-химиялық әдіспен синтезделген антигендер;
-гендік-инженериялық әдістің
көмегімен алынған антигендер;
Вакциналар түрлері:Тірі вакциналар:
а) аттенуацияланған (БЦЖ, туляремияға, обаға, күйдіргі, сарып,
Ку-қызбасы, шешек, полиомиелит ауруларына қарсы).
б) дивергентті (шешекке қарсы);
в) векторлық рекомбинантты (В гепетит вирусының HbS антигені тіркелген шешек вакцинасы);
Тірі емес (неживые) вакциналар:
а) молекулярлық
б) корпускулярлық
Ассоциацияланған вакциналар (АКДС, АДС, I, II, III – типтерінен тұратын полиомиелиттік вакцина).
Анатоксин – ол улық қасиеті жойылған, бірақ антигендік және иммуногендік қасиеттерін сақтаған экзотоксин.Дифтерия, сіреспе,
анаэробты газды инфекциялардың және стафилококтық аурулардың алдын алу үшін қолданылады.Оларға жатады:
-дифтериялық тазартылған адсорбцияланған анатоксин (АД);
-сіреспелік тазартылған адсорбцияланған анатоксин (АС);
-адсорбцияланған дифтериялық – сіреспелік анатоксин (АДС);
-стафилококтық анатоксин;
-тырысқақтық – холероген – анатоксин;
БЦЖ – Кальметт және Герен бактериясы. Туберкулез микобактериясын арнайы қоректік ортада өсіріп аттенуациялау тәсілімен алынған
штамнан дайындалған тірі вакцина.
Туберкулез ауруының спецификалық профилактикасы ретінде қолданады.
Жаңа туылған нәрестелерді 1 - 4 күндері вакцинациялайды.6 жасында Манту сынамасы теріс болған
жағдайда қайталап егу
(ревакцинация) жүргізіледі.
ВГВ – вакцина Вакцина гендік-инженерия әдісімен алынған .В гепатит вирусының HbS антигенінен тұратын рекомбинантты вакцина.В
гепатитке қарсы спецификалық профилактика мақсатында қолданады.Вакцинаны парэнтеральды жолмен туылған нәрестеге 1-4-
күндерде егеді, қайталап егу 2- және 4 айда
ОПВ– Үшвалентті препарат, африкалық жасыл маймылдардың (мартышкалардың) бүйрегінен дайындалған
біріншілік жасуша
дақылдарында өсірілген полиомиелит вирусының 1,2,3, - типтерінің аттенуацияланған штамдарынан тұратын тірі вакцина.Вакцина
сұйық түрінде шығарылады.
Сал (полиомиелит) ауруының алдын-алу үшін қолданылады.Вакцина егу 2,3,4, айлық жаста жүргізіледі.
АКДС – вакцина. Көкжөтел – дифтерия – сіреспеге қарсы қолданылатын адсорбцияланған вакцина.
Бұл ассоциацияланған вакцина, өлі көкжөтел бактериясының және тазартылған дифтериялық – сіреспелік анатоксиннің
қоспасы.Вакцинаны егу 2, 3 және 4 айлық жаста жүргізіледі.
Hib – вакцина. Гемофильді инфекцияның (гемофилюс инфлюенца В типі қоздыратын) алдын алуы үшін қолданылатын аралас вакцина.
Құрамында Haemophilus influenzae В типінің полисахариді бар, сіреспелік протеинымен конъюгирленген.Вакцинаны тері астына немесе
бұлшық етке 2, 3, 4 айлық жаста енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: