В технологической части дипломного проекта рассмотрены вопросы проектирования систем приема, очистки и подачи воды населенному пункту в Южной Казахстанской области



бет1/11
Дата09.06.2016
өлшемі2.03 Mb.
#125411
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11





АҢДАТПА

Дипломның технологиялық бөлімінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан орталығын ауыз сумен жабдықтау жобасы қарастырылған. Елді мекенді ауыз сумен қамтуға жер үсті суы алынған. Сорғыш бекеттері мен су қабылдау ғимараттарын, су тазалау ғимараттарын типтік элементтерді қолдана отырып жобаланған.

Құрылыс өндіріс бөлімінде құбырды төсеуге құрылыс бас жоспары, техналогиялық карта және жұмыс өндірсінің күнтізбелік графигі орындалды.

Экономикалық бөлімде жобаның барлық техника-эканомикалық көрсеткіштері есептелді.

Еңбекті қорғау және өндіріс қауыпсіздігі бөлімінде адам өміріне зиян келтіретін факторлары анықталып және оларды қақпайлау шаралары қарастырылған.

АННОТАЦИЯ

В технологической части дипломного проекта рассмотрены вопросы проектирования систем приема, очистки и подачи воды населенному пункту в Южной Казахстанской области.

В качестве источника водоснабжения принят поверхностный источник, качество которого в основном позволяет путем использования систем очистки обеспечить население питьевой водой. Насосные станции, водозаборные сооружения и очистные сооружения запроектированы с использованием типовых элементов.

В разделе ТОСМР выполнен стройгенплан на разработку грунта под водопровод, технологическая карта и календарный план производства работ.

В разделе экономики рассчитаны все основные технико-экономические показатели.

В разделе охрана труда и техники безопасности определены вредные факторы, воздействующие на здоровье человека и методы и предотвращения. Произведены инженерные расчеты освещения.

SUMMARY

N a technological part of the degree project questions of designing of systems of reception, clearing and water delivery to settlement in Southern Kazakhstan area are considered. As a source of water supply the superficial source which quality basically allows to provide by use of systems of clearing the population with potable water is accepted. Pump stations, water-intaking constructions and clearing constructions with use of typical elements.



In section ТОСМР it is executed стройгенплан on development of a ground under a waterpipe, a technological card and the planned schedule of manufacture of works.

In section of economy the basic technical and economic parameters are calculated all.

In section a labour safety and the safety precautions the harmful factors influencing health of the person and methods and prevention are certain. Engineering calculations of illumination are made.

МАЗМҰНЫ






КІРІСПЕ




1

Бастапқы мәліметтер

11

1.1

Климаттық жағдайы

11

1.2

Гидрогеологиялық жағдайлары

11

2

негізгі технологиялық шешімдер

12

2.1

Су тұтынушылардың барлық категориясына арналған судың есептік шығынын анықтау

12


2.1.1

Су шығындалулардың түрі

12

2.2

Сумен жабдықтау көздері мен жүйесін таңдау

17

2.3

Су тұтыну режимі

18

2.4

Реттегіш сыйымдылықтарды анықтау

21

2.5

Магистралды торапты трассалау

23

2.6

Меншікті, жолай және түйіндік шығындарды анықтау

24

2.7

Айналма тораптың гидравликалық есебі

25

2.7.1

Максималды сағаттық су тұтыну жағдайына арналған гидравликалық есеп

25


2.8

Еркін және пьезометрлік арынды анықтау

29

2.9

Бас су құбырын жобалау мен есептеу

29

2.10

Құбырлардың материалдарын таңдау

31

2.11

Тораптағы ғимараттар мен арматуралар

31

2.12

Сумен жабдықтау жүйесіндегі су қабылдау ғимараттары

34

2.13

Бірінші көтеру бекетіне сорғыш таңдау

42

2.14

Су тазалау станциясы

42

2.14.1

Тазалау станциясының есептік өнімділігін анықтау

42

2.14.2

Тазарту ғимаратының құрамы

43

2.14.3

Табиғи суды өңдеудің техналогиялық сүлбесін таңдау

44

2.14.4

Биіктік сүлбесін құрастыру

45

2.14.5

Тазалау стансиясының негізгі үймереттерін есептеу және жобалау

46


2.14.6

Араластырғыштардың есебі мен жобасы

52

2.14.7

Қалқыма тұнбалы мөлдіреткіштер

54

2.14.8

Жедел сүзгілердің есебі мен жобасы

59

2.14.9

Суды хлорлаудағы жабдықтың есебі мен жобасы

65

2.14.10

Су тазалау ғимараты құбырының гидравликалық есебі

67

2.14.11

Қосымша ғимараттарды таңдау және су тазалау ғимаратын жинақтау

67


2.15

Екінші көтеру сорғыш бекеті

68

2.16

Сорғыш бекетін автоматтандыру

69

3

ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

70

3.1

Жер жұмыстарын жүргізу

71

3.2

Жұмыс өндірісінің ведомосі

76

3.3

Жер қазу, тасымалдау және жинақтау механизмдерін таңдау

78

3.4

Ұзын орда топырақты керi күректi эксковатормен өндеу кезiндегi қазымның параметрлерiн анықтау

85


3.5

Құрылыс бас жоспарын ұйымдастыру

85

3.5.1

Құрылыс алаңын электр қуатымен жабдықтауды және жарықтандыруды жобалау

86


3.5.2

Құрылыс алаңына қажетті суды анықтау

87

3.5.3

Құрылыс алаңында автомобиль көлігінің қозғалысын ұйымдастыру

90


3.5.4

Құрылыс алаңында уақытша үймереттер мен ғимараттардың қажеттілігін анықтау

91


3.5.5

Құрылыс алаңын қысымды ауамен жабдықтау

91

3.6

Жинақтау үшiн қажеттi аспаптар таңдау

91

3.7

Құбырларды жинақтау технологиясы

92

3.8

Жұмыс өндiрiсi және қауiпсiздiк техникасы

96

3.9

Техника кауiпсiздiгiне және еңбектi қорғауға нұсқау

97

4

НЕГІЗІГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕСІ

99


4.1

Құрылыстың сметалық құны

99

4.2

Келісім шарттың құнын анықтау

100

4.3

Жылдық эксплуатациондық шығындар

103

4.4

Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштердің есебі

108

4.5

Зиянсыздық анализі

111

5

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

114

5.1

Өндірістік қатерлі және зиянды өндірістік факторларды талдау

114

5.2

Қорғаныс шаралары

116

6

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

126




ҚОРЫТЫНДЫ

127




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

128











КІРІСПЕ
Адам ғұмырының бәрі сумен тікелей байланысты, «Су – тіршілік көзі» - демекші, қазір су пайдалану дәрежесі күннен-күнге өсіп барады. Сумен жабдықтау жүйесінің ең басты мақсаты – тұтынушыларды сумен қамтамасыз етіп, сол судың санитарлы-гигиеналық талаптарына толығымен жауап беру болып табылады.

Жалпы халықты сумен қамтамасыздандыру кезінде санитарлы – эпидемиологиялық жағдайларын естен шығармау басты шарт болып табылады. Тұтынушыларды қауіпсіз, таза және су тұтыну талаптарын толығымен қанағаттандыратын сумен қамыту мәселсін ел басы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев және ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауына алды. Сонымен қатар «2004-2015 жылдарға ҚР экологиялық қауіпсіздігінің концепциясы», «ҚР 2010 жылға дейін су секторларының дамуындағы экономика және сушаруашылығының саясаты концепциясы», «ҚР су кодексінің негізі», 2002 – 2010 жылдарға бағытталған ҚР «Ауыз су» салалық бағдарламасы құрылды.

Елді-мекеннің сумен жабдықтау тораптары жобасы дипломдық жобаға берілген тапсырмаға байланысты орындалды. Сумен жабдықтау объектісі болып Оңтүстік Қазақстан облысы алынды. Сумен жабдықтау көзі өзен болып саналады.

Жобалауға арналған материалдар: елді мекеннің құрылыс бас жобасы, өнеркәсіп орындарының сипаттамасы.

Суды табиғи су көздерінен алу, тұтынушыларға су тораптары немесе жүйесі арқылы беру және сумен жабдықтау мәселелерін шешетін ғимараттар кешені сумен жабдықтау жүйесі деп аталады.

Өнеркәсіп орындарының жылдан жылға өсуі су көздерінңң ластануы мен әр-түрлі ауруларды жұқтыруына әкеледі. Сондықтан тұрғындарды таза сумен қамтамасыз етудің үлкен мәні бар. Осы айтылғандарға қорытынды шығарсақ судың талабы СанЕмН 30.01.067 - 97 – талаптарына жауап беру қажет. Сумен жабдықтау көздері мен су алатын орындарды тиімді де үнемді пайдалану қажет. Осыған байланысты су қорларын орынды пайдалану, судың сапасы, ғимараттар құрамы, су құбырларының суды үнемі және сенімді беруін қамтамасыз етеді.

Суды алу кезінде сарқынды суларды ластамау үшін қойылатын санитарлы-талаптарды орындау қажет.

Халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету қазіргі кезңдегі ең басты мәселелердің біріне айналған. Бұл жағдайдың басты себебі табиғи ортамыздың ластануы, су көздерінің ластануы, санитарлы-эпидемиологиялық жағдайлардың нашарлануы, сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жарақтарының қанағаттандырмауы болып табылады. Тұтынушыларды тұщы сумен қамыту тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар Орта Азия аймағының және бүкіл дүние жүзінің басты проблемасына айналуда.

Қазақстан үкіметінің қолдауымен 2002-2010 ж.ж аралығына «Ауыз су» салалық бағдарламасы құрылды. Бұл бағдарламаның нагізгі мақсаты - тұрғындарды және тұтынушыларды сапасы кепілдендірілген яғни адам ағзасына пайдалы, зиянсыз және жеткілікті мөлшерде сумен қамыту.

Бұл бағдарлама, қайтадан жаңа сумен жабдықтау жүйесін салуға, бар сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру және жұмыс істеуін қайта ұйымдастыруға, ресурстық және қалыпты жағдайдағы салалық заңды бақылауға, тұтынушыларға ауыз суды жеткізу салдарындағы рынокты қалыпқа келтіру және тағы сол сияқты шаралардың жолдарын іздеп, іске асыруға мүмкіндік береді, және:

- тұрғылықты халықты таза әрі сапалы сумен қамыту дәрежесін көтереді және су пайдалану мүмкіндігін 65%-ға өсіреді;

- бүкіл ел бойынша халықтың 20% - 25%-ы суды орталықтанған су көздерінен пайдалану жағдайларын жасау және тұрғындар санын өсіру, ал жекеленген аудандарда 40%-ға өсіру;

- су қабылдау көздерінің қолайлылығын және сумен жабдықтау жүйелерін толығымен санитарлық талаптармен нормаларына сай стандартты сапалы талаптарына жауап береті сумен қамыту;

- жергілікті жер асты суын, ауыз су ретінде максималды, жоғары дәрежеде пайдалану;

- суды ішу мақсатына пайдалану кезінде жер бетінің су көздерінен орталықтанған су қабылдау жүйелерін болдырмау, себебі бұл жағдайда негізі бактериялық ластану жағдайы байқалады;

- тұрғылықты халықтың су беру факторларымен байланысты ішек инфекциясы, вирусты гепатиті және тағы басқа сол сияқты ауыру – сырқауларын төмендету. Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық жағдайын 70-80%-ға көтеру;

- қосымша 200 мың жұмыс орнын тағайындау;

- су қабылдау көздеріне қоршаған ортаның экологиялық теріс жағдайларының әсерін тигізбеу;

- жекеленген аудандарда және өзен бассейіндеріне ауыз су сапасына тездетілген мониторинг құру;

- ауыз суын дайындауда, тазалауға, және жаңа технологиялық құрылыс жұмыстарына жүргізу жолдарына кететін бір метр куб судың бағасын арзандату, сонымен қатар сумен жабдықтау көздерінің басқада кері жағдайларына кететін су мөлшерлерінде естен шығармаған жөн;

Бұл бағдарламаның тапсырмаларының бірі, жобада көрсетілген бағдарламалық іс-шараларды іске асыру яғни бұл – ескірген қалалық және ауылдық жерлердегі сумен жабдықтау жүйелерін толығымен қайта құру, жөндеу қажет болған жағдайда жаңадан салу. Бұл тапсырмаларды орындау, жергілікті және мемлекеттік органдар жұмылдырылды.


1 Бастапқы мәліметтер

1.1 Климаттық жағдайы

Климатында тым континенттік құбылыстар басым байқалады. Жер бетіне түскен ылғал мөлшері ауға булану және топыраққа сіңу мөлшерінен кем. Әсіресе солтүстік жағында қуаңшылық жиі сезіледі. Қаңтар айының орташа температурасы солтүстігінде – 9о С, ал оң түстігінде – 2о С. Қысы қысқа, қар жамылғысы жұқа және тұрақсыз болып келеді. Жылымық құбылысы көбірек байқалады. Шілдеде ауаның орташа температурасы 22 – 24о С. Жазы ыстық, қуаң келеді. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 650 мм; солтүстігне ойысқан сайын бұл мөлшер кеми (100 – 120 мм-ге дейін) түседі, тауда 1000 мм-ге көбейеді. Өніп - өсу кезеңі 215 – 265 күндей.



1.2 Гидрогеологиялық жағдайлары

Жер бедері жөнінен негізінен жазық келген. Көпшілік жерін Тұран ойпатының шығыс жағы алып жатыр. Оңтүстік шығысын және орталық бөлігін Талас Алатауының батыс сілімдері қамтиды. Геологиялық құрылысы жөнінен көпшілік жері Тұран плитасының ққұрамына кіреді. Жазық өңірі негізінен кембрийлік, девондық, карбондық жыныстардан (құм, тса, тақта тас, әк тас), таулы бөлігі төменгі полеозойлық жыныстардан ( құм тас, гранит, кангломерат, жоталар аралық ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Өңірдің қойнауы пайдалы қазындыларға бай. Мұнда полиметалл рудалары, қоңыр көмір қабаттары, мәрмәр, отқа төзімді және кварцты құмдар шоғыры, жер асты және грунт суларының қорлары, әр түрлі құрылыс материалдары кездеседі.




2 НЕГІЗГІ ТЕХНАЛОГИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР
2.1 Су тұтынушылардың барлық категориясына арналған судың

есептік шығынын анықтау
2.1.1 Су шығындалулардың түрі

Сумен жабдықтау объектісін жобалағанда, ең алдымен объектіге берілетін судың саны мен сапасы анықталу қажет. Бұл мәселерді шешу үшін тұтынушылардың категориясын, қойылатын талаптарын жәнесуға қойылатын талаптарын білу қажет.

Су әр-түрлі тұтынушылармен, әр-түрлі мақсаттарда қолданылады. Бірақ су қоданудың үлкен түрі халық шаруашылығында келесі негізгі категорияларында пайдалануы мүмкін:

1. Адамдардың шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтары (елді мекенде және өнеркәсіптерде жұмысшылар келген уақытта);

2. Әр-түрлі өнеркәсіп орындарының технологиялық процесс қажеттілктеріне жұмсалатын өнеркәсіптік қажеттілктер;

3. Елді мекен мен өнеркәсіп орындарының абаттандыру жағдайына кететін су шығындары: көшелер мен алаңдарға су себу мен суару, жасыл алқаптарды суару және т.б.

4. Өрт сөндіруге кететін су шығындары.

Ауыл-шаруашылығында суды пайдаланудың негізгі түрі суару. Бұл су шаруашылығының «сумен жабдықтау» түсінігіне кірмейтін бөлек бір саласы.

Тұтынушылардың жекелеген категорияларының су пайдалану сапасы мен талабына қойлатын талаптар әр-түрлі. Шаруашылық – ауыз су мақсаттарына санитарлы және физикалық түріне қойылатын талаптары жоғары болады. Өнеркәсіп орындарының әр-түрлі салаларына қажетті су шығындары технологиялық процестердің сипаттамаларына байланысты және әр-түрлі. Көшелер мен жасыл алқаптарды суару мен өрт сөндіру сулары сапасына арнайы талаптар қойылмайды.

Қала тұрғындарының шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына кететін судың шығынын анықтау.

Тұрғындардың шаруашылық ауыз су мұқтаждықтарына кететін су шығындарын анықтау үшін елді-мекенде тұратын тұрғындардың санын бір тұтынушыға кететін су тұтыну мөлшері бойынга саналады (меншікті су тұтыну).

Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына орташа тәуліктік шығынды келесі формуламен анықтаймыз:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет