V-тарау. Тұрақты электр тогы і-нұсқа Егер тізбектегі ток күші 5 а болса, онда өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 2 с ішінде қанша кулон заряд өтеді?



Дата16.06.2016
өлшемі89 Kb.
#140748
V-тарау. Тұрақты электр тогы
І-нұсқа
1.Егер тізбектегі ток күші 5 А болса, онда өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 2 с ішінде қанша кулон заряд өтеді?

а) 1800 Kл;

ә) 300 Kл;

б) 3600 Kл;

в) 10Кл

г) 2,5 Кл.



2.Шамды ЭҚК-і 1,5 В ток көзіне қосқанда, тізбектегі ток күші 0,6А. 1 мин ішінде бөгде күштердің атқаратын жұмысы.

a)18Дж; ә)162Дж; б)27Дж; в)9Дж; г)54Дж.



3.Кедергілері R,=5 Ом, R2=10 Ом екі резистор өзара параллель қосылған. Осы резисторлар арқылы өтетін ток күштерінің қатынасы І12 неге тең?

a) l0; ә) l; б)0,5; в) 2; г) 0,2.



4.Батарейкадағы «1,5В» деген жазу:

а)тізбектің бөлігіндегі кернеу 5В;

ә) өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырмасы 1,5В дегенді білдіреді.

б)батарейканың бір полюсынан екінші полюсіне 1 Кл зарядтың орын ауыстырғанда бөгде күштер 1,5 Дж жұмыс аткарады;

в)тізбектің бөлігіндегі кернеу 1,5В;

г)ток көзінің бір полюсінен екінші полюсіне 1 Кл зарядтың орын ауыстырғанда бөгде күштер 5 Дж жұмыс атқарады.



5.Шамға қосылған амперметрдің көрсетуі 0,1 А. Желіге тағыда бір сондай шам тізбегі косылса, амперметрдің көрсетуі қандай болады?

a) 0,054; ә)0,1A; б)0,02A; в)0,2A; г) l0A.



6.Суретте берілген вольт-амперлік сипаттама бойынша өткізгіштің кедергісі неге тең?

a) 16 Oм; ә) 4 Oм; б)2 Oм; в) 0,25 Oм; г) I Oм.



7.220В кернеуге арналған екі шамның қуаттары Р1=200Вт; Р2=100 Вт. Осы шамдардың электрлік кедергілерін салыстырыңыз:

а) R2=2R1; ә) R1=4R2; б) R2=4R1; в) R1=R2; г) R1=2R2;



8.Кедергісі 80 Ом қыздырғыш элементтегі токкүші 0,6А. Осы элементтегі 1 минутта бөлінетін жылу мөлшері:

a) 105Дж; ә) 31,5Дж; б) 1728 Дж; в) 600Дж; г) 86,4 ДЖ.



9. Электр тогы дегеніміз?

а) еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы;

ә) бейтарап бөлшектердің ретсіз қозғалысы;

б) бейтарап бөлшектердің реттелген қозғалысы;


в)электр зарядтарының ретсіз қозғалысы және зарядталмаған бөлшектердің реттелген қозғалысы;

г) электр зарядтарының ретсіз қозғалысы.



10. Тоқ күші 0,4А болатын өткізгіштің кедергісін 20 Ом деп алып, оның ұштарындағы кернеуді анықтандар:

a) 80В; ә) 0,02B; б) 50B; в)4В; г) 8В.



V-тарау. Тұрақты электр тогы

ІІ-нұсқа
1.«Крона» батареясының ЭҚК-і 9 В. Ток күші 0,4А болса, бөгде күштердің 1 минуттағы жұмысы...

a) 22 Дж; ә)0,36 Дж; б) 216Дж; в) 3,6Дж; г) 21,6Дж.



2. Өткізгіштің қөлденең қимасынан 1 минутта 30 мКл электр мөлшері өткен болса, ондағы тоқ қүші:

а) 0,1мА; ә) 0,4мА; б) 0,5мА; в) 0,2мА; г) 0,ЗмА.



3. Кедергілері R1 =5 Oм, R2=10 Ом екі резистор тізбектей жалғанған. Осы резисторлар арқылы өтетін тоқ күштерінің қатынасы І12 неге тең?

а) 0,5;, ә) 0,1; б)10; в) 1; г) 2.



4. Өтқізгіштің қөлденең қима ауданын кеміткенде кедергісі қалай өзгереді?

а)артады; ә) кемиді; б) өзгермейді; в) тәуелді емес; г) бірдей.



5. Төменде электр тогы жүріп тұруы үшін қажетті шарттар қелтірілген. Осы шарттардың қайсысы дүрыс емес?

а) өткізгіштің ішінде тұрақты электр өрісінің болуы;

ә) тізбекте қонденсатордың болуы;

б) электр тізбегінің тұйықталған болуы;

в) потенциалдар айырмасының болуы;

г) затты зарядталған еркін бөлшектердің болуы.



6. Электр шамының спираліндегі тоқ күші 0,7А, шамның кедергісі 310 Ом болса, шамдағы кернеу:

a) 210B; ә)220В; б) 200В; в) 224В; г) 217В.



7. Кедергісі R1=120 Ом резистордан өтетін ток қүші 6А болса, кедергісі R2= 80 Ом резистордан өтетін ток күші:

a)4A; ә)6А; б) 2А; в)9A; г) 1A.



8. Реостат қосылған тізбектегі тоқ күші 3,2 А. Реостаттың қысқыштарының арасындағы кернеу 14,4 В. Реостаттың тоқ жүріп тұрған бөлігінің кедергісі.

a) 4,3 Oм; ә) 4,5 Oм; б) 3 Oм; в) 3,5 Oм; г) 3,7 Oм.



9. Кедергілері 1 Ом, 2 Ом, 3 Ом және 4 Ом тізбектей қосылған төрт өткізгіштің жалпы кедергісі:

a) 6,2 Ом; ә) 7,7 Oм; б) 0,48 Oм; в) l0 Oм; г) 4,7 Oм.



10. Егер тізбектегі ток қүші 2А болса, кедергісі 15 Ом спираль сым 10 минутта қандай жылу мөлшерін бөліп шығарды:

a)30Дж; ә) 36кДж; б)300Дж; в)900Дж; г)120Дж.




VІ-тарау. Әр түрлі ортадағы электр тогы

І-нұсқа
1. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар:

а) электрондар; ә) оң иондар;

б) теріс иондар; в) кемтіктер;

2. Газдардағы электр зарядтарын тасымалдаушылар:

а) оң иондар; ә) электрондар;

б) теріс иондар; в) оң және теріс иондар;

г) электрондар мен оң және теріс зарядталған ион­дар.



3. Электролит арқылы электр тогы өткенде, электродтарда зат бөліну процесі:

а) Электролиттік диссоциация;


ә) электролиз;

б) рекомбинация;

в) газдың иондалуы;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



4. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу:

а) гальванопластика;

ә) аккумуляторды зарядтау;

б) гальваностегия;

в) гальваникалык элементтер;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



5. Шала өткізгішке қандай қоспа қосылғанда кемтіктік өткізгішке ие болады?

а) егер 3 валентті элементке 4 валентгі элементтің коспасын енгізсе;

ә) егер 4 валентті элементке 4 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

б) егер 4 валентті элементке 3 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

в) егер 3 валентті элементке 3 валентті элементтің коспасын енгізсе;

г) егер 4 валентті элементқе 5 валентті элементтің қоспасын енгізсе.



6. Шала өткізгіштің температурасы артқанда, кедергісі:

а) өзгермейді; ә) артады; б) 2 есе артады; в) кемиді; г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



7. Электролит арқылы 0,5 А ток күші өткенде, 20 минут ішінде катодта 236 мг мыс жиналды. Мыстың электрохимиялық эквиваленті:

а) 0,394 мг/Кл; ә) 0,207 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,238мг/Kл; r) 0,112 мг/Kл.



8. Катодтан 4 А ток өткенде 30 мин ішінде массасы қандай никель бөлінді? Ниқельдің электрохимиялық эквиваленті 2,03*10-7кг/Кл.

а) =2 г; ә) =1,5 г; б) =0,5 г; в) =2,5 г; г) =3 г;



9. Электролиздеуде 50 мин ішінде 9,7 г қорғасын бөлінсе, онда жүріп өтқен токтың күші қандай? Қорғасынның элеқтрохимиялық эквиваленті 1,074* 10-6 кг/Кл..

а) 6А; ә)4A; б) 5А; в) 3А; г) 4,5A



10. Соққы иондалу нәтижесінде тізбектегі ток:

а) кемиді: ә) артады;

б)аздап артады; в) аздап кемиді;
г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жок.

VІ-тарау. Әр түрлі ортадағы электр тогы
ІІ-нұсқа
1. Элеқтролиттерде зарядты тасымаддаушы қан­дай бөлшектер:

а) электрондар мен қемтіктер;


ә) электрондар;

б) оң және теріс иондар;

в) қемтіктер;

г) оң иондар.



2. Шала өткізгіштерде зарядты тасымалдаушы бөлшектер:

а) электрондар; ә) электрондар мен кемтіктер;

б) оң және теріс иондар; в) кемтіктер; г) теріс иондар.

3. Рельефті заттардың көшірмесін электролиттік жолмен дайындалуды:

а) гальванопластика;

ә) аккумуляторды зарядтау;

б) гальваностегия;

в) гальваниқалық элементтер;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



4. Электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігу процесі:

а) электролиз;

ә) рекомбинация;

б) электролиттік диссоциация;

в) термоэлектрондық эмиссия;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жок.



5. Шала өткізгішке қандай қоспа қосылғанда электрондық өткізгішке ие болады?

а) жауаптардың ішінде дұрысы жок:

ә) егер 4 валентті элементке 4 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

б) егер 4 валентті элементке 3 валентті элементгің қоспасын енгізсе;

в) егер 3 валентті элементке 3 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

г) егер 4 валентті элементке 5 валентті элементтің қоспасын енгізсе.



6. Қандай жағдайларда шала өткізгіш диэлектр бола алады:

а) температура жоғарлағанда; ә) температура нольге тең болғанда;

б) температура өзгермеген жагдайда; в) темпера­тура төмендегенде;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



7. Электролит арқылы 2 А ток күші етқенде, 10 минут ішінде катодта 244 мг никель жиналды. Никельдің электро-химиялық эқвиваленті:

а) 0,304 мг/ Кл; ә) 0,238 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,394 мг/Кл; г) 0,203 мг/Kл.



8.Катодтан 5 А ток өткенде 50 мин ішінде массасы кандай қүміс белінеді? Күмістің электрохимиялық эквиваленті 1,118*10-6кг/Кл.

а) 16,8 г; ә) 20,г; б) 10г; в) 8,4г; г) 33,6 г.



9. Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 40 мин ішінде 3,8 г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай? Мыстың электрохимиялық эқвиваленті 3.94*10-7кг/Kл

а) =5,4A; ә) = 4A; б) =3,8A; в) =4,6A; г) = 5 A



10. Жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығу құбылысы:

а) электролиз: ә) газ разряды;

б) термоэлеқтрондық эмиссия;

в) газдың иондалуы;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
Жауаптары:

V-тарау. Тұракты электр тогы.




1-нұсқа

2-нұсқа



жауап



жауап

1

В

1

Б

2

Г

2

Б

3

Г

3

А

4

Б

4

А

5

Ә

5

Ә

6

Ә

6

Г

7

А

7

В

8

Б

8

Ә

9

А

9

В

10

Г

10

Ә

VІ--тарау. Эр түрлі ортадағы электр тогы.




1-нұсқа

2-нұсқа



жауап



жауап

1

А

1

Б

2

Г

2

Ә

3

Ә

3

А

4

Б

4

Ә

5

Б

5

Г

6

В

6

В

7

А

7

Г

8

Ә

8

А

9

В

9

Ә

10

Ә

10

Б


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет