Управление биологической активностью почв


-кесте – Жас малдардың тірілей салмақтарының өзгеруі, кг (М±m)



бет22/57
Дата21.06.2016
өлшемі12.89 Mb.
#151919
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57

1-кесте – Жас малдардың тірілей салмақтарының өзгеруі, кг (М±m)


Жасы, ай

Топтар

І

ІІ

ІІІ

М ± m

δ



М ± m

δ



М±m

δ



8

206,3 ± 0,78

3,03

1,47

221,3 ± 1,33

5,15

2,33

216,7 ± 0,56

2,19

1,01

12

272,3 ± 1,04

4,04

1,48

316,7 ± 0,76

2,94

0,93

310,3 ± 0,70

2,71

0,87

15

342,0 ± 1,66

6,42

1,88

410,4 ± 0,81

3,14

0,76

386,1 ± 2,06

8,00

2,07

18

388,3 ± 3,25

12,57

3,24

482,3 ± 2,22

8,58

1,78

450,7 ± 2,33

9,04

2,01

Жас малдардың туғандағы тірілей салмақтары орташа 26,5-27,7 кг аралығында болып, сиырлардың қиналып тууы байқалмады. Еркек бұзаулар ұрғашы бұзаулардан орташа 1,2 кг (7,6 %, Р < 0,001) жоғары болды.

Алынған мәліметтер көрсеткендей, азықтандыру мен бағып-күтудің бірдей жағдайында өсірілген жынысы әр түрлі малдардың өсуі мен дамуы да бірдей болмағаны анықталды. 8 айда ІІ топтағы бұқашықтардың тірілей салмағы І топтың ұрғашы баспақтары мен ІІІ топтың өгізшелерімен салыстырғанда 15,0-4,6 кг (6,8-2,1 %; Р < 0,05, Р < 0,001) жоғары болды. Ал ІІІ топтың өгізшелері І топтың ұрғашы баспақтарынан 10,4 кг (4,5 %, Р < 0,05) басым түсіп, аралық көрсеткішті байқатты.

Бұлшық еттің қарқынды дамуы көптеген жағдайларға тәуелді, дегенмен малдың тұқымы, жынысы мен бөлек өсу кезеңдеріндегі салмағының артуы шешуші болып табылады. Әулиекөл тұқымы етті малының бұлшықетінің қалыптасуы қарқынды өтіп, денесінің барлық бөлігі жақсы еттенеді.

Осылайша, 12 айлық бұқашықтардың тірілей салмақтары ұрғашы баспақтардан 44,4 кг (14,02 %, Р < 0,001), өгізшелерден 6,4 кг (2,02 %, Р < 0,05) артық болды. Ал І және ІІІ топтың арасындағы айырмашылық 38,0 кг (12,2 %, Р < 0,01) болды. Бұл кезеңде бұқашықтар мен өгізшелердің тірілей салмақтары шамалас деңгейде артты.

15 айда жынысы әр түрлі малдардың ішінде бұқашықтар мен өгізшелердің тірілей салмақтары арасындағы айырмашылық 24,3 кг (5,9 %, Р < 0,05) жетті. Соған сәйкес олар ұрғашы баспақтардан 68,4-44,1 кг (16,6-11,4 %, Р < 0,001) басым түсті. Аталған өсу кезеңінде ұрғашы баспақтар мен бұқашықтардың жыныстық қозулары мен белсенді қозғалысы артады, ал өгізшелердің ағзасы денеде майдың байлануы әсерінен болып жататын өзгерістерге тез ұшырайды. Яғни, қозғалыс пен жыныстық жүріс-тұрыстың белгілері, көп жағдайда, малдың өнімділігін сипаттайды. Дегенмен, аталған үрдістердің ықпалына қарамастан, ұрғашы баспақтар мен бұқашықтардың тірілей салмақтары элита класына, ал өгізшелер 1 класқа сай болды.

18 айда бұқашықтар мен өгізшелердің тірілей салмақтары арасындағы айырмашылық 31,6 кг (6,5 %, Р < 0,001) дейін жоғарылады. Бұқашықтар ұрғашы баспақтардан 94 кг (19,5 %, Р < 0,001), ал өгізшелер 62,4 кг (13,8 %, Р < 0,001) ауыр болды.

Тәжірибеден байқағанымыздай, бұқашықтар мен өгізшелердің тірілей салмақтары арасындағы айырмашылық 15 (24,3 кг) және 18 айда (31,6 кг) айқындала түсті. Аталған өсу кезеңінде де жас малдардың тірілей салмақтарының класы өзгермеді.

Жынысы әр түрлі топтардың тірілей салмақтарының өзгерісін бақыласақ, өсудің барлық кезеңінде бұқашықтардың тірілей салмақтары өгізшелер мен ұрғашы баспақтар тобымен салыстырғанда айқын басымдылықпен жоғарылаған. Осындай заңдылық өгізшелер мен ұрғашы баспақтар тобының арасында байқалса да, өгізшелердің тірілей салмағы екі топтың арасындағы аралық көрсеткіштерді байқатты.

Бикбулатов З.Г., Ажмулдинов Е.А. бұқашықтардың өгізшелерден өсу қарқынының жоғарылығын дәлелдейтін заңдылықты өз зерттеулерінде байқады. [3, 4].

Ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығында өсу қарқынын сипаттайтын жас малдардың тәуліктік қосымша салмақ қосу көрсеткіші маңызды. Өйткені, малдың қорытынды салмағы мен шығындалған азықты өніммен ақтауы, өз кезегінде, экономикалық бағалаудың шешуші көрсеткіші саналады.

Жас малдардың тәуліктік орташа салмақ қосуының өзгерісі тірілей салмақтың өзгеруіне сәйкес болды. 12-15 ай аралығында барлық топтағы жас малдардың орташа салмақ қосуы жоғарылап, ал 15-18 айда төмендегені байқалды (2-кесте).



2-кесте – Жас малдардың тәуліктік қосымша салмақ қосуы, г ()


Өсу кезеңдері

Топтар

І

ІІ

ІІІ

0-8

749

807

788

8-12

550

795

780

12-15

774

1041

842

15-18

511

799

718

0-18

670

842

783

Зерттеліп отырған жынысы әр түрлі малдардың өсу қарқынын талдау көрсеткендей, туғанынан 8 айға дейінгі емізу кезеңінде енелерінің маңында бейқам өмір кешкенімен, олардың тәуліктік орташа салмақ қосуы көрсеткіші арасында айырмашылық болды. ІІ топтың бұқашықтары І топтың ұрғашы баспақтарынан 58 г (7,2 %), ал ІІІ топтың өгізшелерінен 19 г (2,3 %) басым түсті.

8 айдан 12 айға дейін бұқашықтар тобының қосымша салмақ қосуы І топтың ұрғашы баспақтарынан 245 г (30,8 %) артық болып, ІІІ топтың өгізшелерімен салыстырғанда 15 г (1,9 %) асып түсті. Бұл кезеңде аталған көрсеткіштің ұрғашы баспақтарда анағұрлым төмен болуы емізуден кейінгі кезеңдегі тірілей салмақтың өсімі малдың асқазан-ішек жүйесінің, әсіресе ірі азықтарды қорытатын асқазан алды бөлімдері – месқарын, тақия және жалбыршақ қарынның дамуына байланысты болуы мүмкін. Сол себепті бұқашықтар негізінен етке өсірілетіндіктен, физиологиялық ерекшеліктерінің ықпалы әсер еткен болу керек. Сонымен бірге емізуден кейінгі кезеңдегі стрестік жағдайларға (күзде, жаңбырлы кезеңде) ұрғашы баспақтардың төзімсіз, ал бұқашықтар мен өгізшелердің төзімді болуы да әсер етуі мүмкін.

12-15 айда барлық топтағы малдардың қосымша салмақ қосуы артты. Осы кезеңде бұқашықтар мен ұрғашы баспақтардың жыныстық рефлекстері үдегенімен, олардың тәуліктік орташа салмақ қосуы жоғарылады.

Алынған деректерге қарасақ, туғанынан 18 айға дейін аталған көрсеткіш І топта – 670 г, ІІ топта – 842 және ІІІ топта – 783 г құрады. Өсірудің барлық кезеңінде басқа топтың малдарымен салыстырғанда бұқашықтардың өсу қарқыны жоғары болды. Піштірілген малдардың бойында зат алмасуы төмендеп, майлы қабатты ет түзіледі. Сол себепті өгізшелер физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты 15 және 18 айда аралық көрсеткішті байқатты.

Малдардың тірілей салмақтарының абсолюттік және салыстырмалы өсімдері олардың қалыпты түрде дамуын бақылауға, тез жетілгіштігі мен тәуліктік орташа салмақ қосуын бағалауға және өсу энергиясы жоғары малдарды іріктеуге мүмкіндік береді.

Өсу кезеңдеріндегі жас малдардың абсолюттік өсімдері арасындағы басымдылықты бұқашықтар байқатты. Олардың І және ІІІ топтардан туғанынан 8 айлығына дейінгі абсолюттік өсімдегі айырмашылығы 13,8-4,6 кг (7,1-2,4 %), 12 айлығында соған сәйкес 29,4-1,8 кг (30,8-1,9 %) болып, ұрғашы баспақтармен салыстырғандағы өсімі ерекше байқалды. Дегенмен, 15 айлығында соған сәйкес ұрғашы баспақтарда 24,0 кг (25,6 %) дейін төмендеп, өгізшелерде 17,9 кг (19 %) дейін жоғарлады.

Жалпы 18 ай бойы жас малдардың абсолюттік өсімі І топтың малдарында 361,8 кг, ІІ топта 454,6 кг және ІІІ топта 423,0 кг құрады. 18 айда бұқашықтардың абсолюттік өсімі ұрғашы баспақтардан 92,8 кг (20,4 %), ал өгізшелер тобынан 31,6 кг (6,9 %) жоғары болды.

Сөйтіп, азықтандыру мен күтіп-бағудың бірдей жағдайында өсірілген жынысы әр түрлі жас малдардың арасында бұқашықтар тобы жоғары өсу қарқынымен ерекшеленіп, жақсы бұлшықеттенді. Бірақ, тәжірибелерден байқағанымыздай, өгізшелер тобының да өсу энергиясы жоғары болып, қосымша ет өнімін өндіруге мүмкіндік бергені байқалды.

Жас малдардың жынысына қарамастан, жастары ұлғайған сайын өсу жылдамдығының төмендеуі салыстырмалы өсу жылдамдығының өзгерісін зерттеу кезінде анықталды (3-кесте).


3-кесте – Жас малдардың тірілей салмақтарының салыстырмалы өсу жылдамдығы, %


Өсу кезеңдері

Топтар

І

ІІ

ІІІ

0-8

154,5

155,5

154,7

8-12

27,58

35,50

35,50

12-15

22,70

25,80

21,80

15-18

12,68

16,10

15,40

0-18

174,4

178,3

176,8


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет