-
Класс
I модуль. Қазақ тілі туралы.
I модуль. О казахском языке.
2 – сабақ. Ана тілі – жүрек үні.
Урок 2. Родной язык – звучание сердца.
1-тапсырма. Тіл туралы ұлағатты сөздерді түсініп, есте сақтаңдар.
Задание 1. Добейтесь понимания известных высказываний о языке, запомните их.
-
Тіл жоқ жерде ұлт жоқ (Ш. Айтматов).
Там, где нет языка, нет нации (Ч. Айтматов).
-
Қазақша жазу – қазақ сөздерінің кез келгенін құрастыра беру емес (М. Әуезов).
Писать по-казахски – не означает строить выражения из каких угодно казахских слов (М. Ауезов).
-
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын (А. Жұбанов).
Родной язык каждого народа – ключ к знаниям. Пусть наша молодежь будет образованной, культурной, досконально знающей родной язык (А. Жубанов).
-
Ана тілін ұмытқан адам өз халқынын өткенінен де, болашағынан да қол үзеді (Ғ. Мүсрепов).
Человек, забывший родной язык, порывает связь с прошлым и будущим своего народа (Г. Мусрепов).
-
Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны ойлаудан басталады (Г. Гегель).
Самый главный фактор образованности начинается с речи и мышления на родном языке (Г. Гегель).
-
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар – шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері... Қазақтардың халық әдебиеті аса бай әрі жан-жақты (П.М. Мелиоранский).
Казахский язык – самый чистый и богатый среди языков, относящихся к тюркской языковой группе. Казахи – большие мастера говорить красноречиво... Казахская народная литература очень богата и разнообразна (П. М. Мелиоранский).
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
Задание 2. Прочитайте тест и выполните уровневые задания к нему.
Ана тілі туралы
О родном языке
Ана тілің анаңның ақ сүтімен нәресте кезіңнен бойыңа сіңеді (Родной язык впитывается в младенчестве вместе с молоком матери).
Тіл – халықтың байлығы (Язык – богатство народа). Мысалы, біздің қазақ халқы жер бетінде өмір сүріп келе жатқаннан бері басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз, ертегілері, шығарған жырлары, табиғат пен қоғам құбылыстарының атаулары, көрген-білгені, жалпы дүние жайындағы ұғым-түсініктері, ойы, сезімі – бәрі де ана тілімізде шығарылып, ана тілімізде дамып, атадан балаға мұра болып келеді (Например, с тех пор как наш казахский народ появился на земле, его жизнь, героические поступки, предания, сказки, поэмы, названия природных и общественных явлений, познания, понятия об устройстве мира вообще, мысли, чувства – все это выражается на родном языке, на родном языке развивается и остается наследием, передающимся от отцов к детям). Демек, ана тіліміз – бүкіл қазақ халқының игілігі, байлығы (Следовательно, наш родной язык – это благо и богатство всего казахского народа). Ол халқымызбен бірге жасап, бірге дамып, мемлекет дәрежесіне көтеріліп өтыр (Он живет вместе с нашим народом, вместе развивается и поднят до уровня государственного).
Тілімізді сақтап, дамыту – бәріміздің қасиетті міндетіміз (Сохранять и развивать язык – почетная обязанность каждого из нас).
Ең алдымен қазақ қазақша, ана тілінде сөйлеу, жаза білуі керек (В первую очередь казахи должны уметь разговаривать и писать по-казахски, на родном языке).
(Ж.С. Қалиевадан)
Сөздік
-
нәресте – младенец
|
қоғам құбылыстары – общественные явления
|
сіңу – впитать
|
мұра – наследие
|
ерлік – геройство
|
дәреже – здесь: уровень
|
III деңгей
III уровень
-
Мәтінге сұрақ құрастырып өзара сөйлесіңдер.
Составьте вопросы к тексту, поговорите друг с другом.
-
Септік жалғауы бар 3 сөз теріп жазып, сөз табына қарай морфологиялық талдау жасаңдар.
Выберите из текста 3 слова с падежным окончанием и проведите морфологический разбор слова как части речи.
Пример выполнения задания № 1:
Сұрақтар:
Вопросы:
-
Ана тілі қай кезден бастап бойыңа сіңеді?
С какого возраста ты впитываешь в себя родной язык?
Жауабы: Ана тілің анаңның ақ сүтімен нәресте кезіңнен бойыңа сіңеді.
Ответ: Родной язык впитывается в младенчестве вместе с молоком матери.
-
Тіл – халықтың байлығы деген пікірді қалай дәлелдеуге болады?
Как можно доказать утверждение, что язык – богатство народа?
Жауабы: Халық басынан кешкен өмірін, ерлік істерін, аңыз, ертегілерін, шығарған жырларын, табиғат пен қоғам құбылыстарының атауларын, көрген-білгенін, жалпы дүние жайындағы ұғым-түсініктерін, ойын, сезімін – бәрін де ана тілінде шығарып, ана тілінде дамытып, атадан балаға мұра етіп келеді.
Ответ: Народ свою жизнь, героические поступки, предания, сказки, поэмы, названия природных и общественных явлений, познания, понятия об устройстве мира вообще, мысли, чувства – все это выражает на родном языке, на родном языке развивает и передает от отцов к детям.
-
Тіл туралы біздің міндетіміз қандай?
Какие у нас обязанности относительно языка?
Жауабы: Тілімізді сақтап, дамыту – бәріміздің қасиетті міндетіміз.
Ответ: Сохранять и развивать на язык – почетная обязанность каждого из нас.
II деңгей
II уровень
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
Перескажите содержание текста.
I деңгей
I уровень
Мәтінді жалғастырыңдар.
Продолжите текст.
Пример выполнения задания № 1:
Қазақ тілі тек қана Қазақстанда дамуы мүмкін (Казахский язык может развиваться только в Казахстане). Басқа мемлекеттердегі қазақтар сол мемлекеттің тілінде сөйлеп және жазып үйренеді, ал қазақ тілі от басында ғана қолданылады (Казахи, живущие в других государствах, научились разговаривать и писать на языке тех государств, а казахский язык применяется только в быту, семье). Сондықтан ғылымның, өндірістің, мәдениеттің, қоғам және саяси өмірінің әрбір салаларында қазақ тілін енгізу, қолдану және дамыту аса қажет (Поэтому необходимо внедрить, применять и развивать казахский язык во всех сферах науки, производства, культуры, общественной и политической жизни).
Достарыңызбен бөлісу: |