ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №2(78), 2022 г.
216
Жоғарыдағы зерделенген ғылыми әдебиеттер мен талдауларды негізге ала отырып,
Информатика
пәнінен Python программалау тілі бойынша қазақ тіліндегі оқыту курсының мазмұндық құрылымын
анықтадық. Жалпы білім беруге арналған орта мектептің білім беру стандартын басшылыққа ала
отырып, 6 сыныпқа арналған тақырыптар бойынша материалдар іріктелді. Зерттеу барысында оқуды
басқару платформаларына
салыстырмалы талдау жасалды, нәтижесінде Canvas платформасы
таңдалып алынды. Білім беру ресурсын Canvas LMS жүйесіне топтастырдық (3-сурет). Canvas LMS -
ашық коды бар
бұлтқа негізделген, мұғалімдерге де, оқушыларға да қызықты оқу ортасын қолжетімді
ету арқылы олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған. Мұғалімдерге оқушылар білім алу үшін
арнайы әзірленген бейне негізіндегі оқыту және бірігіп жұмыс істеу құралдарын пайдалануға
мүмкіндік береді. Авторлық бейне сабақтарды түсіру, тест сұрақтары, викториналар презентациялар,
дәрістер, оқу материалдары дайындау барысында бағдарламалау
тілін оқытудың әдістемелік
ерекшеліктері башылыққа алынды. Сонымен қатар, әртүрлі
дидактикалық материалдар, есептерге
нұсқаулық, үй
тапсырмалары, жеке тапсырмалар, топтық тапсырмалар жасалды.
Бірінші сабақтан
бастап оқушылар, практикалық жұмыс
жасау негізінде, Python тілінде код жазуды үйренеді.
Сурет 3. Canvas LMS жүйесінде жасалған курстың мазмұндық құрылымы
Осы білім беру ресурсының
тағы бір артықшылығы, тек компьютермен емес, смартфонмен де
тапсырмаларды орындап, платформа арққылы мұғаліммен кері байланыс жасау мүмкіндіктерін
ескердік. Оқушылар мектепте және үйде осы құрылғылармен тапсырмаларды орындай алады.
Қашықтан оқу кезінде бұл платформа таптырмас оқыту құралдарының бірі болып табылады, себебі
бұл жерде синхронды және асинхронды оқыту мүмкіндігі қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: