Выборочный метод



бет1/3
Дата01.03.2024
өлшемі0.52 Mb.
#493831
  1   2   3
биостат сроп

Статистикалық болжамдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлік критерийлер.

Орындаған: Рысқазы Е.

Тобы: 207А – ОМ

Тексерген:

Жоспар:

1. Медициналық-биологиялық зерттеулердегі статистикалық болжамдар.

2. Параметрлік критерийлер.

2.1 стьюденттің t- критерийі .

1) тәуелсіз таңдамалардағы көрсеткіштердің айырмашылығының мәнділігін бағалау.

2) тәуелді таңдамалардағы көрсеткіштің айырмашылығының мәнділігін бағалау.

Таңдама деректері бойынша бас жиынтықтың параметрлері және қасиеттері жөнінде айтылған ұйғарым статистикалық болжам деп аталады.

Айтылған ұйғарымды (жорамалды) таңдама деректерімен салыстыру үрдісі статистикалық болжамды тексеру деп аталады.

Болжамдарды статистикалық тексеру міндеттері:

  • Қандай да бір бас жиынтыққа қатысты н0 болжамы айтылады.
  • Осы бас жиынтықтан таңдама бөлініп алынады.
  • Таңдама деректері бойынша н0 болжамын қабылдауға немесе жоққа шығаруға болатындай ереже көрсетілуі тиіс.

Статистикалық болжам – бұл таралудың түрі жөніндегі немесе бас жиынтықтың белгісіз параметрлерінің шамалары жөніндегі, таңдама көрсеткіштерінің негізінде тексеруге болатын ұйғарым.

Статистикалық болжамдардың мысалдары:

Бас жиынтық гаусстың қалыпты заңы бойынша таралған.

Қалыпты таралған екі жиынтықтың дисперсиялары өзара тең.

Статистикалық жорамалдар

Параметрлік Параметрлік емес


есептеу формуласына таңдаманың орта мәні, дисперсиясы сияқты параметрлері кіретін және бас жиынтықтың қалыпты таралуына негізделген критерийлерді айтады.
бас жиынтықтың таралу түріне негізделмеген және есептеу формуласында жиынтықтың параметрлерін қолданбайтын критерийлерді айтады.

Н0 нөлдік жорамал деп тексерілуге жататын негізгі жорамалды айтады.

Н1 балама жорамалы деп нөлдік жорамалмен бәсекелес, яғни оған қарама-қайшы келетін жорамалды айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет