Сабақтың басы
2 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру
I - Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
|
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі.
Авторлық құқық дегеніміз не?
Плагиат ұғымы қандай мағынада қолданылады?
Қалай ойлайсың авторлық құқық, плагиат және гиперсілтеме ұғымдары неге қатар жүреді?
«Авторлық құқық» және «плагиат» ұғымдарын қалай түснесің?
Мақсаты: уақытты үнемді пайдалана отырып барлық оқушыларды бір мезетте проблеманы шешуге жұмылдыру.
|