В. В. Марковников ережесі бойныша: гидраттау үрдісінде сутек атомы ең көп гидрогендеген, ал гидроксил ең аз гидрогенденген көміртек атомына қосылады. Сондықтан этиленнен басқа олефиндер екінші ретті немесе үшінші ретті



бет1/2
Дата15.04.2024
өлшемі387.94 Kb.
#498693
  1   2
10 пж






«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы



нұсқау

Редакция 1

беттің беті




АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Синтетикалық этил спиртін өндіру. Этил спирті (этанол) -78,30C-та қайнайды. Ауамен (30% С2Н5ОН бу күйінде) араласқанда қопарылғыш қоспаға айналады. Суда жақсы ериді жəне онымен 95,6 % С2Н5ОН азеотропты қоспа түзеді.
Қолданылуы. Этанол тамақ, медицина жəне каучук өндірісінде кеңінен қолданылады, сонымен қатар ракетаның сұйық отынының, антифриздің т.б. компоненттерінің бірі. Этанол, əсіресе, органикалық синтезде өте көп мөлшерде еріткіш ретінде жəне жартылай шикізат ретінде, мысалы, күрделі эфирлерді, хлороформды, ацетальдегидті, сірке қышқылын бутадиенді жəне басқа өнімдерді өндіруде пайдаланылады. Бұрын этил спиртін ағашты гидролиздеу арқылы жəне тамақтық шикізаттан алатын, ал қазіргі кезде этил спиртін синтетикалық жолмен: тікелей гидраттау жəне жанама (этиленді күкірт қышқылының қатысуымен гидраттау) сияқты екі əдіспен алады:
Тікелей гидраттау. Жалпы алғанда қанықпаған көмірсутектерді гидраттағанда бір атомды спирттер түзіледі.
CnH2n +H2O CnH2n+1OH
В. В. Марковников ережесі бойныша: гидраттау үрдісінде сутек атомы ең көп гидрогендеген, ал гидроксил ең аз гидрогенденген көміртек атомына қосылады. Сондықтан этиленнен басқа олефиндер екінші ретті немесе үшінші ретті спирттер түзіледі:
Этилен гидратацияланғанда бір атомды этил спиртін алуға болады:

Тікелей гидраттау – катализатор қатысымен этиленмен судың тура қосылуына негізделген. Катализатор ретінде фосфор қышқылымен оның тұздары, күкірт қышқылы, алюминий оксиді, вольфрам, кейбір органикалық қосылыстар жəне т.б пайдаланылады.
Гидратация жылдамдығы олефиндердің құрылысына жəне көміртек тізбегінің ұзындығына байланысты. Тармақталған көміртек тізбекті олефиндердің гидраттау жылдамдығы жоғары болады. Олефиндердің көміртек тізбегі қысқа болған сайын гидраттау үрдісі қиын жүреді. Этиленді гидраттау қайтымды жəне жылу бөліп жүретін үрдіс. Бұл үрдіс бу жəне сұйық фазада өтеді :

CH2 = CH2 + H2O CH3-CH2OH + Q .
Ле-Шателье принципі бойынша спирттің шығымы қысымның артуы мен, температураның төмендеуімен артады.
Этиленді тікелей гидраттау үрдісі 280-3000С температурада, 7-8МПа қысымда жəне катализатор ретінде ортофосфор қышқылы сіңірілген алюмосиликаттың қатысуымен жүреді. Этанол шығымына H2O:С2Н4 моль қатынастары, контакт уақыты, көлемдік жылдамдық əсер етеді. Оптималды параметрлер: H2O:С2Н4 = 0,6:1; газ-бу қоспасының көлемдік жылдамдығы 1800-2500 сағ-1. Бір циклдегі этиленнің конверсиялану дəрежесі 4-5%-дан аспайды. Сондықтан үдерісіт циклді технологиялық сызбанұсқамен жүргізеді (72-сурет). Реакцияға түспеген этиленді циклге қайта жіберіледі.
Этилен циркуляция газы (реакцияға түспеген этилен) жəне бумен араласып, (1) жылу алмастырғышқа келіп, одан соң құбыр пешінде (2) 2800С-ға дейін қыздырылып, контакт аппаратына (3) келеді. Контакт аппаратында катализатордан сүзіліп өтіп, бу күйіндегі этил спиртін түзеді. Контакт аппаратынан (3) шыққан бу-газ қоспасы (1) жылу алмастырғышқа жіберіліп салқындайды. Коденсацияланған су жəне спирт (4) жинақтағышта газдан бөлінген шикі-спирт (1516% CH3-CH2OH) тазартуға жіберіледі. Реакцияға түспеген этилен тоңазытқыштан (5) өтіп, этанолды этиленнен толық бөліп алу үшін (6) қондырмалы колоннада сумен жуылады, жуынды шикі-спиртке қосылып, тазартуға жіберіледі. Реакцияға түспеген этилен жаңа келген этиленмен қосылып, үрдіске қайта жіберіледі.
Жанама əдіс. А. М. Бутлеров ашқан күкірт қышқылы əдісі: этилен күкірт қышқылына абсорбцияланып күкірт қышқылды эфирдің түзілуі; эфир гидролизденіп спирттің түзілуі; спиртті бөлу жəне оны ректификациялау; күкірт қышқылын концентрлеу сияқты төрт сатыдан тұрады:
Күкірт қышқылымен этиленнің əрекеттесуі екі сатыдан тұрады: біріншісі – этиленнің күкірт қышқылында еруі, екіншісі – екі компоненттің гомогенді əрекеттесуі нəтижесінде, алкилсульфат түзілуі:

CH2 = CH2 + HOSO2OH CH3-CH2OSO2OH C2H5OSO3H + C2H4 (C2H5O)2SO2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет