"Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттiк қызмет регламенті Жалпы ережелер



Дата12.07.2016
өлшемі120.5 Kb.
#194698
Успен ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 21 қаңтардағы
N 40/1 қаулысымен   
бекiтiлген      

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттiк қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметтің атауы: "Ветеринариялық анықтама беру" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).


      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" N 464 қаулысының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      4. "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламенті "Успен ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, ауылдық округтер, кенттер мен ауыл әкімдері аппараттарының (бұдан әрі – уәкілетті орган) ветеринариялық дәрігерімен (бұдан әрі – ветдәрігер), жұмыс кестесі осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағ. 13.00-ден сағ. 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағ. 9.00-ден сағ. 18.30-ге дейін күн сайын көрсетіледі.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ветеринариялық анықтама (қағаз тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі (ветеринариялық анықтаманың бланкілерін беру).Төлеудің тәртібі мен нысаны Стандарттың 8 тармағында көрсетілген.
      8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:
      1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі;
      2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекеттер
(өзара іс-әрекет) тәртібінің сипаттамасы

      9. Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну қажет.


      Мемлекеттік қызмет тұтынушысының өтініші жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында, тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын уақыты көрсетіліп тіркеледі.
      10. Стандарттың 16 тармағымен қаралған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер:
      уәкілетті органның ветеринариялық дәрiгерi.
      12. Әр іс-әрекеттің орындалу мерзiмi көрсетілген, әрбір құрылымдық-функционалдық бірліктердің реттілігінің мәтiндiк кестелік сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
      13. Іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктердің өзара байланысуын көрсететін кесте осы регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.

3. Мемлекеттiк қызметтерді көрсететiн лауазымды
тұлғалардың жауапкершiлiгi

      14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.



"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттiк қызмет регламентiне
1 қосымша           

"Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттiк қызметін көрсететін
ауыл, ауылдық және селолық округтер әкiмдерi аппараттарының
мекен-жайлары мен телефондары

N р/с

Ауыл, ауылдық және селолық округтер әкiмдерi аппараттарының атауы

Заңды мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

"Успен ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен селосы, 10 лет Независимости көшесі, 30

8(71834) 92193

2

"Успен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Успен селосы, Ленин көшесі, 75

8(71834) 92430

3

"Новопокров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Галицк ауылы, Карл Маркс көшесі, 1

8(71834) 95323

4

"Надаров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Надаров ауылы, Победа көшесі, нөмірсіз

8(71834) 97135

5

"Қоңырөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қоңырөзек ауылы, Милевский көшесі, 50

8(71834) 94430

6

"Таволжан ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Таволжан ауылы, Кооператив көшесі, 21/1

8(71834) 95235

7

"Равнополь селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Константинов ауылы Ленин көшесі, 55

8(71834) 93300

8

"Ольгин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Ольгин ауылы, Советов көшесі, нөмірсіз

8(71834) 99230

9

"Тимирязев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Тимирязев ауылы, Алматы көшесі, 7

8(71834) 95649

10

"Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қозыкеткен ауылы, Победа көшесі, 23

8(71834) 98250

11

"Ковалев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Ковалев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 35

8(71834) 98818

12

"Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Лозов ауылы, Мир көшесі, 79

8(71834) 96230

13

"Каратай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қаратай ауылы, Ленин көшесі, 70

8(71834) 98640

14

"Богатырь ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Богатырь ауылы, Советов көшесі

8(71834) 94530

"Ветеринариялық анықтама беру"


мемлекеттiк қызмет регламентiне
2 қосымша           

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің
іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Әрекеттің (барыстың, жұмыс ағымының) N

1

2

3

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы

Уәкілетті органның ветдәрігері

Уәкілетті органның ветдәрігері

Уәкілетті органның ветдәрігері

Әрекеттің (процестің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушымен, осы регламенттiң 10 тармағында көрсетiлген ұсынған құжаттар пакетiн тексеру және қабылдау

Ветеринариялық анықтаманы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты толтыру

Анықтамалар беру журналына тiркеу. Тұтынушыға ұсынуға дайын құжатты немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындау

Аяқтау нысаны (мәлiметтер,құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм)

Құжаттарды қабылдау

Ветеринариялық анықтамаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою

Тұтынушыға дайын құжатты немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты беру

Орындау мерзiмi

30 минуттан аспайды

өтiнiш берілген күні ішінде

30 минуттан аспайды

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2 колонка

3 колонка



"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттiк қызмет регламентiне
3 қосымша           

Іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен
құрылымдық-функционалдық бірліктердің өзара байланысуын
көрсететін кесте



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет