Зертханалық жұмыс
Практикалық тапсырма 1.
Ерітіндінің молярлық концентрациясын дайындау.
Ерітіндінің молярлықконцентрациясын өлшеуіш колбаларда дайындайды.
Жұмысқа төмендегі тапсырмалар кіреді:
Концентрациясы 0,1моль/л 100, 200, 250, 500, 1000 мл ерітінді дайындау үшін қанша тұз қажет екенін есептеу.
Тұздың мөлшерін техникалық таразыда өлшеу.
Өлшенген тұзды воронка көмегімен өлшеуіш колбаға салып (колбаның 2/3 көлемін дистиллденген суға толтыру керек), зат толық ерігенше айналдырып араластыру қажет. Зат толық ерігеннен кейін колбаның белгісіне дейін суды толтыру керек.
Судың ең соңғы порциясын пипетка арқылы тамшылатып толтыру керек. Сұйықтың теңдігін боялмаған сұйықтық үшін ең төмен мениск бөлігімен және боялған сұйықтық үшін ең жоғары бөлігімен анықтау керек.
Колбаны тығыздап пробкамен жауып ерітіндіні араластыру қажет, колбаны бірнеше рет айналдырып (үстіге-астыға) араластыру керек.
Зертханалық тапсырманың есебін келесі форма арқылы өрнектеу қажет.
Маршруттық карта
Концентрациясы 0,1моль/л 100 мл және 250 мл ерітінді дайындау үшін қанша тұз NaCl қажет екенін есептеу.
Тұздың мөлшерін техникалық таразыда өлшеу қажет.
Ерітіндіні тапсырма бойынша дайындау.
Зертханалық жұмыс бойынша отчет құру.
Достарыңызбен бөлісу: |