І топ – Бірлік.
ІІ топ – Бейбіт.
|
(Ұ). «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыратын сұрақтарға жауап береді.
Мәтіндік редакторда гиперсілтемелерді қалай ұйымдастыруға болады?
Мәтіндік құжаттың бірінен екіншісіне ауысудың қандай әдістерін біресің?
Көлемді құжаттармен жұмыс істегенде құжаттың бір тарауынан екінші тарауына жылдам өту қалай жүзеге асады?
Мақсаты: жылдам әрі функционалды түрде ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушылар практикада кездесетін негізгі ұғымдармен танысады, тапсырманы дұрыс жасауға мүмкіндік алады.
|
Бағалау: Жауапты дұрыс айтқан, өз ойын жақсы жеткізген топ мүшелерін «жарайсың» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
|
Оқулықпен жұмыс.
(Т) «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасайды. Интерактивті тақтада көрсетілген суреттер бойынша сөйлеу үшін оқулықтан жауап іздейді.
Қалай ойласың, 1-суреттегі балалар әлемі сайтын немесе электрондық қосымшаларды парақтау қалай құрстырылады?
|
Дәптермен жұмыс.
(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интербелсенді тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.
Мақсаты: Үштілділікті дәріптеу.
Тиімділігі: Оқулықта кездескен термин сөздерді өздерінің жұмыс дәптерлеріне жазып алып, қайталау арқылы есте сақтайды.
Саралау: Информатика сабағында қолданылатын программалардың басым көпшілігі ағылшын немесе орыс тілдерінде берілетіндіктен термин сөздерді есте сақтаудың маңызы зор.
|
|