Траисов, а.-ш. ғылымдарының докторы, профессор

А.К.Бозымова, а.-ш. ғылымдарының кандидаты

Г. Г. Галимова, А. Н. Исмагулов, магистранттар
Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада ақжайық етті-жүнді кроссбретті қойларының жүнінің негізгі физико-техникалық құрылымы зерттелінді. Тәжірибеге өндіргіш қошқарлар, саулықтар, 1-жылдық еркек және ұрғашы тоқтылар алынған. Жүннің физико-техникалық құрылымы; яғни жүннің жіңішкелігі, жүн мықтлығы, жүн шайыры зерттелінді.
Изучены физико-технические свойства шерсти баранов-производителей, овцематок, баранчиков, и ярок-годовиков акжаикской мясо-шерстной породы овец. Изучены такие показатели как тонина, крепость и жиропот шерсти.
The physical-technical properties of wool-producing sheep, ewes, rams and ewes, yearlings akzhaikskoy meat-wool breed of sheep. Studied variables such as thinness, strength and yolk of wool..
Тәжірибеде пайдаланылған жануарлардың жүн өнімділігі жүн қырқу процесі кезінде рунолардың салмағын өлшеу және жүнді Жәнгір хан атындағы БҚАТУ-нің зертханасында зерттеу арқылы анықталды.




1-Сурет – Ақжайық етті-жүнді кроссбредтті қой жүні
Асыл тұқымды қойлардың жүн өнімділігін есептеу жүргізілді, рунолар таңдалып, лабораторияда зерттелінуге 10 бас өндіргіш қошқардан, 20 бас саулықтардан, 10 бас еркек тоқтылардан және 10 бас 1-жылдық ұрғашы тоқтылардан жүн үлгілері алынды. Тәжірибедегі аталық қойлардың жүні штапельдегі талшықтардың жіңішкелігі және руно бойынша жақсы теңескені анықталды. Орташа квадраттық ауытқу өндірістік стандарттың бекіткен талабынан ауытқымайды (9,45) және теңсіздік коэффициенті (30,8 %) жіңішкелігі сәйкес кроссбредтті жүн үшін берілген.

Қойлардың бүйіріндегі жүннің жіңішкелгі мен жамбастың орта шамасындағы жүнінің жіңішкелігі арасындағы айырмашылық микроскопирование жасау кезінде бір сапа көрсеткішінен де аспады. Сорттау кезінде рунолар екі сорттан аспады. Тәжірибедегі қойлардың жүнінің мықтылығы орташа шамамен 12,51-12,73 сH/текс-ке тең болды. Лас жүндегі жүн шайырының мөлшері 7,33 тен 7,61 %-ды құрады және жүн майынан айырмаған таза жүнде 9,53-тен 11,2 %-ды құрады. Жүн шайырының түсі крем және ашық крем түстес, қанағаттанарлық сапада.

Тоқтылардың жүнінің мықтылығы жоғары. Зерттеу нәтижесі кроссбредтті тоқтылардың жүнінің мықтылығы 9,35 сH/текс шамасында екенін көрсетті.

Тоқыма өнеркәсіптері мықтылығы 8 сH/текстен кем болмайтын кроссбредтті биязылау жүнді талап етеді. Тәжірибемізде жүннің мықтылығы бұл талаптан жоғары,осыған байланысты оны қанағаттанарлық деп айтуға болады.

Жүн жіңішкелігі – оның құрылымының ең негізі болып табылады, яғни өндіріске қажетті шикізат тәріздес. Жүннің жіңішкелігі деп талшықтың көлденен қимасының өлшемін айтады.

Тоқыма өнеркәсібі жүнді талшығының жіңішкелігіне қарай бағалайды. Жүн талшықтары неғұрлым жіңішке болса, соғұрлым жоғары бағаланады. Талшығының жіңішкелігіне қарай жүн әр түрлі мата тоқуға пайдаланылады.

Жүннің жіңішкелігі жағынан әр түрлі болып келуі ең алдымен қойдың тұқымына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Қойдың жасы мен жынысы да әсер етеді. Саулықтың жүні жасы асқан сайын жіңішкере түседі. Қошқардың жүні саулықтардың жүніне қарағанда жуандау келеді.

Өндіргіш қошқарлардың жүні орташа есеппен штапель бойынша 50-ші сапа немесе 31,6 мкм. деп сипатталады, саулықтар мен 1 жылдық тоқтылардың жүні 56 сапа, 27,4 және 28,5 мкм деп сиптталды (кесте-1).



1-Кесте – Тәжірибеде зерттелінген кроссбредтті ұнамды тип қойларының жүн сапасының физико-техникалық құрылымы

Бақылау топтары

n

Жүн жіңішкелігі,

мкм

Жүн мықтылығы,

сH/текс

Жүн шайыры, %

таза жүн

лас жүн

Өндіргіш қошқарлар

10

31,6

12,51-12,73

9,53-11,2

7,33-7,61

Саулықтар

10

27,4

9,4-9,7

6,7

1-жылдық еркек тоқтылар

10

29,6

12,73

9,7

1-жылдық ұрғашы тоқтылар

10

28,5

10,1-10,9

5,6

Жүргізілген зерттеудің көрсетуі бойынша, өндіргіш қошқарларда жүннің жіңішкелігі жоғары. Саулықтардың жүні жіңішкелігі бойынша зерттелген үлгілерде аралық орынды алды.

Кестеде жүннің жіңішкелігі бойынша ұрғашы тоқтылар, жүнінің мықтылығы бойынша өндіргіш қошқарлар, соның ішінде таза жүнде, яғни майынан ажыратылмаған жүн жоғары көрсеткіш берді.

Яғни, жүргізілген зерттеу ұнамды типке жататын қойлардың барлық орта жастағы топтарының жалпы жүннінің жіңішкелігі штапель бойынша жақсы теңескенін көрсетті.

Үзілуі бойынша жүннің мықтылығы – жүннің ең маңызды физикалық құрылымының бірі, яғни ол өндірістік ұсынылуда анықталатын жүн талшығының технологиялық сапасын сипаттайды. Жүннің мықтылығы – әр түрлі жағдайларда жүннің үзілуімен түсіндіріледі. Жүннің мықтылығы деп жүн талшығын салмақ түсіріп созғанда көрсететін төзімділік дәрежесін айтады. Мықтылық абсалютті және салыстырмалы болып екіге бөлінеді. Абсалюттік мықтылық граммен (жүн талшығының салмаққа үзілуі), ал салыстырмалы мықтылық талшықтың жіңішкелігін еске ала отырып, килограммен (жүн талшығының көлденең қиындысының бір өлшеміне) есептеледі. Жүн мықтылығы арнаулы аспаптармен, яғни әр түрлі диномометрлермен лабораторияларда және қолмен тексеріп айырады.

Біздің зерттеулерімізде өндіргіш қошқарлардың жүнінің мықтылығы штапель бойынша оташа есеппен 12,51-12,73 сH/текс, саулықтарда 9,4-9,7 сН/текс және бір жылдық ұрғашы тоқтыларда 10,1-10,9 сH/текс. Егер жүннің мықтылығын аймақ бойынша қарасақ, ол өндіргіш қошқарларда төмендегідей болып келеді: жоғарғы бөлігі – 11,4 сH/текс, ортасы – 12,5 сH/текс және негізі 9,8 сH/текс, саулықтарда соған сәйкес 9,5; 0,5 және 8,5 сH/текс, бір жылдық ұрғашы тоқтыларда – 10,7; 11,0 және 3,6 сН/текс. Жүн мықтылығының вариациалық коэффициенті орташа штапель бойынша толық теңдікті көрсетеді және топ бойынша 11,7-12,8 % шамасында ауытқып отырды.



Жүндегі май құрамы. Жүннің майы терімен бірге араласып, шайырды құрайды, ол жүнді жуып, әр түрлі сыртқы орта әсерінен қорғайды. Жүннің ластануын жабағының екі топографиялық бөлімдері: бүйір және арқасы арқылы анықтайды, сонымен қатар жуылған және жуылмаған жүннің айырмашылықтары және жалпы ластану аймағының қосындысы арқылы анықтауға болады. Біз жүні лас май шайырынан тазартылмаған ұнамды типке жататын саулықтардың жүнін зерттедік. Майлылықтың көп пайызы мөлшері өндіргіш қошқарлардағы майсыздандырылған лас жүннің таза салмағында – 7,33-7,61 % және майсыздандырылған таза жүнде 9,53 тен 11,2 % бар екендігі байқалды. Еркек тоқтыларда – 9,7 %. Шайыр крем және ашық крем түстес, қанағаттанарлық сапада. Ал саулықтарда бұл көрсеткіштер 6,7 % және бір жастағы ұрғашы тоқтыларда 5,6%. Зерттелінген үлгілердегі жүн майының құрамы қанағаттанарлық деп айтуға болады.
ӘОЖ: 363.38 (57471): 636.03
АҚЖАЙЫҚ ЕТТІ-ЖҮНДІ ҚОЙЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДІЛІГІ
Б. Б. Траисов, а.-ш. ғылымдарының докторы, профессор

А.К.Бозымова, а.-ш. ғылымдарының кандидаты

Г. Г. Галимова, А. Н. Исмагулов, магистранттар
Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада ақжайық еттті-жүнді қойының сүт өнімділігі зерттелініп жазылған. Қойдың өсуі мен сапалық дамуы қозылардың ему кезеңінде анасынан жеткілікті мөлшерде сүт алуға байланысты. Лактация айлары бойынша жүні 56 сападағы саулықтардың орташа сүт өнімділігі 18,50 кг болса, жүні 58 сападаға саулықтардың сүт өнімділігі 12,30 кг, ал орташа күндік сауын сәйкесінше 0,987; 0,936 кг құрайды. Барлық топтағы саулықтардың өнімділігінің орташа көрсеткіші және бірдей химиялық құрамымен сипатталады. Сүттің құрамында ауыр металдар жіберілген мөлшерге сәйкес.
В статье исследуется молочная продуктивность акжайкских мясо-шерстных овец. Рост и качественное развитие ягнят непосредственно связано с молочностью маток в подсосный период. У овцематок 56-го качества шерсти за месяц лактации, средняя молочная продуктивность составила 18,50 кг, у овцематок с 58 качеством шерсти – 12,30 кг, а среднесуточный удой составил, соответственно 0,987 и 0,936 кг. В ходе опытов определена продуктивность овцематок всех групп, а так же химический состав молока. В составе молока тяжелые металлы соответствуют предельно допустимым нормам.
The article presents the study materials of milk production of females of akzhaikskoy meat-wool breed of sheep on the lactation period, as well as the chemical composition of milk and methods for the determination of milk sheep. In this article, the average productivity of sheep in different groups and gives the same performance.
Қой басы санының тұрақтығы және оның сапалық дамуы немесе жетілуі көп жағдайда ему кезеңінде бағытталып өсірілген жақсартушы тұсақтарға байланысты. Саулықтардың сүттілігін анықтау және оның технологиясын қозылардың алғашқы 6-8 апталығында пайдалана білу, яғни осы кезеңде анасының сүті жас тоқтының тез өсіп-дамуы үшін негізгі азық болып табылады. Сүтпен бірге жас қозы өзінің өсуі мен дамуы үшін барлық қажетті азықтық заттарды алады. Қойларды өсіріп-бағу жағдайы бірдей болған кезде де, сүтті саулықтардан мықтылығы жоғары, тез өскіш жас қозы алынады. Сонымен қатар, саулықтардың сүт өнімділік деңгейі қой шаруашылығындағы селекция жасауға қажетті негізгі белгілердің бірі болып табылады.

Қой сүті-құнды азықтық тағам. Оның құрамында адам ағзасына қажетті тез сіңгіш формадағы қоректік заттар бар. Ол жаңа туған сүтқоректілердің азықтықтанудағы алғашқы айында негізгі орын алады. Жануарлардың түріне байланысты сүтінің химиялық және басқа да құрамы бойынша әр түрлі болады.

Әр түрлі жануарлардың лактация бойынша сүтінің құрамы, орташа өнімділігі және қоректілігі әр түрлі болады. Сиырладың сүтінің құрамында белок мөлшері – 3,0; май құрамы – 3,6; сүт қанты – 4,7: минералды тұздар – 0,60; 1 кг сүттің қоректілігі – 2640 кДЖ; лактация бойынша орташа өнімділігі – 3000 кг, ешкілерде сәйкесінше – 3,6; 4,1; 4,6; 0,85; 3000; 250, ал қойларда сәйкесінше – 5,8; 6,7; 4,6; 0,82; 4390; 150, биелерде – 2,0; 1,0; 4,7; 0,30, 1880; 2000 кг болады.

Сүттің түріне байланысты бәріне ортақ май құрамы бойынша өзгешеліктері байқалады. Биенің сүтінің құрамында орташа майлылық 1 %, қойларда – 6,7 %, сиырларда – 3,6 %, ешкілерде – 4,1 % пайызды құрайды.

Қой сүтінің құрамы оған әсер ететін әр түрлі факторларға байланысты. Олар: қой тұқымы, жасы, лактация кезеңі, жыл мерзімі, азықтандыру жағдайы, бағып-күту және қойлардың денсаулығына байланысты.

Қазіргі таңда қой сүтінің өнімділігін әр түрлі әдіспен анықтайды.

1. Қой сүтінің өімділігін қозысының 20 күндік салмағы бойынша анықтайды.Себебі, қозының салмақ жинап өсуі, қойдың сүт беруіне байланысты.

2. Қой сүтін емшегінің бір жағынан алынған сауын бойынша анықтайды, екінші жағын қозысы емеді.

3. Лактация бойынша бақылау сауыны, яғни 10, 15, 20 күндер аралығында және алынған көлемді лактацияның өткен күндеріне көбейтеміз, яғни бұдан лактация кезеңі бойынша алынған сауынды есептейміз.

4. Лактацияның алғашқы 2 айында қозыларды ему алдында және емуден кейін өлшеу арқылы анықтау.

5. Бақылау коэффициенті бойынша барлық лактация кезеңіндегі қой сүтінің өнімділігін анықтауға болады.

6. Қойларды енесінен айырғаннан кейін сауу- қойлардың сүт өнімділігін есептеудің жалғыз ғана әдісі [1].

Саулықтардың сүттілігі әдетте 4-5 қоздағанда көтеріледі, содан соң біртіндеп төмендей береді. Саулықтардың сүтттілігін анықтауда қателік жібермеу үшін қойдың жасын және олардың буаз, сауылу кезеңіндегі азықтандыру дәрежесін, нешінші рет төлдеп отырғанын ескеру қажет. Саулықтардың сүттілігі жоғары фенотип немесе генотиптік өзгергіштігімен сипатталады.

Қазақстандағы етті-жүнді қой шаруашылығында қойлардың сүт өнімділгі толық зерттелінбеген және сүттілгі бойынша селекция жүргізілмейді, ірімшік жасау үшін сүт өндірілмейді. Осыған байланысты саулықтың сүт өнімділігін зерттеу актуальды болып табылады.

«Ізденіс» ЖШС – жағдайында біз жартылай биязы жүнді саулықтардың сүттілігінің кейбір көрсеткіштерін зерттедік. Сүт өнімділігі 120 күн лактация кезінде 1 қозылары бар салыстырмалы қой топтарында бірдей әдіспен жүргізіледі.
1-Кесте – Ақжайық етті-жүнді саулықтарының сүт өнімділгі


Лактация айлары

Саулықтар, жүн сапасы

56

58

I

48,81 ± 1,63

39,76 ± 1,52

II

37,60 ± 1,59

36,27 ± 1,75

III

22,59 ± 1,61

21,65 ± 1,49

IV

15,82 ± 0,70

14,28 ± 1,10

Лактация бойынша

18,50 ± 1,85

12,30 ± 1,78

Орташа күндік сауын

0,987

0,936

Берілген кестенің (кесте-1) сараптамасы, яғни 56 сападағы жүні бар саулықтардың орташа сүттілігі лактация бойынша 58 сападағы саулықтарға қарағанда 5,5 %-ға жоғары. Ему кезінде қозылардың жалпы өсуі 22,6-24,8 кг-ды құрды. Ең жоғарғы сүттілік лактацияның бірінші айында байқалады, соңынан азая бастайды. Жалпы саулықтардың сүттілік көрсеткіштері жоғары.

Химиялық құрамы бойынша салыстырмалы топтардың арсында көп айырмашылықтар байқалмайды (кесте 2).

Зерттелінген саулықтардың сүтінің химиялық құрамы, жоғарғы майлылық уызда болатынын көрсетеді. Сүттегі майлылықтың аз ғана төмендігі 58-ші сападағы қойларда байқалады, ал жақсырақ көрсеткіш 56-шы сападағы саулықтарда байқалады.

Сүттегі құрғақ заттың төмен болуы, рационда шырынды және концентрлі азықтың жоқ екендігін білдіреді. Сүттегі белок негізінен казеин, альбумин және глобулиннен тұрады, сүттің бұл белоктік фракциялары лактация кезеңінде казеиннің және альбулин мен глобулиннің өсуімен өзгеріп отырады.

Тәжірибедегі топ саулықтары сүтінің химиялық құрамымен қатар биохимиялық құрамы да зерттелінді.

Ауыл шаруашылық өнімдері мен азықтық өнімдерді сертификаттауға байланысты ауыр металлды анықтайтын нақты және сенімді әдістер дайындау мәселесінде қиындықтар туды.

Зерттеулер қатарында азықтық тағамдардың құрылымында ауыр металлдардың артықшылығы адам ағзасына зиянды әсерін тигізеді.



2-Кесте – Сүттің химиялық құрамы


Лактация кезеңдері, күндер

Сүттің құрамында, %

Саулықтар, жүн сапасы

56

58

Уыз

құрғақ зат май

38,2

16,0

36,5

14,2

3-ші

құрғақ зат май

22,3

10,4

17,6

69

30-шы

құрғақ зат май

20,4

8,8

20,0

7,8

60-шы

құрғақ зат май

17,6

5,8

16,8

5,4

90-шы

құрғақ зат май

20,1

10,2

17,3

11,2

120-шы

құрғақ зат май

24,6

9,2

22,7

8,6

Орташа лактация бойынша

құрғақ зат май

18,2

6,3

17,9

6,1

Тәжірибедегі саулықтардың жүнінің құрамындағы ауыр металдар Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің биохимиялық лабораториясында зерттелінді. Топтар бойынша сртронцийдің саны 0,78-1,0 мг/л аралығында, кадмий – 0,08-0,11 мг/л концентрациясында анықталды, свинец 0,05-0,18; медь – 0,07-0,13 және цинк – 1,59-2,74 мг/л болды.

Тәжірибедегі, яғни барлық топтағы саулықтардың өнімділігінің орташа көрсеткіші және бірдей химиялық құрамымен сипатталады. Сүттің құрамындағы ауыр металдар жіберілетін мөлшерге сәйкес.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мирзабеков, С. Ш. Овцеводство / С. Ш. Мирзабеков, А. И. Ерохин. – Алматы : Издатмаркет. – 2005. – 271-272 бет.
2. Терентьев, В. В. Мясо-шерстные овцы / В. В. Терентьев. – Алма-Ата. – 1984, – 142 бет.
УДК: 636.32/.38:636.035
СРАВНИТЕЛЬНАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА КОЖНО-ШЕРСТНОГО ПОКРОВА У БАРАНЧИКОВ ЕДИЛЬБАЕВСКИХ ОВЕЦ
Х. И. Укбаев, доктор с.-х. наук, профессор, академик НАН РК

Р. Д. Шамекенова, доктор с.-х. наук, доцент

Юго-Западный НИИ Животноводства и растениеводства


Ж. Т. Усенов, соискатель

Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана


Мақалада қыста төлдеуден алынған сегіз айлық еділбай еркек тоқтыларының тері-жүн ерекшеліктері анықталған. Қылшық жүнді еділбай қойларының жүн талшық фолликулаларының және туындыларының диаметрінің айырмашылығы анық көрінеді. Алғашқы фолликулаларының қылшық талшықтарының қалындығы, екіншілік фолликулалардың қалындығынаң 2-3 есе үлкен.
В статье изучены особенности кожно-шерстного покрова едильбаевских баранчиков зимнего ягнения в восьмимесячном возрасте. У грубошерстных овец едильбаевской породы породной особенностью является резкая дифференциация волосяных фолликулов и производимых ими шерстных волокон по диаметру. Толщина остевых волокон, производимых первичными фолликулами, в 2-3 раза больше толщины вторичных фолликулов.
In this article the features of skin and coat of edilbay rams winter lambing in the age of eight months are studied. In coarse wool sheep breeds of edilbay in native feature is the sharp differentiation of hair follicles and they produce wool fibers in diameter. The thickness of guard fibers produced by primary follicles, 2-3 times greater than the thickness of the secondary follicles
Одним из основных направлений овцеводства Казахстана является мясо-сальные, которое дает значительное количество наиболее дешевой баранины и необходимую для промышленности грубую и полугрубую шерсть.

Среди них приоритетным считается едильбаевская порода курдючных овец, которая выведена в ХIХ столетии казахами, населявшими западные районы Казахстана, путем отбора и последующего разведения лучших по продуктивности местных курдючных овец. Полагают, что в формировании породы была использована при скрещивании и кровь курдючных калмыцких овец [1].

Это порода наиболее крупная среди отродий курдючных овец, разводимых в Казахстане. По мясо-сальной продуктивности она лишь немногим уступает гиссарской породе. Едильбаевские овцы характеризуются крепкой конституцией, правильным телосложением, имеют широкое и глубокое туловище и развитый курдюк. Они хорошо приспособлены к разведению в условиях полупустынных и пустынных районов Казахстана [2].

Едилбаевские овцы характеризуются широкой экологической валент­ностью. Это видно из того, что они показали хорошую приспособлен­ность к обитанию во всех зонах мясо-сального овцеводства страны несмотря на то что в центральных и в северо-восточных районах республики природно-климатические условия более сурова, чем в степных районах Западного Казахстана. Опыт и практика разведения едильбаевских овец в Центральном Казахстане показали что во всех зонах разведения курдючных овец можно в кратчайший срок создать высокопродуктивные стада этих овец в типе едильбаевской породы М. А. Ермеков что однако надо иметь ввиду что мы будем иметь уже не ту едилбаевскую породу, которая замечательна именно в своей собственной "сорочке" [3].

Длительное время велась селекционная работа по совершенствованию едильбаевских овец в гос. племенном заводе «Бирлик». Едильбаевские овцы приняты в качестве плановой улучшающей породы местных продуктивных курдючных овец в ряде районов Казахстана, где по природным условиям экономически наиболее выгодным является развитие мясо-сального направления овцеводства.

Дальнейшее распространение породы мы использовали в Каратюбинском районе КХ «Укибай» Западно-Казахстанской области. Этот район отличается суровыми климатическими условиями.

Овцематки едильбаевской породы проявляют признаки "охоты" уже в августе месяце. Такая биологическая особенность овец дает возможность проводить случку и ягнение овец в приемлемые для хозяй­ства сроки.

Ранее ягнение, особенно зимние, можно рекомендовать в тех хозяйствах, в которых заготовлено достаточное количество сочных, грубых и концентрированных кормов и имеются благоустроенные кошары с наличием 2 м2 на каждую матку.

В наших опытах мы осеменяли едильбаевских овцематок в конце августа и сентябре, когда наступали осенние прохлады. При этом вес при рождении баранчиков 5,6 кг, при отъеме весили 40,3 кг, 8 месячном возрасте их вес составил 46,7 кг.

Задачей нашего исследования явилось изучение в сравнительном аспекте особенностей гистоструктуры кожно-шерстного покрова у едильбаевских баранчиков в восьмимесячном возрасте и характерные особенности кожи, фолликулов, шерстных волокон, обуславливающего качество овчины в это период развития.

Нами изучалась кожная ткань едильбаевской породы овец, которая состояла из трех слоев.

Эпидермис – наружный слой кожного покрова, состоит в основном из двух рядов клеток эпителиальной ткани: наружного рогового и внутреннего – мальпигиевого. При выделке овчин необходимо не нарушать целостность эпидермиса, так как разрушение этого слоя, тесно связанного со строением волосяных сумок приводит к ослаблению и последующему выпадению волос. Разрыв эпидермиса и, частично, дермы (сосочкового слоя) приводит к пороку, который называется трещинами, ломинами.

Собственно кожа, дерма – основной слой кожи, расположенный под эпидермисом. Это самый мощный слой, как по толщине, так и по прочности. Собственно кожа образована сложным переплетением пучков волокон соединительной ткани и состоит в основном из двух слоев сосочкового (пилярный) и сетчатого ретикулярный.

Сосочковый или пилярный – по толщине составляет 57-70% всей дермы и представляет собой область, занятую волосяными сумками, фолликулами и секреторным отделом потовых и сальных желез, а также коллагеновыми волокнами, сетью кровеносных капилляров, нервными окончаниями, мыщцами.

Толщина кожи и составляющих ее слоев, их соотношение обуславливает качество овчинно-шубного сырья, получаемого от овец.

Нами исследована толщина кожного покрова у баранчиков в восьмимесячном возрасте.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет