Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет22/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022
 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
20 
жыл бұрын Үкімет осы кешенді дамытудың бес жылдық жоспарын әзірлеп, талқылаған еді. Сол кезеңде 
ауыл шаруашылық саласының 65 секторы талданып, мемлекет аумағында және одан тысқары өнімдерді 
шығару үшін перспективалы 8 бағыт таңдалып алынған болатын. Олар: 1) астық және одан өңделген 
өнімдерді экспорттау; 2) ет және ет өнімдерін экспорттау; 3) сүт және сүт өнімдері; 4) май өнімдері; 5) құс 
шаруашылығы; 6) көкөніс пен жеміс-жидек саласы; 7)ақ қант пен қант қызылшасын өндіру; 8) жұқа тері 
өндіру.
Ел Тәуелсіздігігінің 20 жылдық қарсаңында ауылды өркендету болашағын осылай көрген еді. Сол 
кезеңде 2014 жылы аграрлық саладағы еңбек өнімділігін екі есеге, 2020 жылға қарай төрт есеге арттыру 
міндеті қойылған болатын. Сонымен қатар тамшылатып суғару технологиясымен жеміс-көкөніс өнімдері 
өндіруді арттыру, етті бағыттағы құс шаруашылығын дамыту,технологиясы дамыған ет комбинаттарын 
іске қосу, қазақстандық астық экспортын сапасын жоғарылату үшін қуатты элеваторлар мен сақтайтын 
термналдарды дамыту, қосымша құны жоғары бәсекелесе алатын өнімдер шығару міндеттері әлі де 
өзектілігін жойған жоқ.
30 жылда Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті, жеткен табыстар бұдан да ауқымды, салмақтырақ 
болуы керек еді. Екі модернизация жүзеге асырылды. Біріншісі жаңа мемлекеттің қалыптасу кезеңі, 
жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуді, саяси және экономикалық жүйенің дамуын 
қамтыды. Екінші модернизация «2030 стратегиясын» қабылдау кезеңі мен жаңа экономикалық өсумен 
қатар жүрген астананы көшіру стратегиялық шешімнің қабылдануын қамтыды. Қазір біз үшінші 
модернизацияны бастан өткеріп жатырмыз. Бес бастапқы міндеттерді жүзеге асыруымыз керек: 
технологиялық модернизация; бизнес-ортаны түбегейлі өзгерту және қеңейту; макроэкономикалық 
тұрақтылық; адам капиталының сапасын арттыру; қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. 
Биылғы жыл ел Президенті атап өткендей той-думанның, пафосқа толы жай шаралардың емес, нақты іс-
әрекеттермен, жобалармен есте қалатын жыл болады. Мерейлі жыл экономикалық және саяси реформа-
лар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің қүұқықтарын қорғау, экология мәселелерін шешу жылы 
болады. Бұл өз уақытында және даналықпен қабылданған шешім, тарихи күндерді идеялық тұрғыдан 
атап өту өте маңызды.
Бар мемлекет сияқты Тәуелсіз Қазақстан да халқының әл-ауқатының жоғары болғанын, заманауи 
технологияға негізделген дамыған экономикасы бар, сыртқы саясатта тең құқықты қарым-қатынасқа түсе 
алатын мемлекет болуға ұмтылады. Тәуелсіздік өте нәзік нәрсе, оны қорғау, сақтау барлық азаматтың 
борышы екенін ұмытпау керек.
«Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. 
Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман 
талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет» [2, 6]. 
Ендігі 4 онжылдықтағы ұлттық дамудың басты мақсаттары – өз тарихымызды саналы қабылдау, 
шынайы бағалау, мемлекеттік тілдің әлеуметтік қорын кеңейту механизмдері, жер мәселесі, Отан сүйгіш-
тіктің жаңа қырлары, ұлттық бірегейлікті нығайту. Бұл сұрақтар өзара тығыз бйаланысты және елдің 
болашағы үшін маңызға ие. Тәуелсіздіктің басында қабылданған «алдымен экономика, сосын саясат» 
формуласы өз міндетін атқарып болды. Бүгінгі шындықтың қалауы – ұлт ретінде даму үшін идеялық не-
гіздерді анықтау болып отыр[3, 5]. Ел президенті біздің алға қозғалуымыздың басты мақсаттарының бірі 
халық алдында жауап беру қағидасына негізделген қуатты және тиімді мемлекет болуы керек деп атап 
өтті.
Жауапты болу қағидасыны толыққанды «естуші мемлекетті» жүзеге асыруды, мемлекет пен азамат-
тық қоғам арсындағы сенімнің жоғары болуын, азаматтық құқықты қамтамасыз етуді, барлық азамат 
үшін тең мүмкіндіктер беруді көздейді. Бұл жерде саяси саланы либералдауға көңіл бөлініп отыр. 
Бірқатар шешімдер қабылданды. Оның ішінде партиялар, митингтер мен сайлау туралы заңдарға өзгеріс 
енгізілді. Ауыл әкімдерін сайлау өтейін деп жатыр. Бұл маңызды қадам деп ойлаймын. Себебі бұл 
жергілікті басқаруды жетілдіруге, әр азаматқа өзі тұратын жерде өзін қожайын ретінде сезінуге мүмкіндік 
береді. Біздің ел үшін маңызды әрі бастапқы факторлардың бірі азаматтардың әлеуметтік қанағаттануы 
болып табылады. Себебі адамдардың өмір сүру сапасын жоғарылатпай, елдің жеткен жетістіктері мен 
халықаралық табыстары туралы мақтану артық болар еді[4].
Тағы бір Президент алға қойған маңызды стратегиялық мақсаттардың бірі 

қазақстандық ұлттың 
бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейіне жету. Бұл тез өзгеріп отырған талаптарға жедел бейімделу, 
адами және әлеуметтік капиталды арттыру, сапалы жетілдіру, азаматтық позицияны, Отан сүйгіштікті 
көрсету, білімділік, дені сау прагматизм, ел тағдыры үшін жауапты болу дегенді білдіреді. Ұлт сапасы 
оның азаматтарының сапалығынан тұрады. Сондықтан елімізде талантты жастарды қолдау керек. Ұлттық 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
21 
бірегейлік «жоғарыдан» берілетін нәрсе емес, оны қалыптастыру керек. Оны қалыптастыру процесінде 
мемлекет белсені қатысуы керек. «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырған екі жыл ішінде 
қазақстандықтардың құндылықтарын анықтап, жүйелене бастады десе де болады. Міне солар жаңа 
ұлттық бірегейліктің негізіне айналады [5]. Ұлттық бірегейлікті жасау үшін қалыптасқан қоғамдық 
сананы түбегейлі өзгерту қажет емес. Қазіргі қазақстандықтар бұдан 30, 20, тіпті 10 жыл бұрынғы 
отандастары-мыздан ерекшеленеді. Қоршаған ортаны, сол ортадағы өз орнын түсіну өзгерді, 
мүмкіндіктер мен мақсаттарды құндылықтар пайда болды, Біз көпұлтты мемлекет пен көпдінді қоғам 
ретінде бірігуде үлкен тәжірибе жинадық[6]. Біздің бөлісеріміз бен үйренеріміз көп. Қасым-Жомарт 
Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында «модернизация жаңа құндылықтар үшін 
өткенімізден бас тарту емес. Шын мәнінде ұлттық мұрамызды адамзаттың ең жақсы заманауи 
жетістіктері арқылы сақтау мен байыту болып табылады» деген еді [7]. Жаңа ұлттық бірегейлдіктің жүйе 
құратын өзегі қазақ халқы, бірақ ол оны өзге ұлттармен етене араласа отырып жасайды. Бұл біздің 
ерекшелігіміз және нақты артықшы-лығымыз. Ұлттық бірегейліктің айнымас компоненті ана тілі болып 
табылады. Тіл-халықтың жаны. Ал халық даналығы кемедегінің жаны бір демей ме?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   277




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет