72
7-бөлім. Мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математикалық
ұғымдарды қалыптастыру оқу әрекетін жоспарлау
7.1 Жоспарлау түрлері
Жоспарлау - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын мақсатты
түрде жүзеге асырушы.
Математикалық білімдерді дамыту бойынша жұмысты жоспарлаудың
маңыздылығы:
- балалардың математикалық білімдерді қалыптастырудың бағдарламалық
міндеттерін жүйелі және бірізділікпен шешуге мүмкіндік береді;
- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі бойынша
жұмысты мақсатты жүзеге
асыруға көмектеседі;
- балалардың даму деңгейін ескере отырып, бағдарламалық міндеттерді
нақтылайды;
- барлық балалар мен әр балаға бағдарламалық материалды жеке меңгеруге
көмектеседі;
- білім беру, дамыту, тәрбиелеу және түзету
міндеттерін кешенді шешуді
қамтамасыз етеді.
Жоспарлаудық келесідей түрлері бар:
- перспективті (бір айға, тоқсанға, жылға);
- күнтізбелік (күндер бойынша);
- тақырыптық (белгілі бір мәселе бойынша);
- кешенді (әр түрлі бағыттар бойынша әр түрлі міндеттерді үйлестіретін);
- жеке (бір баламен жұмысты көрсететін).
Математикалық білімді дамыту жұмысын жоспарлаудың мазмұны:
- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған
оқу әрекеті;
- ұйымдастырылған оқу әрекетінен бөлек жұмыстар;
- басқа әдістемелер бойынша ұйымдастырылған оқу әрекеттерімен
байланыс;
- жеке жұмыс.
Мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуына жұмысты дұрыс
жоспарлауға көмектесетін жағдайлар:
-
мектепке дейінгі ұйымдардағы математикалық білім беру бағдарламасын
білу;
-
оқытудың дидактикалық
принциптерін білу;
-
мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру әдістемесін меңгеру;
-
балалардың психологиялық-физиологиялық даму ерекшеліктерін ескере
отырып, математикалық түсініктерін қалыптастыра білу;
-
осы топтағы балалардың жас
ерекшеліктерін білу;
-
өз тобындағы балалардың жеке ерекшеліктерін білу;
-
балаларда бар білімдерді есепке алу;
-
бір топта жұмыс істейтін екі тәрбиешінің бірлесіп жоспарлауы;
73
-
мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуына қойылатын
заманауи талаптар мен озық тәжірибені зерделеу арқылы тәрбиешінің
біліктілігін арттыру.
Мектепке дейінгі ұйымдарда математикалық білім беру жөніндегі
жұмысты екі апталық жоспарлауға қойылатын талаптар:
1. Математикадан ұйымдастырылған оқу
әрекеті аптаның ортасында
күннің бірінші жартысында жоғары ақыл-ой жүктемесін талап етпейтін
сабақтармен ұштастыра өткізіледі;
2. Аптасына оқу әрекетінің сағат саны үлгілік бағдарламамен
анықталады;
3. Бір ұйымдастырған оқу әрекетінде әдетте бір жаңа тапсырмадан көп
болмау керек, қалғандары қайталау және бекіту тапсыпма түрінде беріледі.
4.
Екі
апта
ішінде
қарапайым
математикалық
түсініктерді
қалыптастырудың барлық бес тарауын (саны
мен санау, көлем, пішіні,
кеңістіктегі бағдарлау, уақыт бойынша бағдарлау) қамтитын тапсырмалар
болуы керек;
5. Математикадан басқа ұйымдастырылған оқу әрекеттерінде және күн
тәртібінің элементтерінде балаларды математикадан жаңа білім алуға
дайындау, зерделенген
материалды бекіту және қолдану, жеке жұмыс жүргізу
жұмыстары жүреді.
Назарда ұстау керек, ұйымдастырылған оқу әрекетінде міндеттерін дұрыс
тұжырымдау қажет:
• жаңа міндеттер: "үйрету", "түсінік беру", "таныстыру", "ептілікті
қалыптастыру" деген сөздерден басталады;
• бұрынғы міндеттер: "қайталау", "бекіту", "пысықтау", "ептілікті
жетілдіру"деген сөздерден аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: