Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет37/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Әдістеме. Зерттеу жұмысын іске асыруда тәуелсіздік жылдары жарыққа шыққан отандық тарих 
ғылымының іргелі еңбектері мен жарияланымдары кең пайдалануға ие болды. Бірінші кезекте ол 
еңбектердің теориялық-әдіснамалық тұрғыда ешқандай да ғылыми тұжырым мен ұстанымның аясында 
жазылмаған-дығын атап өту қажет. Тәуелсіздік жылдары жарияланған тарихи жұмыстардың 
пайымдаулары мен көзқарастық бағыттары шынайылықты ұстанған. Яғни, тарихтың ашылмаған 
беттеріне үңілу. Осы мақсатта, өркениеттік тұжырым мен пәнаралық теориялық әдістер зерттеулерге 
басым тартылды. Бұның нәтижесінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің оның ішінде 
әйелдердің әлеуметтік-психологиялық ахуалы мен тұрмыстық қиыншылықтарын зерттеу шаралары 
ұлғайды. Әсіресе, күнделікті өмір аспектілерін зерттеу мен талқылаудың мәні көрініс тапты. Мақаланың 
әдіснамалық негізін тарихилық, шынайылық, салыстырмалы-талдау, типология, кезеңдеу, дедукция, 
индукция, тарихи жүйелеу, ретроспективті талдау әдістері құрайды.
Талқылау. Соғыс жылдарындағы Батыс Қазақстан аймағының тұрғындарының күнделікті өмір 
тарихының қырларын талдау мен белгілі бір пайымға қол жеткізуде бірінші кезекте дереккөздердің 
сипаты мен мағынасын саралау аса маңызды. Өйткені, әйелдердің күнделікті өмір тіршілігінен хабар 
беретін арнайы жинақтар мен еңбектер болмағанымен, оның аспектілерін ішінара қамтитын құжаттар мен 
зерттеу материалдарының ортада бар екендігі белгілі.  
Жалпы Ұлы Отан соғысының тарихнамасының зерттеу және идеологиялық бағыттарын зерделей 
отырып оны екі кезеңге бөлуге болады: 1. Кеңестік. 2. Посткеңестік. Кеңестік кезеңде мәселені зерттеу 
бойынша үлкен қадам жасалынған болатын. Көлемді зерттеу жинақтары, ұжымдық монографиялар мен 
құрастырылымдар, естеліктер мен заманхаттар және т.б. дүниелер жарық көрді. Яғни, Ұлы Отан соғысы-
ның тарихын зерттеудің ғылыми негізі қаланған болатын. Бірақ, аталған зерттеу еңбектерінің басым дені 
идеологиялық шеңбер тұрғысынан қарастырылуымен ерекшеленеді. Оларда біржақты көзқарас пен ұста-
ным сипаты көрініс тапты. Кеңестік цензура зерттеушілерге архивтік құжаттармен жұмыс жасауға 
мүмкіндік ашпады. Соғыс жылдарына қатысты маңызды әскери-әкімшілік құжаттар сақталған қорлар 
құпияландырылып, қолжетімділіктен алынып тасталды. Осыған байланысты, соғыс кезіндегі тыл 
еңбеккерлерінің шынайы өмірінің аспектілерін жан-жақты айшықтайтын зерттеу еңбектері көпшілікке 
ұсынылмады. Дегенмен бұған қарамастан соғыс барысында тылда қызмет еткен адамдардың әлеуметтік-
шаруашылық салалардағы ахуалдарын жан-жақты баяндайтын дәйекті ғылыми дүниелер жарық 
көргендігін атап өту қажет. 
Екінші посткеңестік кезеңдегі тарихнаманың бағытына қайта пайымдау, басқа қырынын бағалау
өзіндік пікірін айқын таныту құбылыстары тән болып табылады. Аталған бағыттың аясында ғылыми 
ортада жаңа түсініктің қалыптасу процессі орын алды. Зерттеушілер үшін, құпияландырылған архив 
қорларының құжаттарымен жұмыс істеуге жол ашылды. Кеңестік кезеңде қалыптасқан бірқатар тарихи 
тұжырымдар мен ұстанымдар жоққа шығарылды. Қазіргі таңда ҰОС соғысына қатысты көпшіліктің 
санасындағы екіұшты күрес «аңыз және ақиқат» құбылыстарын ажыратумен жүріп жатыр деп бағалауға 
болады. Посткеңестік кезеңдегі тақырыпқа қатысты зерттеулердің көлемі алдыңғы дәуірмен салыстыр-


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
33 
ғанда көлемді емес. Бірақ, мәселенің түбірін анықтауға септігін тигізетін зерттеулер тобының қалыптас-
қандығын айқындаймыз. Кеңестік дәуірде осы тақырыпқа арналған зерттеулердің авторлары қызметін 
тәуелсіздік кезеңінде де жалғастыруда. 
Соғыс жылдарының өзінде қазақстандықтардың майдан даласы мен тылдағы ерліктері мен жетістік-
терін айқындайтын ғылыми жинақтар мен еңбектер жариялана бастады. Оның ішінде мерзімді баспасөз 
беттеріндегі апталық немесе күнделікті хабарларды қосуға болады. Сонымен қатар, Қазақстан КП ОК 
үгіт-насихат бөлімінің қызметкерлері мен ғылым өкілдері 1943 жылы бірлесіп шығарған құжаттар 
жинағында Қазақстанның соғыс кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық өмірінің тыныс-тіршілігінен жан-
жақты мәліметтер топтастырылған [1]. 1964-1967 жылдары аралығында Ұлы Отан соғысы тарихына 
арналған екі томдық еңбекте қазақстандықтардың жауынгерлік ерлік істері, тыл жұмысшыларының 
жігерлі іс-әрекеттері, ел өнеркәсібінің майдан мүддесіне сай ұйымдастырылуы және соғыс тарихының 
зардаптарына қатысты тыңғылықты ойлар келтірілген [2].
Қазақ КСР-ң 1940-1950 жылдардағы ауыл және халық шаруашылығы тарихына арналған еңбектер 
тобында аграрлық саясатты жүзеге асырудағы әйелдердің белсенділігі мен рөлі жіті ашып көрсетілген. 
Т.Б. Балақаев өз зерттеуінде кеңшарларда жұмыс істеуші әйелдердің түрлі еңбек салаларындағы ерліктері 
мен табыстарына айқын көз жүгіртсе [3], Б.А. Төлепбаев Қазақстаның ірі шаруашылық және астық 
базасына айналуының мүмкіндіктері мен перспективаларына жан-жақты талдау жасаған. Оның ішінде, 
кемелденген социализм кезіндегі коммунистік партияның аграрлық саясатын көрсетіп, соғыстан кейінгі 
жылдары ауыл шаруашылығында күрделі ерлер мамандықтарын игерген әйелдер қызметін сипаттаған [4]. 
Соғыс кезіндегі республика тарихын зер сала зерттеп, алғаш көлемді монографияларды жазған 
ғалымдар – Ғ. Әбішев [5] және М.Қ. Қозыбаевтар болды. Тарихшы-ғалымдардың зерттеулерінде Ұлы 
Отан соғысы кезіндегі Қазақстан халқының майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға 
беріліп, «Қазақстан-майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Дегенмен, еңбектердің коммунистік 
идеология тұрғысынан жазылғандығы айқын көрінеді [6]. 
1965 жылы жарық көрген тарихшы В.Я. Басиннің еңбегінде соғыс жылдарындағы ауыр өнеркәсіп 
салаларының қызметі жан-жақты талданып, кең көлемде қарастырылды [7]. Еңбекте Батыс Қазақстан 
өңіріне эвакуацияланған Мәскеу рентген заводы, 1943 жылы іске қосылған Ақтөбе ферроқорытпа заводы 
мен Гурьевтегі мұнай өңдеу заводтарының қызметтері жалпылама баяндалды. 
Тарихшы-ғалым Т.З. Рысбеков «Советы Казахстана» деген монографиясында кеңес органдарындағы 
әйелдерді қоғамдық-шаруашылық қызметтерге тарту мәселесін ішінара қарастыра отырып, кеңестер және 
басқа қоғамдық ұйымдар қызметі әлеуметтік салада шектелді, бұл жағдай ауыл-селолардағы әлеуметтік-
экономикалық мәселелердің шешілуінде қарама-қайшылық туғызды деген ой-қорытындыға келген [8]. 
Ауыл-село әйелдерінің еңбек және әлеуметтік, саяси белсенділіктерін көтерудегі кеңес өкіметінің 
жүргізген шараларына өзіндік пайымдаулар жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет