Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі12.72 Kb.
#7728
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және

оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы


11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесі;

2) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасындағы мал дәрігерлік қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің


1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 38, 365-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының


2000 жылғы 11 сәуірдегі № 556 қаулысы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 19, 206-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 және 1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы


23 желтоқсандағы № 1347 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 463-құжат).

3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет