Басы
|
Ширату жаттығуы: «Иә немесе жоқ» ойыны
Сөз әріптен құралады. (Иә)
Сөйлем дыбыстан құралады. (Жоқ)
Дыбыстар үшке бөлінеді. (Жоқ)
Дыбыстарды айтамыз, естиміз. (Иә)
Әріптерді көреміз, жазамыз. (Иә)
Сөздерді буынға бөлуге болады. (Иә)
Дұрыс. Сөздер буынға бөлінеді.
Балалар, біз бүгін «Буын және тасымал» бөлімімен танысамыз. Бұл бөлімде буын мен тасымал және әліпби туралы білетін боламыз. Сөздерді буынға бөлуді, сөздегі
буын санын анықтауды, сөздерді тасымалдап жазуды үйренеміз. Бүгінгі сабағымыз ерекше, саяхат сабағы болмақ. Елордамызға саяхатқа шығамыз.
Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
Карта.
Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер? Пойызға отырып, саяхатымызды
бастайық.
|
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауап береді.
Топтар бір-біріне «Іске сәттілік, жетістікке жетейік» деген тілектер айтады.
|
ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.
|
|
Ортасы
|
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Мәтінмен таныспас бұрын
1-аялдамаға тоқтау. Астана туралы қызықтар. Бейнеролик көру. Тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнына болжау жасату.
|
Мәтін мазмұнына болжау жасап, өз ойларын айтады. Мәтінді тыңдайды.
|
ҚБ. «Бас
бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.
|
Нұр-Сұлтан қаласының суреттері
|