«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет60/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   169
thesis141891

(Мұхтар Әуезов). Мұнда болымды етістік пен шартты рай жұрнағы арқылы 
шартты сабақтас болып жасалып тұр. Екінші жасалу жолы көсемше арқылы, 
бірақ көсемшенің барлық тұлғасы байланыспай тек  тұлғасының болымсыз -
ма жұрнағымен жасалуы. Мысалы: Абай бұл кеште өзінің халіне үйрене алмай, 
қатты қысылумен болды (Мұхтар Әуезов). – Шешей, сен сөздің байыбына 
бармай, жеңешемнің сөзімен мені жазғырып кеттің (Сәбит Мұқанов). Үшінші 
жолы есімше арқылы, есімшенің -ған формасы мен жатыс септігінің болымсыз 


166 
түрінде кездеседі. Мысалы: Осындай жайларына қарағанда, әкем мен шешем 
тату болуға тиісті ғой (Сәбит Мұқанов). Шартты бағыныңқылы сабақтаста 
синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердің орындалу барысы 
бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады. Бұлайша шарт мәнінің 
туындауы бағыныңқы компонент баяндауышының берілу жолдарымен де 
тығыз байланысып жатады. Демек, компоненттер аралығындағы мағыналық 
байланыс пен грамматикалық тұлғалардың осылайша өзара үйлесе 
жұмсалулары белгілі бір бағыныңқы сөйлемдерді туындатып отырады. [2, 75-
б.]. Сонымен шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем - бағыныңқы сөйлем 
басыңқы сөйлемдегі ойдың шартты болуын білдіреді.
Сабақтастың екінші түрі қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. Ол 
бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шартты рай тұлғасының (-са, -се) арқылы 
және -да дәнекерімен жасалады. Мысалы: Кешеден бері суық далада ашығып 
келе жаса да, Есенейге ешкім қарсылық ете алмады (Ғабит Мүсірепов), Аз 
жылдың ішінде бірнеше баланың әкесі болса да, Абай әлі өзінің осы халіне 
үйреніп болған жоқ (Мұхтар Әуезов). Есімше арқылы яғни баяндауышы -ған 
есімшесінде, оған -мен көмектес септігі қосылады. Тағы бір жолы -ған 
формасына қарамастан демеуінің меңгеруінде болады. Мысалы: Қолы бос 
болғанмен, жеңгей асқа араласпайды (Сәбит Мұқанов), Өз қара басы ондайға 
ұшырамағанымен, жас кезінде сұлу атанға жеңгелерінің бетіне кетпес күйе 
жағылып қалғандарын, қалай қор болғандарын білетін (Ғабит Мүсіперов), Күн 
ашық болғанмен, шытқыл аяз екен (Мұхтар Әуезов). Көсемше арқылы, онда 
бағыныңқының баяндауышы күрделі әрі болымды тұлғамен келсе, басыңқысы 
болымсыз тұлғада -а, -е тұлғалары арқылы қатынасады. Мысалы:
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде 
хабарланған оқиға нәтижесі бір-біріне қарама-қайшы қойылады. Осыдан барып 
олардағы іс-әрекеттердің орындалуы бірінде теріске шығарылады. Осындай 
заңдылығымен де ол басқа бағыныңқылардан ерекшелене алады. [2, 83-б.]. 
Сонымен, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем жай сөйлемдері 
мағыналық жағынан бір-біріне қайшы келетін сөйлемдер. 
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас мұнда бағыныңқы компонент басыңқыда 
хабарланған белгілі бір ойдың қай мезгілде орндалғаны немесе орындалатыны 
жайында уақыт мөлшерін білдіріп тұрады. [2, 88-б]. Сабақтастың бұл түрі 
алдымен есімшенің -ған түрі жатыс септігінде тұрып және -ақ, -ғана демеулік 
шылаулары арқылы жасалады. Мысал: Енді немді айтып Ұлпанның көңілін 
көтеріп отырам деп Есеней қыла бастағанда, сәлем беріп Мүсіреп келді 
(Ғабит Мүсірепов), Біз аттың қасына келгенде, алдыңғы жағымызда үрген иттің 
дауысы естілгендей болды (Сәбит Мұқанов). Белге шығып алып шауып келе 
жатып қарағанда, бала көрінбеді (Мұхтар Әуезов). Кезде, шақта, соң, сайын 
демеуліктеріне -ған есімшесі қосылу арқылы жасалады. Мысалы: Мүсәпір 
былтыр үй таба алмай жүрген соң, сол апайдікіне орналастырып ем. (Сәбит 
Мұқанов). Қасқыр сенен құтылмасын білген соң, манағы орманның шығыс жақ 
шетіне қарай бұрылды ғой (Ғабит Мүсірепов). Жайлауға қоныстары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет