10.1. Перманганатометрия
Клиникалық, санитарлы-гигиеналық және соттық сараптау тәжірбиелерінде, сол сияқты фармпрепараттарды тексеру істерінде мынандай әдістер жиі қолданылады.
Перманганатометрия әдісі тотықсыздандырғыштардың MnO- ионымен тотығуына негізделген. Тотығу процесін қышқылдық және сілтілік (немесе бейтарап) ортада жүргізуге болады.
Қышқылдық ортада KMnO4 Mn2+ - ионына дейін тотықсызданады. Мысалы, Fe2+- иондарымен әрекеттесу реакциясы мына теңдеу бойынша жүреді:
5Fe2+ + MnO4- + 8H+= 5Fe3+ + Mn2+ + 4H2O
MnO4--тен Mn2+ дейін тотықсыздануы бес электронды қосу керек:
MnO4- + 8H+ + 5е =Mn2+ + 4H2O
Сол себепті KMnO4 эквивалентті молярлы массасы тең:
Э = 158,03/5 = 31,61 г
Сілтілік немесе бейтарап ортада марганец (VII) тотықсызданғанда түзіледі;
MnO4- + 3H2O + 3е = MnO(OH)2 + 4OH-
Сондықтан, KMnO4 эквивалентті молярлы массасы:
Э = 158,03/3 = 52,68 г/моль.л
MnO4-/ Mn2+(+1,51в) стандартты потенциал жұптары, MnO4-/MnO2 (+0,59В) стандартты потенциал жұптарына қарағанда әлдеқайда жоғары.Перманганаттың тотықтырғыш қабілеттілігісілтілік ортаға қарағанда, қышқылды ортада жоғары.
Калий перманганатымен титрлегенде, әсіресе қышқылдық ортада индикатор қолданылмайды. ионының қызғылт-күлгін бояуы оның түссіз - ионына дейін тотықсыздануы нәтижесінде жойылмайтындығы белгілі. Тотықсыздандырғыш толығымен тотыққан, перманганаттың артық бір тамшысынан ерітінді ашық күрең түске боялады.
тің титрлегенде ерітіндісін дайындау мүмкін емес, сол себепті оның титрі басқа стандартты ерітінді ( т.б.) бойынша анықталады.
Перманганотометрия әдісі кальцийді, марганецті (II), темірді (II), сутегінің асқын тотығын және нитриттерді анытау үшін, ал медициналық анализдерде сутегінің асқын тотығы мен магнийдің, лактат пен кальций глюконатының және басқа фармпрепараттардың сапасын бақылау үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |